Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат 300 мг сульфаниламид



Дата05.07.2016
өлшемі79.5 Kb.
#178912
түріҚұрамы







Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және

фармацевтикалық қызметті

бақылау комитеті Төрағасының

2011 жылғы “ 16 ” 02

№ 71 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

Дәрілік заттың медицинада

қолданылуы жөніндегі

нұсқаулық

Стрептоцид



Саудалық атауы

Стрептоцид


Халықаралық патенттелмеген атауы
Сульфаниламид


Дәрілік түрі

300 мг таблеткалар


Құрамы

Бір таблетканың құрамында



белсенді зат- 300 мг сульфаниламид,

қосымша заттар: картоп крахмалы, стеарин қышқылы, кремний коллоидты қостотығы (аэросил).
Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті жайпақ бетті таблеткалар. Таблетканың бір жақ бетінде ойық пен сызық, екінші жақ бетінде ойығы мен крест түріндегі фирмалық логотипі бар.


Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар.

Қысқа мерзімді әсер ететін сульфаниламидтер.

АТЖ коды J01EB06


Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағанда асқазан-ішек жолдарынан тез сіңеді (АІЖ). Қандағы ең жоғары концентрациясына (Cmax) 1-2 сағаттан кейін жетеді және әдетте 50%-ға 8 сағатқа жетпей төмендемейді. Гематоэнцефаликалықты (ГЭБ) қосқанда, гистогематикалық және плацентарлық тосқауылдар арқылы өтеді. Тіндерге таралады, 4 сағаттан кейін жұлыннан табылады. Антибактериялық қасиеттерін жоғалту арқылы бауырда ацетилирленеді. Көбіне (90–95%) бүйректермен шығарылады.



Фармакодинамикасы

Стрептоцид – кең ауқымда әсер ететін бактерияға қарсы дәрі. Стрептоцидтің микробқа қарсы әсерінің механизмі химиялық жағынан ұқсастықтары бар ПАБҚ-мен (парааминобензой қышқылы) антагонизміне байланысты. Микроб жасушасы стрептоцидті тартып алады, сөйтіп ПАБҚ-ның дигидрофолил қышқылына қосылуына кедергі келтіреді, одан да басқа бактериялық фермент (ПАБҚ-ның дигидрофолил қышқылына кірігуіне жауапты фермент) дигидроптероатсинтетазасын бәсекелес түрде бәсеңсітеді, нәтижесінде дигидрофолил қышқылының түзілуі бұзылады, одан пуриндер мен пиримидиндер түзілуіне қажетті метаболикалық белсенді тетрагидрофолил қышқылының түзілуі азаяды, микроорганизмдердің (бактериостатикалық әсері) дамуы мен өсуі тоқтайды. Грамоң және грамтеріс кокктарға қатысты (оның ішінде стрептококктар, пневмококктар, менингококктар, гонококктар бар), Escherichia coli, Shigella spp., Vibrio cholerae, Clostridium perfringens, Bacillus anthracis, Corynebacterium diphtheriae, Yersinia pestis, Chlamydia spp., Actinomyces israelii, Toxoplasma gondii белсенді.


Стрептоцид – қысқа әсерлі сульфаниламидті препарат.
Қолданылуы

- тілме қабынуы

- ангина

- эпидемиялық ми-жұлын сұйығы менингиті

- цистит, пиелит

- колит


- жарақат жұқпасы

Қолдану тәсілі және дозалары

Емделушіге препаратты тағайындар алдында дұрысында оған науқастың ауруын туғызған микрофлоралардың сезімталдығын анықтау керек.

Ересектер мен жасы 12-ден асқан балаларға күніне 3 реттен 300-600 мг-нан ішке қабылдауға ұсынылады.

6-дан 12-ге дейінгі балаларға тәулігіне 4 рет 300 мг-нан.

Ересектерге ішке қабылдауға ең жоғары доза: бір реттік – 1200 мг, тәулігіне– 2400 мг;

Балаларға бір реттік– 300 мг, тәулігіне - 1200 мг.

Емдік курстың ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды, орташа 7 күн.
Терең жарақат жағдайында бір уақытта ішке қабылдауға бактерияға қарсы препарат тағайындап, жарақаттың қуысына мұқият ұнталған (5-15г) ұнтақты енгізеді.
Жағымсыз әсері

- жүрек айнуы, құсу, диарея

- дерматиттер

- есекжем түріндегі аллергиялық реакциялар

- эозинофилия, тромбоцитопения, лейкопения, гипопротромбинемия,

агранулоцитоз

- тахикардия

Сирек 

- нефроуыттылық реакциялары (көбіне бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде болады)

- парестезия

- несептің қышқылды реакцияларындағы кристаллурия



Жекелеген жағдайларда

- көрудің бұзылулары

- бас ауырулары, бас айналуы

- шеткергі невриттер

- гипотиреоидизм

- атаксия

- анафилактикалық шок, Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелла синдромы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сульфаниламидтерге асқын сезімталдықта

- бауыр мен бүйрек жеткіліксіздігінде

- тиреотоксикозда

- глюкоза-6-фосфатдегидрогиназдардың туа бітті тапшылығында

- жедел порфирияда

- 6-жасқа дейінгі балаларда

- жүктілік, лактация кезеңінде



Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Егер препараттар бірінен кейін бірі бірден немесе бір мезгілде қабылданса, Новокаин препараттың тиімділігін төмендетеді.

Препаратты қабылдау уақытында дигитоксин, изопреналин, хлорлы сутек қышқылы, кофеин, фенилэфрин, фенобарбитал, адреналин гидрохлориді сияқты препараттарды қабылдамаған жөн.

Сульфаниламидтер плазма ақуыздарымен байланысуы себепті оларды ығыстырып шығару есебінен тіке емес антикоагулянттар мен ішіп қабылдайтын диабетке қарсы препараттардың әсерін күшейтеді.



Айрықша нұсқаулар

Препаратпен емді мезгілінен бұрын тоқтату сульфаниламидтерге тұрақты микроорганизмдер штаммдарының дамуына алып келуі мүмкін.

Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда қан құрамының, бауыр мен бүйрек қызметінің жай- күйін бақылау қажет.

Препаратты бүйрек қызметі бұзылған жағдайда сақтықпен тағайындау керек. Емдеу кезінде пайдаланатын сұйықтықтың көлемін ұлғайту қажет.



Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралдарын басқаруда және басқа да қауіптілігі зор жұмыстарды атқаруда сақ болу қажет.


Артық дозалағанда

Белгілері-айқын жағымсыз әсерлер.

Емі- белгісіне қарай.
Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан, пішінді ұяшықты қаптамалар қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа салынады.


Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!


Сақтау мерзімі

5 жыл


Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы


Өндіруші

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Шымкент қ., Рашидов көш., н/ж, т/ф: 561342

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов көш., н/ж, т/ф: 560882

телефон нөмірі 7252 (561342)

факс нөмірі 7252 (561342)

электрондық поштасы standart@santo.kz










Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет