Құрамы 100 г препарат құрамында белсенді заттар: Agnus castus D1



Дата07.07.2016
өлшемі58.88 Kb.
#182812
түріҚұрамы





















Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі Mедициналық және

фармацевтикалық қызметті

бақылау комитеті Төрағасының

20_ жылғы “____” ___________

№ _____ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН


Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі

НҰСҚАУЛЫҚ
Мастодинон®
Саудалық атауы

Мастодинон®


Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ



Дәрілік түрі

Ішуге арналған 50 мл, 100 мл тамшылар
Құрамы

100 г препарат құрамында


белсенді заттар:

Agnus castus D1 (қасиетті витекс немесе авраам ағашы) 20 г

Caulophyllum thalictroides D4 (марал оты тектес тәрізді сабақты жапырақ)10 г

Cyclamen D4 (еуропалық қоғажай) 10 г

Ignatia D6 (чилибуха игнация) 10 г

Iris D2 (алуан түрлі құртқашаш) 20 г

Lilium tigrinum D3 (тарғыл лала гүл) 10 г
қосымша заттар: 15% этил спирті, 43% этил спирті

Сипаттамасы

Хош иісті және тәттілеу, соңынан аздап ашытатын дәмі бар мөлдір, сәл сарғыш сұйықтық. Болымсыз бұлыңғырлануы немесе шөгінді түзілуі мүмкін.



Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды G02CX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Біріктірілген препарат болып табылады, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік жоқ.



Фармакодинамикасы

Біріктірілген гомеопатиялық препарат. Допаминергиялық әсер көрсетеді, соның арқасында гипофиздің алдыңғы бөлігінен пролактин сөлінісі төмендейді. Осы орайда гонадотропты гормондар өндірілуі қалыпқа түседі, бұл сары дененің жеткіліксіз өндірілуін және сонымен байланысты етеккір оралымының бұзылуын және бедеулікті жоюға апарады. Пролактин мөлшері төмендегенде фиброзды-кистозды мастопатия тұсындағы патологиялық үдерістің кері дамуына алғышарттар жасалады. Бұл орайда емдік әсері 6 апта өткенде басталады.


Қолданылуы

- етеккір алдындағы синдром (мысалы, мастодиния, сүт бездерінің кернеуі, психо-эмоциялық орнықсыздық, іш қатулар, ісінулер, бас ауыру, бас сақинасы)

- мастопатия

- етеккір оралымының бұзылулары


Қолдану тәсілі және дозалары

Қолданар алдында сілку керек. Аздаған сұйықтық мөлшерімен сұйылтып, 30 тамшыдан күніне 2 рет (таңертең және кешке) ішу арқылы қабылданады. Ұтымды емдеу әсеріне жету үшін Мастодинонды® 3 айдан кем емес, сонымен бірге етеккір кезінде қабылдау ұсынылады. Егер белгілер емдеуді 3 айдан астам уақыт бойы жалғастырғаннан кейін де сақталса, дәрігермен кеңесу керек.


Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін:

- аллергиялық реакциялар (бөртпе, есекжем, беттің ісінуі, ентігу, жұтудың қиындауы),

- бас ауыру, бас айналу, акне,

- асқазан-ішек бұзылыстары (жүрек айну, іштің ауыруы).

Аллергиялық реакцияның алғашқы белгілері білінгенде Мастодинон®

тамшыларын қабылдауды тоқтату қажет.
Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қасиетті Витекстің допамин (симпатикалық жүйке жүйесінің гормоны) және әйелдердің жыныс гормондары өндірілуін көтермелеуі мүмкін екеніне орай, осы үлгіде жұмыс жасайтын дәрілік препараттардың әсерінде аздаған өзгерістер болуы жоққа шығарылмайды.


Айрықша нұсқаулар

Сақтау үдерісінде бұлыңғырлану әлде шамалы шөгінді түзілуі мүмкін. Бұл препараттың тиімділігіне ықпал етпейді!

Препаратты 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану талапқа сай деректердің жеткіліксіздігіне орай жалпыға ортақ болып саналмайды. Мастодинон® жыныстық жетілу кезеңінде жүйелі етеккірлер басталғанша қолданылмауы тиіс.

Мастодинонның® әсер ету механизмі гормональді теңгерімнің үйлестірілуін қамтиды, оған 3 айға дейін қажет болады. Осы кезең ішінде етеккірлік бұзылыстар болуы мүмкін. Эстрогенге тәуелді ісіктерден зардап шегетін немесе зардап шеккен емделушілер Мастодинон® тамшыларын қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесуі тиіс.

Допаминнің (симпатикалық жүйке жүйесінің гормоны) немесе әйелдердің жыныс гормондарының өндірілуіне ықпалы бар препараттар қабылдайтын емделушілерге Мастодинон® тамшыларын қабылдар алдында дәрігермен кеңесу керек.

Мастодинон® тамшыларын қабылдау кезінде белгілер өршіп кетсе, дәрігермен кеңескен жөн.

Гипофизарлық бұзылыстар тарихы бар емделушілерге Мастодинон® тамшыларын қабылдар алдында дәрігермен кеңесу керек. Егер Сізге өзіңіздің белгілі бір қант түрлерін көтере алмаушылықтан қиналып жүргеніңіз белгілі болса, препарат қабылдар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Мастодинон® тамшылары құрамында 53 % этил спирті бар, сондықтан препарат маскүнемдікке салынғандар үшін зиянды. Сондай-ақ препарат жоғары қауіп топтарында - бауыр аурулары, эпилепсиясы, ми патологиясы бар науқастарда пайдаланылғанда да осыны есте ұстау керек.

Гомеопатиялық емдеу кезінде шылым шегу және алкоголь тұтыну сияқты зиянды әдеттердің гомеопатиялық препарат тиімділігіне теріс әсер ететіні белгілі.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану

Мастодинон® тамшыларын жүктілік және лактация кезеңінде қабылдауға болмайды. Жануарларға жасалған тәжірибелер сүт өндірілуінің азайып кететінін көрсетті.



Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етеді.


Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: препаратты тоқтату, белгілеріне қарай
Шығарылу түрі және қаптамасы

50 немесе 100 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын бұралатын қақпағы және дозалағыш тамшылы құрылғысы бар күңгірт шыны құтыларда.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары


Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!



Сақтау мерзімі


4 жыл

Қолданылу кезеңі – құтыны ашқаннан кейін 6 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары


50 мл тамшы рецептісіз

100 мл тамшы рецепт арқылы


Өндіруші

Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия


Тіркеу куәлігінің иесі

Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия


Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Bionorica SЕ /Бионорика СЕ/» өкілдігі



Алматы қ., «Главпочтамт», а/ж № 200, тел.: 250-93-99

e-mail: info@bionorica.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет