ТарМПИ талантты жас ғалымдары
«Ғылым жұлдызы», «Ең үздік ғалым», «Ең үздік жас оқытушы» атты байқаулардың негізгі мақсаты - оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмысының деңгейін жоғарылату, институттың үздік оқытушыларын анықтап, оларды оқытушы және ассистент қызметіне қарай марапаттау. Бұл байқауға кем дегенде 0,5 жүктемемен жұмыс істейтін оқытушылар қатыса алады.
-
Жалпы ережелер
-
Нақты құжат Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жергілікті нормативтік актісі болып табылады, әрі «Ғылым жұлдызы», «Ең үздік ғалым», «Ең үздік жас оқытушы» байқауларының ұйымдастырылуы мен жүргізілуінің тәртібін анықтайды.
-
Байқаудың мақсаты: оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмысының деңгейін жоғарылату, профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми потенциалының белсенділігін ынталандыру, оқытушылардың кәсіби деңгейлерінің жоғарылауы мен өзіндік қабілеттерінің өсуі.
-
Байқаудың міндеттері:
-
Педагогтардың әлеуметтік дәрежесі мен кәсіби деңгейін жоғарылату, оларды қоғамдық қолдау;
-
Жоғары білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиенің инновациялық технологияларын кеңейту және насихаттау;
-
Оқытушылардың педагогикалық қызметі мен ғылыми, тәрбиелік үрдістердің сапасын жоғарылату;
-
Жоғары оқу орны оқытушыларының келешектегі кәсіби дамуын ынталандыру;
-
Жоғары білім беру жүйесінде педагогикалық қызметтің жемісті тәжірибесін жария ету, тарату.
-
Байқауды жүргізу тәртібі
-
Байқауды жүргізу үшін ТарМПИ ректорының бұйрығымен ғылым жөніндегі проректор мен жас ғалым кеңесінің мүшелерінің қатысуымен 7 адамнан тұратын байқау комиссиясы құрылады.
-
Байқауға қатысуға өтініш білдірген оқытушылар төмендегідей құжаттар өткізуі тиіс:
-
Байқауға қатысу туралы мәлімдеме (қосымша1);
-
Электрондық түрдегі фотосурет;
-
Байқау қатысушысының апнкетасы;
-
Байқау қатысушысың публикациялары (нақты құжаты және көшірмесі);
-
Профессордың нұсқауымен жазылған байқау қатысушыларының авторефераттары;
-
Мақтау қағаздары, дипломдар мен аттестаттың көшірмесі.
-
Бірінші кезеңде факультет комиссиясы ұсынылған мәліметтерге талдау жүргізеді. Мәліметтердің талдауы белгіленген уақытта аяқталуы қажет. Факультеттік байқау комиссиясының мәжілісінде байқаудың бірінші бөлімінің нәтижесі шығарылып, жеңімпаз анықталады (әр факультеттен бір оқытушы).
-
Байқаудың екінші кезеңін жүргізу үшін ТарМПИ ректорының бұйрығымен байқау комиссиясы құрылады.
-
Байқау комиссиясының хатшысы тапсырылған құжаттарды тіркейді. Керек жағдайда комиссия байқау қатысушысынан берілген құжаттар бойынша қосымша ақпарат сұрауы мүмкін.
-
Байқауға ұсынылған мәліметтер қайтадан қайтарылмайды. Барлық мәліметтер орыс және қазақ тілдерінде, баспа және электрондық түрінде ұсынылып, белгілі мерзімде байқау комиссиясына жіберіледі.
-
Ұсынылған мәліметтер негізінде оқытушыларға байқауға қатысуға рұқсат беретін бұйрық шығарылады.
-
Байқау екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде ұсынылған мәліметтердің талдамасы жүргізіледі. Талдау белгіленген уақытқа дейін жасалуы тиіс. Содан соң, байқау комиссиясының мәжілісінде байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылады. Екінші кезең комиссия белгіленген уақытты жүргізіледі. Кезек жеребе салу арқылы анықталады.
-
Байқау нәтижелерін анықтау
-
Байқау комиссиясының мәжілісінде байқау нәтижелері шығарылады.
-
Байқау нәтижелері ТарМПИ жас ғалым кеңесінің мәжілісінде қарастырылады.
-
Байқау комиссиясының мәліметтерінің негізінде ТарМПИ ректоры «Ғылым жұлдызы», «Ең үздік ғалым», «Ең үздік жас оқытушы» атты байқаулардың лауреаты атағын беру туралы бұйрығын шығарып, жеңімпаздарды ақшалай мадақтайды.
-
Байқау жеңімпаздарын мадақтау механизмдері
-
Байқау жеңімпаздарын материалдық және моралдық мадақтаудың төмендегідей механизмдері қолданылады:
-
Жас ғалым кеңесі мәжілісінде «Ғылым жұлдызы», «Ең үздік ғалым», «Ең үздік жас оқытушы» дипломдарын тапсыру;
-
Бағалы сыйлық немесе ақшалай сый тарту;
-
Шетелдік сынақ ісіне грант;
-
ЖОО сайтында тиісті ақпаратты жариялау.
-
Байқау ұйымдастырушыларының регламенті
-
Байқау комиссиясы номинанттарды анықтап, олар толықтай құжаттарды байқау аяқталғанға дейін өткізулері тиіс.
-
Әр жылдың белгіленген мерзімінде жеңімпаздар анықталады.
-
Байқау жеңімпаздарын мадақтау мен институт сайтында тиісті ақпараттың жариялануы әр оқу жылының белгіленген мерзімінен аспауы тиіс.
-
Байқау жеңімпаздарының жария дәрісі/семинары ректорат шешімімен оқу жылы аяқталғанға дейін факультетте ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігінің
«25» қазан 2010ж № 498 бұйрығына
Қосымша 1
Байқауға қатысушының мәлімдемесі
Мен, аты-жөні , «ЖОО ең үздік жас оқытушысы» мемлекеттік грантын иелену ережелерін толықтай зерттеп, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен жүргізілетін байқауға қатысамын.
Қосымша: байқауда қатысу үшін құжаттар __ бет,
соның ішінде қосымша __ бет.
Байқауға қатысушы, оқытушы ЖОО атауы, лауазымы, аты-жөні, қолы
Толтыру күні
Қосымша 2
«ТарМПИ оқытушысы» байқауына түсініктеме.
«ТарМПИ ең үздік жас оқытушысы» байқауына қатысуға кафедраның толық атауы факультет, кафедраның оқытушысын аты-жөні жолданады.
Ұсынысты негіздеу _____________
Кафера меңгерушісі: қолы аты-жөні
Қосымша 3.
«ТарМПИ ең үздік жас оқытушысы» байқауының қатысушысының анкетасы
Жеке мәлімет
-
Аты-жөні
-
Туған жылы, орны
-
ЖОО атауы мен аяқтау жылы, мамандығы
-
Ғылыми дәрежесі
-
Жүргізетін пәні
-
Педагогикалық стажы
-
Кітаптар мен мақалалары, публикациялары
-
Қоғамдық мекемелерде мүшелік етуі
-
Атағы, наградалары, сыйлары
-
Қосымша ақпараттар
Достарыңызбен бөлісу: |