Құрамын және рулардың орналасуларын білу «Қазақ шежіресі»



Дата24.02.2016
өлшемі104 Kb.
#15347
түріҚұрамы

  1. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ, ОҚУ ПРОЦЕССІНДЕГІ ОРНЫ

    1. Пәннің мақсаты

Қазақ халқының шығу тегін, қалыптасуын, ру-тайпалық құрамын және рулардың орналасуларын білу - «Қазақ шежіресі» курсының мақсаты болып табылады. Ұлы, Орта, Кіші жүздердің тайпалары және этнографикалық топтар: төрелер, қожалар, төленгіттер, кірмелер - курстың оқу объектісі деп саналады.




    1. Пәннің міндеттері

«Қазақ шежіресі» курсының алдында келесі міндеттер тұр:




  • қазақтың ауызекі историялогиясы – шежіре арқылы студенттердің тарихи сана – сезімдерін қалыптастыру;

  • қазақтың этникалық құрамы туралы терең білімді беру;

  • рулардың қолжазба ата-тек кестелерімен жұмыс жасауды үйрету;

  • отандық шежіре мәселелерін ғылыми тұрғыда зерттейтін қолданбалы әдістермен таныстыру.




    1. «Қазақ шежіресі» пәні қай құрстардың материалдарына негізделген

«Қазақ шежіресі» пәні «Қазақстан тарихы» курсының жалғасы деп есептеледі. Сондықтан студенттер аталған курстың келесі тарауларын білу міндетті:



  • Қазақстан жеріндегі тайпалар одақтары және көне мемлекеттер;

  • ерте және өркендеген ортағасырдағы мемлекеттер (VI-XIII ғ.ғ. басы);

  • XV-XVII ғ.ғ. Қазақ хандығы;

  • қазақ - жоңғар соғысы;

  • Қазақстанды Ресейге қосу




    1. Қорытынды нәтижелер

Пәнмен танысу нәтижесінде студент міндетті:



  • шежіренің тарихи – фольклорлық материалын әділ бағалауды білу;

  • рудың құрамын айқындау, орналасқан жерін анықтау, ата – тек кестелерін құрастыруды істей білу;

  • меңгерген зерттеу әдістерін істе қолдану;

  • Қазақстанның ортағасырлардағы тарихи оқиғаларын талдағанда шежіре деректерін пайдалану.

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


2.1 ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

1-тақырып. Шежіре – қазақтың ауызекі историологиясы. Қазақ халқының шежірелік дәстүрі, шежірешілер және зерттеушілер. Генеалогиялық әдебиеттер.


2-тақырып. Қазақ халқының этногенезі туралы. Қазақ халқының шығу тегіне байланысты тарихи аңыздар. «Қазақ» этнонимінің түп-төркіні туралы.
3-тақырып. Қазақтың арғы түбі. Сактар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, көне түркілер, қимақтар, қыпшақтар, оғыздардың қазақ этногенезіне қосқан үлесі.
4-тақырып. Қазақтардың туыстық қатынастары. Жігіттің үш жұрты.Туыстық атаулар. Құдалы-андалы қатынастар, тамырлар.
5-тақырып. Ру-тайпалық атаулар. «Жеті ата», «ру», «тайпа» атаулардың маңызы. Ру-тайпалық атаулардың диалектілік өзгешеліктері.
6-тақырып. Рулық қоғамның ережелері. Ру-тайпалық басқару жүйесі, ру көсемдері, тайпа жасағы, ру билерінің соты.
7-тақырып. Рулық салт-саналар. Қанды кек алу, әмеңгерлік, тыйымдар, жәрдемдесу, меймандостық, қыз ұзату, келін түсіру, ас, барымта, қара шаңырақ.
8-тақырып. Тайпалардың этникалық территориясы. Рулардың қалыптасқан көшу жолдары, Ұлы жүздің, Орта жүздің, Кіші жүздің көштері, малдары, кыстақтары және жайлаулары.
9-тақырып. Қазақ халқының этникалық құрамы. Жүздердің тарихи, географиялық, этнографиялық сипаттамасы. Қазақ тілінің тайпалық диалектілері.
10-тақырып. Ұлы жүздің ру-тайпалық құрамы. Тайпалардың саны, орналасқан жері, ата-тек кестелері. Тарихи аңыз-әнгімелер.
11-тақырып. Орта жүздің ру-тайпалық құрамы. Тайпалардың саны, орналасқан жері, ата-тек кестелері. Тарихи аңыз-әнгімелер.
12-тақырып. Кіші жүздің ру-тайпалық құрамы. Тайпалардың саны, орналасқан жері, ата-тек кестелері. Тарихи аңыз-әнгімелер.
13-тақырып. Хандар мен сұлтандардың шежіресі. Жүздерге кірмейтін төре, қожа, төлеңгіттердің шежіре олардың қазақ қоғамындағы ролі.
14-тақырып. Қазақ халқының құрамындағы этнографиялық топтар. Шала-қазақтар, құрама, қарақалпақ, қырғыз, ноғай, естек, қалмақ, сарт рулары.
15-тақырып. Рулардың, тайпалардың, жүздердің демографиялық дамуы. М.Тынышбаев, М.Тәтімов құрастырған тайпалар мен рулардың сандар кестелері.
16-тақырып. Ру-тайпалардың ерекше белгілері. Таңбалар және ұрандар. Ру-тайпалық жасақтардың тулары.
17-тақырып. Түркі тілдес халықтар. Түрік тілдердің генеалогиялық жіктелуі. Түркі тектес халықтардың шежірелері.
18-тақырып. Қазақстанның этникалық қартасы. XIX ғасырдың аяғында -XX ғасырдың басында қазақ тайпаларының орналасу картасы.


    1. ТӘЖІРИБЕ САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

1-тақырып. Ұлы жүздің «Жалайыр» тайпасы. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.


2-тақырып. Ұлы жүздің «Қаңлы» тайпасы. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.
3-тақырып. Ұлы жүздің «Сіргелі» тайпасы. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.
4-тақырып. Ұлы жүздің «Қатаған» тайпасы. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.
5-тақырып. Ұлы жүздің «Сарыүйсін» тайпасы. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.
6-тақырып. Ұлы жүздің «Шақшам» тайпасы. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.
7-тақырып. Ұлы жүздің «Ысты», «Ошақты», «Шапырашты» тайпалары. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.
8-тақырып. Ұлы жүздің «Албан», «Суан», «Дулат» тайпалары. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.
9-тақырып. Орта жүздің «Арғын» тайпасы. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.
10-тақырып. Орта жүздің «Найман» тайпасы. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.
11-тақырып. Орта жүздің «Қыпшақ» тайпасы. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.
12-тақырып. Орта жүздің «Керей» тайпасы. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.
13-тақырып. Орта жүздің «Уақ» тайпасы. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.
14-тақырып. Орта жүздің «Қоңырат» тайпасы. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.
15-тақырып. Орта жүздің «Тарақты» тайпасы. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.
16-тақырып. Кіші жүздің «Әлімұлы» тайпасы. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.
17-тақырып. Кіші жүздің «Байұлы» тайпасы. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.
18-тақырып. Кіші жүздің «Жетіру» тайпасы. Тарихи деректер, аңыз-әнгімелер, ұрандар және таңбалар. Рулардың саны, қоныстары, ата-тек кестелері.


    1. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ




№ п/п

Жұмыстың аты

Жұмыстың мазмұны

Жұма

Бақылау түрі

1.

Реферат

Тақырып алу

Материалды жинау

Жазу

Презентация



1

2

3



4-17

Тәжірибе сабақтарында баяндама жасау

2.

Курстік жұмыс

Тақырып алу

Материалды жинау

Әдебиетпен жұмыс жасау

Жазу


Жұмысты компьютерде дайындау
Қорғау

1

2-5


6-10

11-15


16-17
18

Консультацияларда есеп беру



3.

Өз бетімен әзірлену үшін сынақ сұрақтары

Лекциялар конспектімен жұмыс жасау

1-18

Дәріс сабақтарында тексеріс



    1. КУРСТІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

1-тақырып. Қуандық руының шежіресі.

2-тақырып. Сүйіндік руының шежіресі.
3-тақырып. Бегендік руының шежіресі.
4-тақырып. Шегендік руының шежіресі.
5-тақырып. Каракесек руының шежіресі.
6-тақырып. Қанжығалы руының шежіресі.
7-тақырып. Тобықты руының шежіресі.
8-тақырып. Бәсентиін руының шежіресі.
9-тақырып. Атығай руының шежіресі.
10-тақырып. Қараул руының шежіресі.
11-тақырып. Сарыжетім руының шежіресі.
12-тақырып. Бура Найман руының шежіресі.
13-тақырып. Бұлтың Қыпшақ руының шежіресі.
14-тақырып. Күрсары Керей руының шежіресі.
15-тақырып. Жансары руының шежіресі.
16-тақырып. Байназар руының шежіресі.
17-тақырып. Бидалы руының шежіресі.
18-тақырып. Шоға руының шежіресі.
19-тақырып. Кереку төрелерінің шежіресі.
20-тақырып. Кереку қожаларының шежіресі.


  1. ӨЗ БЕТІМЕН ӘЗІРЛЕНУ ҮШІН СЫНАҚ СҰРАҚТАРЫ

1) «Шежіре» деген термин нені білдіреді?

2) Қазақ шежіресін кім жинақтады?

3) «Алаш» есімді кісі қазақ тарихында кім болды?

4) Соғыс кезінде қолданылатын ру немесе тайпаның әскери үндеуі, шақыруы қалай аталады?

5) Ру-тайпалық белгіні қалай атайды?

6) Қандай сословиялар және этнографиялық топтар қазақ тайпаларының құрамына кірмеді?

7) Ташкент ханы Тұрсын Есім ханмен соғысқанда (1627 ж.) қай қазақ тайпасына сүйенді?

8) 1870 жыл Маңғыстаудағы көтеріліке Кіші жүздің қай руы қатысты?

9) Түркі тілдес қай халықтардың тілдері қазақ тіліне ең жақын?

10) Туыстар арасында неше атаға дейін қыз алыспайды, қыз беріспейді?

11) Монғолияда Баян-Өлгий аймағындағы қазақтар қай тайпаға жатады?

12) Батыс Қазақстанның жері кімнің меншігінде болды?

13) Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстанның жерлері кімнің меншігінде болды?

14) Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның жерлері кімнің меншігінде болды?

15) Рулық қоғамның қай ескі салты «қалың мал» деп аталды?

16) Рулық қоғамның қай ескі салты «аламан» деп аталды?

17) Рулық қоғамның қай ескі салты «аманат» деп аталды?

18) Рулық қоғамның қай ескі салты «әменгерлік» деп аталды?

19) Рулық қоғамның қай ескі салты «барымта» деп аталды?

20) Рулық қоғамның қай ескі салты «құн» деп аталды?

21) Рулық қоғамның қай ескі салты «алып қашу» деп аталды?

22) Рулық қоғамның қай ескі салты «ас беру» деп аталды?

23) ХХ ғасырдың басында Орта жүз қазақтарының саны қандай болды?

24) ХХ ғасырдың басында Ұлы жүз қазақтарының саны қандай болды?

25) ХХ ғасырдың басында Кіші жүз қазақтарының саны қандай болды?

26) Ұлы жүз қазақтарының табындары қандай малдардан құрылды?

27) Орта жүз қазақтарының табындары қандай малдардан құрылды?

28) Кіші жүз қазақтарының табындары қандай малдардан құрылды?

29) Ұлы жүзде қандай бейнелі атауы болды?

30) Орта жүзде қандай бейнелі атауы болды?

31) Кіші жүзде қандай бейнелі атауы болды?

32) Бір атадан тараған, таңбасы, ұраны бар қандас туыстардың тобы қалай аталды?

33) Өзара ортақ тілі, мәдениеті бар, шығу тегі бір рулар бірлестігі қалай аталады?

34) Ұлы жүз құрамына қандай тайпалар кірді?

35) Орта жүз құрамына қандай тайпалар кірді?

36) Кіші жүз құрамына қандай тайпалар кірді?

37) Арғын тайпасы құрамына қандай рулар кірді?

38) Әлімұлы тайпасы құрамына қандай рулар кірді?

39) Жетіру тайпасы құрамына қандай рулар кірді?

40) «Ақжол, Аманжол, Қарақожа» - қай тайпаның немесе сословиенің ұраны болды?

41) «Архар» - қай тайпаның немесе сословиенің ұраны болды?

42) «Қаптағай» - қай тайпаның немесе сословиенің ұраны болды?

43) «Қарасай» - қай тайпаның немесе сословиенің ұраны болды?

44) «Қожахмет» - қай тайпаның немесе сословиенің ұраны болды?

45) «Райымбек» - қай тайпаның немесе сословиенің ұраны болды?

46) «Ағатай» - қай тайпаның немесе рудың ұраны болды?

47) «Бекет» - қай тайпаның немесе рудың ұраны болды?

48) «Қарқабат» - қай тайпаның немесе рудың ұраны болды?

49) Орта жүздің қай тайпасының «Т» әрпі тәрізді таңбасы «тарақ» деп аталды?

50) Орта жүздің қай тайпасының «П» әрпі тәрізді таңбасы «босаға» деп аталды?

51) Орта жүздің қай тайпасының таңбасы «көз» деп аталды?

52) Орта жүздің қай тайпасының таңбасы «қос әліп» деп аталды?

53) Орта жүздің қай тайпасының таңбалары «абақ» және «ашамай» деп аталды?

54) Қай сословиенің «Т» әрпі тәрізді таңбасы «тарақ» деп аталды?

55) Қай сословиенің таңбасы «әліп» деп аталды?

56) Ұлы жүздің қай тайпасының «О» белгісі тәрізді таңбасы «дөңгелек» деп аталды?

57) Ұлы жүздің қай тайпасының «Т» әрпі тәрізді таңбасы «тарақ» деп аталды?

58) Жалпы қазақ елінің әскери ұраны қалай аталды?

59) Керей тайпасы қандай екі рулық бірлестіктерден құрылды?

60) Қоңырат тайпасы қандай екі рулық бірлестіктерден құрылды?

61) Арғын тайпасы қандай екі рулық бірлестіктерден құрылды?

62) Қазақ халқының құрамына енген Шыңғысханның ұрпақтарын қалай атайды?

63) Хандар мен сұлтандарды күтушілерді қалай атады?

64) Қазақ халқының құрамына енген мұсылман дінін уағыздаушы араб миссионерлердің ұрпақтарын қалай атады?

65) Қазақтардың арғы бабасы, аңызға айналған түп атасы кім болды.

66) «Тайпа» терминінің қысқаша түсіндірмесін анықтап беріңіз.

67) «Ру» терминінің қысқаша түсіндірмесін анықтаңыз.

68) Тайпа мен ру арасында қандай айырмашылық бар?

69) Ұлы жүз Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

70) Орта жүз Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

71) Кіші жүз Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

72) «Жеті жарғы» заңы бойынша өлтірілген адамның туыстарына қылмыскер төлейтін айып-төлеу қалай аталды?

73) Араздасқан рулардың арасында қаруланған күшпен малды ұрлап айдап әкету қалай аталған?

74) Рұқсатсыз бой жеткен қызды ұрлап үйленуді не деп атады?

75) Ұлы жүздің ең ірі тайпасын айтыңыз.

76) Орта жүздің ең ірі тайпасын айтыңыз.

77) Орта жүздің ең ірі руын айтыңыз.

78) Кіші жүздің ең ірі руын айтыңыз.

79) Байұлы тайпасының ең ірі руын айтыңыз.

80) Арғын тайпасының ең ірі руын айтыңыз.

81) «Алпамыс батыр» атты тарихи жырдың бас тұлғасы қай тайпадан шықты?

82) «Қобыланды батыр» атты тарихи жырдың бас тұлғасы қай тайпадан шықты?

83) «Ер Көкше», «Ер Қосай» атты тарихи жырлардың бас тұлғалары қай тайпадан шықты?

84) «Қамбар батыр» атты тарихи жырдың бас тұлғасы қай тайпадан шықты?

85) Ұлы жүздің бас биі Үйсін Төле би қай тайпадан шыққан?

86) Орта жүздің бас биі Арғын Қазыбек би қай тайпадан шыққан?

87) Кіші жүздің бас биі Алшын Әйтеке би қай тайпадан шыққан?

88) Қазақтың қай тайпасынан Қанжығалы Бөгембай батыр шықты?

89) Қазақтың қай тайпасынан Шақшақ Жәнібек батыр шықты?

90) Қазақтың қай тайпасынан Қаракерей Қабанбай батыр шықты?

91) «Алаш» сөзі нені немесе кімді таңытады?

92) «Таңба» деген термин нені білдіреді?

93) «Ұран» деген термин нені білдіреді?

94) «Төре» дегендер кім?

95) «Қожа» дегендер кім?

96) «Төлеңгіттер» деген кім?

97) Қазақ хандығында «ақсүйек» тобына кімді жатқызды?

98) Қазақ хандығында «асыл сүйек» тобына кімді жатқызды?

99) Қазақ қоғамында кімді «шала қазақ» деп атады?

100) Қазақ қоғамында кімді «қірме» деп атады?

4 ПӘН БОЙЫНША ОҚУЛЫҚ-МЕТОДИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР


4.1. Қазақ тіліндегі әдебиеттер

1) Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья және неке (Тарихи этнографиялық шолу). – Алматы, 1973.

2) Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы, 1996.

3) Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. – А., 2000.

4) Әбілғазы. Түрік шежіресі. – А., 1994.

5) Бейсенбайұлы Жарылғап. Қазақ шежіресі. – А., 1994.

6) Еңсебаев Т. Қанжығалы шежіресі. – Павлодар, 2004.

7) Қадырғали Жалаир. Шежірелер жинағы. – А., 1997.

8) Қазақ Совет энциклопедиясы. 12 томдық толық энциклопедиясы. – А., 1972-1978.

9) Қазақ шежіресі (үш тараудан құралған жинақ). – Целиноград, 1991.

10) Кенжеахметұлы С. Ұлттық әдет-ғұрыптық бәймәлім 220 түрі. – А., 1998.

11) Көпейұлы Мәшһур Жүсіп. Қазақ шежіресі. – А., 1993.

12) Құдайбердіұлы Шәкәрім. Қазақ, қырғыз, түрік һәм хандар шежіресі. – А., 1990.

13) Құрбанғали Халид. Таурих хамса (Бес тарих). – А., 1992.

14) Маданов Х. Кіші жүз шежіресі. – А., 1993.

15) Мұқанов М.С. Қазақ жерінің тарихы.– А., 1994.

16) Мұқанов С. Қазақ қауымы (тарихтық және этнографиялық шолу).– А., 1995.

17) Салғараұлы Қ. Қазақтың қилы тарихы.– А., 1992.

18) Салғараұлы Қ. Хандар кестесі.– А., 1992.

19) Толыбеков С. Қазақ шежіресі. – А., 1992.


4.2. Орыс тіліндегі әдебиеттер
1) Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. - А.-А., 1959.

2) Артыкбаев Ж.О. Этнология и этнография. – Астана, 2001.

3) Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 5-ти томах. - А.-А., 1984-1985.

4) Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIX века). - А.-А., 1968.

5) Исмагулов О. Этническая антропология казахов. - А.-А., 1982.

6) Исмагулов О. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности (Палеоантропологическое исследование). - А.-А., 1970.

7) Казахи. Девятитомный популярный справочник. - А., 1998 /Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. - А., 1998/.

8) Кудайбердиев Шакарим. Родословная казахов, киргизов, тюрков и ханских династий. – А., 1992.

9) Муканов М.С. Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза. - А.-А., 1974.

10) Муканов М.С. Этническая территория казахов в XVIII – начале ХХ веков. - А., 1991.

11) Муканов М.С. Из исторического прошлого (Родословная племён Керей и Уак). - А., 1998.

12) Салгарин К. Династии ханов: хронологические таблицы. – А., 1992.

13) Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в XV- XVIII вв. – М., 1982.

14) Сейдимбек А. Мир казахов. Этнокультурологическое переосмысление. – А., 2001.



15) Тынышпаев М. Великие бедствия... (Актабан – Шубырынды). – А.-А., 1991.

16) Тынышпаев М. История казахского народа. – А., 1993.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет