ҚҰран кәрім хикаялары


Аллаһ тағаланың аянымен кеме жасау



Pdf көрінісі
бет14/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   102
Хикаялар

Аллаһ тағаланың аянымен кеме жасау 
Нұх ұзақ уақыт сабыр сақтады. Ол өзінің пайғамбарлық мiндетiн тоғыз 
жүз елу жыл бойы шыдамдылықпен атқарып, қауымын дiнге шақырды. 
Содан кейiн қауымының күпiрлiгi мен надандығына, тәкаппарлығы мен 
қасарысқандығына және күндiз-түнi ашық әрі жасырын тынбастан уағыз 
жүргiзсе де, иман келтірушілердің аздығына Аллаһқа шағымдана бастады. 
Сонда Аллаһ тағала оған: «Қауымыңның iшiнен қазірге дейін иман 
келтiргендерден басқасы мүлде иманға келмейдi», – деп аян бердi. Сонда 
Нұх Аллаһ тағаладан ақылын пайдаланбай, пұттарға табынып, нәпсiсіне 
және шайтанға ерiп жүрген бұзақы кәпiрлердi жойып жiберуiн сұрап: «Уа, 
Раббым! Жер бетiнде кәпiрлердiң бiреуiн де тірі қалдырма. Егер Сен оларды 
тірі қалдыратын болсаң, пенделерiңдi адастырады және олар бұзақы 
кәпiрлердi ғана дүниеге келтiрiп, көбейтедi», – дедi. 
Аллаһ тағала Нұхтың дұғасын қабылдады. Оған үлкен кеме жасауды 
бұйырды. Нұх қауымынан алыстап, кеме жасауға кірісті. Қауымы оның 
дінді насихаттауды тоқтатып, кеме жасауға кіріскенін көрiп: «Ей, Нұх! 
Саған не болды? Кеше ғана пайғамбар едiң, ендi бүгiн ұста болып кеттің бе? 
Кеменi кiмге жасап жатырсың? Кеме жүзетiн теңiз қайда? Ол бұл жерден 
өте алыс қой», – деп әжуалай бастады. Нұх олардың мазағына төзімділікпен 
сабыр етіп, жұмысын соңына жеткiздi.
Топан судың келуі 
Алып кемені жасау аяқталғанда, Аллаһ тағала Нұхқа мүміндерді және 
барша тiрi мақұлықтан бiр-бiр жұптан алып, кемеге мінуін бұйырды. Аллаһ 
тағала қарсы болып, пайғамбардың шақыруын қабылдамаған қауым 
адамдарына топан су тасқынын жiберетiндiгiн хабарлады. Нұх бұйрықты 
орындап, мүміндермен бiрге кемеге мiндi. Жаңбыр молынан жауып, жер 
астынан су атқылап, жер жүзін топан су басты да, кеме жайлап су бетiне 
көтерiле бастады. Кәпірлер толқындардың қойнына батып бара жатты. Нұх 
биiк кеменің үстінен суға батып арпалысқан адамдарға қарап тұрып
араларынан өз баласын көрді. Ол: «Ей, балам! Әлi де суға батып өлiп, 
тозаққа кетпейiн десең, Аллаһқа иман келтiрiп, бiзбен кемеге мiн!» – дедi. 
Бiрақ баласы әке сөзiн тыңдамады. Ол батып кетпеуге әрекеттеніп, жартасқа 
жармаса бастады. Алайда Аллаһ тағаланың құдіретімен жауған мол жаңбыр 
барлық жерге, тiптi таулардың шыңдарына дейiн жетті. Нұх қауымының 
кәпірлері түгелімен суға батып кеттi. Олардың ешқайсысы аман қалмады. 


17 
Олар Нұхтан: «Егер шын пайғамбар болсаң, уәде еткен азабыңды келтір», – 
деп талап еткен едi. Аллаһ тағала Өз елшісі Нұхтың дұғасын қабыл етіп
кәпірлерді суға батырып, өздері сұранған азапқа душар етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет