ҚҰран кәрім хикаялары


Аллаһ тағаланың Адамға атауларды үйретуі



Pdf көрінісі
бет3/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Хикаялар

Аллаһ тағаланың Адамға атауларды үйретуі 
Адам Жаратушысының құдiретiмен берілген ақыл-ой, сана-сезімі арқылы 
барлығын түсініп, бiле бастады. Аллаһ тағала оған барша жаратылыстың 
есiмдерiн үйреттi. Кейiн Аллаһ тағала перiштелерден Адамның алдында бұл 
есімдерді айтып берулерін талап еттi. Перiштелер мұндай бiлімге ие 
болмағандықтан, оларды толығымен айтып бере алмады. Сол кезде Аллаһ 
тағала Адамға әлгі атауларды періштелерге атап беруді бұйырды. Адам 
оларды еш мүдірместен атап берген сәтте періштелер Адамның барша 
дүниенің атауларын бiлетiнін көрiп, таңғалысты. Сөйтіп, Аллаһ тағаланың 
нені жарататынын Өзi жақсы бiлетiндігіне, Оның әр нәрсені толық Білуші, 
хикмет Иесі екендiгiне періштелердің көздері тағы да бір жетті. Олар 
өздерiнiң көп істен бейхабар, әлсiз екендiгiн мойындады да: «Уа, Аллаһ! 
Сен барлық кемшіліктен Пәксің! Бiз Сенiң бiлдiргенiңдi ғана бiлемiз. 
Расында, Сен әр нәрсені Бiлушi әрi Данасың», – дедi. Аллаһ тағала: 
«Әлбетте, Мен көктер мен жердің құпияларын білетінімді, сондай-ақ 
сендердің ашық және жасырын істегендеріңді білетінімді айтпадым ба?» – 
дедi. Мұнан соң Аллаһ періштелерге Адамды құрметтеп, оған сәлем ретінде 
бас иiп, сәжде жасауларын бұйырды. Олар Адамның өздерінен абзал екенін 
мойындап, Аллаһ тағаланың бұйрығымен сәжде жасады. Алайда 
перiштелердің арасында Iбiлiс есiмдi бiр жын бар-тұғын. Ол бұған дейін 
Аллаһқа бойсұнған, қарсы шықпайтын ізгі жын болғандықтан
періштелердің ортасында қалдырылған-ды. Аллаһ оған да перiштелермен 
бiрге Адамға сәжде жасауды бұйырған еді. Iбiлiс тәкаппарлыққа беріліп
Аллаһ тағаланың бұйрығына қарсы шығып, оны орындаудан бас тартты. 
Тіпті тәубесіне де келмеді.
Iбіліс не үшін бас имеді? 
Аллаһ тағала Iбiлiске: «Сенiң сәжде жасауыңа не тосқауыл болды?» – 
дедi. Iбiлiс өзiн Адамнан жоғары санады. Ол Адамға сәжде 
жасамайтындығын, оған деген қарсылығын бiлдiріп: «Мен одан артықпын. 
Мені оттан, ал оны балшықтан жараттың», – деп өзiнiң оттан жаратылғанын 
алға тартты. Iбiлiс осылайша менмендікпен қателікке ұрынып, бүкiл 
перiштелер жасаған iстi жасамады. Ол Адамға сәжде жасаудан үзілді-кесілді 
бас тартып, Жаратушының бұйрығын өр­көкіректеніп орындамағаны 
себепті Аллаһ тағала алдында күнәкар болды. Аллаһ тағаланың әрбір күнәға 
өзіне лайық белгілеген жазалары бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет