Құрастарған: Эжажф деканы, э. ғ. к., доцент Молдашов Н. О., Құлманова Ә. Б



Дата27.06.2016
өлшемі134.5 Kb.
#160773


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Рудный индустриалдық институты

Экономикалық теория және құқық кафедрасы

050506 «Экономика», 050511 «Маркетинг», 050507 «Менеджмент» мамандықтарының сырттай оқыту нысаны студенттері үшін «Экономикалық ілімдер тарихы» пәнінен бақылау жұмысына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Рудный 2008


Құрастарған: ЭжАЖФ деканы, э. ғ. к., доцент Молдашов Н.О., Құлманова Ә.Б., 050506 «Экономика», 050511 «Маркетинг», 050507 «Менеджмент» мамандықтарының сырттай оқыту нысаны студенттері үшін «Экономикалық ілімдер тарихы» пәнінен бақылау жұмысына арналған әдістемелік нұсқау - Рудный, РИИ, 2008.- 16 б.

Пікір жазғандар: Сүйібаева Ж. Т. - ӘГП кафедрасының аға оқытушысы

Шайкина Э.М. - ЭТжҚ кафедрасының оқытушысы

Әдістемелік нұсқау «Экономикалық ілімдер тарихы» пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасы талаптарына сәйкес құрастырылған, әдістемелік нұсқауда нұсқаны таңдау ережесі, бақылау жұмыстарының тақырыптары, жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар, ресімдеу талаптары және әдебиеттер тізімі берілген.

050511 «Маркетинг» мамандығының сырттай оқыту нысаны студенттеріне арналған.

Әдебиеттер тізімі - 20 атау.

Ішкі қолданыс үшін.

 Рудный индустриалдық институты 2008


МАЗМҰНЫ







Кіріспе

4

1.

Жұмыстың және оның элементтерінің көлемі

5

2.

Нұсқаны таңдау ережесі

5

3.

Бақылау жұмыстың тақырыптары

6

4.

Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

7

5.

Бақылау жұмысын ресімдеуге қойылатын талаптар

8




Әдебиеттер тізімі

12




Қосымша А. Негізгі парақтың үлгісі.

15

КІРІСПЕ


Бақылау жұмысы – берілген тақырып бойынша пәннің әдістемелік нұсқауына негізделіп орындайтын студенттің өзіндік жұмысы. Жоғарғы мектепте бұл жұмыс түрі оқу барысында дәстүрлі және тиімді болып саналады. Бақылау жұмысын орындау міндеттері:

- экономикалық ілімдер тарихының концепциялары мен әр түрлі кезеңдердегі теориялық көзқарастарды тәмәмдау барысын тиімдендірі;

- сырттай оқу түрі үшін аса маңызды болып табылатын сырттай оқушы студенттердің өзіндік танымдылық, талдау және салыстырып қортындалау қабілеттерін қалыптастыру мен дамыту;

- пәннің теориялық құралдары арқылы қарастырылушы сұрақтардың ішінен басты мәселелерді анықтау және оны қазіргі экономикамен байланысын анықтау икемділікті қалыптастыру;

- студенттің қажетті материалды іздестіру, таңдау, талдау және жүйелеу яғни, жалпы материалмен жұмыс жасау қабілеттілігін арттыру. Бақылау жұмысын орындау курстық және диплом жұмыстарын жазуда студентке қажетті ғылыми – зерттеу жұмысына үйретеді.

Ұсынылған талаптарға сай бақылау жұмысын дайындау экономикалық ілімдер тарихы пәні бойынша алынған теориялық білімге ғана негізделмейді, соны мен қатар жинақтаған материалды дұрыс ұсына білуге де байланысты. Студенттер бақылау жұмысын оқытушының жетекшілік етуімен орындайды. Орындалған жұмыс тексеру үшін құжыраға тапсырылады.

Егер жұмыс қойылған барлық талаптарға сәйкес келсе, оқытушы оны дұрыс деп бағалап, жазбаша рецензия түрінде оны студентке хабарлайды. Оқытушының қанағаттандырарлық бағасынан кейін бақылау жұмысы қорғалуы тиіс.

Қанағаттандырылмаған бақылау жұмысы оқытушының ескертулеріне, яғни рецензия мазмұнына сәйкес қайта қарастырылуы тиіс. Қайта қарастырылған жұмыс бақылау жұмысының бірінші вариантымен ондағы жазылған рецензиямен тапсырылады.

Бақылау жұмысын қорғау арқылы студент жинақтаған материалды нақты, жүйелі және сауатты түрде жеткізугі үйренеді.

Экономикалық ілімдер тарихы бойынша емтихан тапсыруға бақылау жұмысын қорғаған студенттер ғана жіберіледі.

Студенттің бақылау жұмысы қайтарылмайды Экономикалық теория және құқық құжырасында сақталады.

1 Жұмыстың және оның элементтерінің көлемі

«Экономикалық ілімдер тарихы» курсы бойынша бақылау жұмысы келесідей бөлімдерден тұруы тиіс: кіріспе, негізгі мәтін, қортынды және әдебиеттер тізімі. Бақылау жұмысының құрылымы тақырыпқа және оның күрделілігіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Кіріспеде студент сұрақтың маңыздылығын, бақылау жұмысын орындау мақсаттарын және оның құрылымын көрсетуі тиіс. Кіріспе қысқа болуы тиіс (1-2 бет).

Бақылау жұмысының екінші бөлімінде тақырыптың мазмұны беріледі. Бұл бөлімді мәселенің теориялық және тәжірибелік мазмұны қарастырылатын бірнеше сұрақтарға бөлу қажет. Ұсынылған материал толық, жүйелі және нақты болуы тиіс. Бөлім көлемі 5-7 беттен көп болмауы тиіс.

Қортынды, бақылау жұмысының үшінші бөлімін құрайды және бақылау жұмысының берілген барлық материалын жалпылама түрде қортындылайды. Бұл бөлімнің көлемі 1-2 бет.

Бақылау жұмысының соңында тақырып сұрақтарын қарастыру кезінде қолданылған әдебиеттер тізімі беріледі. Тізім бақылау жұмысында қолданылған ретпен жазылады.

2 Нұсқаны таңдау ережесі


Бақылау жұмысы тақырыбы 050506 Экономика, 050511 Маркетинг, 050507 Менеджмент мамандығының сырттай оқыту нысаны студенттері үшін «Макроэкономика» пәнінен бақылау жұмысына арналған әдістемелік нұсқаудағы нұсқасын таңдау кестесіне сай сынақ кітапшысының соңғы екі нөмірі бойынша немесе оқытушының қалауымен анықталады.
Кесте 1 Нұсқаны таңдау кестесі


тақырып №

сынақ кітапшасының соңғы екі №


тақырып №

сынақ кітапшасының соңғы екі №




00

44

88

23

22

66



01

45

89

24

23

67



02

46

90

25

24

68



03

47

91

26

25

69



04

48

92

27

26

70



05

49

93

28

27

71



06

50

94

29

28

72



07

51

95

30

29

73



08

52

96

31

30

74



09

53

97

32

31

75



10

54

98

33

32

76



11

55

99

34

33

77



12

56




35

34

78



13

57




36

35

79



14

58




37

36

80



15

59




38

37

81



16

60




39

38

82



17

61




40

39

83



18

62




41

40

84



19

63




42

41

85



20

64




43

42

86



21

65




44

43

87

3 Бақылау жұмыстың тақырыптары




    1. Меркантелизмнің жалпы сипаттамасы. Меркантелизмнің дамуының екі бағыты: монетаризм және сауда балансы теориясы.

    2. Ф. Кенэ - экономикалық ілімдері және «экономикалық кесте».

    3. Физиократия А.Р. Тюрго.

    4. Классикалық саяси экономияның туындауы, У.Петти.

    5. Классикалық саяси экономияның туындауы, П.Буагильбер.

    6. А.Смиттің экономикалық көзқарастары және оның экономикалық теорияның дамуындағы маңызы.

    7. Д.Рикардоның экономикалық көзқарастары және олардың экономикалық теориядағы маңызы.

    8. «Капиталдың» бірінші томының мазмұны.

    9. «Капиталдың» екінші томының құрылымы және негізгі мәселелері.

    10. «Капиталдың» үшінші томының құрылымы және негізгі мәселелері.

    11. В.И.Лениннің аграрлық сұрақтары теориясының дамуы.

    12. Империализм және ММК сұрақтары бойынша В. И. Лениннің көзқарастарының қалыптасуы.

    13. В.И. Ленин және социолизмнің саяси экономиялық сұрақтары.

    14. ХIХ ғасырдың 20-сыншы, 30-ыншы жылдардағы Англиядағы экономикалық ойлардың сипаттамасы (Т.Мальтус, Н.Сениор).

    15. ХIХ ғасырдың 20-сыншы, 30-ыншы жылдардағы Франциядағы экономикалық ойлар.

    16. ХIХ ғасырдың 30-ыншы жылдардағы АҚШ экономикалық ойлар (И.Кэри).

    17. Шекті пайдалылықтың Австриалық мектебі (К. Менгер, Е. Бем-Баверк, Ф. Визер).

    18. Шекті пайдалылық теориясының англо-американдық варианты (У. Джованс, Дж.Кларк).

    19. А.Маршалдың Кембридждік мектебі.

    20. Неоклассикалық бағыттың қалыптасуы. Жалпы тепе-теңдік теориясы (Леон Вальрас).

    21. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындығы институционализм (Т.Веблен, Дж.Коммонс, У.Митчелл).

    22. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындығы институционализм (Дж.Карк, А.Берли).

    23. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындығы институционализм (Р.Хейлбронер, Л.Турору, Д.Гэлбрейт).

    24. Тиімді бәсекелестік теориясы (И.Шумпетер).

    25. Монополиялық бәсекелестік теориясы (Э.Чемберлен).

    26. Жетілмеген бәсекелестік теориясы (Дж.Робинсон).

    27. Дж.М.Кейнстің экономикалық ілімдірі.

    28. Классикалық кейнсиандық және қазіргі заманғы неокейнсиандық.

    29. Жалпы монетаризм және оның теориялық негіздері (М.Фридмен).

    30. Неолиберализмнің жалпы сипаттамасы. ФРГдағы неолиберализм (В.Ойкен, Л.Эрхардт).

    31. Ұсыныстың экономикалық теориясы (А.Лаффер).

    32. Л.Эрхардт және оның «әлеуметтік нарықтық шаруашылық» теориясы.

    33. Дж.Гэлбрейт және оның «жаңа индустриалдық қоғамы».

    34. ХХ ғасырдың басынды Ресейде экономикалық теорияның дамуы (А.В.Чаянов).

    35. ХХ ғасырдың басынды Ресейде экономикалық теорияның дамуы (Н.Д.Кондратьев).

    36. ХХ ғасырдың 30-50 жж. кеңес экономисттерінің экономикалық ойларының даму мәселелері мен тенденциясы.

    37. ХХ ғасырдың 60-80 жж. кеңес экономисттерінің экономикалық ойларының даму мәселелері мен тенденциясы.

    38. У.Ростоудың экономикалық өсім кезеңдерінің теориясы.

    39. Шведтік мектеп және оның кезеңдері (К.Виксель, Т.Мюрдаль, Э.Лундберг).

    40. Эконометрика теориясының жалпы сипаттамасы (Л.В.Кастрович, Я.Тинбер, В.Леонтьев).

    41. А.Пигу және оның қоғамдық әл-ауқат теорясы.

    42. Дж.Хикс және оның теориясы.

    43. Ирвен Фишер және оның пайыз теориясы.

    44. П.Самуэльсон және оның аралас экономика теориясы.

4 Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Бақылау жұмысын орындау бақылау жұмысының тақырыбын таңдағаннан кейін 6 кезеңге бөлінеді:

  • негізгі және қосымша әдебиеттерді жинақтау, қарастыру және зерттеу;

  • жұмыс жоспарын құрастыру;

  • нақты материалдарды жинақтау және өңдеу;

  • бақылау жұмысын жазу;

  • бақылау жұмысын тапсыру;

  • бақылау жұмысын қорғау.

Ұсынылған тақырып бойынша бақылау жұмысын орындауды оқытушының берген дәрісінің негізгі құрылымын оқудан және осы тақырып бойынша әдебиеттер тізімінде ұсынылған әдебиеттерді қарастырудан бастау қажет.

Әдебиеттермен жұмыс библиографиялық каталогтармен жұмыс істеуден басталады. Олар жүйелі, пәндік және алфавиттік болып бөлінеді. Жүйеленген каталогтарға көңіл бөлу ұсынылады. Бақылау жұмысының сұрақтарын толық ашушы соңғы жылдары басылымға шыққан жұмыстарды бірінші қарастыру қажет, содан кейін неғұрлым ерте шыққан басылымдарға көшу қажет. Сонымен қатар қазіргі заманғы мобилдік ақпарат көзі болып табылатын Интернет желісін қолдануға болады.

Негізгі және қосымша ақпарат көздерін қарастырғаннан кейін, студент бақылау жұмысының негізгі бөлімін жазуға кірісуі тиіс. Ол үшін зерттеліп отырған тақырыпқа бірнеше теориялық көзқарастар мен концепцияларды қарастырып, олардың ішінен мәселенің мәнін толық ашушы концепцияны таңдап алуы қажет.

Бұл кезеңнің күрделілігі, бақылау жұмысының шектелген көлеміне байланысты теория мен тәжірибенің ең басты аспектілерін көрсету, берілген үлкен көлемді материалдың ішінен ең негізгілерін таңдай алуды талап етеді. Сондықтан бақылау жұмысын жазушы студенттерге қойылатын басты талаптардың бірі, жұмысты жазуда ескірген мақалаларды, басылымдарды сол күйінде толық механикалық көшіруді болдыртпау, жұмысты орындауға жауапкершілікпен кірісу және шығармашылық көзқарастың болуы. Бақылау жұмысында сапасы төмен және маңызсыз ақпараттарды болдырмау мақсатында Интернет желісі арқылы алынған ақпарат ресурстарын алдын ала барлығын қарастырмай, толық және тікелей түрде көшіруге тиым салынады. Бұндай жасалынған бақылау жұмыстары қанағаттандырарлықсыз деп саналады және қайта қарастыру, қайта жазу үшін студентке қайтарылады.

Сәйкесті тақырып бойынша сәйкесті материалдарды өзіндік жинақтауды аяқтағаннан кейін, студент таңдаған тақырыптың жасаған жоспарына сай сұрақтарды бірінен кейін бірін жазбаша түрде жазуы тиіс. Бақылау жұмысы жақсы әдеби тілде жазылуы тиіс. Терминдерді қолдану, шартты белгілер және сөздерді қысқартуда жалпыға бірдей стандартты қолдану қажет. Басқа қысқартулар қолданылмайды. Тәжірибе көрсеткендей, бақылау жұмысының белгілі бір көлемі, күрделі әдеби және мағыналық қателердің болуына байланысты қанағаттандырарлықсыз деген бағаға ие болады. Стилисттік және басқа да қателердің болмауы үшін, соңғы кездерде шығарылған сөздіктер мен энциклопедияларды қолдану ұсынылады.

Жұмыс жазылғаннан кейін, оны тіркеу үшін сәйкесті құжыраға тапсыру қажет. Содан кейін лаборант бақылау жұмысын тексеру үшін оқытушыға ұсынады. Оқытушының тексеру мерзімі 1-3 күн. Егер жұмыс барлық талаптарға сай орындалса, оқытушының бақылау жұмысын рәсімдеуге байланысты ешқандай ескертулері болмаған жағдайда, жұмыс қорғауға жіберіледі. Егер кемшіліктер анықталса оқытуңшы жұмысты толықтыруға және қайта қарастыруға жібереді.

«Экономикалық ілімдер тарихы» пәні бойынша бақылау жұмысын қорғау үшін студент 5-8 минуттық баяндама дайындауы тиіс. Баяндама тақырыптың атауынан, бақылау жұмысын жазу мақсатынан, барлық сұрақтардың негізгі жағдайының мазмұнынан және қортындыдан тұруы тиіс. Бақылау жұмысының мазмұны мен қорғау сапасына байланысты, оқытушы ағымдағы тақырып шегінде қосымша сұрақтар қойып, жұмыс нәтижесін бағалайды.

5 Бақылау жұмысын ресімдеуге қойылатын талаптар


Бақылау жұмысын ресімдеуге төмендегідей талаптар қойылады:

  1. Негізгі парақ, (қосымша А).

  2. Екінші бетте – жоспар.

  3. Кіріспе.

  4. Негізгі мәтін.

  5. Қортынды.

  6. Әдебиеттер тізімі.

Жұмыстың мәтіні А4 стандартты бөлек қағаз беттерінің бір жағында компьютерде басылады немесе дәптерге түсінікті жазумен, сызусыз, сөздерді қысқартпай толық түрде жазылады. Грамматикалық және стилистикалық қателер болмауы тиіс.

Мәтінде берілген барлық цитаталардың, сандық мәліметтердің көздеріне тік жақша арқылы сілтеме жасалады. Бақылау жұмысының беттері нөмерленеді. Жұмыстың әр бөлімін жаңа парақтан бастау қажет.

Қарастырылатын мәселені жан-жақты және терең теориялық ашуға көніл бөлген жөн. Тақырыптың мазмұнын толық және дұрыс ашу үшін, студент:


  • белгілі Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың осы мәселеге байланысты ғылыми жұмыстарын қарастыру;

  • бақылау жұмысының тақырыбы бойынша негізгі оқулықтарды зерттеу;

  • статистикалық жинақтар мен кезеңдік басылымдардағы статистикалық мәліметтер мен танысу;

  • жұмыстың талдамалық бөлімін жазуға негіз болатын, тақырып бойынша талдамалық мақалаларды мұқият таңдап алып, жүйелі түрде зерттеу.

Ақпаратты өзіндік іздестіру әдістерін тәмәмдағаннан кейін, студент жинақтаған білімнің өзіндік бақылауын жүзеге асыруы қажет, таңдаған тақырып бойынша жинақтаған материалды жүйелі түрде жазуы тиіс.

Бақылау жұмысты жазу әр бөлімнің негізгі сұрақтарын қою мен әр сұрақтың мазмұнын баяндаудан басталады. Бақылау жұмыстың мазмұнын баяндау дәлелді, логикалық құрастырылған, рет-ретімен және ғылыми болуы тиіс.

Бақылау жұмыс жазушы студенттерге қойылатын талаптардың бірі, жұмысты өзіндік орындау және шығармашылық көзқарас.

Ескірген мақалалардан, ескірген кітапшалар мен кітаптардан мәтіндерді механикалы түрде толық көшіруге тиым салынады. Осы түрде жазылған бақылау жұмыстар қайта өңдеуге беріледі. Бақылау жұмыс жақсы әдеби тілде жазылуы тиіс. Терминдерді қолдану, шартты белгілер және сөздерді қысқартуда жалпыға бірдей стандартты қолдану қажет. Басқа қысқартулар қолданылмайды. Тәжірибе көрсеткендей, жұмысыың белгілі бір көлемі, күрделі әдеби және мағыналық қателердің болуына байланысты қанағаттандырарлықсыз деген бағаға ие болады. Стилисттік және басқа да қателердің болмауы үшін, соңғы кездерде шығарылған сөздіктер мен энциклопедияларды қолдану ұсынылады.

Құжаттың мәтіні бір жарым интервал аралықпен басылады. Құжаттың мәтінін қол мен жазған жағдайда мәтін жолдары арасындағы аралық 10 мм кем болмауы тиіс. Қызыл жол мөлшері барлық мәтін бойынша 15-17 мм.

Бақылау жұмыстың беттері араб сандары мен бірінен кейін бірі, ретімен, парақтың төменгі ортаңғы бөлігінде нөмірленеді.

Бірінші болып титулдық бет орналастырылады, бұл бет мазмұнына жазылмайды және нөмірленбейді. Кейін бақылау жұмыстың «мазмұны» беріледі, мазмұны нөмірленеді.

Жұмыстың құрамдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қортынды», «Әдебиеттер тізімі» парақтың ортасына, соңында нүкте қойылмай, үлкен әріптермен сызусыз, 14 шрифтпен жазылады немесе басылады.

Мәтіндік құжаттың негізгі бөлімінің бөлімдерінің атауы жаңа беттен басталып, қызыл жол қалдырып, 14 шрифтпен, үлкен әріптермен жазылуы тиіс. Бөлімшелердің атауы кішкентай әріптермен, соңына нүкте қоймай, ешқандай сызусыз жазылады. Шрифт14. Бөлімдер мен бөлімшелердің атауларын буындап бөлуге болмайды. Егер бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары екі сөйлемнен тұрса, олар нүкте арқылы бөлінеді.

Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары мен мәтінінің арасы 2 интер­вал болуы тиіс.

Бөлімдер мен бөлімшелердің атауларының арасы 1 интер­вал болуы тиіс. Бөлімдер араб сандары мен, нүктесіз беріледі. Бөлімшелер, әр бөлім шегінде нөмірленеді. Бөлімшенің нөмірі, бөлім нөмірінен және бөлімшенің реттік нөмірінен тұрады және нүкте арқылы бөлінеді. Бөлімше нөмірінің соңында нүкте қойылмайды.

Суреттердің атаулары және түсіндірмелік мәліметтері беріледі. «Сурет» сөзі және атауы түсіндірмелік мәліметтерден кейін, парақтың ортыңғы бөлігінде орналастырылады. Мысалы: Сурет 1 - Құралдар деталі.

Кестелерді араб сандары мен өсу реті мен нөмірлейді. Кестелерді бөлім шегінде нөмірлеуге де болады. Бұл жағдайда кесте нөмірі, бөлім нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады, бір-бірінен нүкте арқылы бөлінеді. Мысалы: (2.1).

Құжаттың барлық кестелеріне, құжат мәтінінде «кесте» сөзімен нөмірі көрсетіліп сілтеме жасалынады.

Бөлім бөлімшелерден тұрған жағдайда немесе бөлімшемелер, бірнеше бөлімшелерге бөлінген жағдайда, олардың барлығы ретпен, тізімделіп беріледі.

Қосымшада берілген формуладан басқаларының барлығы, реттік нөмірі бойынша араб сандарымен, формула деңгейінде, оң жағына орналастырып нөмірленеді, мысалы - (1). Формулларды бөлім шегінде нөмірлеуге болады. Бұндай жағдайда формула нөмірі, нүкте арқылы бөлінген бөлім нөмірінен және формуланың реттік нөмірінен тұрады, мысалы, (3.1).

Қолданылған әдебиеттер тізімін жазған кезде, әдебиеттерді топтастыру түрінің біреуін таңдап алу қажет.

Алфавиттік библиографиялық тізім - библиографиялық жазбалар авторлардың тегінің алфавиттік ретімен немесе құжат атауының бірінші сөзінің алфавиттік ретімен орналастырылады. Материалды топтастырудың бұл әдісі кең қолданылады.

Жүйеленге (тақырыптық) библиографиялық тізім - библиографиялық жазбалар қолданылатын жіктеу жүйесіне сәйкесті логикалық ретпен орналастырылады.

Бақылау жұмысты жазуда қолданылатын әдебиеттер тізімін рәсімдеу үшін, РИИ кітапханасында құрастырылған бақылау, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау кезінде қолданылатын құжаттарды рәсімдеу бойынша ережені қолдану ұсынылады.

Әр қосымша жаңа бетте, жоғарғы ортаңғы бөлігінде «Қосымша» сөзін және қосымша атауын, ал оның астына жақшаға алынып міндетті қосымша үшін «міндетті», ал ақпараттық үшін – «ұсынылатын» немесе «анықтамалық» сөзі жазылады. Суреттердің атауы, суреттің астында беріледі.

Бақылау жұмысты рәсімдеу стандарттарының өзгергені жағдайында, жаңа шығарылған ұсыныстарды қолдану керек.

Студент бақылау жұмысты жазып болғанан кейін, жұмысты «Экономикалық теория және құқық» кафедрасына тексеруге және тіркеуге тапсырады. Кафедра лаборанты оқытушыға тексеруге береді. Тексеру уақыты 1-3 күн. Егер жұмыс қойылатын талаптарға сәйкес орындалса, оқытушының еш ескертулері болмаса, курсық жұмыс қорғауға жіберіледі. Ескертулер болған жағдайда оқытушы барлық ескертулерді көрсетіп, жұмысты қайта өңдеуге жібереді.

Бақылау жұмысты қорғау үшін, студент 5-8 минутқа баяндама дайындайды. Баяндама тақырыптың атауына, бақылау жұмыстың мақсатына, берілген сұрақтардың басты теориялық аспектілеріне, тақырып шегінде қалыптасқан мәселелер мен оларды шешу жолдарына, сонымен қатар жетілдіру бойынша шараларға қысқаша шолу жасайды. Мазмұны мен қорғау сапасына қарай оқытушы тақырып бойынша сұрақтар қояды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Аникин А.В. Юность науки: жизнь и идеи мыслителей экономистов до Маркса. М.,1985.

  2. Афанасьев В.С. Буржуазная экономическая мысль 30-80 годов ХХ века: (очерк теории) М., 1986.

  3. Блауг М. Экономическая мысль в ретроспективе. М., 1994.

  4. Булатов А.С. Экономика. М., 1995.

  5. Всемирная история экономической мысли. в 6 томах. Т.1, М., 1987, т.2, М., 1988,

т.3, М., 1989, т.4, М., 1990.

  1. Жанс Э. История экономической мысли ХХ века. М.

  2. История экономических учений. Под ред. Худокормова в 2-х томах. М., 1987.

  3. История политической экономии капитализма. Очерки., Л.,1989.

  4. Крылов. Основы экономической теории и истории экономических учений. ж. РЭЖ,

№ 1-3, 1995.

  1. Мордухович Л.М. Главные этапы истории экономических учений. М., 1970.

  2. Мейбурд Е.М. Введение в историю экономической мысли. М., 1996.

  3. Отмахов П.А. Современная американская политэкономия. М., 1991.

  4. Очерки теории развития буржуазной политэкономии. Л., 1988.

  5. Рецель А.Л. История экономических учений от древних мыслителей до К.Маркса и Ф.Энгельса. М., 1972.

  6. Рузавин Г.А. Курс рыночной экономики. М., 1994.

  7. Селигмен Г. Основные течения современной экономической мысли. М., 1968.

  8. Современная экономическая мысль. М., 1981.

  9. Сурин А.И. История экономики и экономических учений. М., 1999.

  10. Титова Н.Е. История экономических учений. М., 1997.

20. Ядгаров Я.С. История экономических учений. М., 1999.

ҚОСЫМША А


Негізгі парақтың үлгісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Рудный индустриалдық институты

Экономикалық теория және құқық кафедрасы

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ


Пән: ____________________________________________________
Тақырып: _________________________________________________

_________________________________________________________


Орындаған студент А.А. Ахметов «____» _____________ 200___ ж.

Топ: ___________________

Шифр: ___________________

Жетекші: аға оқытушы

________________И.С. Ибраев

(қолы)

«____» ____________ 200___ ж.


Рудный 200__

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Рудный индустриалдық институты

ЭТжәнеҚ кафедрасының мәжілісінде қарастырылды

Хаттама № ____ «___» _________200____ж.

Кафедра меңгерушісі ____________ М.Б. Лукманова

ФАӘК мәжілісінде мақұлданды

Хаттама № ____ «___» _________200____ж.

ФАӘК төрайымы ___________________А.Ө. Есжанова

ОӘК мәжілісінде бекітілді

Хаттама № ____ «___» _________200____ж.

ОӘК төрағасы _____________ Л.Л. Божко


Экономикалық теория және құқық кафедрасы

Молдашов Н. О., Құлманова Ә.Б.

050506 «Экономика», 050511 «Маркетинг», 050507 «Менеджмент» мамандықтарының сырттай оқыту нысаны студенттері үшін «Экономикалық ілімдер тарихы» пәнінен бақылау жұмысына арналған
әдістемелік нұсқау

Рудный 2008






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет