, steps and plans to upgrade economic policy, new directions for the successful development of a powerful state.In his strategy the Prezident noted that domestic business is the driving force behind a new economic direction. That’s why to develop Kazakhstan’s business is the main task of the
Government of the country.In this regard, the push for Enterprise development in Kazakhstan identified new areas of .It begins a new era of region development.By holding investment forum our region is actively involved in the integration process, including the attraction of investments in financial institutions of region. Huge danks such as European Bank of Reconstruction and Development, the Eurasian Bank of Development are major investors. So regional akimat has prepared the concept of industrial innovative development of the region until 2020 and identified six main branches of up to five years: 1.Development of agricultural complex. 2.Development of tourism. 3.Development of the building materials industry. 4.Development of engineering. 5. Development of steel industry. 6. Development of new sources of electricity.
Key words: special economic zone, industrial zone, social enterprice corporation (SEC), concortium of rice, claster.
Қ.Р.Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2050 стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деген Қазақстан халқына жолдауында қуатты да табысты мемлекет болып даму үшін жаңа бағыттың экономикалық саясатын жаңғырту жоспарлары мен қадамдарын айқын көрсетіп берді.
Стратегияда Елбасы: «Отандық кәсіпкерлік-жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші» деп белгіледі.Сондықтан қазақстандық бизнесті өркендету ел Үкіметінің басым міндетінің бірі ретінде белгіленді.Осыған орай, Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға серпін беругі тиісті «арнайы экономикалық аймақтар» мен «индустриялдық аймақтарға» қатысты жаңа бағыттар анықталды.Өңірлерде дамудың жаңа кезеңі басталды. [1,4 б].
Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) дегеніміз-терең мамандану, кластерлік тәсіл, қосымша құны анағұрлым жоғары өнімдер болады. 1991, 1992, 1994, 1996 жылдары құрылған алғашқы 9 Арнайы экономикалық аймақтар оның ішінде Қызылорда АЭА еліміздегі ішкі сауда, жалпыэкономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу мақсатында құрылды.Оны құрудағы мақсат облыстың табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық мәселелері туындап, еліміз тәуелсіздік алған уақытта облыстағы өндіріс тоқтап, аймақтың нарықтық қатынастарға бейімделіп кетуіне қиындықтар туындауымен байланысты болды. Қызылорда АЭА 1996 жылғы 8 қазандағы № 3123 «Қызылорда арнайы экономикалық аймағын құру» туралы Жарлығымен құрылды. Содан кейін оның мерзімін 2007 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс та болған. Алайда, Қызылорда АЭА Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 наурыздағы № 104 «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері» Жарлығының 1-пунктіне сәйкес Лисаковск (Қостанай), Жәйрем-Атасу (Жезқазған облысы) арнайы экономикалық аймақтарымен бірге таратылды.
Ел өңірлерінің ағымдағы жай-күйі мен даму перспективасын жинақтайтын ең басты көрсеткіш олардың жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағы болып табылады. Республика өндірісінің жалпы көлемінде облыс үлесіне күріштің 90 %-ы, ас тұзының 70 %-ы келеді. Төрт аграрлық өңірлердің үлесіне (Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда облыстары) ЖІӨ-нің 11,3% келеді. Қызылорда өңірі аграрлық өңір болып саналады. Басты сала бұл күріш шаруашылығы. Күріш өсіру біздің өңіріміз үшін өте маңызды.Мелиоранттық дақыл есебінде жердің тұзын шайып, өзінен кейінгі дақылдарға тұздан таза топырақ қалдыратынын және күріштен кейін егілген дақылдардан жоғары өнім алатынын ескерсек, күріш біздің өңіріміз үшін негізгі дақыл болып қала береді.[ 2.,5б]
Кесте 1-Күріш өнімін өндіру саласы
Салада кездескен кемшіліктер
|
Болашақта күтілетін жетістіктер
|
1.Жекешелендіру кезеңінде шаруашылықтардың ұсақталуы
2.Инвесторлардың жұмысының нақты көрінбеуі өзін-өзі ақтамауы
3.Баға саясаты
4.Күріш өнімділігінің төмендеуі
5.Күріш егу жер көлемінің қысқаруы
6.Өзіндік құны жоғарылауы
|
1.Аймақтық өңірлермен тәжірибе алмасу, интеграция
2.өнімділікті арттыру үшін жалпы репродукторлық тұқым үлесін көбейту
3.суды үнемді пайдалану
4.машина трактор паркіне ҚазАгро компаниясымен бірігу
5.шаруашылықты ірілендіру
6.ауылдық тұтыну кооперативтеріне бірігу
7.жаңа агротехнологияларды өндіріске енгізу
8.субсидия мөлшерінің көбеюі
9.Байқоңыр ӘКК жанынан МТС құру
|
Ескерту: [ақпарат көздерінен автордың құрастыруымен].
Күріш консорциумын құру арқылы жұмысшы тобы құрылған.Бұл дегеніміз еліміздің күрішке деген сұранысын толығымен қанағаттандырып, Сыр күрішінің экспорттық қабілетін арттыру міндеті тұр.
2011 жылдан бері Қызылорда облысының индустриялдық аймағының құрылысы жүргізілуде. Ал индустриялық аймақтардың мақсаты-шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.Индустриялдық аймақтардың негізгі міндеті жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ жұмыспен қамтуды арттыру.Үкімет әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (ӘКК) дамыту тұжырымдамасын қабылдады.Осы тұжырымдамаға сәйкес, жергілікті даму институты ретінде бұл өңірде «Байқоңыр» ӘКК қалыптасты.[сызба 1].
Оның бірден-бір акционері облыс әкімдігі болып табылады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруда аталған корпорацияның басым бағыттары мен міндеттері айқын.Өңірдің басым салаларының даму бағыттарын жоспарлау арқылы кластерлік жүйенің механизмін іске қосуға алғы шарттар қалыптастырудағы жетекші сала.Мемлекет басшысы азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болатындығы туралы, бұл бағытта толыққанды іс шараларды атқаруға Қазақстанның аграрлық секторының үлкен мүмкіндіктері бар екендігін айтты. Сол себепті аймақтағы «Байқоңыр» ӘКК «ҰК» АҚ жанынан өңірде күріш кластерін дамыту жобасы негізінде «Агрохолдинг-«Байқоңыр» ЖШС кәсіпорыны арқылы облыстың барлық күріш өндірушілерден өнімдерді қабылдап, сақтау, өңдеу, ақтау жұмыстарын жүргізіп, ең алдымен ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру мақсатында өткізіп, одан артығын сыртқа экспорттауға мүмкіндік алады.Сонымен қатар күріш қалдықтарынан да құрама жем шығару, отын брикеттерін, құрылыс материалдарын, күріш майын, және химиялық өнімдер алу жоспарлануда.Осы кәсіпорын арқылы көптеген күріш шаруашылықтары материалдық-техникалық құралдармен және тыңайтқыш, жанар-жағар маймен жабдықталады.Басқа да көкөніс өнімдерін өндіру арқылы ішкі нарықты тұрақтандыру қорына өнімдер жинақталып, республиканың өзге өңірлерінен келетін көкөністерге тәуелділік төмендейді.
Экономикалық мамандануы бойынша облыс республиканың индустриялық өңірлері қатарына енеді, облыс экономикасының құрылымында өнеркәсіптің үлесі 50%. Облыстың экономикасы аграрлық-индустриялық бағытты ұстанады.Алайда өндіріс құрылымында маңызды теңгерімсіздік байқалады - тау кен өндіру өнеркәсібі өңдеу өнеркәсібіне қарағанда басым келеді: тиісінше 93,3% және 4,9%.
Облыс ас тұзы, кварц құмы, балық өнімдері бойынша ірі өндіруші және жеткізуші. Облыстың аумағына 16,4% -мырыштың теңгерімдік қорлары, 11,1% - қорғасын, 14% - уран, 4,7% - мұнай, газ бен конденсат қорлары, 3,4% - жалпықазақстандық қорлардың жерасты сулары шоғырланған.Облыстың аса пайдалы қазбалары көмірсутекті шикізат, түсті металдар (қорғасын мен мырыш), уран, ванадий қоры 66 пайыз, пісірілген тұз және жерасты сулар болып табылады. Аймақтың шектерінде қорлары бойынша бірегей Баласауысқандық және Құрымсақ кен орындары орналасады. Қаратау жотасының ванадий таситын тақтатас көп мақсатта пайдаланатын шикізат болып табылады. Ванадийдан басқа кендерде үлкен құндылықты сирек және жиі сирек элементтердің, алтын мен шунгиттің қорларын ұсынады. Соңғы жылдардағы геологиялық барлау жұмыстарының артуы нәтижесінде облыста мұнай мен газдың, уранның өндіру үлесі артып келеді.Облыс елімізде ванадий қоры бойынша 1, ал мырыш, қорғасын, уран қорлары бойынша -3 орынды алады.[3.,12б] Аймақ экономикасын әртараптандыру, оның ішінде металлургиялық кластерді қалыптастырудағы алғашқы ірі нәтиже ол-Қызылорда қаласында салынатын ферроқорытпа зауыты.Бұл жобаның стратегиялық инвесторы –Қытайлық ірі мұнай-химиялық компаниясы.Зауыт іске қосылғанда жеті жүзге жуық адам жұмыспен қамтылады.
Сызба1.Аймақтың негізгі даму бағыттары [Автордың құрастыруымен]
Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралы
Елбасы жолдауында инфрақұрылымды екі бағытта дамыту қажеттігін айтқан болатын:1.Ұлттық экономиканы ғаламдық ортаға ықпалдастыру болса, 2.Ел ішіндегі аймақтарға жылжыту, өңірлердің ықпалдасуы ел экономикасын дамытудың негізі болуы тиіс. Өңірде металлургия саласының дамуы қарқын алуда және аймақаралық байланыс қалыптасуда. Оның бірі металлургия саласы қарышты дамып отырған Қарағанды облысының біздің өңірімізбен арадағы аймақтық байланысы осы салаға жетекші мамандар даярлайтын оқу орыны Қарағанды мемлекеттік политехникалық университетімен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің арасында оқу үдерісі, академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында тәжірибе алмасу мәселелері айтылып, келісім шарттарға қол қойылды.
Өңірде аса қажетті зәру мамандықтар бойынша квота бөлу арқылы маңызды гранттар иелену , мамандықтарды даярлау үшін ережені қайта қарап, пысықтау арқылы өңірге сұранысқа ие мамандарды даярлау міндетін шешу бағытында Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларындағы металлургия мамандарын дайындайтын жетекші оқу орындарымен үздіксіз байланыс қалыптасып отыр.Металлургияның дамуы бұл жұмыс орыны, табыс көзі және әлеуметтік салық түсімдерін қамтамасыз етеді.Еліміздегі саланың жетекші мамандарының қатысуымен металлургия кластерін дамыту тұжырымдамасы әзірленді.
Қазіргі таңда аймақтың өсуіне ықпал етуші жоба -бұл «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобаны, магистралдық жолының салынуы. Жолдың жалпы ұзындығы 8445 км құрайды, оның ішінен 2787 км Қазақстан аумағымен, олардың ішінен үштен бірі (811 км) Қызылорда облысымен өтеді. Жобамен Сырдария арқылы автожол көпірлері және және Шіркейлі арнасы, жол - пайдаланатын кешендер, аялдамалық алаңдар, автопавильоны, мал қабылдайтын жерлер, электрондық таблолар қарастырылған. Құрылыспен бір уақытта күре жолдың бойында орналасқан облыс аудандарының да жолдары жөнделіп салынады.Өңіріміздің батыс аудандарының дамуына қуатты серпін беріп, экономиканың белсенділігін ынталандыратын, тың жатқан далаға жан бітірген ұзындығы 1200 шақырымдық темір жолдың 571,4 шақырымы Жезқазған мен Сексеуіл арасын жалғайды.Бұл қосымша мыңнан астам маманға жұмыс орынын ашады деген сөз.Сонымен бірге осы аталған өңірдің халқына Елбасының тікелей қолдауы арқылы жүзеге асып жатқан «САРАТС-2» жобасының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін беретінін және бұл жоба Дүниежүзілік банк және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру арқылы жүзеге асатындығын айтқан жөн.Бұл жобаның орындалуы арқылы елді мекендерде су тасқыны зардаптарын болдырмау алдын алынады және балық кластерінің дамуына жан-жақты тиімділігін береді.Балық өңдеумен Арал және Қазалы аудандарында 8 кәсіпорын айналысады.Балық өнімдері негізінен республика аумағына, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Түркия, Грузия ,Польша, Әзірбайжан елдеріне экспортқа шығарылады.
Өңір экономикасы инновациялық даму жолдарына басымдық берді. Өңірдің интеграциялық процестерге толыққанды қатысып, өңірге инвестиция тарту жұмыстары «Байқоңыр» инвестициялық форумы арқылы өткізілуде. Ірі қаржылық институттар Еуропалық қайта құру және даму банкі, Еуразиялық даму банкі негізгі инвесторлар ретінде меморандумдарға қол қойды.Осы орайда облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың аймағымыздың өсіп өркендеуіне және облысымызды республиканың дамыған өңірлерінің деңгейіне жеткізуге атқарған еңбегі бағаланып, жыл сайын республикалық қоғамдық-саяси «Президент және халық» газеті мен «Уақыт таңдауы-Выбор времени»агенттігінің бірлескен жобасы бойынша Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Жылдың үздік әкімі» атағына лайықты деп танылуы, бұл өңіріміздегі еліне адал еңбек етіп жүрген азаматтарымызға үлкен абырой мен жауапкершілік жүктейді.
Елбасының тікелей бастамасымен мемлекетіміздегі жүріп жатқан үдемелі-индустриялық инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында біздің облысымызда кешенді , көпсалалы жұмыстар жоспарланған.
Кесте2-Аймағымыздағы индустриаландыру картасы бойынша атқарылатын жобалар
Қазақстанның индустриаландыру картасы аясында
|
Барлығы-189,8 млрд.теңге тұратын 26 жоба. Оның 25 жобасы -құны-137,7 млрд.теңге- Іске асқаны-15 жоба-78,5млрд.теңге және
1-жоба-Шыны зауыты.Құны-52,1 млрд.теңге
|
Өңірлік индустриаландыру картасына енетін жобалар
|
Республикалық индустриаландыру картасына енетін жобалар
|
Іріктеу критерилері
| -
Құны-4,5 млрд.теңгеге дейін.
|
Құны-4,5 млрд.теңгеден жоғары
|
Енген жоба
|
1.«Максима логистикс» ЖШС керамикалық кірпіш шығару-300,0 млн теңге.50 жұмыс орыны
2.«Қызылорда шағын тоннажды мұнай өңдеу зауыты»ЖШС-ның мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобасы.Құны-4,5 млрд.теңге.365 жұмыс орыны.
3.«Химиялық реагенттер өндірісінің көлемін ұлғайту»жобасы.Құны-500 млн теңге
4.«Құрама жем өндіру» зауыты.Құны-375,9 млн.теңге.60 жұмыс орыны.
5.«Техникалық ас тұзын өндіру»өндірісін жаңғырту жобасы-2,1млрд.теңге. 343 жұмыс орыны.
6.«Мия тамырын өңдеу зауытын ашу және мияны өсіру» жобасы.Құны-2,4 млрд.теңге 156 жұмыс орыны, маусымдық 564 жұмыс орыны.
7.Ескі автокөлік дөңгелектерін қайта өңдеу жобасы.40 жұмыс орыны.
|
1-жоба-Шыны зауыты
Құны-52,1 млрд.теңге
|
2015-2018 жылдарда енетін жоба
|
8 инвестициялық жоба.Құны-150,9 млрд.теңге. Құрылыс, мұнай өңдеу, машина құрастыру, металлургия және басқа салалар
|
Дерек көзі: Қызылорда облысының статистика департаментінің мәліметтері,www.kyzylorda.stat.kz [Автордың құрастыруымен] [4.]
Облыс әкімдігі тарапынан 2020 жылға дейінгі облыстың индустриялық-инновациялық дамуы туралы тұжырымдама әзірленіп, алдағы 5 жылдықта өңірдің басымдықта дамитын 6 саласы анықталды.Олар:
-
Ауыл шаруашылығы кешенін дамыту
-
Туризмді дамыту
-
Құрылыс материалдары саласын дамыту
-
Машина жасау саласын дамыту
-
Металлургия саласын дамыту
-
Жаңартылмалы электр энергия көздерін дамыту
Облыстың 7 аудандарында және Қызылорда қаласында индустриалдық аймақтар құру үшін жалпы көлемі 906 гектар болатын жер телімдері бөлінген
Қазіргі уақытта, Қызылорда облысы үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады:
-Аймақтағы халықтың тұрмыс – жағдайының деңгейін теңестіру;
- Аймақтың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру;
- Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.
Қызылорда облысының алдағы жылдарда дамуының басты басымдығы ретінде - нарықтық экономика жағдайында қолда бар шикізат әлеуетін тиімді пайдалану есебінен жоғары технологиялық өңдеу өнеркәсібін құру және дамыту арқылы облыстағы халықтың тұрмыс деңгейін көтеру саясаты болуы тиіс.
Осы аталған бағыттар Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясында айқын көрінеді.Стратегияда айқындалған негізгі мақсат – 2020 жылға облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны республикалық орташа деңгейден төмен болмауы. Стратегияда бірқатар маңызды салалардың негізгі даму бағыттары көрсетілген. Сонымен қатар осы аталған стратегиялық құжатта Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін дамыту міндетінің облыс үшін стратегиялық маңызы зор екендігі айтылған.Аймақтық университеттің қолданбалы және ғылыми-зерттеу құрылымдарын дамыту бойынша жұмысты жандандырумен бірге, қазақстандық және халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы қажеттігі уақыт талабы екендігі көрсетіп отыр.Бұл өз кезегінде, отандық және шетелдік ғалымдармен жұмысты интеграциялау мен қажетті тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
Астана қаласында. 23 қыркүйекте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бастау» бизнес орталығында болып, Қызылорда облысы жұртшылығы өкілдерімен кездесуінде -,« тауардың бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалу үшін аталған шығынды мейлінше азайтуға бағытталған жаңа технологияны қолданған жөн. Мемлекеттік қолдауға арқа сүйемей, саладағы өнімділікті арттыруда дербес жұмыс жүргізу қажет, - деген еді.Аймақтардың экономикалық әлеуетін көтеру арқылы 2015 жылы Қызылорда, 2017 жылы Сырдария ауданы, ал, 2020 жылы Арал ауданы субвенциялық аймақтардың қатарынан шығуы керек деп мақсат қойылды.Басқа аудандар бойынша облыстық бюджеттен аударылатын дотациялардың көлемі едәуір қысқаруы тиіс.[5]. Облыстың 2020 жылға дейінгі кезеңде әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясының негізгі бағыттары осындай.
Алайда, стратегиядағы қойылған мәселелерді шешу тиісті қаражатты қажет етеді.Қаржы көздері ретінде бізде жеке инвестициялар мен бюджеттік қаражаттарды қарастырылады. Мемлекеттік-жеке әріптестік – бүкіл әлемде қолданылатын тәсілдердің ең тиімдісі болып саналады. Осыған сәйкес, жұмыстың басты бағыты аймаққа инвестиция тарту болса, бюджеттік ресурстар пайдалы нәтиже беру қағидасы негізінде жұмсалады.Қойылған стратегиялық міндеттерді шешу барысында жалпы қоғамның жұмылған бірлігі жетістіктің негізгі кепілі болып табылады. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің экономикасындағы кәсіпкерлікте шағын және орта бизнестің үлесін қазіргі 30 пайыздан 50 пайызға дейін жеткізу үшін шағын және орта бизнесті дамыту қажеттігін айтып, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының басты мақсаты - бұл аймақтағы экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірдегі кәсіпкерліктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу мына бағыттарда:1.жаңа бизнес-ынталарды қолдау;2.кәсіпкерлік секторды сауықтандыру;3.экспортбейінді өндірістерді қолдау деп айтты.
Қызылорда облысы Ұлы Жібек жолының тарихи орталығы болады, оның дәлелі 500-ден астам қазақ халқының мәдени және тарихи ескерткіштердің мекенінің дамуында ерекше орынға ие. Бұл қазақ халқы өкілдерінің сәулет, археологиялық ескерткіштері және кесенелері.
Аймақтың қазіргі таңдағы осы айтылған негізгі бағыттары бойынша бірнеше кезеңдерге бөлу арқылы стратегиялық жоспар орындалмақ.
Елбасының тапсырмасына сәйкес, ЭКСПО -2017 көрмесіне келген туристер Байқоңыр ғарыш айлағын көріп, тамашалайтын нысанға айналдыру және туристік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары және сонымен бірге Ресей ғалымдарымен бірге жетекші ғылыми орталық құру, жоғары технологиялық секторды дамытуға көңіл бөлініп, инвесторлар тарту көзделіп отыр.
2018 жылы облыс орталығының 200 жылдығын атап өту жоспарланған.Бұл тарихи оқиғаны қала жоғары экономикалық көрсеткіштерімен және дамыған қалалық инфрақұрылымдарымен қарсы алу көзделуде.
Әдебиеттер:
1.Егемен Қазақстан -2013.- 19 шілде № 129
2.«Күріш кластері».// Егемен Қазақстан- 2012.- 12 шілде
3. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығы
4. www.stat.kz, www.kyzylorda.stat.kz
5.Қызылорда облысы әкімдігінің сайты