Құрастырған: Мұрзахметова Г. М. 050707 «Тау-кен ісі» мамандығының студенттері үшін «Инженерлік графика» пәнінен курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау, Рудный, рии, 2008. 30 б



Дата02.07.2016
өлшемі334.45 Kb.
#173071


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Рудный индустриалдық институты

Құрылыстық материалтану және стандарттау кафедрасы

050707 «Тау-кен ісі» мамандығының студенттері үшін

«Инженерлік графика» пәнінен курстық жұмысқа арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Рудный 2008



ББК 22.151.3.

Құрастырған: Мұрзахметова Г.М. 050707 «Тау-кен ісі» мамандығының студенттері үшін «Инженерлік графика» пәнінен курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау, Рудный, РИИ, 2008. 30 б.

Пікір жазғандар: МжФ кафедрасының аға оқытушысы Қалдыбиев Т.А.

ҚМжС кафедрасының аға оқытушысы Сысолятина Т.И.

РИИ-дің ОӘК-мен басылымға ұсынылған

Әдістемелік нұсқау оқулық жоспар талаптарына және «Инженерлік графика» пәнінің бағдарламасына сәйкес құрастырылған және курстық жұмысты орындауға нұсқаулар кіргізілген: атауы, мақсаты, орындау талаптары мен тәртібі, мазмұнына нұсқау, жұмысты ресімдеу және қорғауға талаптар.

Әдістемелік нұсқау РИИ барлық оқу нысаны, 050707 «Тау-кен ісі» мамандығының студенттеріне арналған

16 сурет, 3 кесте, 6 қосымшалар, әдебиеттер тізімі – 15 атау

І

шкі қолданыс үшін


© Рудный индустриалдық институты 2008

МАЗМҰНЫ






Кіріспе ………………………………………………………………………...

4

1

Курстық жұмыстың орындалу реті ..……...…………………………………

4

2

Курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға нұсқаулар ……………………..

5

3

Курстық жұмыстың тақырыптары ………………………………………….

5

4

Курстық жұмыстың әр тақырыбына тапсырмалар…....................................

5

5

Курстық жұмыстың құрылымы, оның көлемі, құрылымдық бөлімдерінің мазмұны ………………………………………………………………………

6

5.1

Жоғарғы және төменгі ашық тау қазбаларының нұсқасын анықтау ……..

7

5.2

Қазыңды және үйінділердің еңіс беттерің ресімдеу ……………………….

11

5.3

Жердің (Топографиялық беттің) қимасын орындау (профиль), А-А тілік

11

5.4

Аксонометриялық проекцияны орындау …………………………………...

12

6

Курстық жұмыс орындалуының күнтізбелік жоспары..................................

15

7

Курстық жұмыс орындалуының материалдарын жинақтау бойынша әдістемелік нұсқаулар………………………………………………………...

16

8

Курстық жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар ……………...…..……

16




Әдебиеттер тізімі ..............................................................................................

17




Қосымша А – Түсіңдірме парағын ресімдеуге арналған талаптар...............

18




Қосымша Б – Cызба парақтарын ресімдеуге қойылатын талаптар ...…….

20




Қосымша В – Негізгі парақ үлгісі …………………………………………...

24




Қосымша Г – Курстық жұмыстың орындалу тапсырмасының үлгісі.........

25




Қосымша Д – Тапсырмалардың нұсқасы …………………………………..

26




Қосымша Е – Қысқаша сөздік ………………………………………………

28

КІРІСПЕ
Студенттің келешек мамандығына байланысты осы әдістемелік нұсқау курстық жұмысты толық орындауға арналған. 050707 «Тау-кен ісі» мамандығының студенттеріне бұл ашық тау қазбалары сызбасы, сандық белгілері бар проекцияларында (жобаларында) орындалған. Курстық жұмыс студенттермен «Инженерлік графика» пәннің базасы бойынша орындалады.

Курстық жұмыс келесі мақсатты қояды:

- тау-кен сызбаларын құрастыру және ресімдеу ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру;

- тау қазба жоспарынан, оларды көрнекті бейнелеу үшін аксонометриялық проекцияға кешіп өту студенттерді үйретуге.

- Тіліктерде және қималарда тау қазбасының және тау тұқымдардың негізгі шарт белгілеулерімен студенттерді таныстыру.

Курстық жұмысқа енгізілген:

- графикалық бөлім: жердің (топографиялық беттің) жоспарын құру, кемерлердің нұсқаларын, ор, қазынды және үйінділердің құруынан; тілік және алаң аксонометриясының орындалуы;

- түсініктеме хатты орындау.
1 Курстық жұмыстың орындалу реті
Студент курстық жұмысты орындауға қажетті мәліметтерді, осы арналған әдістемелік нұсқаудан және оқытушыдан алады.

Курстық жұмысты орындау келесе кезеңдерден тұрады:

– Тапсырманың бастапқы берілістерің аңықтау;

Әдебиеттерді іздестіру, таңдап алу және қарастыру;

– Бастапқы берілістер бойынша жоғарғы және төменгі ашық тау қазбаларының нұсқасын анықтау;

– Қазынды және үйінділердің еңіс беттерін ресімдеу;

– Жердің қимасың орындау (профиль), (тілік А-А);

– Алаңның аксонометриясын құру.

– Мәтіндік бөлімін ресімдеу;

– Графикалық бөлімін ресімдеу;

– Курстық жұмысты қорғау.

Студент курстық жұмысты оқытушының жетекшілігі мен орындайды:

– курстық жұмыс тапсырмасын құрастырады және қабылдап алады;

– курстық жұмыстың күнтізбелік кестесін және жұмыстың негізгі кезеңдерін орындаудың ақпараттық тізімін құрайды;

– негізгі және қосымша әдебиеттерді, анықтамалық және басқа да материалдарды ұсынады;

– кеңес беру кестесіне сәйкесті жетісіне екі реттен кем емес түрде курстық жұмыс бойынша кеңес өткізеді.

Студент жетекшіге курстық жұмысты емтихан сессиясы басталғанға дейін ұсынуы тиіс. Егер жұмыс қойылатын талаптарға сәйкес келсе, оқытушы оны оң бағалайды.

Орындалған жұмысты тексеруге сәйкесті кафедраға тапсырады. Студенттің жұмысты қорғауға жіберілуі жайындағы шешімді оқытушы қабылдайды.

Қорғауға екі жеті қалғанда кафедра меңгерушісі кафедра бойынша өкім негізінде курстық жұмыстың қорғауын қабылдау комиссиясын қалыптастырады. Комиссия құрамы екі оқытушыдан кем болмауы тиіс және жұмыс бағыты бойынша сабақ беретін оқытушылар кіреді. Комиссия мүшесінің біреу жұмыс жетекшісі болуы тиісті.

Курстық жұмысты қорғау үшін, студент 5 минутқа баяндама дайындайды. Баяндама тақырыптың атауына, курстық жұмыстың мақсатына, тақырып шегінде қалыптасқан мәселелер мен оларды шешу жолдарына, сонымен қатар жетілдіру бойынша шараларға қысқаша шолу жасайды. Студент курстық жұмысты қорғау үшін сызбалар, плакаттар, слайд дайындауына болады. Мазмұны мен қорғау сапасына қарай оқытушы тақырып бойынша сұрақтар қояды.

Қорғау аяқталғаннан кейін курстық жұмыс дифференциалды бағаланады. Курстық жұмысты бағалау жайындағы шешім комиссия мүшелер мен курстық жұмысты орындау кестесіне, студенттің жасаған баяндамасына және қосымша сұрақтарға жауап беру деңгейіне байланысты бағаланады.

Курстық жұмысты қорғағаннан кейін, жұмыс студентке берілмейді, Құрылыстық материалтану және стандарттау кафедрасында сақталады.


2 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛАР
Курстық жұмыстың нұсқалары Д қосымшасында берілген, сынақ кітапшысының соңғы нөміріне сәйкесті анықталады, немесе оқытушының өзі анықтауы мүмкін. Курстық жұмысты орындаудың үлгісі 16 – суретте берілген.
3 Курстық жұмыстың тақырыбы
Курстық жұмыстың тақырыбы «Сандық белгілері бар проекциялар». Тапсырманың мақсаты, студенттердің практикалық дағдыларын игеру, ашық таулы қазбалардың нұсқаларың қажетті түрде анықтауға және графикалық құруларды жасау үшін. Проекциялық бейнелеу ерекшелігі ашық кен өңдірулердің жер бедерімен (рельефімен) бірге бейнелеу қажеттілігі болып келеді да сандық белгілермен әрекеттерді талап етеді. Студент курстық жұмысты орындауға қажетті мәліметтерді, осы арналған әдістемелік нұсқаудан және оқытушыдан алады. Олар тап осы тапсырмаларда келтірілген және ашық кен қазбаның төменгі нұсқалары, үйінділердің жоғарғы нұсқалары, биіктік белгілерін, үйінділердің және қазындының еңіс бұрыштарынан тұрады.
4 Курстық жұмыстың Тақырыбына тапсырмалар
Курстық жұмыстың тақырыбы 050707 мамандығының студенттеріне бірдей – «Сандық белгілері бар проекциялар». Д қосымшасында берілген әрбір тапсырманың нұсқасында (вариантында) горизонталь тау қазбаның алаңы масштабы 1:200 деп беріледі, А2 форматында осы алаң 1:100 масштабына дейін үлкейеді. Берілген тапсырма бойынша студент келесі жұмысты орындау тиісті:

1) Жоғарғы және төменгі ашық тау қазбаларының нұсқасын анықтау;

2) Қазыңды және үйінділердің еңіс беттерің ресімдеу;

3) Жердің (Топографиялық беттің) қимасың орындау (профиль), (тілік А-А);

4) Алаңның аксонометриясын құру.
5 Курстық жұмыстың құрылымы, оның көлемі, құрылымдық бөлімдерінің мазмұны
Түсіндірме хат келесі міндетті бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі мәтін, қорытынды және әдебиет тізімдері.

Курстық жұмыстың жүйеленген элементтері:

– негізгі парақ;

– курстық жұмысқа тапсырма;

– мазмұны;

– кіріспе;

– негізгі бөлім;

– қорытынды;

– әдебиеттер тізімі;

Курстық жұмыстың негізгі парағының үлгісі В қосымшасында берілген.

Курстық жұмысты орындауға тапсырманың үлгісі Г қосымшасында берілген.

Мазмұнға құжаттың барлық құрамдық бөлімдері енгізіледі, одан кейін кіріспе, барлық бөлімдер мен бөлімшелердің атауы (егер олар болған жағдайда), қорытынды, әдебиеттер тізімі.

Кіріспеде курстық жұмыстың тақырыбының маңыздылығы, қарастырылатын мәселелердің өзектілігі, курстық жұмыстың мақсаттары, жұмысты орындау барысынды шешілетін негізгі міндеттер. Кіріспе қысқа да, нұсқа болуы тиіс (1-2 парақ).

Курстық жұмыстың негізгі бөлігі, бірнеше бөлімдерге, бөлімдер бірнеше бөлімшелерге бөлінеді. Бұл бөлікті мәселенің маңыздылығын ашушы 3-4 сұраққа бөлу ұсынылады. Курстық жұмыстың көлемін ұлғайту үшін қажетсіз сұрақтар санын ұлғайтудың қажеттілігі жоқ. Сұрақты қарастырудың басы мен аяғын көру үшін әр сұрақтың берілуін маңыздылығына байланысты нақты шектеу қажет. Жұмыстың негізгі бөлімнің көлемі стандартты парақтың 7–9 бетінен аспауы тиіс.

Қорытындыда негізгі анықталған нәтижелер қысқаша баяндалады, курстық жұмысты орындау алдында қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету деңгейі жайында қорытынды беріледі, жұмыстың ғылыми маңыздылығының бағасы жазылуы тиіс. Қорытынды қысқаша ғана беріледі және 0,5–1 парақтан тұрады.

Курстық жұмыстың соңында, белгілі ретпен жазылған әдебиеттер тізімі орналастырылады. Тізімге курстық жұмысты жазу барысында қолданылған әдебиеттер көзі жайындағы мәліметтерден тұрады. Тізімге жұмысты жазуда қолданылмаған әдебиеттерді енгізуге болмайды.

Графикалық бөлім А2 (420×594) пішімінде 1:100 масштабында орындалады. Сызбада келесі тапсырмалар орындалу керек: алаң, қима, аксонометриялық жобалар мен көмекші көлбеулік масштаб кестесі.
5.1 Жоғарғы және төменгі ашық тау қазбаларының нұсқасын анықтау
Сандық белгілері бар проекциялар биіктігі ұзындығына және еніне қарағанда әлдеқайда кіші болатын заттарды кескіндеуде кең түрде қолданылады. Ол жер бетін, құрылыс алаңдарын, гидротораптарды, арналарды, аэродромдарды, темір жолдар мен тас жолдарды проекциялау үшін ең тиімді әдіс болады. Сандық белгілері бар проекциялар геология мен барлау және тау-кен ісінде де жиі пайдаланылады.



1 сурет – Топографиялық бет


Бейнелеулердің жобалауы шартты горизонтальдық бетке шығарылады, нөлдік деңгей жазықтығы деп аталатын.

Сандық белгілер сызбаларына топографиялық сызбалар да жатады. Олар бір планда қосымша қимамен (разрез, профиль деуге да болады) бірге беріледі.

Жер бетінің рельефін топографиялық бет деп атайды. Топографиялық бет шартты түрде горизонталь жазықтықтармен қиылып, қиылысу сызықтары кескінделеді. Қиылысу сызықтарын горизонтальдер деп атайды (1–сурет). Олар сандық белгісімен белгіленіп, жарылған сызықтардың ортасына, оларға перпендикуляр болып, табанымен белгілердің азаю жағына қарай қойылады. 1 суретте, 13 горизонталь берілген, әрбір бесінші горизонталь сызығынын жуандығы қалыңырақ (қою) болып белгіленеді. Горизонтальдердің белгілерін қабылданған қима биіктерімен алуға болады. Біздің тапсырмамыз бойынша қиманың биіктігі НС = 1 м. Белгімен берілген горизонтальдардың сызықтарының жуандығы – 0,2 мм, белгісіз берілсе– 0,1 мм.

Қазылатың еңіс бет пен үйінді топырақтың еңіс беттері жазықтықтар. Жазықтықтардың табан масштабын салу керек. Масштабта құламаның көмекші графигі салып алынады 2 – сурет, осы график бойынша дерелерің (интервалдарды) жеке кескіндеп алып салған қолайлы. Үйінді iү және қазындының iқ көлбеулігімен, дерелерді белгілеп табамыз.


2
сурет – Көмекші көлбеулік масштаб кестесі
Алаң горизонталь жазықтық болғандықтан, алаң қабырғасына перпендикуляр қос сызық жүргіземіз де интервалдарды саламыз. Масштаб графигінің көмегімен дерелерді кескіндеп алып салған соң, үйіндінің және қазындының қиябеттің (құламаның) горизонтальдері жүргізіледі 3 – сурет.

Жазықтық интервалы салынған соң горизонтальдер жүргізіледі. Топографиялық беттің горизонтальдерімен еңіс жазықтықтардың бір деңгейдегі горизонтальдерінің қиылысуынан жиек сызығының анықтайтын нүктелер табылады.

Тау қазбаларының қазыңды және үйінділердің еңіс беттерің саламыз. Табылған нүктелерді ретімен қосқанда қазындының кемері және үйіндінің жиек сызықтарының (көбесінің) проекциялары шығады.

Табылған нүктелерді тау – кен қазбаның нұсқасың (қазынды немесе үйіндіні) белгілейтін бір қалыпты лекал қисық сызықпен қосады – 4 сурет.

Тау - кен объектілер, ереже сияқты, күрделі түрде болады. Сондықтан тау – кен қазбаларын бейнелегенде өзара қиылысқан денелерді сызу өте қажет.

Кен қазбалардың еңіс беті (көлбеулігі) ережелі әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан олар өте сирек горизонталь болып келеді. Мысал ретінде келесі есеп қарастырайық.

Екі кен қазбалардың кесіп өтетін сызықтарын құру жүйелілігін үлгі ретінде қарап шығайық, біреуі көлбеу екінші горизонталь болып келсін 5 – сурет.
3
сурет – үйінді және қазындының еңіс беттерінің горизонтальдерің құру



4 сурет – лекал қисық сызықты жүргізу





5 сурет – горизонтальдерді жүргізу


Келесі құру реті:

1) көмекші график бойынша горизонтальдық қазбаның горизонтальдері анықталады;

2) алдындағы тапсырмаға ұқсас, горизонтальдық қазбаның нұсқалары анықталады;

3) көтерме (көлбеу) жолдың еңіс беттерінің горизонтальдерін салу үшін, көмекші конус беттерің пайдаланамыз. Көлбеу қазбаның горизонтальдерін құруына арналған (қазбаның) бойында екі нүкте 8, 9 белгілермен алынған. Біреуінде көмекші конустын төбесің жайғастырамыз. Конустың радиусын (Rқ) құламаның көмекші графигі бойынша анықтауға болады, H = 8 – 9 = 1 м. Жақын орналасқан екі шеңбердің радиустерінің айырымы еңіс бетінің дересін анықтайды.

4) конустың төбесі жолдың жиегімен еңіс бетінің биіктіктері бірдей горизонтальдерінің қиылысу нүктесінде болады. Конустың жасаушысының көлбеулігі еңіс бетінің көлбеулігіне тең. Конустың горизонталь проекциясы бірцентрлі шеңберлермен беріледі. 9 белгімен берілген нүктеден конус табаның шеңберіңе өткізілген жанама, қазынды құламасын тоғызыншы горизонталін өзімен ұсынады. Оған паралельді ара қашықтықта, бірдей мөлшерге кесінді табаны (заложение) L м, 10,11 горизонтальдерді өткіземіз (5 сурет);

5) көлбеу қазбаның және жер бетінің аттас горизонтальдердің қиылысатын жолы бойынша қазба нұсқаларын саламыз;

6) Таулы қазбалардың аттас горизонтальдердің қиылысып өтетін нүктелері, таулы қазбаның қиылысатын сызықтарын анықтайды. Оларды түзу сызықтармен қоса отырып ізделіп отырған таулы денелердің қиылысатын сызықтарын аламыз.

7) Ең үлкен ылди сызықтарының өткізу жолына сай горизонтальдарға перпендикуляр, қазындының немесе үйінділердің құламаларың, ресімдейміз.

Барлық алдың ала құруды өткір қайраған қатты қарындашымен «Т» таңбалы, әлсіз салмақ салу күшімен орындалады. Ақырғы түрде сызбалар тушьпен боялады. Жер бетінің горизонтальдары, қазынды және үйінді нұсқасында көрсетілмейді.
5.2 Қазыңды және үйінділердің еңіс беттерің ресімдеу
Планда қиябет жоғарғы және төменгі ернеу сызықтарымен және ең үлкен ылди (сырғытқы) сызықтарымен анықталады. Тау - кен қазбаларының сілемдерің бейнелегенде құламаның жоғарғы ернеуің тұтас жуан - негізгі сызықпен, ал төменгі ернеуің тұтас жіңішке сызықпен көрсетеді және үзілме нүктелі жіңішке (штрихпунктирлі) сызығымен үйінділерді, қазындыларды, ысырылыстарды, бүліншілікті, қалған қаттама бүлінген немесе кен сусымалы көпшіліктерді көрсеткенде. Тау қазбасының горизонтальдеріне перпендикуляр ең үлкен ылди сызықтарын тұтас жіңішке сызықпен көрсетеді. Ылди сызықтарының «а» ара қашықтығы таулы жыныстардың сілемдеріне арналған бірдей қабылданады 1/3 – 1/4 болып горизонталь «с» құламадан және 1/4 кемірек емес ысырылыстарға арналған. Еңіс беттердің көлбеу бағытын жиекке перпендикуляр бергштрих сызығымен белгілейді.

Құламада ылди сызықтарының аралығында шартты бос жыныстың және пайдалы қазбаның белгісі қойылады. Бос жыныстың құламасы (немесе жалпы таулы жыныстың) кәдімгі жуан кесіндісімен белгіленеді, бірдей ұзындықпен ылдилардың аралық ара қашықтыққа тең. Кемер құламасының пайдалы қазбалар сілемі қос кесінділермен белгіленеді (6 – сурет).





6 сурет – ылди (көлбеу) сызықтың сілемі


5.3 Жердің (Топографиялық беттің) қимасын орындау (профиль), А-А тілік
Жердің профильдік қимасын орындау реттілігі (7 – сурет);

1) Топографиялық планда сипаттайтын қиюшы жазықтықты А-А кесіндісін, көрсетеді. Горизонтальдермен және таулы қазбаның сызықтарымен қиылысатын А-А кесіндісінің нүктелері бекітеді;

2) Шартты деңгей жазықтықты анықтайтын горизонтальдық түзу өткізейік. Осы А-А түзудің бойынан, горизонтальдерге және таулы қазбалардың сызықтарына ара қашықтықтары тең кесінділер алып қояды.

3) Әрбір нүктеден перпендикуляр қалпына келтіріледі, горизонталь биіктік белгісіне, немесе таулы қазбаның белгісіне бірдей лайықты. Алынған нүктелерді бір қалыпты қисық сызықпен немесе түзу сызықпен қосады 8 – сурет.





7 сурет – жердің А-А профильдік қима орындалу жүйелілігі


8 сурет – қиманы орындау
5
.4 Аксонометриялық проекцияны орындау
Ашық таулы жұмыс учаскесің көрнекті бейнелеу үшін тік бұрышты изометрия қолданылады. Тік бұрышты изометрияда барлық өсьтердің бұрмалану (көрсеткіштері) коэффициенттері бірдей 1:200 сызба масштабында (9 – сурет).


9 сурет – Тік бұрышты изометрия

А
ксонометриялық проекцияны орындауың түсіндіруіне ашық таулы жұмыстардың учаскесінен қазбаның бір жоспар бөлігі, арнайы алынған (10 сурет).

10 сурет – Тау - кен қазбаның жоспары


Осы планда 018 координаталар басын және X және Y бағытың белгілейміз. X0Y жазықтығы ең кіші белгіден төмен орналасады.

Тік бұрышты изометрияны орындау үшін әрбір нүктелерді, белгілерімен X,Y, Z ось бойынан белгілеп алады.

Мысалы, А22 нүктесі үшін X және Y координаталары ХА және YA-ға тең. Аксонометриялық осьтарында ХА және YA-ны белгіленген соң, 22 сандық белгісін өлшеп саламыз. Координаталардың басы 018 болғандықтан, 22-ден 18-ді алу керек те (шегеру) 4 айырымын Z өсіне параллель түзудің бойынан алу керек, 1:100 масштабымен (сурет 11). Қалған нүктелерді осыған ұқсас етіп салу керек.

1
1 сурет – Нүктенің аксонометриясың құру




12 сурет – Аксонометриядағы аланның жоспары


Алаңның екінші құру тәсілі: Аксонометриялық өсьтердің бойында алаңнын жоспарын құру керек (12 – сурет), содан соң әрбір нүктені өз сандық белгісіне дейін көтеру керек. Алынған нүктелерді қосу керек: қазындыны сызғышпен, ал жер бетіндегі нүктелерді (горизонтальдарды) бір қалыпты «қолдан» (13 – сурет).

13 сурет – Аланның аксонометриясын құру

6 Курстық жұмыс орындалуының күнтізбелік жоспары
Курстық жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспарын жұмысты орындау кестесіне сәйкесті жұмыстың орындалу барысын бақылаушы жетекші құрастырады (кесте 1).
Кесте 1 – Курстық жұмысты орындау кестесі

№ р/р

Курстық жұмысты орындаудың негізгі кезеңдері


Курстық жұмыстың негізгі кезеңдерін орындаудың мерзімдері мен көлемі

1 жеті

2 жеті

3 жеті

4 жеті

9 жеті

10 жеті

11 жеті

12 жеті

12-14

жетілер


1

Бастапқы берілістері, тапсырмаңы анықтау Сәйкесті әдебиеттерді жинақтау және қарастыру

5%

























2

Алаң жоспарың салу (құламалар)




10%






















3

Алаңның қимасың салу







20%



















4

Алаңның аксонометриясын салу










30%
















5

Қазыңды және үйінділердің құлама беттерің ресімдеу













50%













6

Мәтіндік бөлімің ресімдеу
















70%










7

Графикалық бөлімін ресімдеу



















80%







8

Курстық жұмысты тексеруге тапсыру






















90%




9

Курстық жұмысты қорғау

























100%

7 Курстық жұмыс орындалуының материалдарын жинақтау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Тапсырманы алғаннан кейін, каталог бойынша өзіндігінен қажетті әдебиеттер тізімін құрастырып, оларды қарастырып шығу қажет. Бұл жұмысты оқытушы ұсынған әдебиеттер тізімін зерттеуден бастаңыз. Библиографиялық тізімді қалыптастыру үшін библиографиялық каталогтың тізімін қолдану қажет. Осы жағдайдағы студенттің басты міндеті – әдебиеттердің үлкен көлемінен өзіңіздің курстық жұмысыңыздың тақырыбына сай келетін материалды таңдай алу. Библиографиялық каталогтар барлық кітапханаларда болады. Олар жүйеленген, пәндік және алфавиттік болып келеді.

Курстық жұмыс жазушы студенттерге қойылатын талаптардың бірі, жұмысты өзіндік орындау және шығармашылық көзқарас.


8 Курстық жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар
Курстық жұмыс сәйкесті түрде рәсімделуі тиіс. Рәсімдеуге төмендегідей талаптар қойылады:

Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары мен мәтінінің арасы 2 интер­вал болуы тиіс.

Бөлімдер мен бөлімшелердің атауларының арасы 1 интер­вал болуы тиіс. Бөлімдер араб сандары мен, нүктесіз беріледі. Бөлімшелер, әр бөлім шегінде нөмірленеді. Бөлімшенің нөмірі, бөлім нөмірінен және бөлімшенің реттік нөмірінен тұрады және нүкте арқылы бөлінеді. Бөлімше нөмірінің соңында нүкте қойылмайды.

Жұмыстың құрамдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қортынды», «Әдебиеттер тізімі» парақтың ортасына, соңында нүкте қойылмай, үлкен әріптермен сызусыз, 14 шрифтпен жазылады немесе басылады.

Мәтіндік құжаттың негізгі бөлімінің бөлімдерінің атауы жаңа беттен басталып, қызыл жол қалдырып, 14 шрифтпен, үлкен әріптермен жазылуы тиіс

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1 Нәби Ы. Сызба геометрия және инженерлік графика: Техникалық мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2005. – 264, сүретті.

2 Ақпанбек Ғ. Сызба геометрия (оқу қуралы) – Алматы, Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті. Алматы, 1998 ж., 208 бет. ISBN 5-8380-1623-X

3 Ғ. Ақпанбеков Сызба геометрия: Оқу құралы. – Алматы: «Қазақ университеті», 1992. – 120 бет. ISBN 5-7090-0015-9

4 Ломоносов Г.Г. Инженерная графика. – М.: В.Ш., 1984

5 Бриллинг Н.С. Черчение: Учебник для техникумов. – М.: Стройиздат, 1982. – 471 с., ил.

6 Чекмарев А.А. Начертательная геометрия и черчение – М.: В.Ш.,1999

7 Чекмарев А.А. Инженерная графика – М.: В.Ш., 2000

8 Лагерь А.И., Колесникова Э.А. Инженерная графика – М.: В.Ш., 1985

9 Кузнецов Н.С. Начертательная геометрия – М.: В.Ш., 1981

10 Крылов Н.Н. Начертательная геометрия – М.: В.Ш., 1984,2000

11 Левицкий В.С. Машиностроительное черчение и автоматизация выполнения чертежей – М.: В.Ш.,2001

12 Миронова Р.С., Миронов Б.Г. Инженерная графика – М.: В.Ш., 1983

13 Засов В.Д Сборник задач по начертательной геометрии – М.: В. Ш., 1975

14 Федоренко В.А., Шошин А.Ш. Справочник по машиностроительному черчению - М.: Машиностроение, 1983

15 Стандарты ЕСКД

Қосымша А



(міндетті)
Түсіндірме парағын ресімдеуге арналған талаптар
Мәтіндік бөлім А4 (210×297) формат парағында дайындалады.

Құжаттың мәтіні келесі өлшемдерді ескеріп жазылуы тиіс: сол жағы – 30 мм кем емес, оң жағы – 10 мм кем емес, жоғарыдан – 20 мм кем емес, төменінен – 20 мм кем емес.

Мәтіндік шет шамалары тиісті сақталған болу керек: жоғарғы – 15 мм; сол жақ – 20 мм; оң жақ – 10 мм; төменгі – 15 мм.

Құжаттың мәтіні бір жарым интервал аралықпен басылады. Құжаттың мәтінін қол мен жазған жағдайда мәтін жолдары арасындағы аралық 10 мм кем болмауы тиіс. Қызыл жол мөлшері барлық мәтін бойынша 15-17 мм.

Курстық жұмыстың беттері араб сандары мен бірінен кейін бірі, ретімен, парақтың жоғары оң жақ бөлігінде нөмірленеді.

Бірінші болып негізгі парақ орналастырылады, бұл бет мазмұнына жазылмайды және нөмірленбейді. Негізгі парақ үлгісі, ұсынылған әдістемелік нұсқаудың В қосымшасында беріледі. Кейін курстық жұмыстың «мазмұны» беріледі, мазмұны нөмірленеді.

Жұмыстың құрамдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қортынды», «Әдебиеттер тізімі» парақтың ортасына, соңында нүкте қойылмай, үлкен әріптермен сызусыз, 14 шрифтпен жазылады немесе басылады.

МАЗМҰНЫ


Кіріспе

1 Сандық белгілері бар проекциялар ........................................ 3

1.1 Әдіс маңызы ........................................................................... 4

1.2 Нүктені проекциялау............................................................... 5

1.3 Түзудің проекциялары.

Екі түзудің өзара орналасуы................................................... 6

1.4 Жазықтықтың проекциялары ................................................. 7

2 Топографиялық бет.................................................................. 8

Қорытынды ..................................................................................... 9

Әдебиеттер тізімі ........................................................................... 10

14 сурет – «Мазмұны» парақты толтыру үлгісі
Мәтіндік құжаттың негізгі бөлімінің бөлімдерінің атауы жаңа беттен басталып, қызыл жол қалдырып, 14 шрифтпен, үлкен әріптермен жазылуы тиіс. Бөлімшелердің атауы кішкентай әріптермен, соңына нүкте қоймай, ешқандай сызусыз, жалғастырылып жазылады. Шрифт 14. Бөлімдер мен бөлімшелердің атауларын буындап бөлуге болмайды. Егер бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары екі сөйлемнен тұрса, олар нүкте арқылы бөлінеді.

Мәтіндік бөлімінде келесі разделдер болу қажет:

1) Мазмұны (14 сурет);

2) Кіріспе

3) Сандық белгілері бар проекциялар. Әдіс маңызы (мәтіндік бөлім, суреттер);

4) Нүктені проекциялау (мәтіндік бөлім, суреттер);

5) Түзудің проекциялары. Екі түзудің кеңістікте өзара орналасқанын анықтау (мәтіндік бөлім, суреттер);

6) Жазықтықтың проекциялары (мәтіндік бөлім, суреттер);

7) Топографиялық бет (мәтіндік бөлім, суреттер);

8) Қорытынды

9) Әдебиеттер тізімі.

Суреттердің атаулары және түсіндірмелік мәліметтері беріледі. «Сурет» сөзі және атауы түсіндірмелік мәліметтерден кейін, парақтың ортанғы бөлігінде орналастырылады. Мысалы: Сурет 1 — Көмекші көлбеулік масштаб графигі

Қосымша Б

(міндетті)
Сызба парақтарын ресімдеуге қойылатын талаптар
МЕСТ, КҚБЖ және ТГҚ графикалық жұмыс бөлімінің негізгі ресімдеу құжаттамасы болып келеді.

МЕСТ 2.301.68* мынадай негізгі пішімдерді және олардың белгілеуін тағайындаған:


2 – кесте МЕСТ 2.301.68* бойынша пішімдер

Пішімнің

белгіленуі



А0

А1

А2

А3

А4

Пішімнің

өлшемдері, мм



841*1189

594*841

420*594

297*420

210*297

Кескіндердін масштабы МЕСТ 2.302.68 ұсынылады.

Нәрсенің сызбадағы кескінінің сызықтық өлшемінің оның нақты сызықтық өлщеміне қатынасын масштаб деп атайды.

МЕСТ 2.302-68 бойынша масштабты кескінделген бұйымның үлкендігіне және күрделілігіне қарай төменгі қатардаң алады:

3 – кесте Масштабтар

Кішірейту

масштабтары



1:2; 1:25; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20; 1:50; 1:75; 1:100; 1:200; 1:400; 1:500; 1:800; 1:1000

Нақты шама

1:1

Үлкейту

масштабтары



2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1

Масштабтарды негізгі жазуда 1:1; 1:2; 2:1; және т.б. үлгіде, ал басқа жағдайларда М(1:1); М(1:2); М(2:1) және т.б. үлгіде белгілейді.

Тау сызбаларына келесі масштабтар ұсынылады: 1:5; 1:10; 1:20; 1:50; 1:100; 1:200; 1:500; 1:1000; 1:2000; 1:5000; 1:10000; 1:25000; 1:50000; 1:100000.

Тау жұмысының пландары – 1:500; 1:1000; 1:2000. Кенорны элементтері (қазбабөлім, кемер, траншея және т.б.) – 1:200; 1:500; 1:1000. Жобалы технологиялық сұлбалар 1:50; 1:100; 1:200; 1:500 масштабымен алынады.

Геологиялық тіліктерді, профильді және т. б. бейнелеу жағында өте жие әр түрлі тік (вертикаль) және (көлденең) горизонталь масштабтар қолданылады. Сондай жағдайларда негізгі жазудың «масштаб» бағаныңда алдымен горизонтальдық масштаб көрсетілген болу керек, ал содан соң тік 1:500; 1:1000 үлгімен.

МЕСТ 2.302.68 объекттерді сызбаларда кескіндеу үшін сызықтардың сызылуын және олардың негізгі қолданылатын орнын тағайындайды.

Сызықтардың таңдауы жағында тау сызбаларында келесі принциптарды қажетті басшылыққа алу. Таулы өңдірулердің немесе басқа таулы объектілердің нұсқалары үш үлгі сызықтардың көмегімен бейнеленеді: тұтас жіңішке сызық, үзілме және тұтас жуан негізгі сызық, ал көрінбейтін нұсқалар үшін үзілме сызықтары қолданылады. Өте қарапайым және заңды түрдегі күрделі қисық сызықты нақты нұсқаны стильдеу барысында тұтас жіңішке сызық қолданылады. Негізделген жағдайда тау – кен сызбаларымен бірге жобалық нұсқалар көрсетіледі, соңғылар сол түсті сызықтармен, бірақ жуандығы шағынырақ белгіленеді. Осы жағдайларда жоба немесе негізделген нұсқаларды түсті бояу көмегімен белгілеуге рұқсат етіледі. Барлық қалған жағдайларда сызықтардың белгіленуі МЕСТ 2.303-68 сай болады.

Әрбір сызба, сызба өріс жиегімен (16 сурет) және негізгі жазумен (17 сурет), МЕСТ 2.104-68 сәйкес ресімделеді.

Сызба салынатын парақтардың пішімдерін көрсетілген жіңішке сызықпен жүргізілген сыртқы жиек анықтайды.

15 сурет – Сызба өрісі жиегінің және негізгі жазудың өлшемдері


Пішімнің оң жақ төменгі бұрышына негізгі жазуды орналастырады. Негізгі жазудың өлшемдерін және оны толтыру ережелерін МЕСТ 2.104-68 анықтайды.

Сызбада шамаларды түсіру ережелері МЕСТ 2.307-68 сәйкес ұсынылады.

Тау – кен сызбаларында сызықтық шамалар миллиметрлерде көрсетіледі, үлкен аудандар мен созылыңқы объектілерді бейнелейту сызбалардан басқа (шахталық өрісінің сызбаларында, өңдеулердің жүйесінде, ашу жүйелерінде, тау – кен жұмыстардың жоспарлары т.б.) бұл сызбаларда барлық шамалар метрлерде көрсетіледі өлшеу бірліктерінің белгілеусіз.

Горизонтальдық сызбаларда еңіс (көлбеулік) ұштықпен белгіленеді, бағытымен еңіс жағына.

Биіктік белгілер таулы сызбаларда метрлерде он үлестерге дейін дәлдікпен көрсетіледі. Шот деңгейі нөл болып қабылданады және «0» цифрмен белгіленеді. Жазықтықтан төмен немесе жоғары орналасқан нүктелердің сандық белгілерінің алдына «–» немесе «+» таңбалары қойылады. «+» таңбасын қоймасада болады.

Графикалық бөлімді А2 форматында 1:100 масштабында орындайды.

Чертеждердің қағаз парағында орналастыруы талапқа тиісті құрастыру талапқа сай болу керек. Құрастыру деп (компановка) келесі негізгі талаптарға жауап беретін сызбаның бөлек элементтерінің қағаз парағында орналастыру ұғынады: негізгі элементті бөлу және оған қалған барлығын бағындыру. Сызбаның анық оқылуы; барлық элементтердің ұқсас орналастыруы сызбада және парақ ауданың мақсатқа лайықты (пайдалылы, толық, мол) қолдануы

Сызба шеті бейнелеулермен біркелкі бос емес және қол қоюлармен 70-80% болу тиісті.

Барлық жазулар биіктігі 5 немесе 7 мм стандарт кәріппен орындалады.

Таулы қазбалар, жыныстар және т.б. жоспарларда және қималарда ТГҚ стандарттарға сәйкес көрсетіледі.

Жоспар, қима, аксонометриялық жобалар мен кестелердің орналастырылуы (16-суретте) көрсетілген.

Тік бұрышты изометрияда тек қана тапсырмада жіңішке сызықтармен жиектелген жоспар бөлігі орындалады.








ҚОСЫМША В



(міндетті)

Негізгі парақ үлгісі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ




РУДНЫЙ ИНДУСТРИАЛДЫҚ ИНСТИТУТЫ


Құрылыстық материалтану және стандарттау кафедрасы


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Инженерлік графика
Тақырып: _____________________________________________________________

______________________________________________________________________


________________________ Орындаған: студент

(баға) __________ _______________________

Комиссия мүшелері: (студент қолы) (студенттің аты-жөні)

________________________ «______» ________________ 200____ж. ________________________ Топ: ___________

________________________ Сынық кітабы шифрі: _______________

________________________ Жетекші: оқытушы

____________ ______________________

(оқытушы қолы) (оқытушының аты-жөні)

«______» _______________ 200_____ ж.

Рудный 200__

ҚОСЫМША Г



(міндетті)

Курстық жұмыстың орындалу тапсырмасының үлгісі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Рудный индустриалдық институты

Тау-кен және құрылыс факультеті


Құрылыстық материалтану және стандарттау кафедрасы

БЕКІТЕМІН

ҚМжС кафедрасының меңгерушісі

___________________ О.А. Мирюк

«_____»____________ 200____
Студенттің курстық жұмысына

ТАПСЫРМА


Пән___________________________________________________________________
Студент____________________________________Топ________________________
Тақырыбы___________________________________________________________________________________________________________________________________

Бастапқы берілістер: ____________________________________________________

______________________________________________________________________

Тапсырма__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Графикалық бөлім ______________________________________________________

______________________________________________________________________

Ұсынылған әдебиеттер тізімі_____________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________


Тапсырманың берілген күні «_____» _____________200______

Жұмысты қорғауға ұсынған мерзім «____» __________200____

Жетекші__________ ________________________

(қолы) (аты-жөні)

Тапсырманы орындауға қабылдадым «_____» __________200

Студент _____________________________

(қолы) (студенттің аты-жөні)

ҚОСЫМША Д

Тапсырмалардың нұсқасы







ҚОСЫМША Е



Қысқаша сөздік

Алаң

Площадка

Ашық кен жұмысы

Открытая горная работа

Бағыт

Направление, курс

Барлау

Разведать

Белгі

Отметка

Биіктік

Высота

Бір қалыпты, салмақты, байсалды

Плавно

Дере, интервал, аралық

Интервал

Еңіс, ылди, көлбеулік

Уклон

Ернеу

Бровка

Жиек

Кромка

Жыныс, тұқым

Порода

Зат, нәрсе, іс, мекеме, толықтыруыш

Объект

Кемер

Уступ

Кен қазба

Выработка рудная

Көлбеу

Наклонный

Көлбеулік масштаб

Масштаб уклонов

Көлбеулікпен, көлбеуліксіз

С наклоном, Без наклона

Көтерме жол

Наклонная дорога

Қазба

Выработка, раскопка

Қазбабөлім

Забой

Қаттама

Штабель

Қима

Сечение

Құлама, еңіс, баурай, қиябет

Откос

Мөлшерзат, көптеген, көпшілік

Масса

Нұсқа, нобай, пішін, долбар

Силуэт, контур, форма

Нұсқау

Указывать, указания

Ойма, қуыс, ойынды, қазынды

Выемка

Ор

Траншея

Ресімдеу

Оформление

Сусымалы

Сыпучий

Сұлба, шартсызба, үлгі, нобай

Схема

Сызықтық масштаб

Линейный масштаб

Сырғытқы, еңіс, ылди, құлама, доңғалақ

Скат

Сілем, массив

Массив

Таңдау, талғау

Выбор

Тапсырмалардың тізімі

Перечень заданий

Таулы, кен

Горный

Тәсіл

Способ

Тілік

Разрез

Үйінді, бос салу

Насыпь

Ылди

Наклон

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Рудный индустриалдық институты

ҚМжС кафедрасының мәжілісінде қарастырылды

Хаттама № 2 « 28 » 10 2008 ж.

Кафедра меңгерушісі О.А. Мирюк

ФАӘК мәжілісінде мақұлданды

Хаттама № ____ «_____»________200 ж.

ФАӘК төрайымы А.Ө. Есжанова

ОӘК мәжілісінде бекітілді және басылымға ұсынылды

Хаттама № ____ «_____»________200 ж.

ОӘК төрайымы Л.Л. Божко

Құрылыстық материалтану және стандарттау кафедрасы

050707 «Тау-кен ісі» мамандығының студенттері үшін

«Инженерлік графика» пәнінен курстық жұмысқа арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Рудный 2008


2008-2009 оқу жылының

жоспарымен тексерілген

Гүлнәр Мұхамбетқызы Мұрзахметова


050707 «Тау-кен ісі» мамандығының студенттері үшін

«Инженерлік графика» пәнінен курстық жұмысқа арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Басылымға ____. _____. 200___ қол қойылды

Таралымы 10 дана. Пішімі 21х30/2. Ксероксті техникаға арналған қағаз. Ксерокстағы басылым. Көлемі 1,9 оқу-баспа таңбасы. Тапсырыс № ________.

Рудный индустриалдық институтының басылымы

РИИ-дің редакциялық-баспа орталығы

Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 58





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет