Құрастырған: Уразаева Фатима Кенесовна Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің орыс мектебіндегі



Дата10.06.2016
өлшемі168.5 Kb.
#126397
Орыс мектебіндегі қазақ тілінен диктант мәтіндерінің жинағы

(5-9кластарға арналған)




Құрастырған: Уразаева Фатима Кенесовна
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,

5 орта мектебінің орыс мектебіндегі



қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,

5 орта мектебі



Құрастырған: Уразаева Фатима Кенесовна - қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Ұсынылып отырған жинақта қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі диктант мәтіндер жинағы келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

Әдістемелік жинақ орыс тілді оқушыларының кластарының деңгейлеріне сәйкестендіріп алынған.



Орыс тiлiнде оқытатын мектептердегi қазақ тiлi пәнiнен жүргiзiлетiн диктанттың жүргізілу ережесі
Диктант мәтiнiне қойылатын талап:


  1. Көлем сынып ерекшелiгiне сай болуы тиiс.

  2. Тәрбиелiк мазмұны болуы керек.

  3. Мәтiндегi орфограммалар мен пунктограммаларды оқушылар игерген таныс бағдарламаға сәйкес болуы керек.

  4. Мәтiннiң көркем шығармалардан алынған үзiндi түрiнде жеңiл болуын ескерген жөн.


Орыс тiлiнде оқытатын мектептердегi қазақ тiлiнен жүргiзiлетiн диктант

жұмысының нормалары:


кластар

Сөздер саны

1

15 - 20

2

20 - 25

3

30 - 35

4

40 - 45

5

50 - 55

6

60 - 65

7

70 - 75

8

80 - 85

9

90 - 95

10

100 -105

11

105-110



Диктант мәтiнiне байланысты мұғалiмдердiң ескеретiндерi:

  • қажет болған жағдайда мәтiн мазмұны жөнiнде қысқаша мәлiмет беру;

  • сөйлемдердiң құрылысы мен тыныс белгiлерiн, оқылу интонациясын ескеру;

  • жай сөйлем, құрмалас сөйлемдердiң түрлерiнiң барын анықтау;

  • сызықша, тырнақша тәрiздi белгiлердi қолдану жүйесi;

  • егер диктанттың мәтiнiнде дұрыс жазылуы оқушыларға бұрын түсiндiрiмеген қиын сөздер кездессе, онда олар тақтаға жазылады;

  • диктант мәтiнiн қайтадан көшiруге болмайды;

  • бақылау диктанттарын бағалауда орфографиялық және тыныс белгiлiк қателерi есептеледi.

5-сыныптар үшін диктант мәтіндері
Менің досым.

Менің ең жақын досым –Асқар. Оның бойы ұзын,шашы бұйра,көзі қара,бет-әлпеті әдемі. Ол -тәртіпті оқушы.Асқар сабақтан кешігуді білмейді. Оқулықтарын таза ұстайды. Қызықты кітапты көп оқиды. Сабақтан кейін апасына көмектеседі.Оның Анар есімді қарындасы бар.Асқар қарындасын ойнатады. Менің досым-адал,сенімді,әзілқой.Мен досымды мақтаныш етемін.(50сөз)


Тапсырма: тәуелдік жалғауды табыңдар.
Тәуелсіздікті ардақтайық

Биыл біздің тәуелсіз ел болғанымызға жиырма жыл. Бұл аз мерзім емес. Қанша уақыт өтсе де, біз кешегі 1986 жылы еліміздің тәуелсіздігі үшін орыс империясының бұғауын үзген желтоқсан ерлерінің ерлігін естен шығармауымыз керек. Себебі, біз солардың арқасында азат, тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз.
Ендеше, ағалардың қанымен келген тәуелсіздігімізді ардақтап, оны мәңгі сақтайық.(50 сөз)
Қыс.

Күн суық. Жерде қар қалың. Түн ұзақ,күн қысқа. Қыста мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Беті-қолымды жуамын,сүртемін,шашымды тараймын,тамақ ішемін.Сонан соң басыма бөрік,қолыма қолғап,үстіме жылы пальто,аяғыма етік киіп,мектепке барамын.Мектептен шыққан соң,мектептің мұз айдынына барамыз.Мұз айдыны мектептен алыс емес.

(51 сөз)



Тапсырма: бастауыштын астын сызыңдар.

Қысқы ағаш

Қыс ағашқа қауіпті. Қарсыз аязды күндері суықтан жарылып кетеді. Ағаш қысқа өзінше дайындалады. Оның өркендеп өсуі үшін қорек зат керек. Ол қыста жетіспейді. Сондықтан ағаш қыста өсуін тоқтатады. Ағаштың суықтан қорғайтын қалың қабаты бар. Жыл өткен сайын оның қабағы қалыңдай түседі. Ағаштың түбін қармен көм. Сонда ағаштың тамырына суық өтпейді. (51 сөз)


Тапсырма:

1. Соңғы сөйлемнен етістікті табыңдар. Астын сызыңдар.

2.Маңырайды, боздайды, кісінейді деген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

Менің атам – ардагер

Менің атам – соғысқа қатысқан адам. Ол бір мың тоғыз жүз отыз тоғызыншы жылы Шымбай қаласынан әскери қызметке алынды. Атам әскери қызыметте жүрген кезде соғыс басталды. Майданда үш рет жараланды. Үшінші рет ауыр жараланып емханаға түседі. Ол кісінің соғыста алған ордендері көп. Атамның жасы қазір жетпіс бесте. Мен атамды өте жақсы көремін. (51сөз)


Шәкірт

Динаның әкесі Кеңже палуан әрі шебер домбырашы болған. Дина тоғыз жасынан бастап домбыраны игере бастайды.

Бірде осы ауылға атақты күйші Құрманғазы келеді. Ол Динаның домбыра тартысын көріп риза болады. Оған көптеген күйлерді үйретеді. Құрманғазы шәкіртіне өзінің домбырасын сыйлайды. Дина өз жанынан күйлер де шығарады. Оның алғашқы шығарған күйлері «Бұлбұл», «Көргентүн», «Байжұма» (51сөз)
Тапсырма:

1. Екінші сөйлемнен сан есімді тауып, астын сызыңдар.

2.Есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып жазыңдар. Жалғанған жұрнақтардың астын сызыңдар.

Қыс

Қыста күн қысқарады. Күн көзінің қызуы азаяды. Жер ақ көрпеге оранады. Өзен мен көл мұз жамылады. Терең інде жатқан жануарларға аяз жете алмайды. Олардың орны жылы болады. Қар суық өткізбейді. Қар астындағы өсімдіктерге де суықтың зияны тимейді.

Кейде ұйтқып боран соғады. Ондайда сыртқа шығу қиын. Ашық күндері қар үстінде ойнау көңілді. (51 сөз)
Тапсырма:

1. Соңғы сөйлемнен түбір күйінде жазылған сөзді табыңдар.

2.Бірінші сөйлемдеггі қосымшалы сөздерді табыңдар. Астын сызыңдар.

Абай Құнанбаев.

Абай Құнанбаев –қазақ халқының ұлы ақыны. Ол ерте кезде өмір сүреді. Қазақ халқын әр түрлі өнер үйренуге,білім алуға шақырады. Халқына еңбекті сүюдің,еңбек ете білудің пайдасын түсіндіреді. Ақын өсекші, өтірікші,жалқау, мақтаншақ адамдарды жек көрді. Абай өз шығармаларында мұндай адамдарды қатты сынады. Абай Құнанбаев – ұлы аудармашы болған. Ол барлық адамдарды дос болуға шақырды.

(54 сөз)
Тапсырма: “ақын,адам,дос,халық”- деген сөздеріне көптік жалғауларын жазыңдар.

Ыбырай Алтынсарин.

Ыбырай Алтынсарин –қазақ халқының белгілі ағыртушы, жаңашыл педагогы, жазушы, қоғам қайраткері. Ол жасынан ынталы,зерек болды. Ыбырай Алтынсарин орыс әдебиетін көп оқыды.Халқына білім беруді арман етті. Балалар үшін Орысша-қазақша мектептер ашты. Оған арнап оқулықтар жазды. Оның өлендерін оқушылар жатқа біледі.Қостанайда Ыбырай Алтынсарин арналып мұражайлар шылып,ескерткіштер орнатылды . Ол –балалар әдебиетінің атасы.


(53 сөз)
Тапсырма: көптік жалғауды табыңдар.
Қоңыр күз.
Жаздан кейін қоңыр ,салқын күз кел де келіп жетеді. Бұл кезде күн қысқа, түн ұзақ болады. Қараңғылық ерте түседі.Аспанда қара бұлт қаптап, жауын да жиі-жиі жауады.Күз айлары-жыл мезгілдерінің ең молшылық айлары. Бұл мезгіл-көкөніс,жеміс-жидектің піскен кезі.Күзде адамдар қысқа әзірлік жасайды. Қысқа көкөністерді тұздайды.Осындай кезде қыс та келіп қалады.(55 сөз)
Тапсырма.

1.Қосымшаларын табыңдар:

Қараңғылық, мезгілдерінің, көкөністерді.

2.Фонетика талдау: Салқын, піскен.
Астана - әсем қала
Астана қаласы – қазақ елінің астанасы. Күн сәулесіндей жарқыраған әсем қаламыздағы «Бәйтерек» монументі мен өзге де ескерткіштер келушілерге тарихымыздан сыр шертіп тұрғандай. Биыл Тәуелсіздігіміздің (неше?) жылдығы тойланады. Оған дейін әлі талай құрылыстар салынып, бас қаламыздың жаңғыра түсетініне сенемін. Мұның бәрі күні кеше ғана халық қайта сайлаған елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атамыздың еңбегі. Жасай бер, қазағымның жас қаласы!(54 сөз)

Тары
Тары-астық тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік. Сабағының биіктігі жүз сантиметрге дейін барады. Өзі күнді көп қажет етеді. Қуаңшылыққа төзімді. Сондықтан жылы аймақтарда өсіріледі. Тары-арпа мен бидай секілді ертеден келе жатқан дәнді дақыл. Қауызынан тазартылып және ақталған тарыны сөк деп атайды. Одан түрлі тағам жасалады. Тарыдан жасалған тамақ аса жұғымды және қуатты келеді.(55сөз)
Тапсырма:

1.Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.

2.Үнді дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.

Қошақан.

Дәулет пен Хасен құмнан жуа терді.Олар жолдың шетінде қалған ақ қозыны көрді. Қошақанның енесі жоқ екен. Қошақан өз аяғымен жүре алмады. Ол өте әлсіз еді. Екі бала қозыны кезектесіп көтерді.Екі дос түс ауа қошақанды ауылға аман- есен жеткізді. Олар қозыны аға шопанға әкеліп берді. Шопан балаларға алғыс айтты.(50сөз)


Тапсырма:

1.“Ақ ,түс”сөзінің омонимін тап “әлсіз”сөзінің антонимін тап

2.”балаларға” сөзін сөз құрамына талда.

Бурабай.

Көктөбе Жақыпбекке барлық сұлулықты жасырып тұрған шымылдық тәрізденді.Одан асқан соң Бурабай алқабы қыстыгүні болса да көгере бөртіп жайнап сала берді. Көкшетаудың Бурабай көлі тұсындағы шатқалдары ақ қағазға қоңыр, көк бояумен салынған суреттей боп көрінеді. Дүние жүзіне аты жайылған бұл сұлу көлді солтүстігінен бастап батысқа орғыта келіп, оңтүстігін ала айналсоқтай иіліп, тау қоршап тұр.(54сөз)


Жолаушылар
Біз Қараойдан кешкісін шықтық. Аяққұдық деген құдыққа жеттік. Осы құдықтың басында дем алмақ болдық. Аттарды қаңтарып арбаға байладық. Мен жерге жата кеттім. Жер сыздау екен. Болатбай жерге қалың сабан төседі. Біз сабан үстіне жаттық. Самал жел сабанды анда-санда сыбдырлатады. Мен елегізіп біраз ояу жаттым.

Дала түні қызық қой! Жер ана маужырап ұйқыға кетіпті.(54сөз)


Тапсырма: Мәтіннен біріккен сөздерді табыңдар.
Қар
Ертеңгілік жапалақтап қар жауды. Жел жоқ. Тынық күнгі қардың жауғаны әдемі болады екен. Аспаннан ақ мамық түсіп тұрған сияқты. Жасұлан далаға шықты. Оның киімі аппақ болды. Қызығып кеткен Жасұлан алақанын тосты. Қолғабына ақ жұлдызшалар түсе бастады. Ол жаңа жауған қар үстінде ойнауға кірісті. Жылы жауған қар жабысқақ келеді. Ондай қар домалатып ойнауға ыңғайлы болады. (54сөз)
Тапсырма:

1. Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Астын сызыңдар.

2.Үшінші сөйлемнен сын есімді табыңдар. Астын сызыңдар.

Сауысқанның белгісі
Орман ішімен түлкі келе жатыр. Ашық жерлермен жүгіріп өтеді. Ағаштардың арасынан

сыбдырлатпай ептеп жүрді. Ол кенет жер бауырлап жата кетті.Әлденені аңди қалды. Бөдене балапандарының иісін сезді. Түлкінің дәл төбесінде сауысқан шықылықтады.Ол сауысқанға тісін ақсита қарады.Түлкінің арам ниеті белгілі болды. Бөдене балапандары ұша жөнелді. Сауысқанның белгісін ормандағылар түгел түсінді.(52сөз)


Тапсырма:

1.Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

2.Қатаң дауыссыздарды табыңдар.
Орман достары

Тоқылдақ пен сарышымшықтар – орман достары. Олар қыста көп пайда келтіреді. Себебі қыста олар зиянды жәндіктердің жұмыртқасын тауып жейді. Құстың тоюы үшін бірнеше жүз жұмыртқа керек. Жаз шыққанда әр жұмыртқа – бір тірі құрт. Әрбір шымшық өз салмағындай жұмыртқа жейді. Шымшықтың салмағына жету үшін қаншама жұмыртқа керек.Сонда олардың қандай пайда келтіретінін есептеп көріңдер. (52сөз)


Тапсырма:

1. Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтаңдар.

2.Екі сұраулы сөйлем ойлап жазыңдар.
Күй атасы

Кедей шаруа жанұясында туған Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болады. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алады. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шыңдайды.

Есейе келе Құрманғазының атақты күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды.

Құрманғазының бүкіл өмірі әділетсіздікке қарсы күрес- пен өтеді. Ол сан рет түрмеге де отырады. Құрмаңғазы алғашқы күйін Исатай мен Махамбеттің қазақ хандарына қарсы көтерілісіне арнайды. (53сөз)


Тапсырма: Үшінші сөйлемдегі тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді табыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар. Тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.
Санау

Адамдар санауды өте ертеде үйренген.Алғашында саусақтарын санайтын. Кейін он саусақ аз бола бастады. Есептеу үшін ұсақ тастар қолданылды. Біршама уақыт өтті.

Адамдар тастарды жіптерге тізіп қоятын. Кейін жіптің орнына таяқша қолданылды. Бұл қазіргі есеп шоттың бір түрі еді. Техника өсті. Есептер қиындай түсті. Оларды шешу үшін машина керек. Электронды есептеу машиналары осылай шықты.(53сөз )

Біздің отбасымыз. 
Менің атым - Әлия. Біз қалада тұрамыз. Менің атам,әжем, әкем, шешем, үш ағам және екі сіңлім, бір інім бар. Атам мен әжем құрметті демалыста. Әкем зауытта істейді. Шешем институтта сабақ береді. Ағаларым – студент. Екі сіңлім балабақшаға барады. Інім екінші сыныпта оқиды. Өзім он төртінші мектепте оқимын. Үйде біз қазақша сөйлейміз. Мен орыс мектебінде оқимын. (54 сөз) 

Бекіре

Бекіреде тұрақты мекен жоқ.Ол көшпелі балық. Бекіренің бастапқы шағы өзенде өтеді. Олар өсіп жетілген соң теңізге бет алады. Мұнда оларға азықтар өте мол.Бұл балықтар ерекше дәмді жұмсақ етімен атақты. Олардың қара уылдырығы дүние жүзінде жоғары бағаланады. Көптеген бекірелердің дене тұрқы үш метрге жетеді. Салмағы екі жүз килограмға дейін барады.(54сөз )


Тапсырма:

1.Бірінші сөйлемдегі жуан буынды сөздерді бір,жіңішке буынды сөздерді екі сызыңдар.

2.Мәтіннен сан есімдерді табыңдар.
Арғы атамыз.

“Арғы атамыз Шынғысхан жердің жүзін,күннің көзін билепті деседі.Одан

кейінгі атамыз Жоша хан ордасын алтыннан тігіп,қазақ елі түгіл,Еділ-Жайықтың бойына бұйрығын жүргізген.

Абылай атамыз қанатын Орта жүзден асыра жайып, үш жүздің басын қайта қосқан.Одан кейінгі атаң-Уәли. Хандық дәрежесінің біз жеткен сілімтірі –менің қолымда тұрған аға сұлтандық”,-деді Шыңғыс Шоқанға.(54сөз)



Абай.

Абай –қазақтың ұлы ақыны,композитор,философ,қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы,оның алғашқы классигі.Алдымен ол қазақ халқын өнерге,білімге,еңбекке шақырды. Орыс елінің мәдениетімен таныстырды. Ұлы ақын өтірікке,өсекке,надандыққа қарсы күресті. Абай қазақтың ән-күй шығармашылығын жете білген. Біржан сал,Ақан сері,Тәттімбет,жаяу Мұса сынды халық композиторларын ерекше бағалаған.

(52 сөз)
Тапсырма: “ер жүрек” ,”жас”,”жауынгер”,”көп”,”сол қол”, сөздеріне антонимдерді келтіріп жазыңдар.

Қайың

Қайың –сымбатты ағаш. Биік болып өседі. Жазда тәулігіне қырық шелектей ылғал тартады. Қайыңнан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан халық шеберлері себет пен түрлі ыдыстар тоқиды. Қайың ағашынан жиһаздар жасалады. Қайың отыны пешке маздап жанады. Жаз кезінде қайың тоғайын аралау қандай ғанибет десеңші! Кіршіксіз таза ауа да сонда.( 54сөз)


Қамқоршылар

Көктем келді. Асан мен Үсен далаға шықты. Бір топ бала жасаған ұяларын көтеріп алыпты.

Асан мен Үсен ойланып қалды. Үйлеріне қайтып келді. Қолдарына балға мен ара алды. Олар ұя жасауға кірісті. Ракетадан айнытпай ұя жасады. Мұндай әсем ұяны бұрын-соңды көрмеген балалар таң қалды. Құстар да қаптап кетті. Асан мен Үсеннің куанышында шек жоқ.(54 сөз)
Тапсырма:

1. Екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.

2.Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Астын сызыңдар.

Тіл және тәуелсіздік

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ата тілі, ұлттық мәдениеті болмаған ел ешқашан ел бола алмайды. Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақ тілі жылдар өткен сайын өркендеп өсіп келеді. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, қазақ халқының ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.(54 сөз)


6-сыныптар үшін диктант мәтіндері

Наурыз.
Наурыз-халықтың көктемгі мерекесі.Жыл басы. Наурызда күн жылынады,қар ери бастайды.Құстар ұшып келеді. Ағаштар бүршік жарады. Қыс бойы ұзақ ұйқыдан аралар да, жәндіктер де оянады. Малдар төлдейді. Наурыз мерекесінде қазақтар дәстүр бойынша ағаш,гүл егеді. Бидай көже жасайды. Ауылдан-ауылға қыдырады,бірін-бірі наурыз мерекксімен құттықтайды. Жастар алтыбақан тебеді,өлең айтады, би билейді. Наурыз күнін шаттықпен өткізеді. (60сөз)
Тапсырма:3-ші сөйлемде сөз таптарын тап.
Тоғызқұмалақ
Тоғызқұмалақ-қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны. Бұл өзі кілең есепке құрылған қызық ойын. Бұл ойынды шопандар ойлап шығарған болса керек. Бұрын оны қойдың құмалақтарымен ойнайтын.Ойынға екі адам қатысады. Олар тоғыздан шағын шұңқыр қазып алады.Бұл отау деп аталады. Сонан соң екеуі де ұтқан құмалақтарын жинайтын ұя жасайды. Ол қазан деп аталады. Әр ойыншыда сексен бір құмалақтан болады.(60сөз)
Тапсырма: Мәтіннен сан есімдерді тауып,дара сан есімді бір сызықпен,күрделі сын есімдерді екі сызықпен сызыңдар.

Жол ашық, жүре беріңіздер
Өзіңе таныс үш көзді бағдаршам алдыңда тұр. Бағдаршам көше қиылысына ілінеді.Түрлі түсті көздері кезектесіп жыпылықтайды.

Бағдаршамның қызыл түсі нені аңғаратынын түсіну қиын емес. Бұл –әрдайым қауыптілік белгісі. Өйткені ол-көзге бірден ілінетін қызыл түс.

Қызыл шамнан кейін бағдаршамның сары түсі жанады.Ол-дайындық белгісі.

Еш уақытта асықпа.Көше қиылысында жасыл түстің жануын күт. Бағдаршамды тыңдамағанның арты қайғылы болады.Соны ұмытпауымыз керек.(60сөз)


Тапсырма:

1.Мәтіннен есімдіктерді табыңдар.

2.Жіктеу есімдіктерін табыңдар.
Тамыр жемістілер
Қант қызылшасы қоректі затын тамырына жинайды. Күзде оның тамыры жуандайды.Тамыры жеміске айналады. Қантты осыдан алады.

Қызылша бірінші жылы тұқым бермейді. Өйткені ол-екі жылдық өсімдік. Алғашқы жылы қызылшаның тамырыжемісі мен жапырағы ғана өсіп үлгереді.Тамыржемісті келесі жылы қайта отырғызады. Одан ұзын сабақ шығады. Өсімдік қызғылт жапырақтарға бөлінеді. Қызылшаның жемісі тамырында болады. Сондықтан оны тамыржемістілер дейді.(61сөз)


Тапсырма: Мәтіннен сын есімдерді табыңдар.

Сенбілік.

Бір күні мұғалім апай сенбілік болатынын айтты. Барша жұрттың жұмысқа шығатынын және тегін еңбек ететінін түсіндірді. Мен сенбілік қашан болады деп күттім.Күткен күнге де жеттім. Жұмыс киімін киген бойда мектепке тартып келемін.Біз линейкаға тұрдық.Әр сыныпқа арнаулы тапсырма берілді. Барлығымыз жұмысқа кірісіп кеттік. Мектеп ауласындағы ағаштардың діңін ағарттық.Арықтарды тазарттық. Қаншама қоқыстарды зембілмен алысқа апарып тастадық. Лезде аула тап-таза болып шыға келді.

Түсте үйге қайттық.(62сөз)
Тапсырма: «сенбілік» сөзіне фонетикалық талдау

Су және өмір.
Адам сусыз тұра алмайды. Адам денесінің алпыс пайызы судан тұрады. Егер судың мөлшері он-жиырма пайыз кетіп қалса,адам өліп қалады. Су адам ағзасында тазартқыштық қызмет атқарады.Су адам денесіне керексіз заттарды жуып, шайып отырады. Бір килограмм өсімдік,дән,жемісті өсіру үшін орта есіппен екі тонна су қажет болады. Адам күнделікті тіршілігінде орта есеппен жылына үш жүз алпыс тонна суды қажетіне жаратады.(62сөз)
Көктем.

Қар еріп болды. Көктем келе жатыр. Күн жылынып,жер көгеріп келеді.Балалардың құанышы қойынына сыймай жүр. Олардың үйге кіргілері келмейді.Ауылды жерде егін салу басталады.Мен сақаға отырып жер жырт-

тым. Марат трактормен егін екті. Кешке дамылсыз жаңбыр жауып,жұмыс аз істелді. Бұған біз ренжідік. Бүгін күн батты, бірақ жұмыс біткен жоқ. Кешке

басқа адамдар келді.(60сөз)


Тапсырма:

1.Зат есімнің астын сыз.

2.Фонетика талдау: ренжідік, болды.
Аю және бөрене

Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасының ұясына кез болыпты. Ағаш басындағы ұядағы балды жегісі келді. Аю ағаш басын өрмелеп, жақындағанда, оған бөрене кедергі жасады.Ұядағы балды алам деп ұмтылғанда, бөренені итеріп жіберді. Қатты серпілген ауыр бөрене аюдың басына сарт ете қалды. Қара күшке сенген аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итерді. Сол кезде қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырды. (63 сөз)


Дені саудың-жаны сау

Денсаулық-табиғаттың ең қымбат сыйы. Денсаулықты сақтау үшін тамақтану керек,уақытында демалу керек, дене шынықтырумен айналысу керек. Денсаулықты сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады.Спорттың ең қарапайым түрі-жүгіру. Денсаулықтың бірінші жауы темекі,спирт ішімдіктері. Ешкімге жамандық жасама. Жүзіңнен әрқашанда күлкі кетпесін. Адам күлген сайын ағзадағы шлактар сыртқа шығады.Таңертеңгілік тамақты ішкен оқушы сабақты жақсы оқиды.Сондықтан да таңғы асты таста ма.(63 сөз)


Батыр қыз

Түтеген боран әлі тынған жоқ. Оған сан алуан зеңбіректердің зіркілі қосылды. Бұл жай минут сайын үдей берді. Қасыңдағы адамның тек ернінің қимылдағаны ғана көрінеді. Елең-алаңда іркес-тіркес қаптаған танкілер өтті. Қолын соза құлаған фашист офицерін көрді. Кенет солардың тұсынан гүрс-гүрс етіп граната жарылды. Әлияның жүрегі дір ете түсті. Бойына бір күш жүгіргендей болды. Ол жігерленіп кетті.(58сөз)

Тапсырма: Қос сөз бар сөйлемдерді тауып,оларды теріп жазыңдар.

Менің Отаным

Әркімнің туып өскен жері Отандеп аталады. Қазақстан менің туған жерім, атамекенім. Оның табиғаты алуан түрлі. Онда таулар мен өзендерді, далалар мен ормандарды кездестіресін.Біздің елімізде әр түрлі ұлттың өкілдері тұрады. Олардың барлығы тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Қазақ халқы қонақжай және ұлттық дәстүрге бай. Елімнің келешек дамуына сенде өз үлесіңді қоса аласың. Ол үшін сабақты жақсы оқып, алған біліміңді өмірде қолдана білуін керек. (65 сөз)
Наурыз мерекесі.

Наурыз халық мейрамы.Наурыз мерекесі –жыл басы, күн мен түннің тенелген күні. Мейрам күні ежелгі дәстүр бойынша тал,ағаш,гүл егеді. Наурыз мейрамында ән айтылады, адамдар әдемі киім киеді,түрлі ұлттық ойындар өткізіледі,көже пісіреді. Көже пісіру жеті тағамға деген сый, кұрмет көрсету. Ол су,сүт,ет,дән,ұн,тұз,майдан жасалады. Наурыз –көктем мезгілінің, көркі, берекесі ретінде саналады.Біз наурызды асыға күтеміз.(63сөз)




Қорқыт.

Қазақ музыкасымен ,ән-күймен бірлікте аталатын есімнің бірі-Қорқыт ата. Ол еүллі түркі халықтарына ортақ данышпал адам. Қорқыттың мазары Сырдария бойымен жүріп отырсаңыз,Қызылорда обласының Қармақшы ауданында тұр.Теміржолмен, басқа көлікпен әрі-бері өткендер ата аруағына сыйынып, ішпей дұға оқиды.Даналығымен ел есінде сақталған қасиетті бабамыздың бойындағы дарыны-кейінгі ұрпақтарына да үлкен өсиет. Ол -өзінің өмірінде халқы үшін жанын аямаған өр тұлға.(60 сөз)


Тапсырма: “Даналығымен” сөзді сөз құрамына талда.

Ана тілі.

Ана тілі –бұл атаңның , анаңның тілі ,туған халқыңның тілі.Тіл байлығы-

әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол –атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Өзіміз өсіп, ержеткен сайын халықтан,мектептен,газет-журналдан, радио-теледидардан үйреніп,ана тілін тереңірек білеміз. Ол біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас құралымыз.(57сөз)
Аю және бөрене

Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасының ұясына кез болыпты. Ағаш басындағы ұядағы балды жегісі келді. Аю ағаш басын өрмелеп, жақындағанда, оған бөрене кедергі жасады. Ұядағы балды алам деп ұмтылғанда, бөренені итеріп жіберді. Қатты серпілген ауыр бөрене аюдың басына сарт ете қалды. Қара күшке сенген аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итерді. Сол кезде қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырды. (63 сөз)


Тапсырма: Зат есімдерді теріп жаз.
Ақтөстің көмегі
Қыстың ашық күні.Айдос далаға ойнауға шықты.Ол төмпешікке қарай бет алды. Соңынан иті Ақтөс ілесті.Төбешік ауыл сыртында еді. Олар төбешікке жетті. Ызғырық жел тұрды. Күн суыта бастады.Айдос үйіне тезірек жетпекші болды. Сол кезде ешнәрсе көрінбейтін боран болып кетті. Айдостың жүруге шамасы келмей қалды. Қолы бір нәрсеге тигендей болды. Айдос Ақтөстің қарғыбауын мықтап ұстап алды.Ақтөс оны үйіне алып келді.(63сөз)
Тапсырма:

1.Мәтіннен күрделі етістіктерді табыңдар.

2. «Жетті» деген етістікті көпше түрде жіктеп жазыңдар.
Ауа райын болжайды

Қазақстанның солтүстігіндегі орманды құрлар мекендейді. Қыс бойы олар қайыңның бүршігін қорек етеді.

Бір күні қызық жағдай болды.Таңертең күн ашық еді. Құрлар қайыңның арасында жем теріп жүрген болатын. Кенет тобымен ұша жөнелді. Олар күннің бұзылатынын сезген екен.Түстен кейін боран соқты.

Қырғауыл мен кекілік те боран боларын алдын ала сезеді.

Сондықтан олар күні бойы жем тереді.Боран боларын алдын ала сезді. Сондықтан олар күні бойы жем тереді. Боран басталғанда ықтасынға тығылады.(60сөз)
Тапсырма:

1.Мәтіннен үстеулерді тауып, теріп жазыңдар. Олардың түрлерін ажыратыңдар.

2.Шылауларды табыңдар.
Балықшы

Бүркіт – қыран құс. Бүркітті балық аулауға да үйретеді екен. Оның құпиясы мынада. Мұхит түбінде адам баласының қолы жетпейтін асыл тастар бар. Мысалы: гауһар, інжу, маржан, жақұт, меруерт тастары. Сол тастарды адамдар бүркіттің көмегімен алады. Мұхитта жыланбалық деген балық бар. Ол балық су түбінен асыл тастарды теріп жейді. Содан соң су бетіне шығып, секіріп ойнайды. Сол кезде жаттықтырылған қыран құстар жыланбалықты қағып әкетеді. Жыланбалықтың жеген тамағы мыңдаған долларға бағаланады.(65 сөз)




7-сыныптар үшін диктант мәтіндері
Итбалық.

Теңізде итбалықтың он шақты түрі тіршілік етеді оның бір түрі Каспий теңізін мекендейтін – Каспий итбалығы. Каспий итбалығы – нағыз су жануары олар судан көбею және түлеу кезінде шығады басқа кезде суда демалады және ұйықтайды. Итбалық үш жүз елу метр тереңдікке дейін сүңгиді су астында он минутқа дейін бола алады. Итбалық еті, майы, терісі үшін көп ауланады қазір аулауға тыйым салынған. (69 сөз)


Тапсырма: Қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды жаз.
Ағаш тостақ.

Бір жылдары өте қарт адам өмір сүріпті.Қөздері жақсы көрмей, құлақтары естімей,аяғынан жүре алмапты. Дастарханда отырғанда қолдары қалтырап,қасығын ұстай алмай сорпасын үстелдің үстіне төгіп,аузынан ағызыпты. Ұлы мен келіні оның бұл жағдайына ызалары келіп, қатты ұрысып,жүрегін жаралапты...

Ұлының бұл ащы сөздерін естіген әке-шешесінің көздеріне жас толып,жасаған істеріне қатты ұялады .Атаны қайтадан дастархан басына отырғызады.Содан кейін үстіне, дастарханға төксе де оған бір ауыз сөйлемейтін болыпты.(70сөз)
Тапсырма: Септе:ағаш, дастархан.
Кішкентай қыз.

Бұл кішкентай қызбіздің көршіміздің қолына жақында ғана келді. Сонда да ол осы манайдағы тұрғындардың бәрімен көптен таныс адамдай араласып кетті.Оны бала да, үлкен де жақсы көрді. Демалыс күні бала біткеннің бәрі соның төңірегінен шықпайды. Оның білмейтін ойыны ,тап-пайтын өнері жоқ:неше түрлі ойыншықтар жасайды. Қағаздан сан алун кестелер ояды.Ал оның үлкендермен араласуы да сыпайы. Бірін әке,бірін аға,бірін әже,бірін апалап салған жерден-ақ өзіне ұйытып алады.(70сөз)


Тапсырма:етістіктін астын сыз.
Сілеусін
Тауды,орманды мекендейтін ірі денелі мысық тұқымдас хайуанаттың бірі-сілеусін. Сілеусіннің құйрығы шауып тастағандай қысқа, өте епті,ағашта жақсы өрмелеп, бірінен екіншісіне секіре алатын күшті жыртқыш. Дене ұзындығы сексен екі, жүз бес сантиметр,құйрығының ұзындығы жиырма –отыз бір сантиметр, салмағы сегіз,он бес килограмм. Ертеде сілеусіннің етін тамаққа пайдаланған екен. Еті өте дәмді болған, оны тек өте бай мырзалар мен ханымдар жейтін еді. Қазір өте сирек кездеседі, сондықтан сілеусіндер қорғауға алынған.( 71сөз)


Кірпінің пайдасы
Кірпі – аштыққа шыдамады жануарлардың бірі. Ол 236 тәуліктей азықтанбай ұйықтай алады. Оның ұйқысы да қызықты:тікен терісін едірейтіп жіберіп, соған оранып жатады. Ол ұйықтағанда тіпті қорылдайды екен. Осы тікенекті жануардың адам үшін пайдасы көп, ол улы жыланды, тышқанды жейді.

Тікенді «тоны» болса да, кірпінің де жауы бар. Ол қарақұс. Кірпіні көрген қарақұс бірден соған қарай төмен ұшады да, оны іліп алып, аспаннан тастап жібереді.(72 сөз)


Тапсырма: Сын есімдердің астын сызыңдар.

Қазақ тілі сабағында.

Біз биыл сегізінші сыныпта оқимыз.Оқу жылы мамыр айында бітеді.Біздің мектептің оқушылары орыс тілінен басқа үш тілде оқиды.Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім әрқайсымызға талап қоя біледі.Тақырыпқа орай көптеген жұмыс түрін орындаймыз:бір-бірімізге сұрақ қойып жауап береміз, қазақ мәтінін оқып,орыс тіліне аударамыз,сөйлемдерге грамматиқалық,фонетиқалық талдаулар жасаймыз, диктант,шағын шығарма жазамыз. Біз қазақ тілінде еркін сөйлеуге тырысамыз,өйткені қазақ халқының тілін,әдебиетін,тарихын,мәдениетін білгіміз келеді.(71сөз)


Тапсырма: Бірінші сөйлемде синтаксистіқ талдау жасаңдар.
Қазақша ай аттары. 
Бір жылда он екі ай бар. Олар: қантар, ақпан,наурыз,сәур, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан.Қаңтар – жылдың алғашқы айы. Желтоқсан – жылдың соңғы айы. Қазақша жыл басы – наурыз. Қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, тамыз, қазан, желтоқсан айларында отыз бір күн бар. Сәуір, маусым, қыркүйек, қазан айларында отыз күннен болады. Ал ақпан айында жиырма сегіз не жиырма тоғыз күн бар. Бір жылда үш жүз алпыс бес күн болады. (69 сөз) 


Уақыттың пайдасы

Адам өз уақытын үнемдей білуі керек.Өзгелердің де уақытын бағалауы қажет.Уақыттың босқа өтуі-үлкен шығын.Мұны дәлелдеудің қажеті жоқ.Пайда келетін іспен шұғылдануды ойластырған дұрыс. Бір қарағанда,ондай пайдалы іспен айналысу оңай сияқты. Бірақ олай емес. Себебі күн тәртібін жоспарлап үйрену қажет. Ол қасиетті бойыңа жас кезіңнен қалыптастыру керек.Әрбір минутыңды үнемдеп,пайдалы жұмсауға дағдылан. Сонда ғана табысқа қол жеткізіп,өз қабілет-күшіңді толық жұмсай аласың.

Уақыт алтыннан қымбат екенін естен шығармау қажет.(73 сөз)

Тапсырма: «Уақыт»деген сөзді септеп жазыңдар.
Бата.

Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің ішінде бата беру ерекше орын алды.Халықтың тілек-бата сөздері жас ұрпақты әдепті,сабырлы,зерделі,арлы болып өсуге баулиды. Дәулетті,бақытты,кешірінді болуын тілейді. Тілек-бата сөздер-халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ежелгі мұрасы. Бұлар –оның рухани өмірінде тұтастығын,бірлігін,салт-дәстүрін,адамгершілік өсиеттерін сақтауға ерекше қызмет атқарады.

Болашақтың иесі-ұрпағына амандық, парасаттық,өнер-білім,құт-береке,ұзақ өмір,үлкен табыс тілеу-ежелден азаматтың асылмұраты болса керек.(72сөз)

Жыл мезгілдері


Бір жылда төрт мезгіл - көктем, жаз, күз және қыс бар. Көктем айлары – наурыз, сәуір, маусым. Қар наурыз айында ери бастайды. Сәуір айында барлығы көктей бастайды.
Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жаз маусымнан басталады, қыркүйекке дейін созылады. Шілде - ең ыстық ай. Тамызда кейде жаңбыр жауады. Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қазан мен қараша айлары жауынды және салқын болады. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыстың ең суық айы – қаңтар. Желтоқсанда күн қысқарып, түн ұзарады. (74сөз)
Тәуелсіз елдің ұланымыз

Біз елімізді әлі де көркейту үшін талмай еңбек етуіміз қажет. Барлығы еңбекпен келетін дүние. Тәуелсіздікте сондай ауыр еңбектің нәтижесі. Тәуелсіздіктің жолында қаза болған жандар еңбегі еш кетпек емес. Бүгінде тәуелсіз ел атанып отырғанымызға жиырма жыл. Әрине, аз уақыт емес. Осынша көп жылда біздің еліміз күннен-күнге гүлденіп, жаңару үстінде. Оның барлығы батыр аға-апаларымыздың арқасында. Ал, біз болашақ ұрпақ тәуелсіз елдің жас та, батыл да ұланымыз. Қазақстан мәртебесін өсіретін де, көркейтетін де біз боламыз. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. (75 сөз)


Алматы көлі.

Алатаудың сұлу жерлері көп. Оның ішінде Алматы көлінің орны бөлек. Бұл көл тәуліктің әр мезгілінде әр түрлі болып құлпырайды. Таң атып, күн шыққан кезде, көл жап-жасыл болып кетеді.Сондықтан халық оны “Жасыл көл” деп айтады. Бұдан жүз жыл бұрын осы көлге келген орыстың атақты саяхатшысы-Семенов –Тянь-Шаньский оны көріп таң-тамаша болған.Ол бұл көл жайында былай деп жазған: “Жасыл көдің” ғажап көрінісі еш уақытта менің ойымнан кетпейді”.Алатау өңірінде мұндай көлдер,сұлу жерлер өте көп. (75 сөз.)


Жаңа жылды қарсы алу.

Жаңа жылды былай қарсы алады:жаңа жылға арнап шырша орнатылады.

Шыршаға әдемі ойыншықтар,түрлі түсті электр шамдарын іледі. Түнгі сағат он бірде шыршаның шамын жағады.Отбасы мүшелері дастарқан басына жиналады. Олар түнгі сағат он екіде бір-бірін құттықтап,жақсы денсаулық, бақыт тілейді. Жаңа жыл-қуанышты мереке. Балалар үшін үйлерде,мектепте,театрларда шырша орнатылады. Олар шыршаны айналып билейді,өлең,тақпақ айтады, ән салады. Жаңа жылдық мереке Аяз ата мен Ақшақар келеді. Олар балаларға сыйлықтар таратады.(75 сөз)
Тапсырма: сын есімді тап.

Көктем келді.
Көктем келді. Ауа райы күрт өзгерді. Күн жылына бастады. Қар еріп,арықтармен су ақты,өзен көлдердің суы молая бастады. Жер көгерді. Дала жасыл тартты. Жыл құстарының дауысы естіледі. Далада қызу еңбек басталады. Дихандар егін жұмысына кірісті. Көктемде ауа райы жиі бұзылады. Аспанды бұлт торлайды.Күн күркіреп,найзағай жарқылдайды,жиі-жиі жаңбыр жауады. Бірақ көп ұзамай күн ашылады.Керекті табиғат адамдарға жақсы әсер етеді. Міне, аспан ашылып күннің көзі көрінді. Енді бәйшешекктер гүл атып,дала құлпыра түседі.(76сөз)
Тапсырма: Зат есімнің астын сыз.

8-сыныптар үшін диктант мәтіндері

Жаңа жылды қарсы алу.

Жаңа жылды былай қарсы алады:жаңа жылға арнап шырша орнатылады.

Шыршаға әдемі ойыншықтар,түрлі түсті электр шамдарын іледі. Түнгі сағат он бірде шыршаның шамын жағады.Отбасы мүшелері дастарқан басына жиналады. Олар түнгі сағат он екіде бір-бірін құттықтап, жақсы денсаулық, бақыт тілейді. Жаңа жыл-қуанышты мереке. Балалар үшін үйлерде, мектепте, театрларда шырша орнатылады. Олар шыршаны айналып билейді,өлең, тақпақ айтады, ән салады. Жаңа жылдық мерекеге Аяз ата мен Ақшақар келеді. Олар балаларға сыйлықтар таратады. (78 сөз)
Тапсырма: сын есімді тап.

Біздің үйіміз.

Біздің үй Қостанайда.Үйім Абай даңғылында орналасқан.Нөмері алтыншы үй-біздікі.Бұл қазыналық үй емес,жекеменшік үй. Біздің үйдің төрт бөлмесі бар. Кіре берісте кең,үлкен дәліз. Одан ары қарай төргі бөлме. Төргі бөлменің үлкен бір терезесі бар,оң жағында екі кресло,бұрышта түрлі түсті теледидар және қабырғада сурет ілулі тұр. Төргі бөлменің сол жағында диван және журнал үстелі тұр. Әр бөлмеде кілемдер жатыр. Терезелердің бәрі күншығыс жақта. Әр жексенбіде біз бөлмелерді шаңсорғышпен тазалаймыз,үйіміз бізге өте ұнайды. (80сөз)


Тапсырма: Синтаксистік талдау жасаңдар.
Манас
«Манас» - қырғыз халқының ауыр бір дәуірін бейнелейтін батырлық дастан. Манасшылар – өте талантты, аруақты жыршылар.

Манас – қырғыз халқының ең ержүрек, сүйікті батыры. Оның жорықтары мен бастан кешірген оқиғалары – эпостың негізгі тақырыбы. Эпоста Манастың өзгермейтін ұлылығы – айырылмас, айнымас адал достары суреттелген. Сонымен қатар Манас батырдың опасыз, қанағатсыз дұшпандары да шебер бейнеленген. Манастың сүйікті жары Қаныкей – ақыл-парасатты келіскен жан.

Жырда көшпелі халықтың думан-сауықшыл, жарқын, жайдары мнездері әсерлі суреттелген.

«Манас» - бүкіл халықтың мұқалмас қуаты, ерлігі, күшінің әсерленіп берген жиынтығы. (80сөз)




Ана
Ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр тіркесте бар. Ол – көркем, сүйкімді де ұлы сөз. Бесікте жатқан бала соны айтып былдырлайды. Байлығы шалқыған үйден де, кедейдің лашығынан да осы құдіретті сөз естіледі. Даңққа бөленген артист әр уақытта анасын жадында сақтайды, әндерінде жырлайды, суретші оның бейнесін мәңгі қалдырады, сәулетші оны тастан қашайды.

Ана баласын – ол әйгілі немесе елеусіз болсын, король немесе қайыршы болсын – бәрібір сүйеді, ана үшін оның ешқандай мәні жоқ, ана үшін «бұл менің ұлым» деген қарапайым да жоғары қастерлі бір-ақ ұғым бар. (85 сөз)



Интернет
Бұған дейін сен компьютердің не екенінен хабардар болдың. Енді компьютердің арқасында дүниеге келіп, бүкіл әлемге таралған Интернет деген жүйе туралы әңгімелесе аламыз.

Интернет дегеніміз не?

Интернет дегеніміз – бүкіл әлемде орналасқан, өзара кабелмен, радиомен немесе спутниктік байланыспен жалғасқан аса көп компьютерлер жиынтығы. Басқаша айтсақ, бұл – бір компьютерден басқа бір компьютерге мәліметтер беруге болатын әлемдік компьютерлік жүйе.

Мұндай үлкен компьютерлік жүйе құру туралы идеяны американдықтар өткен ғасырда ойлап тапқан. Америкалық ғалымдар барлық компьютерлер тең құқылы болатын бір орталықсыз жүйе жасауды ойлап тапты. (82сөз)


Халық ауыз әдебиеті
Қазақтың халық ауыз әдебиетіне ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, дастандар мен айтыстар жатады. Әр халық ауыз әдебиетіне өте бай. Біз қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында мақал жаттаймыз, әңгімелейміз, жұмбақтарды шешеміз.

Сабақтарымызда ертегілерден үзінді оқып, оны аударамыз. Маған батырлар туралы аңыздар, ертегілер ұнайды. Мен Қобыланды батыр сияқты болғым келеді. Ол нағыз батыр болған! Біздің жанұямыз халық ауыз әдебиетін жақсы біледі. Кеше біз сабақ үстінде көптеген жұмбақтарды шештік. Өзіміз де жұмбақ, мақалдар құрастырдық. Мен көптеген жұмбақтарды жатқа білемін. (80 сөз)




Алғашқы автопойыз. 

Автотрестің шоферлері Арықбалықтан Көкшетау элеваторына астық тасиды. Соның бірі-Ғазиз Нұғыманов. Ол әрі шофер,әрі слесарь. Саналы өмірі ауыл механизаторларының қатарында өтті. Аудан орталығындағы шағын асхана іші бүгін көкшетаулық шоферлерге толы. Олардың үстіне Нұғыманов келді. Ғазиздың келгеніне жолдастары риза болып қалды. Олар оны Еңбек орденімен марапатталуымен құттықтады. Ертеңінде ол қайта жолға шықты. «ЗИЛ-164» машинасын моторы жақсы, тартымы да көңілдегідей. Кешікпей Қызылту астық қабылдау пунктіне радиаторында қызыл жалау желбіреген Нұғымановтың авто-пойызы келді.Бұл – шалғайдағы астығы мол Қызылтуға келген алғашқы автопойызы. (81 сөз) 

Жер қазғандар. 

Ол күні жұмыс бітті. Жұрт күректерін, кетпендерін, қайлаларын алып, кейбірлеулері иықтарына салып, кейбіреулері жай таяқша ұстап, шұбырып, самбырласып жатақтарына қайтысты . Бірінің омыраулары алақ-салақ, көбі киімдерін азай- тыңқарып, денелерін ашыңқыраған. Кейбіреулері көйлектерін де шешіп алған. Жалаң аяқтар да бар. Әр түрлі қалпақты, әр түрлі бөрікті, тымақтылар да көрінеді. Бастарына орамал тартқан, жалаң бастары да бар. Көйлегі барлар білектерін түрінген. Күн қарыған, жел қаққан, тотыққан-бет-ауыз. Аяқ-қолдары Термен, қара топырақпен қарайыңқырай түскен. Біреулер ойнап, бірін-бірі келемеж қылып келеді. Кейбіреулер үндемей,жай ғана күледі. (82сөз) 


9-сыныптар үшін диктант мәтіндері
Балалық шақ. 
Менің туған жанұям кәдімгі жанұялардың бірі. Оның басқа жанұялардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Әкем кедей шаруадан шыққан. Әкемнің аздаған білімі болатын. Қолы өнерлі еді.Сондықтан ол – ағаш ұстасы, шешем сауыншы болды. Колхозымыз жақсы болып, жұрт дәулетті тұрды. Біздің үйіміз ауылдың шетінде тұратын. Кішкене бақшамызда алма, шие, алша, қарақат өсетін. Үй сыртындағы алаңда балалар асыр салып ойнайтын. Өзімнің үш жасар кезім әлі есімде. Апам Зоя Мамыр мейрамы күні мені мектепке ала барды. Мен орындыққа шығып тұрып,тақпақ айттым. Оқушылар мені мақтап, қол шапалақтады. Содан былай мен мектепке баруды арман еттім. Ағам мен апамдай сабақ оқығым келеді. (96 сөз)
 Азия
Көне «Азия» сөзі «шығыс» дегенді білдіреді. Бұл Еуразия материгінің құрамына кіретін дүние бөлігі. Азия мен Еуропаның құрлықтағы шекарасы Орал тауы, Жем мен Маныч өзендері арқылы өтеді.

Азияда халықтың көптігі соншалық Жер бетіндегі әрбір екінші адам сонда тұрады деуге болады.

Азия бүкіл құрлықтың үштен бір бөлігін қамтиды. Төрттен үш бөлігі таулар мен тау үстірттері.

Азияда кең байтақ жазықтар мен когалды ойпаттар да бар, дегенмен, бұл тұтас алғанда, дүниенің теңіз деңгейінен өте биік орналасқан бөлігі.

Азияның орталық бөлігінде Тибет таулы үстірті жатыр. Оның оңтүстігін Жер шарындағы ең биік Гималай тауы көмкерген.(90 сөз)

Тобыл
Тобыл – Қазақстанда Қостанай облысында және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары жеріндегі өзен. Осымен аттас Түмен облысында қала, Қостанай облысында поселке және темір жол стансасы бар.

«Тобыл» сөзінің алғашқы мағынасын зерттеу жұмысы бұған дейін болған жоқ.

В.В.Радловтың айтуынша, телеуіт тілінде «Тобыл» сөзі – биік, айбынды мағыналарында көрінсе, қазақ тілінде «тазарту, жарып өту, бұзып өту» ұғымында қолданған.

Бұл өзенге құятын салалар да біршама баршылық. Тасыған кезде суы мол, сондықтан да жолындағы кедергіні бұзып өте береліктей күші бар. Міне, осындай қасиеті үшін «Тобыл» атауы берілген болса керек.

Тобыл өзенінің жағасында қазақтың біртуар ұлдары Ыбырай Алтынсарин мен Бейімбет Майлин туған.(95 сөз)
Бурабай
Бурабай – Көкшетаудағы әдемі көл. Суы тұщы және мөлдір, Көлдің ең терең жерінде мен балықтар айқын көрінеді. Көлдің айналасы – сыңсыған қарағайлы, қайыңды орман. Көкшенің әйгілі шоқылары – «Жұмбақтас», «Оқжетпес» - көлді ерекше көрікті етіп тұрады. Сол себепті де жұрт оны «Қазақстан Швейцариясы» деп те атайды.

Көлде әр түрлі балықтар бар. Бурабай көлінің айналасында көптеген демалыс орындары орналасқан. Ол – таза ауасымен, қымызбен емдейтін курорт. Бурабай табиғатының көркемдігі жөнінен әлем курорттарының ішінде ерекше орын алады.

Бурабай көлі туралы көптеген аңыздар бар. Көкшетаудың, Бурабайдың табиғаты туралы өлеңдер, эсселер, әңгімелер бар. Біз жанұямызбен жылда осы көлдің жағасында демаламыз.(95 сөз)

Орал
Орал – негізі 1613 жылы қаланған қала. Бұдан ерекше жыл бұрын Орал қаласының орны скиф, гот, хун, печент және қыпшақ көшпелі тайпаларының мекені болды. Орал қаласы Саратов-Елек темір жолындағы ірі темір жол стансасы Жайық бойындағы өзен порты және әуежолының торабы.

Орыстар Жайық бойына XV ғасырдың аяғы XVI ғасырдың бас кезінде келе бастады. Олар 1580 жылы Жайық бойымен жоғары көтеріліп, Ноғай хандығының астанасы Сарайышық қаласын талан-таражға салып, Жайық бойына біржола қоныс тепті.

Қазір Орал облыс орталығы. Оралдағы нарықтың басты салалары машина жасау, металл өндіру, құрылыс материалдарын өңдеу, т.б. толып жатқан өндіріс орындары бар. Оралдың мәдени-ағарту ошақтары да заманымызға сай.(96 сөз)


Тоқылдақ
Жетісу – орман-тоғайға бай өлке. Ол ормандарды көптеген құстар мекендейді. Солардың бірі – тоқылдақ. Тоқылдақтың ұзындығы жиырма үш-жиырма бес сантиметр, салмағы жүз грамдай. Ол – ақ, қара, қызыл түсті әдемі құс. Қауырсындарының сабақтары қатты және үшкір келеді. Мықты мүйізделген тұмсығы қашау ролін атқарады. Тоқылдақтың дене құрылысы ағашқа өрмелеп тіршілік етуге жақсы бейімделген. Ол орманның зиянкестерін құртып отырады. Тоқылдақтардың ұясының тереңдігі жиырма сегіз-отыз бес, аузының аумағы бес-алты сантиметр болады. Ұясын жиырма метрдей биік ағаштарға салады.

Тоқылдақ – орманның емшісі, көркі. Біздің тоғайларымызда да тоқылдақтар көп. Талай рет ағашта отырғанын, ұшып жүргенін көріп тамашаладық. Тоқылдақ көптеген ертегілердің, өлеңдердің кейіпкері.(95 сөз)


Ұлттық байлық
Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У.Петти деген адам есептен шығарған. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргізіле бастады.

Ұлтты байлық, негізінен, мынадай салалардан тұрады: ғасырлар бойы ата-бабалардың қалдырған барлық мұрасы, табиғат және жер асты байлығы, әдеби, мәдени, тарихи мұралар.

Ұлттық байлыққа жеке колекционердің қолындағы көне заттар да жатады.

Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми, жеке үй, тағы да басқалары ұлттық байлыққа жатады. Барлық ұлттық байлық мемлекеттік байлық болып табылады.(95 сөз)


Қорғалжын қорығы
Солтүстік Қазақстандағы табиғатты көз тартарлық орындардың бірі – Ақмола облысында құрылған Қорғалжын қорығы. Ол Қазақстанның дала аймағын сақтау мақсатында 1968 жылы ұйымдастырылған. Суы тұзды Теңіз және Қорғалжын көлдері кіретін бұл қорықта жабайы шошқа, т.б., аңдармен қатар қаз, үйрек, дуадақ сияқты құстардың орасан көп түрлері тіршілік етеді. Сондықтан да бұл өлкені – құс өлкесі деп бекер атамаған. Көл айдыны мен қамыстарында сансыз көп үйрек, қаз мекендеп, балапан басып шығарады. Бұл қорықтың мақтанышы – әйгілі қоқиқаздары дүние жүзіне мәлім. Қорғау жұмысының нәтижесінде қазіргі кезде бұл сәнді құстың саны артып келеді. Қоқиқаз – Қызыл кітап бетіне енген, бұл құстар туралы деректі фильмдер бар.(97 сөз)

Қыс хабаршысы
Қараша – қыстың хабаршысы. Бұл айда суық күшейеді. Су бетіне қабыршық мұз тұра бастайды. Күн қысқарады. Қою қараңғы түн ұзара бастайды. Тау басын қар басады. Қыстың ызғары күшеюге айналады. Қою бұлт қанатын жаяды. Ағаштардың жапырақтары солып, сарғайып жерге түседі. Тек қарағай ғана жап-жасыл. Гүлдер мен шөптер солып жатыр. Оқушылар алғашқы тоқсан қорытындысына әзірленеді. Олар сабақты жақсы үлгіріммен аяқтауға тырысады. Қылышын сүйретіп келе жатқан қыс сезіліп тұрады.

Қараша – алтын күздің соңғы айы. Адамдар енді қысқа дайындала бастады. Азық-түлік даярлап, жылы киімдерін киеді. Біз қыста да, күзді де жақсы көреміз.



Табиғаттың әр мезгілі өзінше көркем және қызық.(98 сөз)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет