«Құрастыру негіздері және машина бөлшектері»


Өзін -өзі тексеру сұрақтары



бет2/11
Дата07.07.2016
өлшемі1.19 Mb.
#183253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін -өзі тексеру сұрақтары.


  1. Машина бөлшектерінне қандай негізгі талаптар қойылады?

  2. Машинаны жобалауда қандай негізігі есептер жасалынады?

  3. Беріктікке есептеуде қандай кернеулердің түрін білесіз?



Дәріс 2. Механикалық берілістер және оның кинематикалық және энергетикалық қатынасы.

Дәріс жоспары:

  1. Механикалық берілістер туралы жалпы ұғымдар.

  2. Қолдану аймағы.

  3. Артықшылығы мен кемшілігі.

  4. Механикалық берілістердің негізгі көрсеткіштері.


Механикалық берілістер туралы жалпы ұғымдар. Механикалық берілістер деп қуат пен қозғалысты белгілі бір қашықтыққа беру үшін колданылатын жабдықтарды айтамыз. Олар көбінесе машиналардың қозғалтқышы мен жұмыс атқарушы тетіктерінін, аралығында қолданылады. Механикалық берілістер мынадай жағдайлар үшін пайдаланылады.

1. Машина қозғалтқыштарынық айналу жылдамдығы өте жоғары, ал іс жүзінде машина қызметі әр түрлі жылдамдықты қозғалыспен байланысты. Егер қозғалтқыштардын, айналу жылдамдығын төмендетсек, олардың габариттік мөлшері үлғайып, бағасы қымбаттайды.

2. Механикалық берілістердің көмегімен жылдамдықты төмендетіп, сәйкесінше күш моментінін, шамасын жоғарылатуға болады. Энергияның сақталу заңы бойынша берілістердің пайдалы әсер коэффициентін ескермесек, жылдамдықты канша рет кемітсек, күш моментін сонша рет жоғарылатамыз. Ал бүл жағдай іс жүзінде барлык, машиналарда пайдаланылады.

3. Механикалық берілістер айнымалы қозғалысты түзу сызықты қозғалысқа айналдыру үшін және машинаның жұмыс істейтін тетіктерінің жылдамдырын өзгерту үшін де қолданылады. Сондай-ақ олар бір қозғалтқыштан бірнеше механизмдерге қозғалыс беру үшін пайдаланылады. Берілістер механикалық, пневматикалық және гидравликалық болып белінеді.

Машина бөлшектері курсында тек айнымалы қозғалысты беретін механнкалык берілістер қарастырылады және оларды бұдан былай жай берілістер деп атаймыз.

Гидравликалық, пневматикалық және тағы басқа берілістер жайында арнаулы оқулықтарда жазылған.

Біз қарастырып отырған берілістер жұмыс істеу негізіне байланысты қозғалыс пен қуат айналмалы денелердің өзара тікелей жанасуы арқылы және оларды жалғастыратын үшінші иілгіш бөлшектің көмегімен берілетін болып екіге бөлінеді. Бірінші топқа фрикциялық, тісті және буынтықты берілістер, ал екіншісіне белдікті, шынжырлы берілістер жатады. Осы аты аталған бері-лістерге тоқталудан бұрын олардын негізгі көрсеткіштерімен таныса кеткен жөн.

2. Механикалық берілістердің негізгі көрсеткіштері. Барлық механаикалық берілістердің негізгі көрсеткіштері— олардың қуаты мен жылдамдық шама-сы, беріліс саны мен пайдалы әсер коэффициенті.

Механика теориясы курсынан белгілі, айналмалы бөлшектердің сызықтық немесе шеңберлік жылдамдығын олардың айналу осінен қашықтығына және бұрыштық жылдамдығына байланысты табуға болады:



мұндағы D - айналмалы дененің диаметрі;

 - айналу немесе бұрыштық жылдамдық.

Осы сызықтық жылдамдық векторының бойымен шеңберге жанама (радиусқа перпендикуляр) әсер ететін күшті шеңберлік күш деп атаймыз. Оның қуат және сызықтық жылдамдықпен арасындағы байланысын төмендегіше өрнектеуге болады:

мұндағы Ft - шеңберлік күш, Н;  - сызықтық жылдамдық, м/с.

Егеh білікке әсер ететін күш моменті белгілі болса, онда шеңберлік күш:

Сондай-ақ көптеген есептеулер кезшде қуат пен күш момен-тінін қатынасын білген жөн. Егер қуат киловатт өлшемімен бе-рілген болса, онда былай жазуға болады:

мұндағы п - айналу жылдамдығы, .мин-1;

Т - күш моменті, ал S1 жүйесінде;

 - бұрыштық жылдамдық;

Т - күш моменті, Нм.

Жорарыда айтылған берілістердің негізгі көрсеткіштерінің бірі олардың беріліс саны. Берілістердің беріліс саны деп жетекші және жетектегі дененін, айналу жылдамдықтарының қатынасын айтады.





и - берілістердін, беріліс саны.

Берілістердін, пайдалы әсер коэффициенті әдеттегідей пайдалы қуаттың (жетектегі денеге әсер етуші) жұмсалған куатқа (жетекші денеге әсер етуші) қатынасынан анықталады



Сатылы орналасқан бірнеше тісті берілістердің жалпы пайдалы әсер коэффициенті олардың әрқайсысының пайдалы әсер коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең болады



мұндағы ж — берілістердің жалпы пайдалы әсер коэффициенті; 1, 2, 3,… ж - жеке тісті берілістердің пайдалы әсер коэффициенті. Енді берілістердің жалпы беріліс санын да осылай табуға болады


иж —берілістердің жалпы беріліс саны; и, и2, и3,..., ип —жеке тістердің беріліс саны.

Өзін -өзі тексеру сұрақтары.


  1. Механикалық берілістерді кемшіліктері мен артықшылықтары қандай?

  2. Механикалық берілістердің қандай түрі кеңінен қолданылады?

  3. Механикалық берілістердің енгізі есептеулерінде анықталатын параметрлер.

  4. Механикалық берілістердің қандай негізгі көрсеткіштері бар?


Дәріс 3. Тісті берілістер.
Дәріс жоспары:

  1. Жалпы мағлұмат.

  2. Классификациясы.

  3. Артықшылығы және кемшіліктері.

  4. Қолданылу аймағы.

Жалпы түсінік. Тісті берілістер деп қозғалысты, қозғалыс моментін біліктер арасында беру үшін және қозғалыстың бір түрін екінші түрге езгертетін тісті ілінісуді айтады.

Тісті берілістер машиналарда өте көп кездеседі. Мысалы, же-ңіл автомашиналарда тісті дөңгелектердің саны 30...35 болса, жону станоктарында 70...80-ге дейін жетеді. Тек қана автотрактор шаруашылықтарында жылына 30 млн тісті дөңгелектер дайындалуы керек.

Барлық тісті берілістерді бірнеше түрге бөлуге болады (1-сурет).

Біріншіден, тісті дөңгелектер біліктерінің геометриялық ось-терінің орналасуына байланысты:

1) осьтері өзара параллель орналасқан берілістер, оған цилиндрлік тісті беріліс жатады;

2) осьтері өзара қиылысқан берілістер, оған конусты тісті берілістер жатады;

3) осьтері азара айқаскан берілістер, оған буынтықты тісті берілістер жатады;

4) осьтері бір түзудің бойында орналасқан берілістер, оған планетарлық берілістер жатады.

Екіншіден, тісті берілістер ілінісулеріне қарай екіге бөлінеді:

1) сырттай ілінісетін тісті берілістер;

2) іштей ілінісетін тістті берілістер.

Үшіншіден, тістердің профильдері бойынша:

1) эвольвент профильді тісті берілістер;

2) циклоид профильді тісті берілістер;

3) профилі шеңбер доғасымен шектелген тісті берілістер, оған Новиков ілінісі;

4) толқынды ілініс.

Тістердің орналасуына байланысты:

а) тік тістілер;

б) киғаш тістілер;

в) шеврон тістілер;

г) дөңгелек тістілер;

д) кисық тістілер болып бөлінеді.

Артықшылықтары. 1. Тісті берілістер көмегімен өте үлкен куат беруге болады (100000 артық күш) және олар басқа берілістерге қарағанда ықшамды, габариті шамалы келеді. 2. Басқа берілістерге карағанда біліктерге және тіректерге аз күш түседі. 3. Тісті берілістер ете шыдамды келеді. Жақсы күтсе олар ондаған жылдар бойы жұмыс істейді. 4. Пайдалы әсер коэффициенті жоғары (бір сатылы редукторлар үшін η = 0,97...0,98) болады.

Кемшіліктері. 1. Дайындауы күрделі. 2. Жұмыс кезінде шу кеп болады. 3. Қатаңдығы өте жоғары болғандықтан динамикалық күштерді қабылдау қабілеттілігі нашар болады.

Салыстырмалы қасиеттері. 1. Қиғаш тістілер бірқалыпты, шусыз жұмыс істейді, бірақ ось күштері пайда болады. 2. Шеврон тістілердің ось күштері бірімен-бірі теңеседі және жұмыс кезінде шу болмайды, иілуге шыдамдылығы 25,30%-ке дейін өседі, бірақ дайындауы қиын. 3. Конусты тісті берілістер кым-бат. Қонструкциясы мейлінше дәлдікті талап етеді. Тістің бойында кернеу шоғырлануы пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет