Құрастырушы: ф.ғ. к., доцент Қанапьянов Қ. Н
Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент __________ Қанапьянов Қ.Н. Журналистика кафедрасы 5B050400 – «Журналистика» мамандығының сырттай және күндізгі оқу нысанындағы студенттерге арналған «Журналистік шеберлік» пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus) Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген. 201_ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама. Кафедра меңгерушісі ______________ Алдабергенов Қ.М. 20__ж. «____» ________ Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған_____________________________ 201_ж. «_____»____________№____ хаттама ОӘК төрағасы ________________ Ксембаева С.К. 201_ж. «_____»___________ КЕЛІСІЛГЕНКафедра меңгерушісі ______________ Алдабергенов Қ.М. 20__ж. «____» ________ Пәннің мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның мақсаты- аға ұрпақтың іс – тәжірибелері негізінде қалыптасқан журналистік шеберліктің негіздерін үйрету. Кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында студенттерге тәжірибелік тұрғыдан білім беру, теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, журналистік шығармашылықтың қыр – сырына баулу. Журналистік шеберлік қырларын үйрену барысында студенттер: - ақпарат жинаудың әдіс – тәсілдерін игеру; - тақырыпты дұрыс таңдау; - шығарманың мазмұнын ашу; - ақпаратты жедел әрі толық алу; - қоғамдық маңызды проблемаларды танып, көтеру;
- тілдік, стильдік тұрғыдан сауаттылық; - сапалы мәтін жазу; - журналистік этика мәселелерін меңгереді. Шығармашылық ізденістер журналист кәсібінің негізі болып табылады. Шеберлік мәселесінің қоғамның барлық саласын қамтитын журналистикадағы алар орны ерекше. Заман өскен сайын, біліміміз де байып, өзгеріп, өрлеп, жаңарып, жасарып келеміз. Жаңалық жаршысы – журналистика өзгеден оқ бойы озық тұруды, болашақты болжап, қоғамдық пікірді дұрыс қалыптастыруды көздейді. Бүгінгі кәсіби журналист дегеніміз – қажетті, маңызды ақпаратты дәл уақытында ала білген, көкейкесті проблемаларды дер кезінде жедел көтеріп, шешілу жолдарын көрсететін, экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге қатысты татымды ой, пікір айта алатын журналист. Мұның бәрі тек журналистік шеберліктің қыр – сырын меңгергенде ғана жүзеге асырылатын шаралар болып табылады. Ақпарат жинаудың түрлі әдіс – тәсілдері болады. Журналистикада небір жарқын үлгілері бар қарапайым әрі тиімді әдіс сұхбаттан бастап, сауалнамалық сұрақ – жауап, бақылау, тәжірибе, психологиялық тест т.б. әдістерді журналист сауатты пайдалана білуі тиіс. Журналистің жазу шеберлігі, теледидардағы өзін - өзі ұстауы, радиодағы сөз саптауы қашанда жоғары талап үрдісінен көріне білуі тиіс. 2. Пререквизиттер 1. Журналистің шеберлік сыныбы 2. Журналист әдебі 3. Әдеби редакциялау 3 Пәннің мазмұны
3.2 Теориялық курстың мазмұны 1 тақырып. Журналистік шеберлік қырлары Журналистік туындыға қойылатын талаптар: маңызды проблема, тілдік, стильдік нормалар, құрылым, дизайн. Ой анықтығы, мазмұн дәлдігі. Дерек және публицистика. 2 тақырып. Журналистік әдеп Журналистік жауапкершілік. Журналистік әлемдік этика талаптары. Тілдік этикет. Журналистің моральдық – этикалық ерекшеліктері. Журналистің құқықтары, міндеттері. Сұхбат алу барысындағы журналистің өзін - өзі ұстауы. Сөз сөйлеу мәнері. Ақиқат ақпарат, шындықты бұрмаламау. Сенімділік. Обьективтілік. Заңдылықтың сақталуы. Жеделдік. Мәдени, діни ерекшеліктерге құрмет. 3 тақырып. Журналистік зерттеу Журналистік зерттеудің ерекшеліктері. Алғашқы зерттеу. Екінші ретті зерттеуге қойылатын талаптар. Құпия ақпарат. Заңдылықтарды білу, байланыстар. Компьютермен жұмыс істей білу. Интернет – зерттеудің жаңа құралы. Құжаттарды табу және сақтау. Ескі ақпарат көздерімен жұмыс. Тұжырым жасау. Сараптау, талдау. 4 тақырып. Кәсіби журналист және қарымды қабілет Сауатты жаза білу – журналист еңбегінің бір бөлігі ғана. Ақиқатқа жету. Техникалық біліктілік. Рухани мәдениет. Қойын кітапшасы. Диктофон. Стенография. Рухани принциптер. Ақпарат көздерімен жұмыс істеу. Іскерлік, білгірлік, байқағыштық, сезімталдық, төзімділік, еңбекқорлық, жеделдік. 5 тақырып. Сұхбат Жанр ретіндегі және ақпарат алу әдісі ретіндегі сұхбат. Сұрақ қою өнері. Сұхбатқа дейінгі ақпарат жинау. Қарапайым сұрақтар,жалпыдан жалқыға принципі. Кім? Не? Қайда? Қашан? Қалай? Неге? Не үшін? Сұхбат барысындағы алынған ақпаратты нақтылау. 6 тақырып. Тақырып Тақырыпты дұрыс таңдау – журналистің тиімді еңбегі. Алғашқы және екінші ақпарат көздері. Журналистің тақырыпты жан – жақты меңгеруі. Тақырыптың өзектілігі. Тақырып таңдау – ақпарат жинау –деректерді тексеру –талдау – жазу - өңдеу – көркемдеу. Проблема және оның шешілу жолдары. Журналистің қоғамдық рөлі. Қысқалық,өткірлік. 7 тақырып Журналист өнімінің мазмұны мен түрі Ақпаратты жинау және тарату технологиясы. Мазмұндық элементтер. Журналистің өзіндік қолтаңбасы. Автормен жұмыс істеу. Мазмұн байлығы, жаңа мазмұн. Тұшымды мақаланың алғышарттары. 8 тақырып. Тіл және стиль Тіл және оның құрылымы, тіл мәдениеті. Тілдік және стильдік сауаттылық. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілдік, стильдік ерекшеліктері. Шешендік өнер. Қанатты сөздер, мақал – мәтелдерді пайдалану. Көп сөздікке ұрынбау. Тартымды стиль, көркем тіл. Терминология. Тіл мен стильдің жанрлық қолданыстары. Ауызекі сөйлеу стилі, ғылыми стиль, көркем - әдеби стиль. Пікірдің түсінікті болуы. Тартымдылық, әсерлілік. Қысқалық, ықшамдылық. 9 тақырып. Фотожурналистика Фото – жанр. Фотоның рөлі мен қызметі. Сәтті фотосуреттің маңызы. Фотоматериалдың мәтіні. Фотосурет түсіру мәдениеті. Фотосурет жанрының ерекшеліктері, түрлері, оған қойылатын талаптар. Фотожурналистке қойылатын талаптар. Сәтті тақырыпты таңдай білу. Бейнелеудің ең тиімді жолын іздеу. Мерзімді басылымдағы фотосурет – дәлелді дерек. Фотопортрет, фотоочерк, фотоплакат, фоторепортаж, фотомонтаж, фотохабар. Фотожанрлар,ерекшеліктері. Фотожурналистиканың кәсіби проблемалары. 10 тақырып. Композиция Анықтық, тиімділік, ықшамдылық,қарапайымдылық. Лид – фактологиялық негіз. Оқиғаны хронологиялық тіркеу. Композиция – ақпараттың орналасуы,материалдың көлемі және түрі. Мақала бөліктерінің арасындағы табиғи байланыс. Сілтемелерді пайдалану. 11 тақырып. Тележурналист және оған қойылатын талаптар Теледидар мүмкіндігі. Тележурналистің рөлі. Тележурналистің құралы. Құжаттарды талдау. Қазіргі ақпараттық технологиялар. Дыбыс, бейне бірлігі. Тележурналист этикасы. Теледидар хабарларын жоспарлау. Тележурналистиканың жанрлары, қолдану ерекшеліктері. Теледидардың қоғам мен БАҚ жүйесіндегі орны. Тікелей репортаж жүргізудегі шеберлік сырлары. 12 тақырып. Радиожурналистика Радиожурналистің жұмыс істеу кезеңдері. Радиохабар, жасалу ерекшеліктері. Сценарий, маңызы. Тікелей эфир. Этика. Сөйлеу мәдениеті. Радиохабардың өзіндік табиғаты. Саз – бейнелеудің тиімді құралы. Радиожурналистиканың тілдік, стильдік ерекшеліктері. Радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндері. Мерзімді басылым, радио, теледидар жанрларының ұқсастықтары мен ерекшеліктері.
Жарнаманың ақпаратты беру құралы ретіндегі қызметі және қоғамдағы рөлі. Эфир жарнамасының ерекшеліктері. Шығармашылық процесс. Жарнамаға қоғамдық сын. тілдік қалыптан ауытқушылықтар. БАҚ және жарнама. Жарнаманың балаларға әсері. Жарнама агенттіктерінің рөлі. Журналистік менеджменттің қалыптасуы мен дамуы. Редакция қызметіндегі экономикалық принциптер. Журналистиканың экономиканың дамуындағы рөлі. Жарнаманы басқару жүйесі. БАҚ және нарық. 3.3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
3.4 Студиялық сабақтардың мазмұны 1 Журналистік шеберлік қырлары 1.1 Журналист шеберлігінің негіздері 1.2 Журналист және кәсіби шеберлік
2.1 Журналист және этика 2.2 Журналистің сөйлеу мәдениеті
3.1 Журналистік зерттеу кезеңдері 3.2 Аудитория және оны зерттеу
4.1 Ақпарат жинаудың әдістері 4.2 Ақпарат және оның қолданылуы 5 Сұхбат
5.1 Сұхбат жанрын қолдану 6 Тақырып 6.1 Тақырып және оныңмаңыздылығы
7.1 Материалды өңдеу 8 Тіл және стиль 8.1 Тілдік, стильдік қолданыстар 8.2 Баспасөз тілі дегеніміз не? 8.3 Ғылыми стиль дегеніміз не? 9 Фотожурналистика 9.1 Фотожурналистика жанрына қойылатын талаптар 9.2 Баспасөздегі фотосуреттің маңызы
10.1 Жарияланымның мазмұны мен түрі 10.2 Әдеби-көркем стильге қойлатын талаптар
11.1 Тележурналистке қойылатын талаптар 11.2 Журналист және компьютерлік технология 12 Радиожурналистика 12.1 Радиожурналистке қойылатын талаптар 12.2 Тікелей эфир 13 Жарнама 13.1 БАҚ және жарнама 13.2 Журналистика және менеджмент 13.3 Жарнама мәтіні, слоган 3.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
Өздік жұмысқа ұсынылатын тақырыптар тізімі
Ұсынылатын әдебиет: 2, 4, 6.
Ұсынылатын әдебиет: 3, 5, 7.
Ұсынылатын әдебиет: 5, 7.
Мамандықтың оқу жұмыс жоспарынан көшірме 5В050400 «Журналистика» Журналистік шеберлік
Қолданылатын әдебиеттер тізімі Негізгі:
Қосымша: 10. Ибраева Г.Ж. Объективный репортаж. 11. БАҚ жаңалықтарының сайттары 12. Европалық интеграция сайтындағы ақпараттар «Журналистік шеберлік» курсының саясаты оқу процесінде студенттердің қатысымын білдіреді, яғни: - сабақтарға қатысу; - талқылау кезінде және топпен жұмыс кезінде белсенді болу; - өз курстастарыңның оқуына ықпал ету. Сабаққа кешікпей келулеріңізді өтінеміз. Сабақ кезінде кез-келген тәртіп бұзушылық аудиориядан шығарып тастауға дейін жазаланады. Сабақты босатулар міндетті түрде қосымша өтелуі тиіс. Қосымша өткен тақырыптар бойынша сабақтар жазбаша түрде, сондай-ақ ауызша ьапсырылады. Сіздердің оқу процесінде қатысқандарын балдық-рейтінтік жүйеге сәйкес бағаланады:
- әрбір апталық рейтинг және аралық бақылау балдары қосылады және студенттің жалпы қорытынды рейтингін құрайды, барынша – 100 балл. Сіздердің дайындықтарын сұрау-сауалдармен тексерілетін болады. Тапсырмалар берілген мерзімде уақытында орындауы тиіс. Сіздердің өздік жұмыс (СӨЖ) шеңберіндегі тапсырмаларға назар аударуларыңызды сұраймын, олар балмен бағаланбағанымен, ауызша тексерілетін болады, бұл тапсырмаларды орындау сіздерге курсты меңгеруге, кәсіби дағдыларды игеруге, кәсіби дүниетанымды кеңетуге көмектесуі керек. Егер сіз белгілі бір себептермен бақылау шараларына қатыса алмасаңыз, сіздің оны келесі сабақтың басында өтуге мүмкіндігіңіз бар, әйтпесе, «0» балл аласыз. 8 семестрдің соңында емтихан. Емтиханда қорытынды бағалар қорытынды рейтинг формуласы бойынша аралық және ағымдағы үлгерім балдарын есептке ала отырып қойлады. жүктеу/скачать 220.45 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |