Құрастырушы: химия пәнінің мұғалімі: Шаматова Г. Ж



Дата03.07.2016
өлшемі130.71 Kb.
#173856


Құрастырушы: химия пәнінің мұғалімі: Шаматова Г.Ж
Жинаққа химия сабақтарында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында зертханада жасалатын қызықты тәжірибелер енгізілген. Оқушыларға базалық курстан таныс химиялық тәжірибелерге қосымша, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру кезінде әр түрлі кештерде қолданылатын тәжірибелер, білімдерін тереңдету мақсатында құрастырылды. Жинақ оқушылармен, мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылады.




Мазмұны.


1.Алғы сөз..............................................................................

2.Қызықты тәжірибелер...................................................

3. Ауыртпай жасалған «операция»………………….....

4. Сиқырлы таяқша............................................................

5.Сіріңкесіз жағылған от……………………..……...…..

6.Суреттегі от………………....………………………....

7.Отсыз түтін…......……………………………………..

8.«Газды» су алу, оны «сүтке» айналдыру…………...…

9.Үстел үстінде атқылаған «вулкан»…………......……

10.Құдайдың суретін жаңарту……….….……………..

11.«Қорғасын тон»…………….……………..………...….

12.Шақпақ қантты қалай жағуға болады?....................

13.Жасыл от………….....…………………………….….

14.Жасанды «Балдырлар»…….………………………..…

15.Көрінбейтін бояу………………………………….…....

16.Сиқырлы сия.……………………………….……….….

17.Судағы сусымалы «Алтын»…………….…………..…

18.Алтын күз алдымызда …………….……………….…


3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20




Алғы сөз
Бүгінгі таңда елімізде ашылып жатқан жаңа типті білім ордалары- Зияткерлік мектептердегі оқыту процесінің басты ерекшелігі оқушылардың білім алуына барлық мүмкіндіктерді жасай отырып, білімдерін өздігінен толықтыру мәселесіне баса көңіл аудару болып табылады. Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында десек,зияткерлік мектептерінде білім алып жатқан оқушылар алған білімін іс жүзінде еркін қолдана білуінен байқалады. Білім жүйесінде химия пәні нақты ғылымдарға жатады,химия пәнінің әрбір сабақтарында теориялық алған білімдерін өмірмен ұштастыру,білімдерін тереңдету,шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсаттарында өз қолымен жасаған тәжірибелер, сарамандық жұмыстардың алаты орны ерекше. Ол оқушылардың логикалық ойлау әркетін дамытумен тікелей байланысты. Өйткені белгілі бір «сиқырлы құпиясы» бар, «ғажайыптар» жасау – химия ғылымын өмірмен байланыстыратын тамаша әдіс. Қызықты тәжірибелер жасау арқылы оқушының ойлау, есте сақтау, өз ойын еркін жеткізе алу, ғылым білімге деген ынтасы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды, дүниетанымы кеңейеді. Әрбір өз қолымен істелген тәжірибелік жұмыстар оқушылар бойында белгілі бір икемділік, іскерлік дағды қалыптастыру білім мен білік, іс -әрекет дағдыларын тығыз қалыптастыра отырып, есте сақтау, тез ойлау, дұрыс жауап беру, өз пікірін айту, дәлелдей алу әрекеттері күшейіп, ой-өрісі шыңдала түседі

Ұсынылып отырған «химия ғажайыптары» жинағы қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсету арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,іскерлік дағдыларын қалыптастыруға,өз бетімен жұмыс жасау шеберліктерін дамытуға, ұқыптылықпен тиянақтылыққа тәрбиелейді және сыныптан тыс сабақтар мен әртүрлі кештерді ұйымдастыру барысында қолдануға болады.
Қызықты тәжірибелерді көрнекті көрсету.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, дүниетанымдық көзқарастарын дамыту үшін әр түрлі тақырыптардан өткізілетін кештер, үйірмелер, топсеруендер жарыстар, т.б. жұмыстар кең түрде жүргізіліп келеді. Оқушылармен өткізілетін химиялық кештердің бір бөлімі қызықты тәжірибелерді көрнекті көрсетуге арналады. Көпшілік жағдайда өтілетін кештің мақсатына сәйкес, қызықты тәжірибелерге түрліше түсініктеме беруді көздейді. Кейде Христиан дінін уағыздаушылар суды сүтке айналдыруды көрсетіп, қарапайым халықты таңдандыратын болған, «Суды шарапқа, шарапты сүтке айналдыру» жөнінде мынадай аңыз жызылыпты-мыс. Бір тойда қонақтарға шарап жетпей қалады да, сонда тойда отырған Айса (Христос) бес ыдысқа толтыра су құйып, оны дереу шарапқа айналдырыпты-мыс. Бұл аңыздың жалған екендігін онда ешқандай «кереметтің» жоқтығын әшкерлеу үшін сілті мен фенолфталейннің, күкірт қышқылы мен барий сульфатының арасындағы реакцияларды пайдалануға болады.

Діндарлар пышақ кескеннен болған жарақатты «қасиетті» сумен жуып, тез жазуға болады-мыс – деп калий цианиді мен темір (ІІІ) хлориді арасындағы тәжірибелерді пайдаланып, сендірмек болады.

Христиандық діни кітаптарда өзінен-өзі пайда болатын құпия жазулар арқылы «Құдайдың» болашақтағы ерекше оқиғаларды алдын-ала адамдарға білдіретіндігі туралы аңыздар айтылады.Әрине, ондай «құпия» жазуларды христиандық діни қызметкерлердің өздері алдын-ала даярлайды. Ондай тжірибелерді әр түрлі нұсқада орындауға болады, мәселен ақ қағазға фенолфталейннің ерітіндісімен жазып, 25 проценттік аммиак ерітіндісін бүркеді. Аммиак тез буланып, жазу қайтадан түссізденеді - өшеді. Аммиак ерітіндісін қайта бүркіп тәжірибені сан рет қайталауға болады.

Қызықты химиялық тәжірибелерден өз алдына танымдық кеш ұйымдастыруға болады. Егер кеш баяндамасыз өткізілсе, жүргізушінің кіріспе сөзінен кейін қызықты тәжірибелерді бірден көрнекті көрсетуге кірісу керек. Онда әрбір тәжірибеге бір оқушыдан немесе бір тәжірибеге екі оқушыдан бөлінеді, әрбір оқушы өзі жасайтын тәжірибені бірнеше рет жасап дағдыланады. Тәжірибені әр түрлі қызықты әңгімелермен байланыстыра көрсету өте тиімді. Қызықты тәжірибелерді «кілтін» немесе мәнін бірден айтудан гөрі оқушылардың өздерін ойландырып айтқызған дұрыс. Тәжірибе жасайтын оқушыларды таңдап алудың да өзіндік ерекшеліг бар. Тәжірибе жасайтын оқушы өзінің сөзімен, іс-қимылымен оқушыларды шын мәнінде «сиқыршы» тәрізді тартатындай болуға тиіс. Сондай тәжірибелердің кейбіреуі беріліп отыр.




1. Ауыртпай жасалған «операция»
Үстінде ақ халат киген оқушы қыз тәжірибе үстелінің жанына келіп, балаларға қарап: «Қазір мен сіздерге адамның денесін ауыртпай операция жасауды көрсетпекпін. Операцияның жасалауы да, жазылуы да тез. Бір батылдаудың, осында келуіңді сұраймын» - деп, шақырады. Жанына келген оқушының білегіне «спирт» жағады да, операция пышағын дезинфекциялағыш сұйықтан алып, оның білегін ары-бері кескен болады (оны пышақтың сыртымен жасайды) қолдан «қан» шығарады. Артынан қолдың «қанын» тазалаған болып, суланған таза шүберекпен сүртеді, қолы жазылады, «қаны» тазарады. Бұл қызықты «операция» отырғандарды таңқалдырады. Бұдан кейін оқушы өзі жасаған «операцияның» жасырын сырын айтады: «Мен оқушыныңбілегін спиртпен тазалаған болып, оған 5 проценттік темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін жақтым да, калий роданидінің ерітіндісіне батырылған операция пышағын алып, пышақтың сыртымен оның қолын кескен болдым. Сонда оқушының білегінде темір хлориді мен калий роданиді әрекеттесіп, қан тәрізді темір роданидін түзеді». Ол реакцияның теңдеуін былай жазуға болады:





2.Сиқырлы таяқша

- Балалар, дейді жүргізуші қолындағы таяқшаны оқушыларға көрсетіп – мынау кварц шынысынан жасалған таяқша. Осының талай ғажап сырлары бар, көргілерің келе ме? Бұл таяқша спиртшамды жандырып, тіпті қатты заттарды да, мақтаны, қағазды да жаға алады.

Бұдан кейін ол таяқшаны спиртшамның білтесіне тигізгенде, шам тұтанып кетеді. Содан соң ол екі фарфор тостағаншадағы тұрған қатты заттарды жағар алдында таяқшаны жуып тазартамын – деп, жанында тұрған стақандағы сұйыққа батырады. Енді таяқшаны фарфор тостағаншадағы қатты заттарға тигізгенде, олар әр түрлі жалынмен жанады.

Ал, балалар, осы таяқшаның ғажап сырын кім айта алады? – деп тырғандардан сұрайды. Жауап беретін ешкім болмаса, өзі түсіндіреді.

Спиртшамды жағу кезінде – таяқша марганец қышқылы калийдің күкірт қышқылымен «қоспасына» батырылып, білтеге тигізеді. Ал қатты заттарды жағу кезінде таяқша концентрациялы күкірт қышқылына батырылып, тостағаншадағы заттарға тигізіледі. Фарфор тостағаншалардың бірінде бертолле тұзы мен қант қоспасына себілген стронций тұзының кристалдары бар, ал екінші тостағаншада бертолле тұзы мен қанттың ұнтағына барий тұзы салынады. Бұлар концентрациялы күкірт қышқылына батырылған таяқшаны тигізгенде екі түрлі жалын шығарып жанады. Ол атомдық оттегі өте күшті тотықтырғыш зат.

Ерітіндіге малынған таяқшаны қағазға, мақтаға тигізсе, олар да жанды.


3. Сіріңкесіз жағылған от.

Бұл тәжірибе – ілгеріде сиқырлы таяқшамен жағылған оттың, екінші нұсқасы. Кішкене әйнек үстіне шамалы калий перманганатын салады да, оның үстіне бірнеше тамшы концентрациялы күкірт қышқылын тамызады. Бұл қоспаны темір қаңылтырға салады. Осы қоспаның айналасына ағаш жаңқаларын, от жағатындай ошақ жасап үйеді, бірақ ағаш жаңқалары қоспаға тимейтіндей болуы тиіс. Одан кейін бір түйір мақтаға спирт сіңіреді де, саусақтың арасына қысып қояды, ол басқаларға байқалмайтындай болуға тиіс. Қажетті кезінде ошақтың үстіне жақындатып мақтаны қысып қалады, ол қоспаға тиген бетте от алып, ағаш жана бастайды. Оттың жануы себебі спирттің де қуатты тотығуынан болады.






4. Суреттегі от
Сурет салатын ақ қағазға калий селитрасының концентрациялы ерітіндісімен қылқалам арқылы сурет салынады. Бірақ суреттің ізі үзілмеуге тиіс.

Сурет салынған сызық қағаздың шетіне шығып, аяқталады, сол жерін қарындашпен белгілеп қою керек. Селитраның ерітіндісі кепкен кезде қағаз бетіне ешбір із байқалмайды. Тәжірибені көрсететін кезде қарындашпен белгіленген қағаз шетіне ағаш шоғын тигізеді. Осы кезде салынған суреттің кескіні бойымен қуалаған от суретті салып шығады. Бұл калий селитрасының айырылуына негізделген:




5. Отсыз түтін

Тәжірибені жүргізуші: халық «отсыз түтін жоқ, бұлтсыз жауын жоқ» - дейді. Міне, осы мақалды химия жоққа шығарады. Қараңдар, мен қазір отсыз түтін шығарамын – деп, екі таяқшаны біріне-бірін жақындатады. Сонда бұдақтаған қою ақ «түтін» пайда болады. Содан кейін түтін шығу себебін сұрайды айтушылар болмаса өзі түсіндіреді.

Мүсәтір спиртіне батырылған таяқшаны концентрациялы тұз қышқылына батырылған таяқшаға жақындатып тигізгенде бұдақтаған ақ түтін түзіледі. Онда мынандай химиялық реакция жүреді:

бұдақтаған ақ түтін – аммоний хлоридінің майда түйіршіктері. Бұл тәжірибені цилиндрлерде де жасауға болады не екі ерітіндіге батырылған мақталарда тиістіру арқылы түтін түзілетінін көрсетуге болады. Бұл тәжірибені жасаудың басқа әр түрлі нұсқалары бар.



6. «Газды» су алу, оны «сүтке» айналдыру
Кешті басқарушы оқушыларға қарап – «Мен сіздерге «Сиропты-газды су» алып, оны лезде сүтке айналдырудың жолдарымен таныстырамын» - дейді де, химиялық ыдыстарды реттей бастайды. Үстел үстінде тұрған химиялық үш «таза» стақанды төңкеріп, олардың ішінде еш нәрсе жоқ екенін көрсетеді. Содан соң бірінші стақанға «су» құйғанда ол кезде «сиропты суға» айналады да, осы «сиропты суды» екінші стақанға құйғанда ол түссізденеді. Бұдан кейін оны оқушыларға көрсетіп үшінші стақанға құяды. Жаңағы түссіз суағарып, сүтке айналады. Осықұбылыстарды оқушылардан сұрайды, егер олар білмесе теңдеуін жазып, өз шешеді.


7. Үстел үстінде атқылаған «вулкан»
Кешті жүргізуші:

- Балалар, сендерге вулканның атқылауы жөніндегі мәліметтер география сабағынан белгілі. Сол вулканды үстел үстінде атқылатуға бізде мүмкіндік бар. Қарсылық болмаса, біз шамды сөндіреміз, өйткені вулканның атқылауы қараңғыда жақсы көрінеді, ешқандай шу болмасын! – дейді. Кешті жүргізуші штативке бекітілген асбест торының үстіндегі қос хром қышқылы аммоний тұзына сіріңке тигізеді. Сонда одан жан-жаққа, жасыл түсті жалын шығара ұшқын атып, дыбыс шығарған вулкан атқылағандай әсері бар құбылыс байқалады. Алынған зат көлемін әлде неше өсіріп жасыл түсті күлге айналады. Сонда мынандай химиялық реакция жүреді.




Бұл тәжірибені тау макетінің үстіне жасаса әлде қайда әсерлі болады. Қос хром қышқылы аммоний тұзын тұтандырардан бұрын бір-екі тамшы спирт тамызып қойған жөн. Ол қосхром қышқыл аммоний тұзының тез тұтанып, бірден айрылуына мүмкіндік береді.




8. Құдайдың суретін жаңарту
Ертедегі көптеген картиналар, суреттер майлы бояулармен салынған. Бұл бояулардың құрамында қорғасынның кейбір қосылыстары болады. Мысалы, қорғасын дигидрокарбонаты қорғасын ағы деп те аталады. Бұл қосылыс ауада болатын күнделікті әр түрлі әрекеттердің нәтижесінде түзілетін күкіртсутектің әсерінен қара түсті қорғасын сульфидіне айналады. Соның әсерінен картиналардың беті күңгірттенеді.

Картинаны қалпына келтіру үшін оныңбетін тотықтандырғыштардың бірімен, мысалы, сутегінің пероксидімен өңдеу керек. Сонда картина жаңарып шығады.



Қазір қорғасын ағының улы екені ескеріліп, оныңмайлы бояулары аз қолданылады.





9. «Қорғасын тон»
- Металдардың активтік қатарына сәйкес, аса активті метал, активтігі нашар металдарды өз тұздарының ерітіндісінен ығыстырып шығарады. Мысалы, мырыш – қорғасынды, ал темір – мысты тұз ерітіндісінен ығыстырып шығарады, мыс – сынапты өз тұздарының ерітіндісінен ығыстырып шығарады.

Егер темірден жасалған қуыршақты мыс тұзының ерітіндісіне батырса, ол мыспен қапталады. Мырыштан жасалған қуыршақты қорғасын тұзының ерітіндісіне батырса, қара тон кигеней сырты қорғасынға қапталады. Немесе мырыштан жасалған бұтақталған «талды» қорғасын тұзының ерітіндісіне батырса «Сатурн ағашы» түзіледі. Осытәжірибелерді қызықты химиялық кештерде жасап көрсетуге болады. Бұл тәжірибелердің құпиясын оқушылар реакция теңдеулерін жазып, өздері де түсіндіре алады.








10. Шақпақ қантты қалай жағуға болады?
Егер бір түйір шақпақ қантты спиртшамның жалынына ұстатса, ол балқып көмірленіп күйе бастайды, бірақ жанбайды. Ал қант балқыған кезде үстіне темекі күлінен сәл сеуіп жіберсе, қант от алып, әдемі көкшіл жалынмен дыбыс шығарып жана бастайды. Оның құпиясы мынада: «Темекі күлінде шамалы литий тұзы болады, ол қанттың тотығуын тездетіп жандырады, яғни катализатор рөлін атқарады».

Темекі күлінің орнына литий тұзының кисталын не мыс (ІІ) оксидін де алуға болады.






11. Жасыл от
Бұл тәжірибені жасау үшін аса көп химиялық жабдықтың қажеті жоқ. Сыйымдылығы 100-150 мл колбаны таңдап алып, оның аузына 25-30 см шыны түтік кигізілген тығынмен бекітеді. Колбаға 40-50 мл шамасындай метил спиртін құйып, (этил спирті болса да жарайды) оған кәдімгі бор қышқылының 3-4 грамын салады а, шақап араластырып, үстіне бірнеше тамшы концентрациялы күкірт қышқылын тамызады, күкірт қышқылы бұл жеде катализатордың рөлін атқарады. Колбаны темір штативке бекітіп, сонан соң колбадағы қоспаны спиртшаммен жайлап қыздырады да, қайнатады, түтік арқылы сыртқа шыққан буды жағады. Түтік ұшында ұзындығы 15-20 см жасыл от пайда болады. Колбадағы сұйықтық неғұрлым қайнатқан сайын, жалын ұзындығы арта түседі. Осытәжірибенің химиялық теңдеуін жазып, түсіндіреді. Бұл түзілген борметил эфирі, ол жанғанда жану өнімі ретінде бар оксиді, көмір оксиді, сутегі оксиді түзіледі.


Реакция теңдеулері екі түрлі жазылғанымен мәні бірдей.



12. Жасанды «Балдырлар»
Алты цилиндрді немесе пробирканы 50 проценттік натрий силикатының (сұйық шынының) ерітіндісіне толтырады. Оның біріншісіне темір (ІІІ) хлоридінің бірнеше түйірін салады, ал екіншісіне мыс(ІІ) хлоридінің, үшіншісіне – кобальт хлоридінің, төртіншісіне – никель (ІІ) хлоридінің, бесіншісіне марганец (ІІ) хлоридінің, ал алтыншысына – алюминий (ІІ) хлоридінің кристалдарын салады. Біраз уақыттан кейін цилиндрлерде әр түрлі бояуы әсем «балдырлар» өсе бастайды. Темір тұзы салынған цилиндрде қоңыр «балдыр», кобальт тұзында – көкшіл, алюминий тұзында – түссіз «балдыр», т.т. өседі. Неліктен бұлай болады? Натрий силикатына салынған тұз түйіршіктер онымен әрекеттесіп, қосылыс түзеді, ол қосылысжұқа қабықшамен қапталады, диффузияның әсерінен, оның ішіне енген су қысымның әсерінен жұқа қабықша кеңейіп жарылады. Оның тесігінен тұз ерітіндісі еніп, айналасындағы ерітіндіні қайтадан жұқа қабықша жабады, одан кейін жұқа қабықша қайта жарылып, оған тұз ерітіндісі қайта еніп, бұтақталған «балдырлар» өсе береді. Осындай жолмен біртұтас «орман» өсіруге болады. Ол үшін үлкен шыны сауатты 50 проценттік натрий силикатының ерітіндісіне толтырып, оған көрсетілген тұздардың түйіршіктерін бірінен соң бірін кезегімен салады.




13. Көрінбейтін бояу
Фенолфталейннің 1 проценттік ерітіндісіне батырып, қаламұш не қылқаламмен ақ қағазға бір сөз жазады. Спирт буланып кетеді де, жазу бар екені байқалмайды. Тәжірибені жасайтын уақытта қағазға бүріккіш арқылы соданың ерітіндісі бүркіледі, сонда қызғылт түсті жазу пайда болады. Оған екінші бір бүріккішпен қышқыл ерітіндісі (тұз қышқылы, сірке қышқылы) бүркілсе, жазулар қайтадан жойылып кетеді. Осылай бірнеше рет жазуды жазып немесе өшіргуе болады. Бұл құбылыс фенолфталейннің қышқыл және сілті орталарда өзінің түсін өзгертуіне байланысты. Фенолфталейннің орнына пурген ерітіндісін, пайдалануға да болады, ол дәріханаларда сатылады. Пурген – фенолфталейн мен қанттың қоспасы. Қағазға сөздің орнына сурет салуға да болады.



14. Сиқырлы сия
Химиялық стақанға құйылған 30-50 мл суға бірнеше тамшы калий иодиді мен иодтың ерітіндісі, оның үстіне бірнеше тамшы тұз қышқылының ерітіндісі тамызылады да, оған шамалы крахмал ерітіндісі құйылады. Лезде ерітінді көк сия түстенеді. Егер стақандағы ерітіндіні қыздырса, түсі жойылады, салқындатса қайтадан көк түске боялады. Осылай сан рет қайталауға болады. Ерітіндінің қыздырудан түсінің жойылуы крахмалдың иодпен қосылысының күрделі құрылысына байланысты, қыздырудан жойылып, салқындаудан қайтақалпына келуіне негізделген.



15. Судағы сусымалы «Алтын»
Екі колба алып, біріне 25 мл 20 проценттік сірке қышқыл қорғасын тұзының ерітіндісі, ал екіншісіне 50 мл 5 проценттік калий иодидінің ерітіндісі құйылады. Ерітінділерді қайнау шегіне дейін жеткізіп, екі ерітіндіні біріне-бірін құйып, салқындатады. 5-10минуттан кейін жапырақ тәрізді қорғасын иодиді тұнбаға түседі, сыртқы түрі алтынға ұқсайды. Одан кейін ерітінділер қоспасын қайтадан қыздырғанда, «Алтын» жойылып кетеді де, мөлдір ерітінді пайда болады, иодты қорғасын қыздырудан ерітіндіге өтеді. Салқындатқанда қайтадан алтын тәрізді үлпілдек тұнба пайда болады.

16. Алтын күз алдымызда
Екі приборканы алып, біріншісіне 125 г қорғасын ниратын 100 мл ыстық суға ерітеді де, екіншісіне бірнеше түйір аммоний бихроматының кристалдарын салады. Бірінші приборкадағы ерітінді салқындағаннан кейін аммоний бихроматына құяды. Біраздан кейін аммоний бихроматы түйірлер мен қорғасын нитраты молекулалардың әрекеттесуі басталады. Нәтижесінде ине тәрізді қорғасын бихроматы түзіледі. Түйірлер біртіндеп өсе келе күзгі жапырағынан айырылған ағаш бұтағын елестетеді. Егер ерітіндіні осылай біраз күнге қалдырса «ағаш» орманы бүкіл приборканың ішінде пайда болады:




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет