ҚҰрастырушылар: Мусатаева Г. Т., Конуспаева А. Т. Компьютерлік жүйелер интерфейстері: 5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы. Алматы: аэжБУ, 2013



бет1/18
Дата19.01.2024
өлшемі193.65 Kb.
#489439
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
стандартты және арнайы интерфейстер


Коммерциялық емес акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Компьютерлік технологиялар кафедрасы
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР ИНТЕРФЕЙСТЕРІ
5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін
дәрістер жинағы
Алматы 2013
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Мусатаева Г. Т., Конуспаева А. Т. Компьютерлік жүйелер интерфейстері: 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы. – Алматы: АЭжБУ, 2013. – 52 б.
Дәрістер жинағы бағдарламалаудың тәжірибелік сұрақтарын қарастырып оқып жүрген 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттеріне арналған.
Кестелер - 4, әдебиеттер тізімі -16 атау.
Пікір беруші: аға оқытушы Адилгажинова С.А.
“Алматы энергетика және байланыс университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 жылғы баспа жоспары бойынша басылады.
© “Алматы энергетика және байланыс университеті” КЕАҚ, 2013 ж.

1 дәріс. Адам-оператор мен компьютерлік жүйе арасындағы қарым-қатынасты іске асыратын пайдаланушылық, бағдарламалы-аппараттық интерфейстерді жобалау мен таңдау сұрақтары
Дәріс мақсаты: компьютерлік жүйе интерфейстерінің кешені туралы ұғымдар (ақпарат). Интерфейстердің анықтамасы. Интерфейстер өзектілігі. Компьютерлік жүйе интерфейстерінің өзара байланыстарын қарастыру.
Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен бағдарламалық қосымшаның өзара қарым-қатынас интерфейстерінің рөлі зор. Жалпы алғанда, интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әртүрлі салаларында қолданылады.
Аталмыш курста қарастырылатын негізгі мәселе - пайдаланушылық интерфейстер және олардың қосымша деңгейінің бағдарламалы-аппараттық интерфейстері арасындағы байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық тек есептеу техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономистердің, психологтердің, социологтердің және графикалық жүйелерді жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйелердегі көптеген қолданбалы есептерді шешу үшін интерфейсті таңдау мен (немесе) құрастырудағы мәселелерді толығымен, жан-жақты қарастыру қажет.
Пайдаланушылық және бағдарламалы-аппараттық интерфейстерді құру технологиялары кешенді түрде қарастырылуы тиіс.
Соңғы жылдары адам-компьютер жүйесінде интерфейсті ұйымдастыру айтарлықтай дамып, логикалық аяқталуына келді. Интерфейсті жалпылама құрылым түріндегі функциясы бар бірнеше бөлікке бөлуге болады. Мұндай интерпретация әр құрылымның құрылысын түсіндіреді және оларды қолдану қағидаларын негіздеуге мүмкіндік береді. Мысалға, интерактивті Web-қосымшаларды жобалауда, жасаушыларға бірнеше интерфейстерді таңдауға тура келеді:
- пайдаланушының клиенттік бағдарламамен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі;
- клиенттік машина мен сервер машина арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейс;
- сервердің шеттік бағдарламамен немесе басқа сервермен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі.
Мысалға, WEB-қосымшаны құрған кезде, бірінші интерфейс WUI (Web user interface) компонентін таңдау және негіздеумен іске асырылады. Ал екіншісі серверге сұраныс жіберу әдісін таңдаумен, үшіншісі CGI-ді (Common Gateway interface) пайдаланумен немесе SQL-сұраныстарды қолданумен іске асырылады.
Компьютерлік жүйелер интерфейсі түсініктемесінің бірнеше анықтамасы бар, солардың бірнешеуін айтайық. Қатынас интерфейсі қандай да бір есептерді шығару үшін, адам мен ЭЕМ арасында сенімді қатынасты қамтамасыз ететін, аппаратты-бағдарламалық, ақпаратты көрсету құрылғылардың және ақпарат алмасу хаттамаларының жиынтығы арқылы да анықталады. Компьютердің аппараттық интерфейсі ретінде ДК-дің кез келген периферийлік құрылғысының әртүрлі сипаттамалар жинағын түсінеміз. Ол олардың арасында және орталық үдерісор арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастырады. Олар электрлік және уақыттық параметрлер, басқару сигналдар жинағы, деректер алмасу хаттамасы және қосылудың конструктивті артықшылықтары.
Осылайша, қосымшамен жұмыс істеп отырған пайдаланушы немен түйіседі, ол оның интерфейсі. Ойланбай жасалған интерфейс оның артықшылықтарын жоққа шығаруы мүмкін. Айтылғандардың барлығы жергілікті қосымшалар мен пайдаланушының тораптағы жұмысын қамтамасыз ететін қосымшаларға да қатысты. Интерфейс мәселесінің маңыздылығы жөнінде келесі фактілерді айтуға болады. Американың Ұлттық Стандарттар Институтында (ANSI) осы бағыт бойынша арнайы кеңесшілер тобы – Адам–Компьютер интерфейсінің стандарттары бойынша комитеті (The Human-Computer Interface Standard Committee) бар. Мұндай ұйымдар тек АҚШ-та ғана емес, басқа да елдерде де бар. Сонымен қатар осы бағытта жұмыс істейтін Халықаралық зерттеу топтары да бар, мысалы, телеграфия мен телефония бойынша халықаралық кеңес беру комитеті (International Telegraph and Telephone Consultation Committee). Олар өз кезегінде интерфейстің интерактивті элементтерінің ерекшеліктерін зерттейді.
Осы ұйымдардың немесе жұмыс тобының көбімен кезінде пайдаланушылық интерфейстер стандарттары бойынша құжаттарының жобалары дайындалған және оларды жобалау мен іске асыру қағидалары бар.
Есептеу техникасын басқару жүйелерінде, ұйымдастыру, басқару мен конструктрлық қызметте, оқу үдерістерінде және ғылыми зерттеулерде пайдалану, компьютермен жұмыс істеуге адамзат қызметінің әртүрлі салаларындағы мамандарды іске тартады. Пайдаланушылардың дайындығы мен біліктілігі әртүрлі болуы, ЭЕМ-нің дәрежесін арттыруды, олармен жұмыс істеуді жеңілдетуді және ЭЕМ-сын интеллектуалдауды талап етеді. Интеллектуалдауда адам мен есептеу жүйесі (ЕЖ) арасында интерфейсті жасау ерекше орын алады. Ол өз кезегінде дайындығы жоқ пайдаланушы мен компьютер арасындағы қатынасты қамтамасыз етуі тиіс.
“Адам-компьютер” интерфейсін ұйымдастыру кезінде негізгі 2 есепті қарастыру қажет:
- ақпаратты енгізу мен көрсетудің тиімді түрлерін құратын енгізу-шығаруды ұйымдастыру;
- сұхбаттың мәндік мазмұнын арттыратын және ресми емес қатынас рәсімдерін қолдайтын бағдарламалық қамтаманы құру.
ЭЕМ-да шығарылатын кең ауқымды есептер, интерфейсті құру проблемасы компьютерлік жүйенің қай облыста қолданылуына байланысты болады. Ұшқыш пен борттық ЭЕМ арасындағы қатынас, оқушы мен оқыту жүйесі арасындағы қатынастан өзгеше ұйымдастырылуы қажет екендігі түсінікті.
Соның салдарынан, адам-машина жүйесінің есептерін құру мен ондағы қатынасты ұйымдастыру түрлі дәрежедегі пайдаланушыларды тану болып табылады. Осы есептің шешуі - пайдаланушы-оператордың қызметін құрылымдауға және кез келген адам-машиналық жүйені жобалау кезінде міндетті түрде қарастырылуы тиіс психофизиологиялық сипаттамаларды есепке алуға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат компьютерлік жүйелерді құру кезіндегі пәндік облысты жобалау алдындағы сараптауға негізделген. Бұл сараптаудың мақсаты адам мен ЭЕМ арасында қызметтерді бөлу және аппараттық пен бағдарламалық қамтама талаптарын біркелкі ету.
Осы күнде адам мен компьютерлік жүйе қатынасын ұйымдастыруда кең ауқымды бағдарламалық және аппараттық құрылымдар бар. Қарым-қатынастың салттық түрінен басқа тілдік сұхбат пен қарапайым тілдегі сұхбаттар жүйесі құрастырылуда. Осыны ескере отырып, басқа да негізгі мәселелердің бірі - қолданбалы бағдарламаларда адам мен ЭЕМ арасындағы қатынасты жобалау үдерістерін ұйымдастыру болып табылады. Қолданбалы интерфейсті құру сұрақтарында инженерлік психология негізгі орын алады.
Инженерлік психология – адам мен техника арасындағы ақпараттық өзара қатынас үдерістерінің нысанивті заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пән. Оларды “адам-машина” жүйесін (АМЖ) жобалауда, құруда және іске асыруда пайдаланылады. 
Инженерлік психологияның негізгі міндеттері:
- АМЖ-де адамның қызметін және орнын сараптау.
- Оператордың қызмет құрылымын және жіктелімін зерттеу.
- Басқарушы әсерлерді іске асыруда және шешімдер қабылдау кезінде ақпаратты өңдеу үдерістерін зерттеу.
- Оператордың жұмыс орнын ұйымдастыру қағидаларын құру.
- АМЖ тиімділігіне психологиялық факторлардың әсерін зерттеу.
- Адамның техникалық жүйелермен ақпараттық өзара қатынасын ықшамдау.
- Операторларды кәсіби дайындаудың әдістері мен қағидатерін құру.
- Инженерлік-психологиялық жобалау теориясын құру және оны АМЖ құру барысында пайдалану.
Адам-оператордың ақпаратты басқару мен өңдеудегі жалпы сұлбасындағы рөлі мен орнын қарастырайық. Оператордың рөлі әртүрлі көздерден түскен ақпаратты қабылдап және оған баға беріп, соңынан шешім қабылдап, оның орындалуына командаларды қалыптастыру және іске асыру болып табылады. Оператордың жұмысына бақыланатын үдерістің жағдайы туралы ақпараттан басқа, жоғарғы деңгейдегі ішкі жүйе жетекшілері мен операторларын нұсқаулары әсер етеді. Жоғарғы деңгейдегі операторлар автоматты басқару жүйелерімен бірге, басқару әсерлерін іске асыру кезінде басқару үдерісіне араласа алады. Операторлар айтылған функциялардан басқа басқару жүйесінің жағдайын да басқара алады. Адамның техникалық құрылғылармен өзара қатынасы кезінде, оператор қабылданып және сарапталған ақпараттың негізінде басқару бойынша қажетті шешім қабылдайды. Шешім қабылдау рәсімдері ақпаратты қабылдау мен өңдеудің барлық деңгейлерінде орталық болып табылады. Шешім қабылданғаннан кейін адам-оператордан басқарушы әсер келіп түседі, өз кезегінде ол түрлендіру жолдарымен басқару жүйесіне келіп түседі.
Бақылау сұрақтары:
1) Аталмыш курста қандай интерфейстер қарастырылады?
2) Әртүрлі деңгейлердегі интерфейстер қалай ерекшелінеді?
3) Компьютерлік жүйелердің интерфейстерінің анықтамалары қандай?
4) Пайдаланушы интерфейстер мәселелерімен қандай ұйымдар айналысады?
2 дәріс. Адам мен есептеуіш орта арасындағы қарым-қатынас интерфейсін инженерлік-психологиялық жобалаудың мақсаты мен міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет