"100 нақты қадам" бағдарламасы



Дата20.05.2023
өлшемі14.83 Kb.
#474027
түріБағдарламасы
100 нақты қадам


“100 нақты қадам” бағдарламасы.
Қоғамдық-саяси жағдай өткенді шолып қарасақ та, қазіргі таңда да қоғамның дамуына әлеуметтік-экономикалық фактордың әсер ету заңдылығын негіздейді.
Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында ұсынған «100 нақты қадам» бағдарламасы – бұл Қазақстанның әлемдегі ең дамыған отыз мемлекет қатарына кіру жолындағы сенімді қадамдары, қазақстандық қоғамды өркениетті дамытуға, адам мәселелерін шешуге бағытталған әрі жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап ретінде ұсынылатын мемлекетті жаңғыртудың кешенді бағдарламасы.
Бүгінгі күні мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси негіздерін қарқынды дамытуға арналған кең ауқымды іс-шаралар жүргізіліп келеді. 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам Қазақстанның юарлық салада ұзақ мерзімді өркендеуіне әкеледі.
5 институционалдық реформа:
І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ(1-15)
II. ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ(16-34)
ІІІ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ(36-84)
IV. БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК(85-90)
V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ(91-100)


Ұлт жоспарын тиімді жүзеге асыру мемлекеттік органдардың, сараптама қауымдастығының және азаматтық сектордың белсенді өзара қарымқатынасқа түсуін талап етеді.
Бағдарламалар – бұл мемлекеттік шешімдер өмірге келтірудегі негізгі тәсілдердің бірі. «Бағдарлама» сөзі «мақсаттар ағашы» ретінде реттелген, шаруашылықты дамытудағы бір немесе бірнеше мақсаттар мен мүдделерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар кешені дегенді білдіреді».


«Ұлт жоспарының негізін құрайтын 100 қадам, бірінші кезекте, мемлекеттік құрылыс процесін нығайту деген сөз. Ұлт жоспарының ерекшелігі – оның тарихи маңызды кезеңде, мемлекет эволюциясының сапалы тұрғыда жаңа кезеңде қабылдануы. Қазақстандық қоғамның сенімі мен әлеуеті 100 қадамды сәтті жүзеге асырудың екінші құраушысы болып табылады, ол белсенді әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер 18 үшін жасалған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет