Рецензия-рейтинг



бет1/17
Дата03.01.2022
өлшемі0.81 Mb.
#451599
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
dip -zhas-gimnast-qyzdardyn-iilgishtigi-men-koordinacijalyq-qozgalystyn-damytu-adistemesinin-negizderi-2015-78



Жас гимнаст қыздардың иілгіштігі мен координациялық қозғалыстың дамыту әдістемесінің негіздері

МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ


1. ЖАС ГИМНАС ҚЫЗДАРДЫҢ ИІЛГІШТІГІ МЕН КООРДИНАЦИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ.

1.1. Жас гимнас қыздардың иілгіштігін дамыту.

1.2. Жас гимнас қыздардың координациялық қозғалысты дамыту.

1.3. Гимнастиканы мектеп оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.

1.4. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері.
2. ГИМНАС ҚЫЗДАРДЫҢ ИІЛГІШТІГІ МЕН КООРДИНАЦИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

2.1. Жас гимнасшыларды үйретудің түрлерінің әдістемелік ерекшеліктері.

2.2. Жас гимнасшылардың жаттығуы жүгіру әдістері.

2.3. Жас гимнасшылардың жаттығуы түрлерін өткізу мен шынығулары.


3. ГИМНАС ҚЫЗДАРДЫҢ ИІЛГІШТІГІН ДАМЫТУ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ.

3.1. Жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыруы.

3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.

3.3. Қыздардың иілгіштігін дамыту дене тәрбиесі мамандарының еңбегі.

3.4. Спорт мектептеріндегі дене тәрбиесі жұмыстарын бақылау және есепке алу.
ҚОРЫТЫНДЫ.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.



КIРIСПЕ
Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын,  адам  денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Гимнасшылардың халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше.

Көркем гимнастика – спорттың бір түрі; музыка сазымен арнаулы затпен (лента, доп, шеңбер, т.б.) немесе затсыз гимнастикалық жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жарыс. Көркем гимнастика шұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді. Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым келеді. Көркем гимнастикадан дүниежүзілік чемпионат 1963 жылдан бері өтіп келеді . Олимпиялық ойындар бағдарламасында 1984 жылдан бар. 

Қазақстанда 1947 ж. Алматы дене тәрбиесі интернатында көркем гимнастика секциясы ашылды. 1949 ж. гимнасшы-қыздар арасында тұңғыш республикалық жарыс өтті. Қазақстандағы көркем гимнастика спортын ұйымдастырып, дамытуда Л.Каспарова, Э.Волкова, К.Морозова, К.Степанова, Э.Осадчая, Л.Дягилева, т.б. спортшылар мен жаттықтырушылар көп еңбек сіңірді.

Көркем гимнастикадан А.Батырбекова, С.Рахметова, С.Барлыбаева сияқты қазақ қыздары 1960 – 70-жылдары республиканың бірнеше дүркін чемпионы болып, халықар. жарыстарға қатысты. 1991 ж. республика тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда павлодарлық Ә.Мұстафина, алматылық З.Жақыпова, шымкенттік Ә.Юсупова, т.б. гимнасшы қыздар бірнеше дүркін Азияның чемпионы, халықаралық турнирлердіңжеңімпазы, жүлдегері болды.

Павлодарлық Майя Сүлейменова қазақ қыздары арасында алғаш Халықаралық дәрежедегі төреші атанып, дүниежүзілік чемпионатқа қазылық етті (Вена, 1995; Будапешт, 1996), екі рет Азия чемпионатына төреші болды (1994, 1996 ж.), Көркем гимнастика  Шымкент,  Алматы,  Павлодар, Астана, Өскемен, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау қалаларында жақсы дамыған.

Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ – 1-нің аяқталуы 2-нің басталуына ұласып кетеді. Дайындық кезең. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары: баланың түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы логопедиялық міндеттерге артикуляциялық дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату жатады. Артикуляциялық дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады.

Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады.

Мысалы: «Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. «Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек. «Төбешік» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау. «Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек. «Ожау» – ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек. «Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек. «Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау. «Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек. «Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/. «Тоқылдақ» – ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек. «Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.

Фонемаларды дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру қою кезеңінде негізгі үш тәсіл қолданылады. Бірінші тәсіл, еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактильді – тербелісті, бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу органдарының қажетті түрде қимылын, қажетті дыбыстарын қайталауға талаптанады. Бұл жағдайда дыбыстардың тікелей естіп қабылдау, сөйлеу қимылдарын көру арқылы қабылдау, оның ішінде өзінің /айнаға қарау көмегімен/, ішінен ауа ағынын, көмекей дірілін қолмен сезіну түрлі құралдардың көмегімен сөйлеу органдарының жұмысын бейнелеп көрсетумен толықтырылуы мүмкін. Тиісті дыбыстарды айтуға еліктеу арқылы қол жетпеген жағдайда әуелі оның элементтерін қалыптастыруға күш салу керек.

Мәселен, Р фонемасының айтылуын түзеткенде тілді дұрыс формасы мен позициясын игерілетін жаттығулар жасап, содан кейін ғана оның тербелісін қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу мүшелерінің қимыл баяулығы немесе қатар басқарылуы қиындықтары кейде дайындық артикуляциясы жаттығуларының тұтас жүйесін пайдалануға, өзіндік артикуляциялық гимнастикаға сүйенуге мәжбүр, етеді. Екінші тәсіл құралдардың /шпатель, зондлар/ немесе саусақтың көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет