МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСТАНСКО
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
РЕФЕРАТ
БОӨЖ
«Дезинфекция туралы түсінік, дезинфекциялық ерітінділерді дайындау.»
Орындаған: Тілеудес Дана
Курс:3 курс
Мамандығы: Жалпы медицина
Тобы: 311 А
Қабылдаған: Китуева Рыскал Нургазиевна
Алматы 2022
Жоспар:
Кіріспе
а)дезинфекция туралы түсінік
Негізгі бөлім
б) дезинфекция мақсаты
с) түрлері және ерітінділер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады.
Негізгі бөлім
Дезинфекцияның мақсаты: емдеу сауықтыру мекемелерінің палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.
Зарарсыздандырудың екі түрі бар: алдын - алу және ошақты.
Алдын - алу (профилактикалық) зарарсыздандыру емдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі.
Ошақты зарарсыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі.
Ошақты дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы.
Күнделікті –үйде немесе емдеу сауықтыру мекемелерінде бірнеше рет ылғалды зарарсыздандыру ерітіндісімен жууды айтамыз. Эпидемиялық ошақта күніне бір рет жасалынып отырады. Мысалы: палатада күніне 2 рет, процедуралық бөлмеде 3 рет, асханада әр тамақтан кейін, әжетханада ластанған сайын, манипуляциялық бөлмеде әр бір манипуляциядан кейін зарарсыздандыру жүргізіліп отырады.
Қорытынды – науқас емделіп жақсы болып ауруханадан шыққан соң, науқасты бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін немесе қайтыс болғаннан соң бір рет өткізілетін шара. Зарарсыздандыру мақсаты эпидемиялық ошақты инфекциядан толық бір жолата тазарту.
Зарарсыздандырудың әдістері: механикалық, физикалық, химиялық, аралас.
Механикалық – жуу, шансорғышпен өңдеу, желдету, кір жуу, ылғалды жинау, қолды жуу.
Физикалық - қайнату, ыстық құрғақ ауа, сулы бумен әсер, ультракүлгін сәулемен әсер ету т.б.
Жуғыш ерітіндіні дайындау
1. 5 грамм Лотос ұнтағы.т.б.
2. 27,5% -17 мл сутегінің асқын тотығы.
3. 978 мл су.
Жуғыш ерітіндіні 20-25˚С жылытамыз.
ЛИЗОФОРМИН ЕРІТІНДІСІН ДАЙЫНДАУ ҮШІН
0,5% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 40мл лизоформин;
1% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 80мл лизоформин;
2% лизоформин дайындау үшін 8л суға 160 мл лизофрмин;
3% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 240 мл лизоформин.
Лизоформин сұйық көгілдір түсті пластмасс ыдыста шығарылады. Суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері көгілдір және мөлдір, хош иісті болады. Дайындалған ерітіндінің сақталу мерзімі 14 күннен артық болмауы керек. Түсі өзгергеніне қарай ауыстырылып отырады.
ХЛОРАМИН ЕРІТІНДІЛЕРІ
Тура пайдалану алдында қолданылады;
0,5% дайындау үшін 1 л суға 0,5г хлорамин;
1% дайындау үшін 1 л суға 10 г хлорамин;
2% дайындау үшін 1 л суға 20 г хлорамин;
3% дайындау үшін 1л суға 30 г хлорамин.
Зарарсыздандырушы негізгі заттардың сипаттамасы
Хлорамин Б – суда ериді, 50-60˚С жылытылған ерітіндісінің зарарсыздандыру әсері күшті. Медициналық заттарды зарарсыздандыру, ошақты және алдын алу зарарсыздау үшін (ішек таяқшалары, вирустар, туберкулез қоздырғышы, саңырауқұлақтар) қолданылады.
Қорытынды
Дезинфекциялық ерітінділерді қолданғанда медицина қызметкерлерінің қорғану ережелері
Құрамындағы хлоры бар ерітінділермен жұмыс жасағанда медициналық қызметкерлер қолғаппен жұмыс істеуі қажет.
Дезинфекциялық ерітінділер теріге немесе жара қабықтарына тигенде оларды ағынды судың астында жуу қажет;
Дезинфекциялық ерітінділердің ыдыстары, ерітіндінің атауы, оның концентрациясы, дайындау күні көрсетіліп, белгіленуі керек.
Дезинфекциялық ерітінділерді науқастардың қолдары жетпейтін арнайы бөлінген ғимараттарда (санитарлық бөлме) сақтау қажет.
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарасыздандыру тәсілдері:
Зарарсыздандырудың химиялық тәсілі 2 нұсқада берілген:
қанмен, науқастың кілегей қабаты мен және биологиялық сұйықтықтармен қатынаспаған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін;
туберкулез инфекциясымен қатынасқан бұйымдарды зарарсыздандыру үшін;
Зарарсыздандыруды алжапқыш және биялай киіп жүргізу тиіс. Зарарсыздандырудан соң бұйымдарды толығымен батыру әдісімен ағынды суда зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі толық кеткенше жуу керек. Зарарсыздандыру ерітіндісі тек бір рет қана қолданылуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиет
1. Интернет желісі. www. Google.ru.
2. Ахметов Қ.Ж. “Ішкі аурулар пропедевтикасы
пәнінің клиникалық дәрістері”. Алматы-2009.
3. Айтбембет Б.Н.”Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы”. Алматы-2003.
2
Достарыңызбен бөлісу: |