Реферат дене шынықтыру пәні бойынша



Дата20.11.2023
өлшемі17.23 Kb.
#483856
түріРеферат
дш реферат 1


С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Факультет «Экономикалық»


РЕФЕРАТ
Дене шынықтыру пәні бойынша
Тақырыбы:«Қозғалыс белсенділігі, дене тәрбиесініңкәсіби бағыты, қоғам дамуындағы денешынықтыру мен спорттың рөлі.».

Орындаған: Сейсетова Адия Дулатовна 07-044-23-03.




2023
Әдістемелік

Кіріспе.
1.Дене тәрбиесі


2. Дене шынықтыруы
3. Дене дамуы
4.Дене тәрбиесінің мәдениеті
Қорытынды
5. Қоғам дамуындағы денешынықтыру мен спорттың рөлі.


Кіріспе

Дене тәрбиесі,спорт ілімі мен әдістемесі жеке пән бола отырып жекелей ұғымдары бар. Олар бір-бірімен өте тығыз байланыста, мақсаттары оқу жүйесін жүйелеу, ағзаны шынықтыру, қоғамға дене сапалары жан-жақты тұлға дайындау.


Дене тәрбиесі - жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуға, оның денсаулығын нығайтуға, еңбек ету мен әскери қызметті атқаруға даярлауға бағытталған қоғам мен жалпы мәдениетінің бір бөлігі.
Қызметі дене дамуын оңтайландыру, білімдік, ақыл-ой және қызметтің өзге де түрлерімен өзара бірге әрекет ету, таңдап алған мамандықты меңгеруге себепкер болу, тәрбиелік, жалпы мәдени, эстетикалық, адамгершілікті, әлеуметтік-экономикалық салауатты өмір салтын қалыптастыратын дене дайындығы.
Дене шынықтыру- дене жаттығуларын, табиғаттың сыртқы күштнерін (күн, ауа, су) пайдалана отырып ағзаны шынықтыру. Яғни мәдениеттің ажырамас бөлігі адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту, рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік кызмет саласы.
Қызметі қозғалыс қажеттілігін канағаттандыру, фукнкционалды рахаттану, бос уақытты оңтайды пайдалану. қызметі төмендеген дене мүшелерін қалыпқа келтіру, жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өсксн орта, спорт түрі.
Дене дамуы - ағзаның табиғи морфофункционалдық ерекшеліктерін өзгерту жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өскен орта, спорт түрі.
Қызметі жеке тұлғаның даму ерекшелігі, айырмашылығы және әсер етуші факторлардың нәтижесінде дене мүшелерінің өзеріске ұшырау қалпы.
Дене тәрбиесінің мәдениеті-жалпы қоғам мәдениетінің бір бөлігі. Қоғамдағы адамдардың дене сапасының жан-жақты дайындығы мен өмірде әртүрлі жағдайда еңбек ету бағытында жасалатын күрделі жұмыстың бір түрі.Қызметі білім беруді, ғылым мен әдебиетті, техникалық құрал тәсілдерін, әдістерін пайдаланып дене дайындығына жан-жақты жағдай жасау.


Қорытынды
Дене шынықтыру және спорт біздің қоғамда әрқашан жоғары деңгейде қарастырылған және жоғары бағаланған. Неліктен қазіргі кезде бұқаралық дене шынықтыру мәселесі өткір және принципиалды? Адамдардың денсаулығы туралы қамқорлық біздің қоғамның басты әлеуметтік мәселесі болғандықтан ғана емес. Бүгінгі таңда дене шынықтыру мен денсаулық, еңбек қабілеттілігі мен еңбек өнімділігі арасындағы байланыс ерекше айқын сезіледі. Халықтың денсаулығын нығайтуда, жеке тұлғаны үйлесімді дамытуда, жастарды еңбекке дайындауда және Отанды қорғауда дене шынықтыру мен спорттың, оларды күнделікті өмірге енгізудің маңызы артып келеді.
Әр адам жас кезінен бастап өзінің физикалық жетілуіне қамқорлық жасайтын, гигиена мен медициналық көмек саласындағы білімдері бар, салауатты өмір салтын ұстанатындай етіп ұйымдастыру керек. Біз дене шынықтыру мен спорттың барлық әлеуетті мүмкіндіктерін Қазақстанның өркендеуі үшін толығымен пайдалануымыз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет