Металдардағы электор тогы Қатты күйдегі металдардың негізгі кристал торы болып табылады,оның түйіндерінде- оң иондар,ал иондардың арасындағы кеңістіктерде еркін электрондар қозғалады. Металдың әдеттегі күйінде оның электрондары ретсіз жылу қозғалыстарын жасайды. 1. Әдеттегі жағдайда метал электор бейтарап болады, өйткені еркі электрондардың тері заряды абсолют шамасы бойынша тордың оң зарядына тең.Егер металды электор өрісіне енгізсе, оның электор өрісі күштерінің әрекетінен электрондар 10‾ м\с орташа жылдамдықпен реттеліп қозғала отырып, электор тоғын тудырады.Өткізгіш ұштарындағы түрақты кернеуді сақтай отырып, электрондардың белгілі бір бағыттағы тұрақты қозғалысын,яғни тұрақты тоқты аламыз.
• Металдардағы еркін электор зарядын тасмалдаушылар электрондар болып табылады.
• Металдардағы электор тогы- еркін электрондарды реттелген қозғалысы.
• Электр өрісінің әрекетінен металдағы электрондардың қозғалыс жылдамдығы онша үлкен емес.Ал өткізгіш ішіндегі электр өрісінің таралу жылдамдығы өте үлкен, ол шамамен жарық жылдамдығына тең болады.
2.Металдар өткізгіштің электрондық теориясының экспериментті дәлелдемелері Мандельштам мен Папалекси (1913 ж.) және Стюарт пен Толмен (1916 ж.) орындаған тәжрибелерде берілген болатын. Тәжрибенің мақсаты металдағы электрондардың инерциалық қозғалысын байқайтын тәсілді табу болады. Гальванометірге жалғанған ұзын сым шарғыға оралған.Шарғыны шапшаң қозғалысқа келтіріп, сонансоң кенет тежейді.Шарғының тежелуі кезінде гальванометр қысқа мерзімді токты тіркейді.Бұл токтың бағыты теріс зарядталған бөлшектердің, яғни электрондардың қозғалысынан пайда болғанын дәлелдейді.Олар еркін бола тұрып,металдың кристалдық торының тежелуі кезінде инерцямен қозғалады және электор тогын тудырады.Тізбектен тоқ журген уақыттағы гольвано метрден өтетін зарядты өлшеу арқылы,Стюарт пен Толмен бөлшектер зарядының олардың массасына қатнасын анықтайды.Бұл сан 1.8∙10 Кл\кг-ға тең болып шықты,бұл шама бұған дейін басқа тәжрибелерден табылған электрон зарядының оның массасының қатнасына сәйкес келеді.Сонымен металдардағы электор тоғы еркін электрондардың реттелген қозғалысы екендігі дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: |