О.Ө.Б. “Техникалық мектеп”
Тақырыбы:
Орындаған: Құмаров С.Т.
Тексерген: Насырова Г.Ш.
Атырау қаласы
Қазақстан азаматтық қарама-қарсылық жылдырында
1917-1920 жылдар аралығында болған саяси-әлеуметтік оқиғалар. 1917 жылы ақпанда Петроградта жұмысшылар мен солдаттардың көтерілісінен кеін монархия құлап, республика орнады да, қоғамдық-саяси жағдай түбірімен өзгерді (қ. Ақпан рефолюциясы). Уақытша үкмет қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушыларға кешірім жариялады, олардың жазалау тоқталды. Сондай-ақ, көтерілісті жазалаушыларға да кешірім жасалды. Қоғамда азаттық келісім орнатуға жағдай туғызылып, кең көлемде саяси бостандықтар берілді (сөз, баспасөз бостандығы, саяси партиялар құру, т.б.). Ә.Бөкейхан жетекшілік еткен интеллигенция өкілдері Уақытша үкімет құрамында жауапты қызметтер атқарып, ұлттық-демократиясы Алаш партиясын құруға кірісті.
Көп кешікпей Уақытша үкіметтің жер-жердегі органдарымен қатар жұмысшы, солдат және шаруа кеңестері құрылды. Петроградта және Ресейдің орталығындағы аудандарында қосөкімет орнады, ал Қазақстан көпөкіметтілік жағдайында қалды. Өйткені 1917 жылдың наурыз-маусым айларында Қазақстанда билікке Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, кеңестер, жергілікті Алаш партиясын құрушылар, Жетісу, Орал, Орынбор, Сібір қазақ әскерлерінң билеуші органдары, т.б. таласты. Саяси күштер топтала бастады. Атап айтқанда оңшылдарға негізгі мүшелері кадет партиясынан құралған Уақытша үкітеттің жергілікті к-ттері, казачество билеушілері жатты. Аралық (центристік) лагерьді қолдаушылар эсерлердің ықпалындағы жергілікті кеңестер жатты. Оларға майданның қара жұмысынан қайтқан қазақ жігіттері мен майдангерлер қосылды. Жер-жерлерде жұмысшылар мен оқушы жастардың қоғмдық-саяси ұйымдары құылып, саяси мәселелерге араласа бастады. Мысалы, Верныйда Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы, Омбыда Бірлік, Петропавлда Талап, Семейде Жанар, Меркеде Қазақ жастарының революциялық одағы, т.б. құрылды. 1917 жылдың 4–5 шілдеде Петропавлда Уақытша үкімет большивиктер ұйымдастырған ереуілді қарудың күшімен басты. В.И.Ленин мен оның серіктерін тұтқындауға бұйрық берілді.1917 жылдың 11 шілдеде қосөкіметтілік жойылып, ресми билік түгелдей Уақытша үкіметке көшті. Алаш басшылары саяси жағдайлары күрт өзгеруіне байланысты 21–26 шілдеде Орынборда бірінші жалпықазақ съезін шақырды. Съезде Алаш партиясы дербес саяси ұйым ретінде қайта құрылды. 1917 жылғы тамыз-қыркүйек айларында Орталық Ресейде Корнилов бүлігінің талқандалуы монархияшыл күштерді әлсіретті. Уақытша үкімет пәрменді әрекет жасай алмай беделінен айырылып қалды. Бүлікті басуда белсенділік көрсеткен большевиктер еңбекшілердің қолдауына сүйенді. Осы кезде өзін Қазақ Социалистік партиясы деп атаған Үш жүз партиясы құрылды. Оның көсемі К.Тоғысов, белсенділері Ш.Әлжанов, Ә.Досов, М.Әйпенов, т.б. болды. Көп ұзамай олар Алаш партиясының басты сынаушыларына айналып, большевиктер жағына шықты.
1917 жылдың 24–25 қазанда (6–7 қараша) Петроградта большевиктер төңкеріс жасап, Уақытша үкіметті құлатты (қ. Қазан төңкерісі). Ілешала Ресейдің орталық облыстарында да Кеңес өкіметі орнады. Қазақстанда бұл процесс 4 айға (1917 жылдың аяғы — 1918 жылы наурыз) созылды. Жаңа өкімет қалаларда, темір жол бекеттерінде және ірі-ірі елді мекендерде ғана жеңіске жетті. Ал қазақ ауылдарында кеңестер билігі тек 20-шы жылдардың бас кезінде ғана орнады (қ. Қазақ ауылын кеңестендіру). Осы кезде 1917 жылдың 5–13 желтоқсанда Орынборда екінші жалпықазақ съезі өтті. Съезде Ресей федерациясы құрамына кіретін Алаш автономиясы (қазақ мемлекеттігі) жарияланып, басқарушы ұлт кеңесі — Алаш Орда сайланды, халықтық милиция жасақтау қажеттігі айтылды. Алаш Орданың төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Саяси биліктен айырылғаннан кейін революцияға қарсы топтар қарулы қарсылық көрсете бастады. Кеңес өкіметін құлату үшін 1918 жылы жазда ақ гвардияшылар шет елдердің (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, т.б.) көмегімен кең көлемде азамат соғысын бастады. Олар Ақмола, Петропавл, Қостанай, Семей, т.б. қалаларды басып алып, кеңес өкіметін құлатты. Көп ұзамай Жетісу және Сырдария облыстарының көпшілік бөлігі, және Торғай облыстарының кейбір аудандарынан басқа жерлердің бәрінде Кеңес өкіметі құлады. Алаш Орда үкіметі 1918 жылдың жазынан бастап Кеңес өкіметіне ашық қарсы шығып, Орынбордағы атаман Дутовпен, Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен одақтасты. Ақ гвардияшылар басып алған аудандарда Кеңес өкіметін қолдаушылар партизан қозғалысына көшті. Партизан қозғлысының негізгі орталықтары Торғай облыстарының Қостанай уезі, Ақмола және Жетісу, Семей облыстарының жекелеген өңірлері (Черкасск қорғансы, Тарбағатай мен Алтайдың “тау қырандары”, т.б.) болды. Қазақстандағы 1918–20 жылдары қарулы қарама-қарсылық Ресейде орын алған Азамат соғысының құрамдас бөлігі болды. 1919 жылдың жазында Қызыл Армияның шығыс майданда Колчак Армиясын талқандауы Батыс, Солт.–Шығыс, Солтүстік Қазақстан мен Жетісудың ақ гвардияшылырдан азат етілуіне ықпал етті. 1919 жылдың аяғында Қазақстанның негізгі аумағы ақ гвардияшылардан азат еттілді. 1920 жылдың наурызда ең соңғы майдан — Солтүстік Жетісу азат етілді. Ақ гвардияшылардан босатылған аудандардан Кеңес өкіметі қалпына келтірілді. 1919 жылдың 10-ші шілдеде РКФСР ХКҚ декретімен Қазақ Революциялық Комитеті (Казревком) құрылды. Ол Қазақстандағы Әскери–азаматтық басқаруды өз қолына шоғырландырды. 1920 жылдың 4–12 қазаңда Орынборда Қазақстан кеңестірінің Құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-нің Декларациясын қабылдады. Декларация РКФСР құрамына кіретін Қазақ АКСР-нің құрылғаның жариялады (қ. Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы).
Достарыңызбен бөлісу: |