Реферат «Материяның философиялық концепциялары»



бет1/4
Дата29.09.2023
өлшемі25.31 Kb.
#479161
түріРеферат
  1   2   3   4
stud.kz-95600



РЕФЕРАТ
«Материяның философиялық концепциялары»

Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  1. Материя ұғымы

  2. Материя және оның атрибуттары

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Материя ұғымы дүниені адамның санасынан тыс әрі тәуелсіз обьективті ақиқат деп қарайтын материалистік дүниетанымның түпқазығы, мән мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бір жасасып тарихи түрде қалыптасқан. Ең алдымен марксизмге дейінгі материализм материяны зат деп түсінеді. Бірақ заттардың түрлері сан алуан. Жансыз, жанды, т.б. Материя туралы ұғым, олардың ойынша, осы заттардың барлық түрлеріне ортақ жалпы қасиеттерімен бейнелеуі тиіс. Материяны зат пен пара пар деп қараудың біршама ұзақ тарихы бар. Ежелгі грек философиясында барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір алғашқы зат деген көзқарас орын алған. Ол ең қарапайым пікір. Мысалы, Фалес үшін -су,Гераклит үшін-от, Анаксимен үшін-ауа, Анаксимандр үшін-апейрон(белгісіз зат) ,Демокрит үшін-атом, т.т.Дүниенің төрт заттан –судан,ауадан,топырақ пен оттан тұрады,материя дегеніміз-осы деген ұғымда да кең таралған болатын.Анаксимандр дүниедегі барлық құбылыстардың бастама негізі анық емес,шетсіз де шексіз,таусылмайтын үнемі өзгеріп отыратын материя –апейрон деп түсіндірді.Әр дәуірдің материяны қалай түсінетіндігі ғылымның, танымның ғана нәтижесі емес. Материя туралы адамдардың ойлары өз заманындағы прктиканың, жалпы мәдениеттің көрінісі. Адамдардың материалдық дүниені қаншалықты дәреже де өзінің әлеуметтік дүиесін жасады міне материя туралы ең алдымен қоғамдық санада туатын көзқарастарды осы жағдай анықтайды.Материяның басты қасиеті-санадан тыс объективті нақтылық ретінде өмір сүруі.Сөйтіп материя,1-ден санаға дейін өмір сүреді,2-ден санадан тысқары өмір сүреді,3-ден бейнесі жасалатын құбылыс есебінде санадан тәуелсіз өмір сүреді,4-ден таным құралы есебінде санадан тыс өмір сүреді. Материяның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері,оның жүйе есебінде ұйымдасуының әртүрлі материалдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады.Бұл мәселені Ф.Энгельс зертеген,ол м/я қозғалысының негізгі бес түрін жіктеледі:



  • механикалық (кеңістіктеқозғалып,орын ауыстыру),

  • физикалық(электромагнетизм,гравитация,жылу),

  • химиялық(атомдар мен молекулалардың затқа айналуы),

  • биологияық (тірі организмдердегі зат алмасуы ж/е

  • әлеуметтік,қоғамдық өмірдегі өзгерістер ж/е ақыл-ой)қозғалыстар.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет