Реферат орындаған



бет1/2
Дата12.12.2023
өлшемі29 Kb.
#486192
түріРеферат
  1   2
stud.kz-114444


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

«ВЕТЕРИНАРИ» факультеті

«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы

Қояндарды өсіруге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, қояндарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған



РЕФЕРАТ




Орындаған 5В09101 – Ветеринариялық медицина
мамандығының 3/1 курс Дот3 топ студенті
Нұрсұлтан Наурызбай
Тексерген _Барахов Б.Б.___
Ұстаздың аты, жөні, тегі, лауазымы

Алматы 2022



Жоспар:
1.Кіріспе бөлім
2.Негізгі бөлім
А) Қоян өсіруге арналған қора-жайларға қойылатын гигиеналық талаптар
Б) Қояндарды бағу жүйелері
3.Қорытынды бөлім
Қоян шаруашылығы мал шаруашылығының бір саласы. Еті, терісі, түбіті үшін өсіріледі. Еті-диеталық тағам, терісі-бағалы шикізат ретінде түбіті тоқыма өнеркәсібінде қолданылады. Қазақстанда үй қоянының шиншил, ақ алып, сұр алып, күміс түсті, қара-бурыл, веналық көгілдір, мардер, көбелек, рекс, калифорниялық, ангор мамықты, т.б. тұқымдары өсіріледі. Қояндар өсімтал келеді. Әдетте аналығы жылына төрт рет 6-12 көжек туады. Ал еті мен терісі үшін өсірілетін шаруашылықтарда ұрғашы қоян 20-ға жуық көжек туады, олардың бір тобынан 40-50 кг ет алынады.
Ет үшін өсірілетін көжектер 2-2,5 айдан кейін салмағы 2 кг-ға жеткенде бөлек бағылады. Түбіт алу үшін өсірілетін шаруашылықтарда әрбір ірі қояннан жылына 350-500 г түбіті алынады. Қояндар әдетте таза ауада торша ішінде, қораларда және механикаландырылған қораларда өсіріледі. Үй қояндарын өсіруде торша ішінде ұстау жүйесі кең тараған, онда жерде биіктігі 0,5 м жылжымалы және жылжымайтын торшалар болады. Жеке торшалардың көлемі: ұзындығы 100-130 см, ені 60-70 см, алдыңғы жағының биіктігі 50-65 см, артқы жағы 35-45 см болады.
Қояндар жасына, жынысы қарай бөлек ұсталады. Қоян өсіретін фермаларда бір мезгілде 1000-3000 аналық және 240-260 аталық қоян ұстауға болады. Мұндай фермаларда қыста орташа температура 14-16°С, ылғалдылық 60-75% тор ішіне ауа жіберу жылдамдығы 0,3 м/с болуы керек. Қоян көжектер алдында кеудесіндегі және бауырындағы түбіттерін жұлып төсеніш жасайды. Аналығы көжектеген кезде торшада су мен жемі болмаса жаңа туған көжектерін жеп қояды. Көжектер 16-20 күнге дейін сүт ішеді, одан кейін өздігінен қоректенуге көшеді. Үлкен қояндарға және 3 айдан асқан көжектерге күніне екі рет, ал қалғандары күніне үш рет белгілі бір уақытта шөп (капуста, қызылша, сәбіз, т.б.), шырынды жем және құрама жем, ірі дақылдар, минералды, витаминді қоспалар беріледі. Жазда әртүрлі шөптермен, қыста ірі дақылдармен және шырынды азықтармен қоректендіреді. Қояндар үшін ең тиімді дақыл-сұлы. Қояндардың күндізгі азық рационына минералды азықтар қосылады. Қыста және көктемде витаминдер беріледі. Күніне екі рет таза су беріледі, оның температурасы жазда 18-20°С, ал қыста 30-35°С болуы керек. Қоян өсіретін фермаларда ауру қояндарды оқшаулап ұстайтын бөлмелер болады. Қазіргі уақытта қоян өсірумен көбіне жеке шаруа қожалықтары айналысады. Қазақстанда шаруашылықтың барлық түрлерінде 105,2 мың қоян өсіріледі.
Қояндар сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзеге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0,1-4,5 кг, дене тұрқы 12-75 см, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидандан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2-8 көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшінде ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі бар. Ақ қоян, негізінен қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманда далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі. Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне қарай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5-6 кг-дай болады. Жазда түсі сарғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Ақ қоян еті, терісі, түбіті үшін ауланады.

Көп жылдық тәжірибе-ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі үй қояндарын тек торларда ғана өсіруді немесе бағуды дұрыс деп тауып отыр. Торда бағу үй қоянын өсіру жұмысын дұрыс жүргізу, әрқайсысын бөлек азықтандыруға, шағылыстыру жұмысын қолайлы кезеңде жүргізуге, тұқым жақсартуға, оның нәтижелерін дер кезінде тіркеуге, жоғары сапалы өнімдерді мол алуға, сондай-ақ тиісті сақтық шараларды жүргізуді қамтамасыз етіп, ауырған үй қояндарын дер кезінде жеке бөлуге мүмкіндік туғызады. Қоян әсіресе ауаның таза болуын қалайды, аммиактың шамадан тыс көп болуын қаламайды. Сондықтан олар үшін жасалынған торлар жақсы желдетіліп тұруы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет