Реферат қР Құқық қорғау органдары Орындаған: Ибраев А. К уа-201 Тексерген: Қорғанбаева Е. А



бет1/3
Дата24.02.2023
өлшемі32.02 Kb.
#470022
түріРеферат
  1   2   3
сроп 3 сыбайлас


Alikhan Bokeikhan University



ОЖБӨЖ
РЕФЕРАТ
ҚР Құқық қорғау органдары
Орындаған: Ибраев А.К УА-201
Тексерген: Қорғанбаева Е.А

Семей қаласы, 2022-2023 оқу жылы


Жоспар:

1.ҚР Құқық қорғау қызметі.
2.ҚР Құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын органдар.




3.Соттар және сот төрелігі.
Кіріспе
Мемлекет пен оның органдарының қызметі мемлекеттік және қоғамдық өмірдің көптеген салаларын қамтиды. Заңдық режімді қамтамасыз ету мақсатында мемлекетте құқық қоғау органдары құрылған. Құқық қорғау қызметі дегеніміз – қоғам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекетте заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған арнайы өкілетті органдардың қызметі. Бұл қызмет заңды шаралар қолдану арқылы жүзеге асады. Құқықты қоғау қызметінің мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық тәртібін сақтау.
Құқық қорғау қызметі әртүрлі нысанда болады – құқықбұзушылықты анықтау, тергеу, алдын алу, болдырмау және тойтару. Сонымен қатар құқық бұзушыға санкцияларды қолдану.
Құқық қорғау қызметі – қиын және түрлі үлгілерде болатын қызмет. Оларға конституциялық бақылау, сот төрелігі, соттарды ұйымдық қамтамасыз ету, прокурорлық қадағалау, қылмыстарды анықтау және тергеу, заң көмегін көрсету және қылмыстық істер бойынша қорғау жатады. Осы бағыттардың әрқайсысы нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған: ҚР Конституциясының ұйғарымдарын бұзуды жою, азаматтық, қылмыстық және өзге де істерді әділ талқылау және шешу, соттардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдай жасау; прокурорлық ден қою құралдарының көмегімен заңды бұзуды анықтау және жою; қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және ашу; сотта нақты істерді қарау үшін материалдар дайындау; кімге қажет болса, барлығына білікті заң көмегін ұсыну. Осы нәтижелердің орындалуын құқық қорғау органдары қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган.
Құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер, коррупцияға қарсы және экономикалық тергеу қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жатады.
Құқық қорғау органдарына қызметке жасы 18-ге толған, өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене бітімінің даму жағдайы, білім деңгейі жөнінен өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.
Сонымен қатар арнаулы мемлекеттік органдар да бар. Оларға ұлттық қауіпсіздік қызметі, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органдар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметі жатады. Арнаулы мемлекеттік органдар ҚР Президентіне тікелей бағынады және есеп береді, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуіне жол бермеу мақсатында барлау және қарсы барлау қызметін, сондай-ақ жедел іздестіру және техникалық шаралар кешенін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар.
Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық — бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні — құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.
Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алу қажет. Заңдылық қағидаттары — бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі идеялар, бастаулар. Оларға жататындар:

  • — Жалпыға бірдейлік қағидаты. Заңдылықтың жалпыға бірдейлігі жағдайына, шеніне және дәрежесіне қарамай, жалпы жұртқа және әрбір адамға бірдей міндеттілігі. Заң алдында жұрттың бәрі бірдей жәнө бәрі де оған бағынуы тиіс, керісінше болған жағдайда жауапкершіліктен ешкім кашып құтыла алмайды.

  • — Бірлік қағидаты. Заңдылық бірлігінің мәні. Бұл талап елдің бүкіл аумағына таралады.

  • — Заңның үстемдік қағидаты. Ол дегеніміз — мемлекеттің өмір сүруі лауазым иелерінің өздерінің міндеттері мен құқықтарын қатаң іске асыруы арқылы тек заң негізінде ғана жүзеге асырылуы тиістігін білдіреді. Мемлекет құқық Корғау органдарының қызметкерлеріне өз ұйғарымы бойынша еркін әрекет етуге, өз дегенімен шешім шығаруға, қандай да бір себептермен заңды орындап не орындамауына жол бермейді.

  • — заңдылықты іске асырудың тұрақтылық қағидаты. Заңдылықты іске асырудың тұрақтылығы кез келген заң бұзушылықтың кімнің тарапынан болғандығына қарамастан оның жолы кесілетіндігін, заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтылмайтындығын білдіреді.

  • — Заңдылық пен мақсатқа лайықтылықты қарсы қоюға болмайтындық қағидаты. «Жоғары мүдделер», «халық талабы», «мораль (өнеге) талабы» деген желеулермен заңылықтан кез келген кері шегініс қоғамның тұрақсыздығына әкеліп соқтырады, құқықтық нигилизмнің (немқұрайлықтың) өсуіне жағдай жасайды. Егер заң ескіріп, оны пайдалану орынды болмай қалса, онда оны тек заң арқылы белгіленген рәсімге сәйкес өзгерту, толықтыру қажет, Заң өзгеріс енгізілгенге дейін өмір сүреді, әрекет етеді. Бұрынгылар «заң қатал болса ғана заң» («Dura lex, sed lex») деп бекер айтпаған.

  • — Заңдылық пен мәдениеттілік қағидаларының байланыстылығы. Мәдениеттіліктен ада заңдылық туралы әңгіме болуы да мүмкін емес: тұтас алғанда қоғамның, жекелеген азаматтардың мәдени деңгейі жоғары болған сайын, заңдылықтың да деңгейі жоғары болады.

Басқа бір құқықтық құбылыс — құқықтық тәртіп заңдылығымен байланысты. Құқықтық тәртіп — бұл заң мен құқыққа негізделген қоғамдық қатынастардың тәртіптілік жай-күйі. Бұл құқықтық талаптарды іске асырудың құқықтық нормаларды, яғни заңдылықты сақтаудың, орындаудың түпкі нәтижесі. Заңдылық — талап, құқықтық тәртіп — осы талаптарды орындау тәжірибесі. Құқықтық реттеудің мақсаты құқықтық тәртіп, нақ осыған қол жеткізу үшін өзге де нормативтік құқықтық актілер шығарылады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайту жөніндегі шаралар жүргізіледі. Құқықтық тәртіп пен заңдылық арасында бір-біріне тікелей тәуелділік бар: заңдылықтың нығайтылу құқықтық тәртіпті нығайтады, ал бұған керісінше, егер заңдылық бұзылса, онда құқықтық тәртіп те іле-шала бұзылады.
Конституция мен соттар туралы Конституциялық Заңда сот билігін іске асырудың негізгі және маңызды нысаны сот төрелігін жүзеге асыру болып табылатыны айқындалған. Ғылыми әдебиетте сот төрелігі ұғымы оның түрлі қырларында ашылады. Авторлардың көпшілігі сот төрелігінсот отырыстарында іс жүргізу тәртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың материалдық нормаларын қолдана отырып, азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарау және шешу жөніндегі қызметі ретінде айқындайды. Осы анықтама, сондай-ақ ҚР Конституциясының 75 және 78-баптары мен соттар туралы Конституциялық Заңның нормаларын талдау сот төрелігінің мәнін, мазмүнын және мағынасын ашатын негізгі спецификалық белгілерін бөлуге мүмкіндік береді. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет