Реферат спорт ойындары 3



бет1/3
Дата22.04.2024
өлшемі252.79 Kb.
#499448
түріРеферат
  1   2   3
реферат спорт ойындары 3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Кафедра «Сорбонна-Казахстан институты»




РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Дене шынықтыру және
белсенді қозғалыс


Орындаған : Болатбекова Камила Сорбонна Қазақстан институты
1 курс Халықаралық қатынастар ( Жаңа әлемдік тәртіп)
Тексерген : Ажибаева С.Д.

Дене тəрбиесі – коғамдағы жалпы мəдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған əлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан — жақты дамуын дене тəрбиесінсіз елестету мүмкін емес . Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Біздің елімізде кəсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру жəне спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тəрбиесінің негізі балалық жəне жеткіншектік жаста қаланады.Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Дене жаттығулары, сылап — сипау , козғалыс жəне спорттық ойындар , жүру, жүгіру шынығу, дене еңбегі дене тəрбиесінің құралдары болып табылады .
Айтылған кұралдар өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мəнге ие. Бұл біріншіден, дене жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты жəне шыныққан адам сирек ауырады . Екіншіден , өсу мен даму процесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі , яғни салқыннан болатын сырқаттануға қарсылық артады . Үшіншіден ,ақыл-ой жəне дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық , күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Ақырында , дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады , сергектік пен сенімділік қолдайды.
Дене тəрбиесімен шүғылдану кезінде жас , жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн. Басты талаптардың бірі – дене тəрбиесімен спортпен айналысу тəртібін сақтау , яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды əр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет