Қайрат селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы



Дата13.06.2016
өлшемі65.5 Kb.
#133816
Қайрат селолық округінің әкімі – Кәкенова Торғай Балмағамбетқызы:
Қайрат селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және

әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары мен

алға қойылған міндеттері туралы

Елбасы Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясаты Қазақстанның сыртқы саясаттағы ғана емес, сонымен қатар ішкі саясаттағы дамуы мен тұрақтылығының, халықтың әл-ауқатының артуының кепілі болып табылады. Мәселен, Елбасы халықтың көкейінде жүрген түйткілді мәселелерді анықтау үшін, олардың арман, тілектерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін, жергілікті билік пен халықты жақындату үшін әкімдерге халық алдында есеп беруді міндеттеді. Алдымызға қойған мақсат, міндеттеріміз айқындалып, өткеніміз сараланатын бұл жиындардың өз кезегінде өткір мәселелердің шешілуіне септігін тигізетініне, халықтың санасында билікке деген сенімді ұялататынына дау жоқ.

Ендігі жерде біздің округтің 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталайын.

Округте екі елді-мекен бар. Олар: Қайрат және Жасқайрат ауылдары. Аталған екі ауылдың тұрғындар саны бұл күнде 624 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 23 адамға кем. Тұрғындар санының азаюына негізінен олардың басқа аймақтарға көшуі себеп болып отыр. Мәселен, биылдың өзінде Жасқайрат және Қайрат ауылдарынан екі-екі отбасыдан (барлығы 13 адам) Ақмола облысына қоныс аударды. 2011 жылы алты сәби дүниеге келді, жеті адам қайтыс болды

Округ бойынша барлығы 61 зейнеткер, 13 мүгедек, 30 студент бар. Олардың зейнетақылары, жәрдемақылары мен шәкіртақылары Елбасының 2011 жылғы 28-қаңтардағы Жолдауында айтылғандай 30 %-ға арттырылды және уақытылы келіп тұрады. Кейбір мүгедектерге тиесілі гигиеналық құрал-жабдықтар да уақытылы беріледі.

Білім саласы жөнінде айтар болсақ округте бір орта және бір негізгі мектеп бар. Олар Қайрат орта және Жасқайрат негізгі мектептері. Ондағы оқушылар барлық саны- 129. Мұғалімдерді қоса есептегенде бұл салада 37 адам жұмыспен қамтылған. Округке биыл «Дипломмен - ауылға» бағдарламасымен бес жас маман келді. Олар: география, бастауыш сынып, ағылшын тілі, информатика пәндерінің мұғалімдері. Олардың бірқатары (округке тіркелгендері) әлеуметтік көмекті алу үшін құжаттарын тапсырды. Алайда мектептегі кадр мәселесі мұнымен шешілді деуге болмайды. Қайрат орта мектебіне физика, биология, орыс тілі, ал Жасқайрат негізгі мектебіне математика, физика пәндердің мамандары қажет.

Қайрат орта мектебі интернет желісіне қосылған. Бірақ ауданмен арадағы қашықтықтың тым алыс болуына байланысты телефон байланысы арқылы жұмыс істейтін интернеттің командалық операцияларды орындауы тым бәсең. Сол себептен мектеп ұстаздары мен оқушылар интернетке шыға алмай отыр.

Мәдениет саласына келсек біздің округте бір мәдениет үйі мен бір клуб бар. Оның біреуі Қайрат ауылындағы мәдениет үйі болса, екіншісі Жасқайрат ауылының клубы. Бірақ бұлардың біріншісі апатты жағдайда, ал, екіншісі, яғни Жасқайрат ауылының клубы орташа күйде. Екеуі де күрделі жөндеуді қажет ететіндіктен аудандық бюджеттен олардың техникалық паспорттары мен жерінің мемлекеттік актілерін жасауға 300 мың теңге қаржы бөлінді және бұл екі ғимараттардың құжаттары дайындалды. Біз өз кезегімізде аталған құжаттарды толығымен жасап, жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу мәселесі бойынша тиісті орындарға хат жолдадық.

Денсаулық сақтау саласы бойынша, округте бір фельдшерлік-акушерлік және бір фельдшерлік пункт орналасқан және бір жедел жәрдем автокөлігі бар. Екі пункт те алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп отырады. Бұл салада барлығы үш адам қызмет етеді. Жуантөбе ауылының фельдшерлік пункті халық санының тиісті нормаға жетпеуіне байланысты Қайрат селолық пунктіне қосылды. Бірақ ол ауылдың тұрғындары үнемі Қайрат селолық фельдшерінің бақылауында.

Қайрат және Жасқайрат ауылдарында екі пошта бөлімі бар. Бұл салада екі адам жұмыспен қамтылған. Аудандық пошта бөлімімен байланыс уақытылы жасалып тұрады.

Округ бойынша телефон байланысы жөнінде айтатын болсақ, үш ауылда екі сөйлесу пункті мен 123 абонент бар. Бұл салада екі адам жұмыспен қамтылған.

Сонымен бірге былтырғы есептік кездесуде көтерілген округтегі елді-мекендерді жаппай телефондандыру мәселесі бойынша тиісті жұмыстар бүгінгі күні жүзеге асырылды.

Ауылымызда екі телеарна бөлімі бар. Онда екі адам қызмет етеді.

Қайрат ауылына биіктігі 24 метр телемұнара орнатылды.

Казіргі уақытта еліміз бойынша сандық телевидениеге «Отау» біртіндеп көшу басталды.

Ауыл шаруашылығына келетін болсақ, округ бойынша 166 280 гектар жер бар. Оның ішінде 19 719 гектар егістік жер, 560 гектар шабындық, 141 161 гектар жайылым. Округ бойынша төрт жауапкершілігі шектеулі серіктестік, бір шаруа қожалығы, бір фермерлік қожалық бар.

Мал мен құстың санына тоқталсақ, округтегі ірі қара малдың саны 1775 бас, қой мен ешкінің саны 1261 бас, жылқы 519 бас, құстың саны 1838 бас құрады. Сонымен қатар ауылымызда екі жылдан бері қолдан ұрықтандыру пункті өз жұмысын жүргізіп, әр жылдары тұрғындардың қара малдары «Симентальский», «Краснопестрый», «Чернопестрый» тұқымдарымен ұрықтандырылды. Былтырғы жылдың мамыр-қыркүйек айларының аралығында 123 бас сиыр қолдан ұрықтандырылды. Бұл жұмыс осы жылы да жалғастырылады.

Әлеуметтік сала жөнінде сөз қозғасақ, бұл саладағы тұрғындарды жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы төлеу, жұмыссыздарды оқыту немесе қайта даярлау сияқты тағы басқа түйткілді сұрақтар Елбасының Жолдауы аясында шешіледі. Округте 8 тұрмысы төмен отбасы тіркеліп, оларға жыл басынан бері 586200 теңге атаулы әлеуметтік жәрдемақы берілді.

Ал 18 жасқа дейінгі балаларға жыл бойы 1 993600 теңге жәрдемақы берілді. Округ тұрғындарын жұмысқа тарту мақсатында жыл басынан бері 20 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, оларға 983 мың теңге еңбекақы төленді. Мүгедектердің жеке күтушілеріне жыл басынан бері 126984 теңге еңбекақы төленді.

«Әлеуметтік – бағдарлама - 2020» бағдарламасында айтылған жұмыссыздарды оқыту және қайта даярлау жөніндегі нұсқауларды жүзеге асыру мақсатында округте екі адам аспазшы, қолдан ұрықтандырушы мамандығы бойынша даярлық курсынан өтіп келді. Оның үшеуін, яғни аспазшыларды округтегі мектептерді ыстық аспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкер М.Сайфиев жұмыспен қамтамасыз етсе, технолог мамандығы бойынша (қолдан ұрықтандырушы) даярлық курсынан өтіп келген М.Нокина алған білімі бойынша жыл сайын жұмыс жүргізеді.

Жоғарыда аталған «Жұмыспен қамту– 2020» бағдарламасын дамытуды жұмыссыздықтың алдын алумен сабақтастыра отырып, биыл округтегі жеке кәсіпкерлер Ж.Бигозин мен М.Сайфиевке екі әлеуметтік орын беріліп, жыл бойы төрт азамат жұмысқа тартылды. Кәсіпкер М.Сайфиев Қайрат орта мектебінде ыстық ас ұйымдастырып отыр. Қайрат орта мектебінде 50 оқушы тегін тамақтанса, 15 оқушы ақылы, жеңіл тамақ ішеді. Жасқайрат негізгі мектебінде 18 бала тегін тамақ ішеді де, қалған 34 оқушы ақылы негізде тамақтанады. Ақылы тамақтың орташа бағасы 70-130 теңгені құрайды.

Ал Ж.Бигозиннің жеке наубайханасы бар. Онда тек қана нан емес, сонымен қатар басқа да ұн тағамдары мен кондитерлік өнімдер шығарылады. Қайрат және Жасқайрат мектептерін нанмен осы наубайхана қамтамасыз етеді, яғни М.Сайфиев пен Ж.Бигозин өзара байланыс жасап жұмыс істейді.

Жалпы алғанда жыл бойы 39 адам жұмыспен қамтылды.

Ақбұлақ селосында тұратын жерлесіміз Шайзадинов Балташ тығыз байланыс жасаудың нәтижесінде және басқа да көмір тасушылардың көмегімен 2011-2012 жылдың қысқы мерзіміне округ тұрғындары шамамен 80 тонна «Богатырь» және 336 тонна «Майкөбе» ( Екібастұз) көмірімен қамтамасыз етілді.

Желтоқсан айында аудан әкімдігінің көмегімен округке аудан орталығынан қабы 1800, 2000 теңгеден 5 тонна ұн және 5 тонна кебек әкелінді.

Өткен жылы желтоқсан айында әкімдік мектеп ғимаратына көшірілді, ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстарына – 150 мын тенге жұмсалды. Сыртқы маңайының жұмыстары істелініп және жарықтандырылды. Жаңа талапқа сай жиғаздармен жабдықтандырылды.

2011 жылы қантар айында ауыл әкімінің кезекті есептік кездесу өтті, кездесуде көтерілген мәселелерге және олардың орындалу барысына тоқтала кетсек:

округке қарасты елді-мекендерде өткізілген ауылдық әкімінің есептік кездесуде барлығы жиырма сұрақ көтерілді. Оның ішінде он сұрақты Жасқайрат ауылының тұрғындары қойса, үш сұрақты Жуантөбе, алты сұрақты Қайрат ауылының тұрғындары қойды. Аудан әкімінің есептік кездесуінде барлығы тоғыз сұрақ қойылды. Оның бесеуі арнайы орнатылған жәшіктен түссе, төртеуі залдан қойылды. Жалпы алғанда есептік кездесулерде бірнеше рет қайталанатын алты сұрақты (ауыз су, телефондандыру, қоғамдық монша салу және көшелерді жарықтандыруға қатысты сұрақтар) алып тастағанда, көтерілген сұрақтардың барлық саны – 26. Сұрақтардың ішіндегі елді-мекендерді телефондандыруға, ауыз суға, көшелерді жарықтандыруға, Қайрат пен Жасқайрат ауылдарындағы мәдениет үйі мен клубты жөндеу, оларға штат беру және Павлодар облысы тұрғындарының қара малы мен жылқыларының Қайрат ауылының шабындығында жайылуына қатысты сұрақтарды ең өткір қойылған, маңызды сұрақтар.

Ендігі жерде көтерілген сұрақтардың орындалу барысына тоқталып өтсек. Ауылдық әкімі және аудан әкімі Е.Б.Уәхитовтың есептік кездесулерінде көтерілген сұрақтардың шешілгенін атап айтсақ: Қайрат орта мектебі электродвигательмен қамтамасыз етілді және Жасқайрат негізгі мектебіне спорттық инвентарь /мат/ дене шынықтыру мүғалімнің көмегімен алынды.

Ауыз су мәселесіне келсек: Қайрат ауылына су құбырын орнату жөнінде -2500 млн.тенге шамасында құжаттары дайындалуда және жер асты локалды су құбырын орнату жаз айларында қолға алынып, істелінеді.

Жасқайрат ауылының мәдениет үйінің құжаттандыруға 250 мың тенге қажет және жөндеу жұмыстары алдағы уақытта істелінеді деп сенеміз.

Жасқайрат ауылындағы көрсетпей тұрған «Хабар» телеарнасы жөнделді.

Ауылдың көшелерін жарықтандыру жұмыстары алдағы уақытта жүзеге асырылады.

Қайрат ауылында медпунктке ғимарат беру жөніндегі сұрақты шешу үшін аудандық орталық ауруханасына хат жолданды. Нәтижесінде ауылымыздың жеке кәсіпкері М.Сайфиевпен келісіп, ол кісінің жеке иелігіндегі бір ғимаратты медпунктке алдық.



Селолық округі аппаратының қызметкерлері ҚР Президентінің Жолдауында, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясында және өзге де бағдарламалық құжаттарда қойылған міндеттерді орындау бойынша жұмыстарды жалғастырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет