Реферат Сулейманова Меруерт



Дата08.12.2023
өлшемі13.08 Kb.
#485926
түріРеферат
Реферат 2


Реферат
Сулейманова Меруерт

Аналитикалық тәсіл арқылы сандық ұғым бір-біріне көбейтілуі арқылы жасалады: үш жүз, сегіз жүз, екі мың, жиырма екі мың, төрт жүз қырық төот мың т.б. Кез келген есептік сан көбетілу тәсілі арқылы тәркесе алмайды. Күрделі компоненттерден құралған күрделі сандарға кездеседі. Нақтырақ айтқанда, алдымен, жүздік сандар жасаушы компоненттер бір-бірімен көбейтіледі. Мысалы: төрт жүз, бес жүз, алты жүз т.б. Екіншіден, көбейтілу тәсілі мыңдық сандар атауының жасалуында қолданылады. Мысалы: төрт мың, бес мың, алты мың т.б.


Күрделі сандық ұғым компоненттерін қосындысынан шығады. Мысалы: он+бес, жиырма+бір, жүз+сексен, жүз+бір т.б. Күрделі сандық ұғым компоненттерінен жасаған күрделі сан есімдер тіле өте көп кездеседі. Сол себепті, бұл тәсіл есептік сан есімнің жасалуындағы өте өнімді тәсіл болып есептеледі. Себебі есептік сан есім компонент талғамайды, қолдану аясы кең, түрлі сан атауларының жасалуына қатыса береді. Мысалы: ел+бес, жүз+сексен тоғыз, тоғыз жүз+тоқсан тоғыз, жетпіс жеті мың+тоғыз жүз тоқсан тоғыз т.б. Есептік сандар бір-бірімен жай ғана тіркесе бермейді, олардың бір-біріне көбейтілуі, қосылуы арқылы жаңа сандық мағына жасайды.
Аналитикалық тәсіл сан есімнің семантикалық топтарын жасай алады. Мысалы: екі жүзге тарта, үш мың шамалы, төрт-бес т.б. Бірақ бұл кезде анатикалық тәсіл өнімді емес болып келеді. Ол тек кейбір семантикалық топтарда ғана қызмет атқарады. Есептік сандар нақты сандық ұғымды білдіреді. Сан есім сөз табының көп бөлігін есіптік сандар құрайды. Олар семантикалық топтар жасауға да негіз болады. Сол себепті де есептік сандардың атқаратын қызметі мен орны ерекше. Тіліміздегі сан есімдер құрамын есептік сан есімдер толықтырып, байытқан, бірақ олар басқа тілден енген сөздермен байланысты емес. Орыс тілінен қазақ тіліне тек миллион, миллиард деген сөздер ғана енген болатын. Есептік сандардың қалғаны қалғаны ішкі мүмкіндігі арқылы жасалған. Сан есім басқа сөз таптары арқылы өз құрамын байыта алмайды, ал есептік сандар арқылы жаңа ұғымдарды атауға негіз болады. Тілімізде аналитикалық тәсіл арқылы ман есімнің жасалуы негізгі орын алады. Негізінен ол есептік сандарға қатысты болады. Есептік сандар ішкі құраласы жағынан алуан түрлі. Көз түсетін ерекшелік оларда сандық қатарлар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет