Тест тапсырмасын орындау



Дата14.02.2022
өлшемі18.9 Kb.
#455353
10022022kasipkerlik


Тест тапсырмасын орындау
1.Мемлекеттік кәсіпкерлік қызметке қатысуы кезінде сақталуы тиіс қағидаларға жатқызылмайды:

Мемлекеттік үстемдікті сақтау

Заңдылық

Негізділік

Шектеулілік

Жарысқа қатыспаушылық


2.Кәсіпкерлік қызметті тоқтату келесі түрде жүзеге асырылады:

Ерікті және мәжбүрлі

Еріксіз және сот шешімімен

Жергілікті және ортадлық мемлекеттік органдардың шешімімен

ҚР үкіметі және мәжілістің шешімімен

ҚР Президентінің жарлығымен


3.Біріктірілетін кәсіпорын қызметін тоқтатып соның негізінде жаңа заңды тұлға құрылатын қайта құру нысаны:

Біріктіру

Қосу

Бөліну


Бөліп шығару

Қайта құру


4.Кәсіпорынды қайта құру нысандарына жатқызылмайды:

Санация

Қосу

Бөліну


Бөліп шығару

Қайта құру


5.Борышкер – кәсіпорынды сауықтыруға бағытталған оңалту шарасы:

Санация


Дәрменсіздік

Банкроттық

Төлем қабілетсіздік

Қайта құру


6.Борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі:

Қайта құру

Кәсіпорындарды сауықтыру

Банкроттық

Төлем қабілетсіздік

Қайта құру


7.Коммерциялық ұйым басшысының кредиторларға тиесілі төлемдерді кейінге қалдыру немесе ұзарту және борыштарды төлемеуі үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында өзінің дәрменсіздігі туралы жалған хабарламасы:

Жалған банкроттық

Әдейі банкроттық

Төлем қабілетсіздік

Дәрменсіздік

Санация
8.Коммерциялық ұйым басшысының жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін іздей отырып,қабілетсіздігін қасақана жасауы:

Жалған банкроттық

Әдейі банкроттық

Заңсыз банкроттық

Уақытша банкроттық

Шынайы банкроттық
9.Сот немесе борышкер мойындаған,кредиторлардың ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарын борышкердің толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіздігі:

Дәрменсіздік

Оңалту шарасы

Санация


Жалған банкроттық

Әдейі банкроттық


10.Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған кезде несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы.

Айып төлеу (айыппұл, өсім)

жалақы

Сыйақы


Аванс

Төлем ақы


11. Қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын, дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі.

Арнайы экономикалық аймақ

Экологиялық аймақ

Экономикалық-әлеуметтік аймақ

Әлеуметтік кәсіпкерлік аймақ

Сауда аймағы


12.Өз қызметін өндірістен және тауарлар мен қызмет сатудан табыс табу мақсатында ұйымдастыратын тұрлаулы бизнес құрылым; оның тапқан табысының бір бөлігі өз қызметін жүзеге асырып отырған өңірдің халқының мүддесінде әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени жобаларды іске асыру үшін қайта инвестициялайды.

Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорация

Картель

Концерн


Синдикат

Корпорация


13.Бұл кәсіби бейімділігі мен әлеуметтік функцияларына байланыссыз, барлық адамдар үшін міндетті ережелер мен нормалар және қағидалар.

Әмбебап этика

Норма

Ереже


Тәртіп

қағида
14.Қандай да бір құндылықтарды иелену үшін индивидтер, топ-тар немесе қоғам арасындағы күрес; бір мақсатқа жетуге мүдделі жекелеген заңды және жеке тұлғалар (бәсекелестер) арасындағы бақталастық

Бәсеке

Баға


Сұраныс

Өтініш


жоспар
15.Жоспарланған істің (жобаның) нақты іске асатын-дығын көрсететін экономикалық негізделген аналитикалық құжат.

Бизнес жоспар

Міндет

Жарғы


Акция

жоспар
16.Жеке кәсіпкерлік субъекті-лерінің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерікті үлесі.

Бизнестің әлеуметтік жауаптылығы

Экологиялық жауапкершілік

Экономикалық жауапкершілік

Саяси жауапкершілік

Экономикалық-саяси жауапкершілік
17.Баға арқылы, яғни, бағаны көтеру немесе төмендету көмегімен жүргізілетін бәсекелестік күрес.

Бағалық бәсеке

Олигополиялық бәсеке

Монополиялық бәсеке

Монопсония

Бағалық емес бәсеке


18 Бұл басшының белгілі бір міндеттерді шешуді ауызша немесе жазбаша талап етуі.

Бұйрық


Талап

Өтініш


Хабарландыру

сөгіс
19.Борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі; шаруашылық субъектінің қарыздық міндеттемелері бойынша төлем жасай алмауы және қаражаттың жоқтығынан ағымдағы негізгі қызметін қаржыландыру мүмкіншілігінің болмауы.

Банкроттық

Сәтсіздік

Ақша жетіспеушілік

Қарыз


Тоқтап қалуы
20. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы кезеңінде өндірістік үй-жайлар, құрал-жабдықтар беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшін құрылатын заңды тұлға.

Бизнес-инкубатор

Шағын фирмалар

Синдикат


Серіктестік

Картель
21. Табыстың жоғары нормасын тез арада алу есебі-мен тәуекел деңгейі жоғары инвестициялау объектілеріне капитал салымын жасаудың ерекше нысаны.

Венчурлік капитал

Инвестиция

Капитал

Бағалы қағаз

концерн
22.Азаматтардың немесе жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделе отырып, тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілігі арқылы жүзеге асырылатын табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.

Дара кәсіпкерлік

Серіктестік

Ұжымдық кәсіпкерлік

Инновациялық кәсіпкерлік

Қаржы кәсіпкерлік


23.Акционердің әрбір акция үшін алатын табысы; акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі.

Дивиденд


Пайда

Жалақы


Сыйақы

Пайыз
24.Нақты ұйымдастыру – техникалық жағдайларында қызметкерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға ) арналған қажетті еңбек (уақыт) шығындарын айқындау.

Еңбекті нормалау

Техникалық бақылау

Бағалау

Есептеу


талдау
25.Жарғылық капиталының басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған немесе олардың арасында жасалған шартқа сәйкес негізгі ұйым еншілес ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға.

Еншілес ұйым

Негізгі ұйым

Ұжым


Қоғам

Серіктес ұйым

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет