Табиғи ортаның сапасы адам мен табиғат арасындағы зат жəне энергия алмасу процестері əрдайым тұрақты түрде,жердегі тіршіліктің жүруін қамтамасыз ететін деңгейде жүру кезіндегі экожүйелердің жағдайы.
Қоршаған ортаның сапасын нормалау - адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын жəне биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу.
Экологиялық нормалау-оршаған табиғи ортаға адамның тигізетін шекті рұқсат етілген əсерінің көрсеткіштерін тағайындау процессі.
ҚО сапасын нормалаудың негізгі міндеттері:
ШРТ – зиянды заттардың шекті рұқсат етілген төгіндісі
ШРЖ – қоршаған ортаға түсетіншекті рұқсат етілген жүктеме Атмосфералық ауаның нормативтері
Максималды (ШРКмб) – 30 минут уақыт аралығында адамға рефлекторлық реакция (иісті сезу, аллергиялық реакция жəне т.б.) тудырмайтын концентрация (мг/м3).
Орта тəуліктік (ШРКот) – 24 сағат аралығында тыныс алу кезінде адамға зиянды əсер етпейтін (жалпы токсикологиялық, канцерогенді, мутагенді) концентрация (мг/м3).
Атмосфера ауасының жағдайын бақылау жəне қадағалау қызметі екі жүйеден тұрады. Біріншісі, бақылау мониторингі; екіншісі – қадағалау мониторингі.
Бірінші жүйе – қала, елді мекендердегі ластану көзінен алыс жəне жақын жатқан қалалар мен елді мекендерден пайда болған территориялардағы атмосфера ауасының сапасын бақылауды қамтамасыз етсе, екінші жүйе ластаушы заттарды бақылайды жəне атмосфераға шығарылатын зиянды қадағалап отырады. Атмосфера ауасының ластануын бақылау антропогендік əсерлермен ластанған аудандарда жүргізіледі. Жүргізілген бақылаудың сапасы мен мүмкіндіктеріне қарай барлық атмосфералық ауаны қорғау шараларының тиімділігі байланысты болады. Ластану көздерінен (ошақтарынан) алыс жатқан аудандарда (реңдік) бақылау ластаушы заттардың шоғырлануының биотаға əсерін қадағалайды. Реңдік бақылау экологиялық мониторингтің арнайы бағдарламасы мен ережесіне сəйкес биосфералық қорықтар аумағында жүргізіледі. Биосфералық қорықтарда атмосфера ауасының ластануын болжау мен бағалау ондағы қорғасын, кадмий, көміртегі тотығы, мышьяк, сынап жəне т.б. хлорорганикалық қосылыстардың құрамына талдау түргізу арқылы анықталады. Реңдік бекеттерде ауаның ластану жағдайын өлшеп қана қоймай, сонымен қатар, метеорологиялық бақылаулар жүргізіледі. Атмосфера ауасының реңдік деңгейін
бақылау барысында ондағы қосылыстардың тасымалдану түрі мен техногендік факторлармен гидрометеорологиялық процестердегі рөлі анықталады. Реңдік бекеттерде бақылау жүйесін құру сыны, бақыланатын қоспалардың тізімі, өлшемдерді өңдеу мен бақылау əдістері, ақпарат алмасу жолдары халықаралық ынтымақтастық əдістері анықталып зерттеледі. Реңдік мониторинг бекеттерінде атмосфера ауасының сапасын бақылау физикалық, химиялық жəне биологиялық көрсеткіштер арқылы жүзеге асады. Антропогендік əсермен қарқынды ластанған аймақтардағы атмосфера ауасының ластануын бақылауды ұйымдастырудың қажеттілігі математикалық жəне физикалық модельдеу əдістерін қолдану арқылы теориялық жəне тəжірибелік зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Əдебиеттер:
Бөрібай Э.С. Қоршаған орта мониторингі. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2013. -179б.