ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 дәрежелі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042. 18-24. 1. 24/02-2015
|
«Фармакология токсикология, токсикологиялық анализ» ІІ пәнінің студенттерге арналған оқу әдістемелік бағдарлама кешені
|
№ 1 басылым 11.09.2015ж.
|
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Фармакология токсикология, токсикологиялық анализ» ІІ пәнінің
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Семей
2015
Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушылар:ТойкинаГ.Н., ветеринария ғылымдарының кандидаты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының профессоры м. а.
Билялов Е.Е., ветеринария ғылымдарының кандидаты Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының аға оқытушысы
28.08. 2015ж.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының отырысында
03.09. 2015жыл, № 1 хаттама.
Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. С.Тусупов
2.2Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
« 09 » 09 2015 жыл, № 1 хаттама
Төрайымы Г.Джаманова
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған.
«11» 09 2015 жыл, № 1хаттама
ОӘК төрайымы, ОӘЖ проректоры Г. Искакова
4 АЛҒАШҚЫ ЕНГІЗІЛУІ
Мазмұны
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығының «Фармакология токсикология, токсикологиялық анализ» пәнінен № 8 Дәріс
Модуль 3 Өсімдіктер токсикологиясы
Тақырыбы: Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану.
Құрамында алколоидтар бар өсімдіктермен улануларға сараптама.
Сабағымыздың қысқаша мазмұнында қарастырылатын негізгі мәселелер:
Өсімдіктер токсикологиясына негіздемелік анықтама;
Улы өсімдіктерге жалпы сипаттама;
Улы өсімдіктер түрлері;
Улану жағдайларындағы малдәрігерлік іс шаралар
1 Негізгі әдебиеттер.
1. Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Дәуір-2011, Алматы. 319 бет.
2 Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Нур-Принт, Алматы, 2009. 327 бет.
3 Малдың азықтан уланулары: Оқу құралы. / Қожанов К.Н., Тойкина Г.Н. Семей .- 2010. 139 бет.
2 Қосымша әдебиеттер
1 Қожанов К.Н., Балтыбеков С.О. Қосымша оқу құралы. Малдың азықтан уланулары., Семей .- 2000. 71 бет.
7.2.2 Бурсинин И.А. Токсикология ядовитых растений. Москва 4-е издание. 1962г. 624с.
3 Руководство по клинической токсикологии / под ред. Е.А.Биртанова - 2006
4 Хмелинский Г.А., Локсионов В.Н., Повоз. Д.Д. Ветеринарная токсикология. Москва. 1987г. 319с.
5 Основы токсикологии / Авт.: П.П.Кукин, Н.Л.Пономарев, К.Р.Таранцева и др. - 2008
Мақсаты: Жануарлардың улы өсімдіктер және улы химикаттармен өңделген өсімдіктерді және сапасыз азықтық өнімдерді пайдаланудан, олармен қатынастық жағдайда және кездейсоқ жағдайда жануарларды азықтандыру технологиясының бұзылуы салдарынан туындайтын уланулар кезінде көрсетілетін ветеринарлық көмек және уланудың алдын алу іс шараларын ғылыми негізде түсінуді оқыту.
Өсімдіктер токсикологиясы негізінде – жануарлардың азықтық шөптермен улануы, удың азықпен жануар организміне түсуі және азықтық удың дербес жүйелер қызметіне әсері бар бөлімдері бойынша улы заттар әсерінің жалпы заңдылықтарына сәйкес улардың токсикодинамикасы мен токсикокинетикасы, әсер ету механизмдері, удың организмде шоғырлануы мен бөлініп шығу заңдылықтарын білу мақсатында беріледі. Улы өсімдіктердің ауыл шаруашылығында қолданылуы жағдайларында уланудың ықтималдығын, улану кезінде оларды балау және емдеу қағидалары үйретіліп, соттық-ветеринариялық сараптау, азықтық-токсикологиялық талдаудың негізгі әдістері жан-жақты түсіндіріледі.
Уланудан болатын патогенездік ерекшеліктерге байланысты қолданылатын дәрі-дәрмектер әсерінен жануарлар организміндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қалыпты жағдайына келіп, жұмыс істеуіне және организмнің уланбауының алдын алуды, дерттің ары қарай ұласпауына қатысты мәселелерді түсіндіре отырып, улану салдарынан лажсыз сойылған жануарлар өніміне немесе шикі затқа ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізу қағидалары оқытылады.
Өсімдіктер токсикологиясына кіріспелік негіздеме;
Жалпы өмірімізде улы өсімдіктердің алатын орны ерекше. Біріншіден, мұндай өсімдіктер медицинада үлкен маңызға ие. «У» деп отырғанымыз күнделікті өміріміздегі улы өсімдіктерден алынған әртүрлі дәрілердің үлкен дозасы, яғни біз пайдаланып жүрген дәрілер удың белгілі бір пайызы болып табылады. Сонда у мен дәрінің айырмашылығы дозасында ғана болып шыға келеді. Сол себепті, біз мүмкіндігімізше улы өсімдіктерді шеттетпей, керісінше олардың емдік қасиеттерін өз пайдамызға жарата білуіміз қажет.
Шөптесін өсімдік уқорғасынның(aconitum) табиғи жағдайда мыңға тарта ауруға ем екендігін біреу білсе, біреу білмейді. Қазіргі кезде уқорғасынның көгалдандыруда пайдаланылатын әдемі сұрыптары да ойлап табылған және бұл сұрыптарының табиғи жағдайдағы уқорғасыннан улылығы төмен болады.
Қазіргі кезде далалы аймақтарда көктеп өсетін сүттіген (euphorbia) өсімдігінің улы екеніне қарамастан, балалар оның сүт тәрізді улы сөлімен білектеріне, қолдарына жазу жазып, сурет салып ойнайды.
Қазақстанның таулы, далалы аймақтарында, орманды жерлерінде кездесетін, бойы – 50-100 см жететін, көпжылдық шөптесін Күймес гүлі (dictamnus) ыстық күндері өте қауіпті болып келеді. Оның жоғары жағында сабақ бойымен топталып шығатын жылтыр күлгін түсті күлтелері күн ысыған кезде өзінен жалын бөледі. Бұл құбылысты өсімдікке қырынан қарағанда оның айналасындағы ауаның сағым тәрізді бейнеге еніп тұрғанынан анық байқауға болады. Күймес гүліне дәл осы құбылыс кезінде жақындаған адам ұзақ уақыт жазылмайтындай күйіп қалуы әбден мүмкін.
Өсімдік тектес улардың жалпы қабылданған, арнайы жіктелуі жоқ. Тек клиникалық белгілеріне қарай жіктелуі ғалым, И.А.Гусынинның еңбектерінде кездеседі. Бұл жіктелім, өсімдік құрамында кездесетін улы заттарға байланысты:
-
Құрамында адкалоидтар бар өсімдіктерден улану: у қорғасын (аконит), ақ тамыр (чемерица), меңдуана (белена), сасық меңдуана (дурман), үй бидайық (плевел), у балдырған (болиголов), тегеуірінгүл (живокость), итсигек (ежовник) т.б
-
Құрамында гликозидтер және сапонин бар өсімдіктерден улану ұыша (горчица), қарамықша (куколь), беде (клевер) зығыр (лен), жалынгүл (горицвет), оймақгүл (наперстянка) т.б;
-
Құрамында эфир майлары бар өсімдіктерден улану: у сарғалдақ, (лютик), жусан (полынь), шайқурай (зверовой), кенедән (клещевина) т.б;
-
Құрамы әлі толық зерттелмеген өсімдіктерден улану: у кекіре (горчак), сүттіген (молачай), қырықұбуын (хвощ) т.б;
-
Мәдени және азықтық заттардан улану. Картоп (картофель), қарақұмық (гречиха), жүгері (кукуруза), тары (проса), қызылша (свекла) т.б.
-
Техникалық азық қалдықтарынан улану: күнжара және шроттар.
Жоғарыда көріп отырғандай улы өсімдіктер құрамындағы әсер ететін уытты заттарына байланысты жіктелгенімен – құрамында алкалоидтары не гликозидтері бар өсімдіктердің бірі орталық жүйке жүйесіне әсер етсе бірі, бауырға, ал келесі біреуі ас қорыту және тыныс алу жүйесіне әсер етуі мүмкін. Осыған орай улы өсімдікетерді дербес жүйелерге әсер етуіне де қарай жіктейді.
Осыған орай, кейбір әдебиеттерде улы өсімдіктердің жіктелуі, олардың әсері кезінде көрінетін клиникалық белгілеріне, патологиялык-анатомиялық өз- герістеріне байланысты төмендегідей жіктелген:
-
Орталық жүйке жүйесін қоздыратын өсімдіктер: меңдуана, итжидек, сасык меңдуана, у тамыр, қылша, сүйелшөп, жусан жэне тағы басқалар.
-
Орталық жүйке жүйесін әлсірететін өсімдіктер: көкнәр, қыздырма үйбидайық, у балдырған, у қорғасын, актамыр, итсигек жэне тағы басқалар.
-
Орталық жүйке жүйесіне жэне басқа да мүшелерге эсер ететін өсімдіктер: лапыз, адыраспан, қазанақ, түймешетен, кұсыкшөп, есекмия, сарғалдақтүрлері, желайдар, калтагүл, құндызшөп, жібілген жэне тағы басқалар.
Осыған орай, кейбір әдебиеттерде улы өсімдіктердің жіктелуі, олардың әсері кезінде көрінетін клиникалық белгілеріне, патологиялык-анатомиялық өз- герістеріне байланысты төмендегідей жіктелген:
-
Орталық жүйке жүйесін қоздыратын өсімдіктер: меңдуана, итжидек, сасык меңдуана, у тамыр, қылша, сүйелшөп, жусан жэне тағы басқалар.
-
Орталық жүйке жүйесін әлсірететін өсімдіктер: көкнәр, қыздырма үйбидайық, у балдырған, у қорғасын, актамыр, итсигек жэне тағы басқалар.
-
Орталық жүйке жүйесіне жэне басқа да мүшелерге эсер ететін өсімдіктер: лапыз, адыраспан, қазанақ, түймешетен, кұсыкшөп, есекмия, сарғалдақтүрлері, желайдар, калтагүл, құндызшөп, жібілген жэне тағы басқалар.
-
Бауырды зақымдайтын өсімдіктер: бөрі бұршак, зиягүл, түкжеміс және тағы басқалар.
-
Ac қорыту жүйесін, сонымен қатар, орталық жүйке жүйесіне эсер ететін өсімдіктер (кұрамында сапонин гликозидтері бар өсімдіктер); дәрілік авран, дақты ароник, карамыкша, сабыншөп, көздәрі, жауказын, сабынкөк, сүттіген, супияз, мамыргүл және тағы басқалар.
-
Тыныс алу жэне ас қорыту жүйесін зақымдайтын өсімдіктер (құрамында тиогликозидтері бар өсімдіктер): кыша, сарыбасқурай, рапс, шомыр және тағы басқалар.
-
Жүрек жұмысына әсер ететін өсімдіктер (жүрек гликозидтері): оймақгүл, меруертгүл, жалынгүл, жанаргүл, сасықшөп және тағы басқалар.
-
Синиль қышқылын түзетін өсімдіктер (циан гликозидтері): беде, сиыр жоңышқа, зығыр, миядэн, қаражүгері жэне тағы басқалар.
-
Малдардың күн сәулесіне сезімталдығын күшейтетін өсімдіктер (фотосенсибилизациялаушы өсімдіктер): қарамық, шайқурай, тары, аққурай және тағы басқалар.
-
Қүрамында алколоидтар бар өсімдіктер
-
Алкалоидтар — (араб. alkali – сілті және гр. eіdos – түр) — құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер; құрамында азоты бар сілті қасиетті органикалық зат; улы және емдік қасиеттері бар (хинин кофеин никотин т.б.)
-
Алкалоидтардың көбі жабықтұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқалар, сарғалдақтар, бұршақтар, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай.
-
Алкалоидтардың өсімдіктердегі мөлшері өте аз (0,001-2%), бірақ кейбір өсімдіктердегі олардың мөлшері 10-18%-ке дейін жетеді. Алкалоидтар негізінен өсімдіктердің белгілі бір бөліктерінде (жапырағы, дәні, сабағы, тамырында) жинақталады.
-
Алкалоидтардың химиялық құрамы мен құрылымы өсімдіктердің табиғатына, өсетін жеріне байланысты. Олардың ең көп түрі — гетероциклді қосылыстар. Кейбір Алкалоидтар (стрихнин, тубокарин) өте улы болып келеді.
-
Алкалоидтар - өсімдікте кездесетін, құрамында азотты органикалық негіздері бар заттар. Барлық негіздер сияқты қышқылдармен қосылып тұздар түзеді. “Алкалоид” - сілті тэрізді заттар деген мағына. Өсімдіктерде олар тұз ретінде кездеседі.
-
Алкалоидтардың басым көпшілігі күшті улы заттар. Олардың тұздары суда жақсы ериді жэне ас қорыту жүйесінде жақсы сіңеді.
-
Қазір 1000-ға тарта алкалоидтар белгілі. Олардың 200-ге жуығы жақсы зерттелген.
-
Алкалоидтар өсімдіктердің барлық бөліктерінде де кездеседі, бірақ барлык бөліктерінде бірдей емес. Көптеген өсімдіктердің тек белгілі бір бөлігі ғана улы болып келеді. Мысалы: (мактың) көкнәрдің алкалоиды морфин оның тұқымында, ал у тамырдың уы цикутотоксин тамырында кездеседі. Бір өсімдікте бірнеше ұқсас алкалоидтардың болуы жиі кездеседі.
-
Көптеген алкалоидтардың кұрамында оттегі болады. Ондай алкалоидтар қатты түрінде болады.
-
Алкалоид туралы ғылыми деректерді негіздеуде акад. А.П.Орехов және оның шәкірттерінің еңбектері өте зор.
-
Алкалоидтар - өсімдікте кездесетін, құрамында азотты органикалық негіздері бар заттар. Барлық негіздер сияқты қышқылдармен қосылып тұздар түзеді. “Алкалоид” - сілті тэрізді заттар деген мағына. Өсімдіктерде олар тұз ретінде кездеседі.
-
Алкалоидтардың басым көпшілігі күшті улы заттар. Олардың тұздары суда жақсы ериді жэне ас қорыту жүйесінде жақсы сіңеді.
-
Қазір 1000-ға тарта алкалоидтар белгілі. Олардың 200-ге жуығы жақсы зерттелген.
-
Алкалоидтар өсімдіктердің барлық бөліктерінде де кездеседі, бірақ барлык бөліктерінде бірдей емес. Көптеген өсімдіктердің тек белгілі бір бөлігі ғана улы болып келеді. Мысалы: (мактың) көкнәрдің алкалоиды морфин оның тұқымында, ал у тамырдың уы цикутотоксин тамырында кездеседі. Бір өсімдікте бірнеше ұқсас алкалоидтардың болуы жиі кездеседі.
-
Көптеген алкалоидтардың кұрамында оттегі болады. Ондай алкалоидтар қатты түрінде болады.
-
Алкалоид туралы ғылыми деректерді негіздеуде акад. А.П.Орехов және оның шәкірттерінің еңбектері өте зор.
Меңдуана
(Белена, Hyoscuamus
-
Меңдуана қара алқа тұқымдасына жатады. Биіктігі 30-150 см сабақтары тік, әрі тарамдалып келген, 2 жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары үлкен, кезектесіп орналасқан, тісті, жұмыртқа тәрізді, гүлдері үлкен, орамдалған, көгілдір түсті, жемісі екі ұялы, көп тұқымды, қақпағы ашылатын қобдишаға орналасқан. Пішіні көкнәр тұқымына ұқсас.
-
Уытты бастамасы. өсімдік құрамындағы алколойдтар - атропин, гиосциамин, гиосцин. Өсімдіктің барлық бөлігі улы әсер етеді.
-
Патогенезі. Итжидектен улануға ұқсайды. Құрамында скаполаминнің көп болуына байланысты меңдуана тыныштандырып әсер етеді. Меңдуана балауса жэне кептірілген күйінде де улы. Соның ішінде дәнінің уыттылығы өте жоғары. Жағымсыз иісіне, ащы дәміне байланысты мал жемейді.
-
Клиникалық белгілері. 2 сағаттан соң уланған мал құлайды, біраз уақыттан кейін кұрысып-тырысу белгілері білінеді, тыныс алғанда сырыл естіледі, аузынан көбік ағып, іші өтеді, көз қарашығы кеңейеді. Дер кезінде көмек көрсетілсе, уланған мал жазылып кетеді. Бұзаулар уланғанда жогарыдағы белгілер мен қатар көзі көрмей қалады.
-
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Меңдуанадан улануға тән патологиялық-анатомиялық белгілер, өзгерісгер жоқ.
-
Алдын алу. Меңдуанадан көбінесе бұзаулар мен шошқалар уланады. Уланудың алдын алу үшін гүлдемей тұрып, өсімдікті тамырымен жүлып тастау керек. Жайылымды үнемі бақылауда ұстаған жөн.
-
Меңдуана қара алқа тұқымдасына жатады. Биіктігі 30-150 см сабақтары тік, әрі тарамдалып келген, 2 жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары үлкен, кезектесіп орналасқан, тісті, жұмыртқа тәрізді, гүлдері үлкен, орамдалған, көгілдір түсті, жемісі екі ұялы, көп тұқымды, қақпағы ашылатын қобдишаға орналасқан. Пішіні көкнәр тұқымына ұқсас.
-
Уытты бастамасы. өсімдік құрамындағы алколойдтар - атропин, гиосциамин, гиосцин. Өсімдіктің барлық бөлігі улы әсер етеді.
-
Патогенезі. Итжидектен улануға ұқсайды. Құрамында скаполаминнің көп болуына байланысты меңдуана тыныштандырып әсер етеді. Меңдуана балауса жэне кептірілген күйінде де улы. Соның ішінде дәнінің уыттылығы өте жоғары. Жағымсыз иісіне, ащы дәміне байланысты мал жемейді.
-
Клиникалық белгілері. 2 сағаттан соң уланған мал құлайды, біраз уақыттан кейін кұрысып-тырысу белгілері білінеді, тыныс алғанда сырыл естіледі, аузынан көбік ағып, іші өтеді, көз қарашығы кеңейеді. Дер кезінде көмек көрсетілсе, уланған мал жазылып кетеді. Бұзаулар уланғанда жогарыдағы белгілер мен қатар көзі көрмей қалады.
-
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Меңдуанадан улануға тән патологиялық-анатомиялық белгілер, өзгерісгер жоқ.
-
Алдын алу. Меңдуанадан көбінесе бұзаулар мен шошқалар уланады. Уланудың алдын алу үшін гүлдемей тұрып, өсімдікті тамырымен жүлып тастау керек. Жайылымды үнемі бақылауда ұстаған жөн.
Уқорғасын
(Аконит немесе борец, Aconitum)
-
Уқорғасын (Аконит немесе борец, Aconitum) - әлемдегі ең улы өсімдіктердің бірі болып табылады. Бұл көпжылдық шөпте- сін өсімдіктердің сарғалдақтар туысына- Ranunculaceae жатады. 80-ге жуык түрі белгілі; ТМД елдерінде 50-ге жуық түрі кездеседі. Осылардың ішінен жоңғар уқорғасыны, қаракөл уқорғасыны жэне дэріханалық уқорғасын үлкен токсикалогиялық көзқарасқа ие.
-
Улы бастамасы. Барлық уқорғасындардың эсер ететін бастапкы негізі алкалоиды аконитин болып табылады (ацетилбен- золиаконин). Ол өсімдіктің барлық бөліктерінде кездеседі. Аконитиннен басқа өсідік құрамынан баска да алкалоидтар табылған. Олар: аконифин, зонгорин, караколин, караколидин, зонгорин, норзонгорин, талатизин, талатизамин, талатизидин, изоталатизидин сияқты алколоидтар. Олар өсімдіктерде біркелкі орналасқан.
-
Токсикалогиялық мэні жэне мөлшері. Жайылымды жер- лерде (орталық Азия) уқорғасынды басқа өсімдіктермен шата- стырып жеп коюына байланысты жануарлардың, соның ішінде, қойлардың жиі улануы, ал сирек жағдайда ірі қаралардың жэне жылқылардың улануы кездеседі. Өсімдіктер балауса жэне кеп- тірілген түрінде де улы. Ересек қойлар жасыл қаракөл уқор- ғасынының 250 г. дейіні мөлшерін жегеннен кейін, яғни ішке дене массасына шаққанда 12-15 мг/кг. мөлшері түскенде уланады.
-
Патогенезі. Уқорғасынның уытты қасиетінің жоғары екені- ні бүрыннан белгілі болғанына қарамастан (алкалоидтар француз химигі Пешьмен зерттеулері нэтижесінде 1820 жылы белгілі болтан, ал таза күйінде неміс токсикологы Гейгор жэне Гессе 1838 жылы бөліп алған), олардың уытты эсер етуінің механизімі толық зерттелмеген. Алкалоидтар ағзаға қандай түрде, қалай енгізілсе де жеңіл сіңіріледі жэне алғашқыда қоздыру тудырады. Содан кейін холинорецепторларды, сонымен қатар, Н-холи- нореактивтердің қаңқалық бұлшықет жүйесін тежейді.
-
Клииикалық белгілері. Уланудың белгілері алғашқыда қат- ты мазасызданумен, сілекейдің көп бөлінуімен, қүсумен, жиі нэжіс бөлумен жэне несеп шығарумен сипатталады. Дем алуы қиындайды, жиілейді, сырылдар пайда болады. Жүрек кызметі, тамыр соғуы әлсіреп жиілейді жэне аритмия байқалады. Көз қарашығы алғашқыда тарылады, содан кейін кеңейеді. Барлығы күшейіп, жалпы әлсіздікке әкеліп соқтырады, жануар құлап, тұралмай қалады. Бұлшық еттер тырысып-құрысады, бұл кезде дене температурасы 1-1,5С°-қа көтеріледі. Күйістілерде тимпа- ния туындайды. Бірте-бірте ауырсыну сезімі жэне түйсік сезімі жоғалады. Тырысып-бүрісудің нэтижесінде жануардың тыныс алуы тоқтап, өледі.
-
Паталогиялық- анатомиялық озгерістер айқын емес. Эпи- кардтың астында нүктелік канталаулар кездеседі, өкпесі ісінеді. Уакыт өге келе жіті гастроэнтерит байқалады. Жануарларды союға мэжбүр болған жағдайда ішкі мүшелері жарамсыздыққа (утилизацияға) жіберіледі, етін шартты түрде тамаққа колдана береді.
-
Алдын алу. Жануарларды уқорғасынмен азықтануына жол бермеген жөн
Ақ тамыр
(Чемерица Лобеля, Veratrum lobelianum)
-
Биіктігі 100-150 см. көпжылдык шөптесін өсімдік. Тамыр-сабағы көпжылдық, сабағы біржылдык, цилиндр тэрізді, іші толық, төменгі бөлігі жалаңаш, ал жоғарғы бөлігі мамык. Жапырақтары жалпак таспа тэрізді, кезектесіп орналасып, сабактың үлкен бөлігін жабады, астыңғы жағы үлпілдек, мамық. Гүлдері жасыл- сарғыш түсті, бас жағына өрімделіп жиналған. Ұрығы - үш үялы, кептүқымды, буырыл корап тэрізді, қүрамында ашық - сүр, жыл- тыр, жалпайған үрықтары бар. Еуропаның барлық жерлерінде жэне Солтүстік Азияның барлық ормандарында, ылғалды тау- лы жайылымдарда өседі. Ақ тамырдың бар болғаны 50-ге жуык қана түрі белгілі.ТМД елдерінде 8-түрі кездесді; олардың ішінде ең маңыздысы: ақ тамыр дэрі- V. album L., кара тамыр дәрі- V. nigrum L., даур тамыр дэрі- V. dahuricum L.
-
Улы бастамасы. Тамыр дэрінің жер бетіндегі бөлігі 2% мөл- шердегі алкалоидтардан түрады. Олар А жэне Б протовератрин- дер, йервин, псевдойервин, рубийервин, гермерин,вералозинин жэне т. б. Басқада аймақтарда өсетін ақ тамырларға Караганда Орталық Азияда өсетін ақ тамырдың күрамында уыттылығы жоғары протовератрин аз мөлшерде кездеседі. Қырғызстанда оны жылқыларға азық түрінде береді.
-
Токсикалогиялың мэні жэне мөлшері. Жануарлардың ула- нуы көбінесе оларды қорада үстағанда, олардың ақ тамыр қо- сындысы қосылған пішен жэне сүрлемді қабылдауы кезінде кездеседі. Кейде олар жаппай уланады. Күзге таман тамырына дейін кепкен ақ тамыр дэрі жануарларға қауіп тудырмайды деген мәліметтер де кездеседі.
-
Жайылымдардағы жас өсімдіктер қауіпті келеді. Олардың 400-800 грамы ересек жануарларды уландырады. Піспеген та- мырсабағының өлтіретін мөлшері дене массасына шакканда жылкылар үшін Іг/кг, ірі каралар үшін 2г/кг. кұрайды. Ірі қара малының, койлардың, үй қүстарының улану жағдайлары да кездеседі.
-
Патогенезі. Ақ тамырдың алкалоидтары теріге жэне кі- легей қабықтарға жергілікті тітіркендіріп эсер етеді. Белгілі бір дәрежеде алкалоидтардың сіңірілуінен кейінгі әсері у корғасын- ның әсеріне үксас келеді. Аз уақытты қозудан кейін орталык жэне периферифериялык жүйке жүйесінің салдануы туындайды. Бұл кезде жүрек ішінің өткізгіштігі бұзылады, майда артериялар кеңейеді жэне веналардың түйілуі пайда болады, кан қысымы төмендейді.
-
Белгілері. Ақ тамырды жегеннен кейін (1 -2 сағат) жануарлар- да алғашында қатты мазасыздық пайда болып, соңы күйзелумен аяқталатын жалпы қозу байқалады, жылқыларда сілекей қатты бөлінеді, кусады. Кейде қарындағы бөлінді мұрыннан ағады, тер көп бөлінеді. Зэр бөлінуі жиілейді, дене бұлшық еттері дірілдейді, тыныс алуы киындайды, жүрек қызметі әлсірейді, көз қарашығы кеңейеді, ауру және түйсіктік сезімі (тактилді ) жойылады. Ірі қараларда жэне қойларда қозу, сілекей бөліну, іш өту, құсу, тердің көп бөлінуі, бұлшықеттердің дірілдеуі, дене температурасының төмендеуі, тамыр соғысының жэне тыныс алуының жиілеуі байқалады. Өлім құрысып-тырысудан, ұстамадан, тұншығудан кейін болады.
-
Паталогиялық өзгерістер. Ac қорыту жолдарында кілегей қабықтың қанталаған қатты дәрежедегі гиперемиясы байқала- ды. Ішкі мүшелерде кан үйып қалған. Өкпелері-ісінген, сонымен қатар, бауырда жэне бүйректе дистрофиялық өзгерістер пайда болады.
-
Балау. Өзіне тэн клиникалық белгілеріне жэне азықтың бо- таникалық құрамын талдау нәтижесінде қойылады.
-
Емі. Қарындағы қоспаларды жою 0,5% танин ерітіндісімен, белсендірілген көмір жэне іш өткізетін тұздармен қарынды шаюға негізделген. Күйіс қайыратындарға месқарынды тілу (ру- менотамия) көрсетілген. Тері астына кофеин натрий-бензоатын, атропин сульфатын (бірақ аурудың бас кезінде емес), тамырға кальций хлоридін, глюкоза жэне Рингер-Локк ерітіндісін егеді.
-
Алдын алу. Жайылымдарды жэне шабындықтарды қатаң бақылауға
Бөрібұршақ
(Люпин, Lupinus)
-
өсімдік. 200-ге жуык түрі белгілі. ТМД елдерінде тек қана мәдени түрлері кездеседі. Биіктігі 100-150 см. сабағы тік, тамыр жүйесі өзектенген, тарамдалған, топыраққа терең еніп түрады. Жапырақтары кезектесіп орналасып, жіңішке келіп, сабаққа бекінген. Гүлдері эртүрлі түсті, тік түрған шошаққа жиналған. Түқымы 3-5 үрықтан түратын, көлемдері, пішіні эртүрлі бұршақ. Тұқыммен көбейеді.
-
Улы бастамасы. Өсімдіктердің барлық бөліктерінде температурасы тұрақты және суда жақсы еритін уытты люпинин, лю- панин, люпинидин, спартеин, гидроксилюпанин, ангустофолин алкалоидтары кездеседі. Алкалоидтардың ең көп жинақталатын жері ұрығында, сондықтан олар жануарларға, әсіресе, піскен кезінде жэне піскеннен кейін өте қауіпті. Бөрібұршақтың дэніне қарағанда жасыл бөлігінде алкалоидтар шамамен 5-10 есе аз, ал сабанда жасыл бөлігіне қарағанда 4-5 есе көп.
-
Токсикологиялық мэні және мөлшері. Бұршақ гұкымдас- тылардың ішінен люпин азотфиксацияға (азотты өзіне жинау) бейімділігімен ерекшеленеді. Вегетативті бөліну кезінде ол өз бойына Іга-ға шаққанда 150-200 кг дейін азот, фосфор, калий және т. б. заттарды жинайды. Сонымен катар, люпин ақзатқа бай келеді. Жасыл массасының күрамында протеин 20%, ал дэнінде 40% құрайды. Люпиндерді тұқымындағы алкалоидтардың мөл- шеріне байланысты алкалоидсыз (0,025%-ға дейін), аз алка- лоидты (0,025% - дан 0,1%-ға дейін) жэне алкалоидты немесе ащы (0,1%-дан көп) деп бөледі. Азықтык максатта тек кана алкалоидсыз жэне аз алкалоидты түрлерін қолданады. Жануарлар үшін люпиннің дәндері, жасыл массасы, пішендемесі, сүрлем, сонымен қатар оларды астық жиналғаннан кейін сол жерге жаю (әсіресе шаруашылықта сортын төрт жылға дейін жаңартпаған жағдайда) өте кауіпті. Ірі қара малдар үшін алкалоидтардың уытты мөлшерін 20 мг/кг, ал өлтіретін мөлшері- 30 мг/кг дейін. Түқымындағы жэне сабағындағы алкалоидтардың кауіпсіз дэре- жесі 0,06% дейін. Алайда люпин жануарлардың негізгі азығы болғандықтан жэне оны жануарлар жақсы жейтіндіктен, олар- дың жаппай улану жағдайлары да жиі кездеседі.
-
Патогенезі. Люпин алкалоидтары орталық жэне шеткі жүй- ке жүйесіне уытты эсер етіп, қысқа уақытта негізгі орталықтар- ды қоздырып, соның ішінде, тыныс алу жэне қозғалтқыш жүй- келердің холинорецепторларын салдандырады. Сиырларда жэне бұзауларда жиі кетоз дамиды. Созылмалы улану кезінде (люпи- ноз) мырыштың жетіспеуінен жэне селен мен мыстың кумуляци- ясы күшеюінен бауыр зақымданады. Уланып жазылған жануар- ларда люпинге сезімталдығы жоғарылайды, ол бір жылға дейін сақталады.
-
Клиникалық белгиері. Жіті улану кезінде жануарларда кысқа уақытты мазасыздану жэне қозудан кейін терең күйзеліс лайда болады. Олар бастарын салбыратып, кейде астауға немесе қабырғаға сүйеніп ұзак түрады. Уланған күннен бастап жануар- лардың тәбеті жойылады. Нэжіс бөлінуі бүзылады. Алғашында іші катып, содан кейін іші өтеді. Бірте-бірте жүрек жэне тыныс алу қызметі бүзылады. Дене температурасы жоғарылайды. Ең негізгі белгісі кілегейлі қабыктардың сарғаюы. Мал арықтайды. Уланудың 2-5-ші күнінде уланган мал асфиксиядан өлімге ұшы- райды. Созылмалы улану жануарлардын тәбетінің төмендеуі- мен, жалпы қатты күйзелумен, кілегейлі кабықтарының сар- гаюымен, сиырлардың сүт өнімділігінің төмендеуімен, жазда күнге шыкканда тері астында ісіктердің пайда болып, соңы некроз ошақтарына айналуымен сипатталады. Акырындап жануар арыктап, жүдейді.
-
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жануарларды сой- ғанда ең біріншіден көзге түсетіні кілегейлі қабықтардың жэне ішкі мүшелердің сарғаюы. Бауыры үлғайған, солған, майлану жэне белокты дистрофиясы көрінеді. Созылмалы жағдайда колем! үлғайған, тьн ыз, беті тегіс емес (цироз). Бүйректері жэне бүйректің беткі кабығы майлану дистрофиясына үшыраған, жүрек бұлшык еттері солған, өкпесі ошақты ісінген. Ішек-карын жолдарының жэне қуықтың кілегейлі кабыктары геморрагиялық кабынған.
-
Алдын алу. Құрамында 5% жоғары алкалоиды бар дәндерді себуге жол берілмейді. Шаруашылыкта кем дегенде төрт жыл- да бір рет өсімдіктің сұрыпын жаңарту кажет. Азык рационында люпиннің жасыл массасының 30%-дан жоғары болмағаны аб- зал. Астык, сабан жэне сүрлемнің қүрамындағы алкалоидтарды анықтағаннан кейін ғана олармен азыктандыру керек. Сондай- ақ, егінді жинағаннан кейін, ол жерге малды жоюға, люпинозбен ауырған жануарларға 2 жылға дейін люпинді азықтарды жеуге жол бермеген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |