Реферат тақырыбы: Ауылдық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттыры мен механизмі



Дата28.09.2023
өлшемі21.25 Kb.
#478928
түріРеферат
Агробизнесті ұйымдастыру СӨЖ ГМУ 407 Жанет Ерназар


«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Бизнес және құқық жоғары мектебі»Факультеті
«К Д Чурин атындағы менежмент және агробизнесті ұйымдастыту»
Кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Ауылдық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттыры мен механизмі

Орындаған Жанет Е Ө
Тобы ГМУ-407
Тексерген Жумаханов Б
Алматы 2023
Кіріспе
Ауылдық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
Негізгі болім
2) Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні және қажеттілігі.
3) Кәсіпкерлік теориясының қалыптасу эволюциясы
4) Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің тәуекелділік ерекшеліктері
Қорытынды
Жүргізілген зерттеулер негізінде келесі нақты түйіндер мен ұсыныстардан тұратын келесі нәтижелер
Қолданылған әдебиетер

Кәсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел экономикасының негізі. Соның ішінде, дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады. Шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттен ішкі қолайлы жағдайлар туғызуды талап етеді. Мәселен, Шығыс және Орталық Еуропа елдерінде шағын және орта кәсіпорындарға тиесілі ІЖӨ үлесінің айтарлықтай өсуіне мақсатты бюджеттік субсидиялар мен салық салудағы айтарлықтай жеңілдіктер арқылы қол жеткізілді. Біздің елімізде де шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына 2007 жылдың 28 наурызындағы Жолдауында шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің жүйелі іс-қимылдары баяндала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген. Кәсіпкерлікті қолдаудың мәні Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында айқындалған. Аталмыш Заңға сәйкес, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – бұл жеке кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманың жүзеге асуы үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қалыптастыру бойынша мемлекеттік шаралар кешені.Жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымы – бұл жеке кәсіпкерліктің дамуы мен қызмет етуіне жалпы жағдай жасау үшін құрылатын немесе әрекет ететін ұйымдар кешені.


Кәсіпкерлік феномені ерте кезден бері әлеуметтік-экономикалык ғылымның назарын аударуда. Кәсіпкерлік, әртүрлі елдерде әртүрлі адамдармен 800 жылдың көлемінде әрқалай түсіндірілді. Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлік мәнінің бірдей түсінігінің болмауы, оның экономистер, философтар,социологтар және құқықтанушылармен әртүрлі талқылануда.Кәсіпкерлік – шаруашылық қызметті атқаратын келесі сипаттағы түсінікті қарастырамыз:
1. неғұрлым көп пайдаға ұмтылушылық;
2. тәуекелділікке баруға даяршылық;
3. жаңаға ұмтылушылық.
Кәсіпкерлік – азаматтардың, жеке табыс пен пайданы игеру мақсатында өз мүмкіндігін қоя отырып, өз атынан немесе заңдық жауапкершіліктегі заңдық тұлға ретінде іске асыратын белсенді қызметі Кәсіпкер – заңмен тиым салынбаған кез келген шаруашылықтық қызметпен айналысады, сату – сатып алушылық, кеңестік, коммерциялық делдалдықты енгізе отырып, құнды қағаздармен операциялар жүргізеді.Кәсіпкер өз қызметінде пайда алу мақсатында қоғамдық игі істерді атқара отырып, жеке даралық табыстылықты қамтамасыз ету комбинациясын іске асырады.Экономикасы нарықтық бағыттағы Қазақстан үшін шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесі – өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Кез-келген кәсіпкер өз жұмысын жүзеге асыру барысында қандай-да бір кіріс алу және қаржы жұмсау т.б. мақсатты ұстанады. Яғни, ол өз жұмысын жоспарлайды. Бірақ, дамудың осы немесе басқа да стратегияларын таңдай отырып, кәсіпкер өз қаражатын жоғалтуы немесе жоспарланған сомадан аз алуы мүмкін. Бұл компанияның белгісіз ахуалда болуын көрсетеді. Компания тығырыққа тірелген кезде, басшылыққа шешім қабылдауға тура келеді, ол шешімдердің табысты іске асырылу ықтималдылығы (яғни, толық көлемде табыс алуы) кәсіпорынға іштей және сырттай әсер ететін көптеген факторларға тәуелді. Осындай жағдайда тәуекел ұғымы пайда болады. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерге тән қасиеттің бірітәуекелділік жасау. Тәуекелділік - бұл кәсіпкерлер еркіндігінің қарсы жағы. Сөздікте «тәуекелділік» - қауіптілік, пайда немесе зиян болу мүмкіндігі депберілген [16]. Тәуекелділік шаруашылық шешімнің элементі ретінде, оған мынандай анықтама беруге болады - бұл нарықтық қатынастың кез-келген субъектісі қызметінің ситуациялық сипаты. Өйткені, кәсіпкерлік іс нәтижесі бұл жағдайда анықталмаған, өз іс әрекетінің нәтижесі жағымды немесе жағымсыз, пайдалы немесе зиянды болуы ықтимал. Сондықтан да кәсіпкер өзінің нақты экономикалық шаруашылық қызметінде қажетті нәтижені алу немесе ала алмау мүмкіндігінің дәрежесін еске алуы қажет. Неғұрлым тәуекелділік деңгейі төмен болса, соғұрлым жоғары. Пайда алу мүмкіндігі төмен. Сондықтанда кәсіпкерлік қызмет субъектілер міндеті -тәуекелділік теориясына сәйкес, - тәуекелділікті ең төменгі деңгейге жеткізбей қабылданатын шешім мен тәуекелділік деңгейі және нәтижесінің пайдалылығы арасындағы қатынастың ең жоғарғы деңгейін табу.Тәуекелділік кез-келген экономикалық қызмет түрлерінде кездеседі, сондықтан да олардың түрлері аса көп және күрделі. Оның негізгілеріне мыналарды атауға болады: өндірістік, қаржылық, инвестициялық және нарықтық.Өндірістік тәуекелділік - өндірістік қызметтің кез-келген түрін жүргізетін өндіріс және өнімді өткізумен байланысты. Тәуекелділіктің бұл түрі өндіріс және өнімді өткізу көлеміне материалдық және еңбек шығындарының өзгерісіне, баға өзгерісіне байланысты. Өндірістік тәуекелділіктің құрамы
- шаруашылық келісімінің орындалмай қалуы қауіпсіздігіне тәуекелділік;
- нарық конъюнктурасының өзгерісіне, бәсекелестіктің күшеюі
қауіптілігіне тәуекелділік жасау;
- ойламаған шығындардың болуына тәуекелділік жасау;
- кәсіпорынды жоғалту мүмкіндігіне тәуекелділік.
Шаруашылық келісімінің орындалмауының себебі серіктестерінің төлем қабілеттілігінің болмауынан туындайды. Ал, нарық конъюнктурасының өзгеруі және бәсекелестіктің шиелене түсу себебі маркетингтік саясаттың жетілмеуінен болуы мүмкін. Өнім өткізу нарығын дұрыс таңдай алмауы, бәсекелестер жөніндегі ақпараттардың дұрыс болмауы, құпия ақпараттардың қолды болуынан болады. Сонымен қатар қазіргі дағдарыс жағдайында ресурстарға бағаның өсуі ойланбаған, жобаланбаған шығындарды тудырады. Ресурстар нарығының конъюнктураларын жобалау және талдау арқылы мұндай тәуекелділік түрлерінен келетін зиян шегуді азайтуға тіптен жоюға да болады.Кәсіпорынның өз мүлкін жоғалту себебі әртүрлі апаттық жағдайлардан болады: жер сілкінуі, су тасқынынан өрттен және т.б. ұрлықтан, өндіріс апатынан т.б. Бұдан сақтану жолдары: мүлікті сақтандыру (өрттен, апаттан т.б.)Қаржы саласындағы тәуекелділік - осы салада субъектілер кәсіпкерлік іс жүргізгенде немесе қаржы келісім жасағанда валюта- ақша операцияларының шектеулі болуынан да болуы мүмкін.
Экономикалық қатынас өзінің «қатынас» мағынасына сай қандай да бір заттың немесе адамдардың өзара қос әрекетін сипаттайды. Сондықтан экономикалық қатынас деп адамдардың қандай да бір затқа байланысты қатынасын айтамыз. Дәлірек айтқанда, экономикалық қатынас дегеніміз – экономика субъектілерінің қандай да бір зат жөніндегі қатынасы. Нарықтық экономика деп нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық өмірін ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайын айтамыз. Нарықтық қатынастар - бұл экономикалық қатынастар.Экономикалық қатынас дегеніміз – адамдар арасында игілікті, әсіресе еңбек өнімін иемдену, айырбастау және тұтыну жөніндегі объективті қалыптасқан қатынас.Нарық жөніндегі әртүрлі көзқарастарды зерттей келе, қазіргі кезде мынадай анықтама беруге болады: нарық - бұл тұтыну мен айырбас, бөлу және өндіріс үрдісінде пайда болатын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Олай болса, нарық субъектілері өндіріс пен тұтыну сферасын жалғастырып, ұдайы өндіріс үрдісінің үздіксіздігін және тиімділігі қамтамасыз етеді.Қазіргі кезеңдегі кәсіпкерлікке былайша анықтама беруге болады«Кәсіпкерлік табыс алу үшін өз атынан жүргізетін, өз жауапкершілігіне алатын азаматтардың дербес ынталы қызметі». Кәсіпкер кез-келген шаруашылық қызмет түрін жүргізуі мүмкін, егер ол заңға қайшы болмаса, мәселен:коммерциялық, делдалдық, сауда- саттық, кеңес беру және басқа да қызметтерді, сондай-ақ бағалы қағаздар операциясы.Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері дегеніміз - заңмен сәйкес тіркелген және қызмет көрсету немесе жұмыс атқару, тауар сату, мүлікті қолданудан жүйелі пайда табуға бағытталған жеке іс-әрекетті өз тәуекеліне бел-байлап жүзеге асыратын тұлғаларды айтамыз. Сонымен қатар жеке тұлғалар және заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызметтің субъектілері болып табылады. Осындай жағдайда ауыл шаруашылығы нарығында тәуекелді басқарудың мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асырылатын, тиімді және ауыл кәсіпкерлеріне тәуекелді басқару үрдісін адекватты ұғынуға мүмкіндік беретін құралдарын ұсыну мәселесі туындап отыр. Оған жауап ретінде - өнімді сату көлемін уақыт бойынша оңтайландыруды атап өтуге болады. Себебі ауылшаруашылық дақылдарының көбінің нарығына бағаның маусымдық құбылуы тән, өйткені саладағы өндірістің өзі маусымдық сипатқа ие. Мұндай жағдайда ауылшаруашылық кәсіпорнының табысын өнім бағасының динамикалық ерекшеліктерін максималды ұтымды ескеретін нарықтық стратегиялар арқылы барынша жоғарылатуға ұмтылу қажет. Ол үшін ауылшаруашылық дақылдары нарығындағы баға тұрақсыздығын ескере отырып өнімді сақтау мен сату саясатын оңтайландыру есебін шешу керек. Бұл мәселе бір қарағанда жеңіл болып көрінгенімен, өте күрделі мәселе болып саналады. Себебі өнімді жинау кезеңі аралығындағы уақытта өнім бағасы тұрақты болмайды, ол үнемі құбылып тұрады. Басшылар мен қатардағы қызметшілер тәртібі этикасын көтеру мақсатында келесі шаралар мен әдістерді пайдалануға болады: этика кодекстері; «Этика карталары»; этика жөніндегі комитеттер; әлеуметтік тексерістерге іс қимылдың әлеуметтік ықпалы мен ұйым бағдарламасын бағалап, есеп беру; этика тәртібіне оқыту; этикалық сараптау; этикалық консультация. Іскерлік субъектілердің инновациялық қызмет қатынастарын жетілдіру мақсатында алдыңғы қатарлы жоғарғы технологиялық, ішкі және сыртқы нарықта бәсекелі импоттың орнын басатын, экспортқа бағытталған өнімді шығаратын өндірістерді қолдау және оны ынталандыру.Іскерлік субъектілердің өндірген тауар бәсекелестігін бағалау іскерлік қатынастарды жетілдіруге бағытталған. Өйткені, нарықтық қатынастар жағдайында тек тауар (қызмет) бәсекелестігін арттыру арқылы ғана еңбек нәтижесінің жоғары деңгейіне қол жеткізуге болады.Осы аталған шараларды жүзеге асыру елімізде шағын бизнестің дамуына алғышарт болуы тиіс. Ал Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің дамуы ел экономикасының дамуы ғана емес, жалпы халықтың әлеуметтік жағдайының да жақсаруына өз үлесін қосары сөзсіз.

Қолданылған әдебиеттер


1) Әмірбекұлы Е. Ӛнімнің бәсекеге қабілеттілігі/оқу құралы.Алматы:
Экономика, 2009
2) Ӛндірістік кооператив туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
Алматы: Юрист, 2004
3) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі – Алматы: Жеті Жарғы,
2007
4) Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының Заңы – Егемен
Қазақстан – 1998 жыл
5)Интернет желісі
http://rmebrk.kz/bilim/association/seidahmetov-kasipkerlik.pdf
https://emirsaba.org/ekonomika-jene-arji-kafedrasi-kesipkerlik-jene-biznes-negizder.html?page=46
https://bilim-all.kz/article/19027-Kasipkerlikti-damytuga-aser-etetin-faktorla

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет