Қазіргі құралдармен бақыланып отырған әлемнің бөлігі



бет1/3
Дата31.10.2023
өлшемі23.74 Kb.
#481975
  1   2   3
лемні рылысы. К н ж йесіні пайда болуы


11.05.2021
ФИЗИКА


Әлемнің құрылысы. Күн жүйесінің пайда болуы

Мыңдаған жылдар, ғасырлар бойы адамзат Күнді, Айды, планеталарды және белгілі бір жұлдыздарды ғана бақылап келді. Көптеген аспан шырақтары барлық қоршаған орта тәрізді өзгермейтін сияқты болып көрінді. Бірақ сол ерте заманның өзінде дүниеде бәрі де дамиды деген философтар да болды. Бірінші ғарышнамалық болжамдарды ұсынған ғалымдар (XVIII ғасыр) ғарыштық материяның дамуы барысында Күн жүйесінің пайда болуын түсіндіруге тырысты. XX ғасырда эволюция идеясы барлық әлемге таратылды.


Әлем – бұл нақты өмір сүретін, уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің дамуы барысында барлық мүмкін болатын пішін қабылдайтын материялық әлем.
Қазіргі құралдармен бақыланып отырған әлемнің бөлігі Метагалактика деп аталады. Бұл біздің Әлем. Оның өлшемі бақыланатын ең алыс денелерге дейінгі қашықтықпен шектеледі. Әлем көптеген метағаламнан тұруы мүмкін.
Метагалактиканы сипаттау үшін математик әрі астроном А. Фридманның ұсынған моделі пайдаланылады:

  • Метагалактика эволюциясы гравитациялық күштерімен анықталады;

  • Метагалактика кеңістігі изотропты (белгіленіп алынған бағыты жоқ);

  • Метагалактика кеңістігі біртекті.

Жалпы салыстырмалылық теориясының теңдеуінен Фридман Метагалактиканың тұрақсыздығы туралы қорытындыға келді.
Фридман моделі бақылаулар нәтижелерімен сәйкес келіп, дәлелденіп отыр. Ғылымға белгілі Метагалактика тарихы галактика да, жұлдыз да жоқ кезде, ол заттар аса тығыз, аса ыстық күйде болған уақытта шамамен 15 млрд жыл бұрын басталған.


Әлем дамуының кезеңдері



Уақыт

Температура



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет