Ол туралы Мемлекет басшысы Н. Назарбаев



Дата23.11.2022
өлшемі46.83 Kb.
#465534
валюта малимет


Тәуелсіз мемлекет эконо­ми­касының темірқазығы төл валютасы екені түсінікті. Тағдырлы кезеңде қабылданған шешімнің мән-маңызын тереңірек түсіну үшін сәл шегініс жасап, теңгенің тарихындағы маңызды сәттерді шолып көрелік. 
Кеңестік кезеңдегі біртұтас қаржы-экономикалық байланыс­тар күйрегеннен кейін іле-шала инфляция етек алып, қалың ел қымбатшылықтың құрсауында қалғаны белгілі. Есеңгіреген экономиканы оңалту үшін «рубль аймағын» тәрк етіп, дербес қар­жылық-экономикалық жүйе жасауға талпыныс жасалды. Мем­­лекет басшысы Н.Назарбаев осы­ның бар­лығын сараптай келе, Ұлттық банкке өте құпия түрде ұлттық валютаны әзір­леуге кірісу жө­нінде тапсырма берді. Ұлттық қор, алтын-валюта резерві әлі қалып­тас­­­па­ға­нын ескерсек, сөз жоқ, мұ­ны үлкен ерік-жігерді қажет ететін батыл қадам деп бағалаған ләзім.
Бірнеше айға созылған дайын­дық жұмыстарынан кейін, 1992 жылдың тамыз айында Ұлттық банкте теңге купю­раларының үлгісін бекіткен дизайнерлер тобы Тұманды Альбионға табан тіреді. Банкнот бастыратын фаб­рика, құнды қағазға керек қаржы да жоқ уақытта Англиядағы «Харрисон және оның ұлдары» атты тарихы терең, тәжірибесі бай фирманың қызметіне жүгіндік. Әл-Фараби, Абылай хан, Шоқан, Сүйінбай бабаларымыз сынды тарихи тұлғалардың бейнесі бедерленген банкноттар осылай жарыққа шықты. 
Ол туралы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев:
– 7 миллион доллар тауып, ақша­­мыз­дың қалған бөлігін шыға­руға қажетті шығынды төле­дік. Төрт «ИЛ-76» ұшағын жал­дап, ақшамыздың 60 пайызын тасып алдық. Бұл өте құпия операция еді. Құжаттарға «Мемлекет басшысының салынып жатқан резиденциясына керекті мүлік» деп жазылды. Оған дейін облыстарда жерасты қоймаларын жасатып қойдық. Төрт ұшақ Лондон – Орал бағы­тына, одан әрі облыстарға апта сайын он сегіз рейс жасап тұрды. ҰҚК басшы­ларының бәрін операцияны табысты өткізуге жұмылдырдық. Ең қиыны – ақ­шаны барлық банк­терге, аудандарға жет­кізу болды. Ол сегіз күн ішінде атқа­рылды. Бәлкім, дүние жүзінде жаңа ақшаны енгізу тап осылай тез әрі табыс­ты жүзеге асырылмаған шығар,..– деп еске алады. 
Теңгенің бастапқыда әзір­лен­ген төрт түрлі дизайнының ішінен тарихи тұлғаларымыздың таңдап алынуының, таңбалануының өзі тегін емес. Оның сырын Ұлттық банктің тұңғыш төрағасы болған Ға­лым Байназаров бұрынырақ «Егемен Қазақстан» газетіне бер­ген сұхбатында былай деп түсін­діреді:
– Президент «Жаңа ғана тәуел­сіздігін алған елміз. Бізді, тіпті өзгелер саяси картадан да та­ба алмайды. Сондықтан ең бі­рінші номинал, ең танымал – әлем білетін қазақ болуға тиіс», деді. Сол себепті негізгі ва­люта – 1 теңгелік банк­нотқа әл-Фа­раби бабамыз бейнеленсін деген ұйғарым жасалды. 
Теңгенің тағдырын айқын­да­ған ресми құжаттардың кейбіріне көз жүгіртейік. 1993 жылғы 12 қа­рашада «Қазақстан Рес­публи­касының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Президент Жар­лығы шықты. Бұл Жарлықта «...Қазақстан Республикасы ау­мағында 1993 жылғы 15 қарашада са­ғат 8:00-ден Қазақстан Респуб­ликасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілсін; 1993 жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап теңге Қазақстан Республикасының заңды төлем құралына айналады» деп тайға таңба басқандай жазылған. 
Елбасы Жарлығы шығысымен елі­міз­дің барлық БАҚ-ында жаңа валю­таның суреттері басылып, халық ұлттық валю­тамыздың бейнесін таныды. Төл теңге қолына тигенде толқымаған жан кем­де-кем. Буда-буда сабан ақшаға көзі мен қолы үйреніп қалған халық төл ақ­шамыздың көлемі аз көрінсе де, арқалаған жүгі аса салмақты екенін анық сезінді. Алты күн бойы жергілікті банк бөлімшелеріне ағылған халықтың аяғы басылмай, қобыраған ескі ақшаларын теңгеге айырбастаумен болды.
Теңге – тәуелсіздігіміздің төл пер­зен­ті. Уақыт талабына сай, оның дизай­ны өзгеріп, қорғаныштық қабілеті жетіл­діріліп отырды. Ел тарихындағы тағдырлы сәтте дүниеге келге н ұлттық валюта­мыз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде Қазақстанның дербес қаржылық, эконо­микалық жүйесін қалыптастыруға негіз қалады. Ұлттық валютаны шы­ға­ру­да­ғы атқарылуға тиіс асқаралы миссия да осы еді. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет