Реферат тақырыбы: Бейбіт және әскери уақыттың әр түрлі зақымдаушы факторлары әсер еткенде апаттан құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері



Дата13.06.2016
өлшемі174.33 Kb.
#133972
түріРеферат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА

АКАДЕМИЯСЫ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

РЕФЕРАТ


Тақырыбы:Бейбіт және әскери уақыттың әр түрлі зақымдаушы факторлары әсер еткенде апаттан құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері

Орындаған:Мухтарова Н.М

Тобы:104 Б ФК

Қабылдаған:Жақсылықкеліні Ұ.А

Шымкент-2015

Жоспар:


I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1 Құтқару және бақа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру негіздері

2 Құтқару және басқа шұғыл қалпына келтіру жұмыстары

3 Аралас зақымдау ошағында құтқару жұмыст арын жүргізу

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе


Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету және  қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.Төтенше жағдайдың зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байланысты төуекелділікке негізделеді. Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуде техника мен көлікті қолданудан басқа болжау,жағдайды бағалау,төтенше жағдай аймағын бақылау,құтқаруды жүргізу алгоритмін құру,жұмыс аймағының ерекшеліктерін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Азаматтық қорғаныс шаралары мен күштерінің іс-әрекетін қамсыздандыру ТЖ, бейбіт және соғысу уақытында зақымдау құралдарының қолданылу жағдайында байланысты.Хайуанаттар мен өсімдіктердің, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануар- ларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың негізгі құралдар: жер үсті көлігі автомобиль, теміржол, әуе көлігі ұшақ, тікұшақ, су көлігі санитарлық мен бейімделген көліктер жатады.Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың амалдары анықталадыолар: иықтап, арқалап, қолмен, екі құтқарушымен, зембілмен.Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен қирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері анықталғанға дейін барлық шаралар жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады.Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстардың орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жақсы жағдай туындалады.Сондықтан ең алғашқы міндет- адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді. Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш пен құралдарды зардап шеккендерге алғашқы дәрі-дөрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жедел жетуде мақсатталады.

1 Құтқару және бақа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру негіздері

Құтқарушы – құтқару және шұғыл жұмыс жүргізуге арнайы дайындықпен аттестациядан өткізілген азамат. Құтқарушылар статусы ҚР заңдылығымен бекітілген құтқарушының міндеті мен құұығының жиынтығы. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша, ТЖ-ны оқшаулау сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.ТЖ зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байла- нысты тәуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет-адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.Адамдар құтқару ТЖ жою әдісін бір бөлігін құрайды, олар өзара байланысқан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы үш топқа жіктеледі:

— құтқару;

— арнаулы (жедел);


  • қосалқы.

Құтқару жұмыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

— басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

— зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);

— зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

— зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру.

Арнаулы (жедел) жұмыстар мыналарды қамтиды:

— өрт сөндіру ;

— коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

— тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;

— осал құрылыстарды күшейту.

Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстардың орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жақсы жағдай туындалады.Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орында- рын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:

— алаңдарды тазалау;

— техника орнату;

— қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;

— жұмыс орындарын жарықтандыру.

Адамдарды құтқару жұмыстары күні-түні ауа райының кез келген жағдайында орындалады.Құтқару жұмыстардың ұзақтылығына кері әсер ететін бірсыпыра қауіпті факторлар бар. Соның ішінде: өрт факторлары ( жылу сәулелері, түтіндену және газдану), аумақ пен ғимараттардың қатты әсер ететін улы заттармен ( ҚӘУЗ) зақымдануы және т.б.Технологиялық іс – қимылдарды орындау үшін қажетті уақыт адамдарды құтқару процесінде қолданылатын оның мақсаткерлігін сипаттайтын өлшем және адамдарды құтқарудың осы процесі үшін анықталған ең қолайлың ұйымдық – технологиялық жағдайлар уақытының технологиялық негіздеменің нормасы болып табылады.Түтін мен газ толған жерде, аумақ пен ғимараттардың ҚӘУЗ – бен зақымдануында, жердің радиоактивті ластану кезінде құтқару жұмыстарын жүргізгенде жеке қорғау құралдарды қолданылады.Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі шараларында заңдылыққа сәйкес Азаматтық қорғаныс күштері қатысады. Азаматтық қорғаныс күштері Азаматтық қорғанысқа қарайтын әскери бөлімдерден.Аумақтық, нысандық құрамалардан, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай қызметтер құрамаларынан, ресспубликалық, облыстық және қалалық жедел – құтқару топтарынан құрылады.Құтқару жұмыстары өрт, су тасқын, бұзылыс, атмосфералық және жергілікті зақымдану кезіндегі жағдайда өтеді. Олар ең аз уақытта ұйымдастырылып, күні – түні толық аяқталғанша өтеді. Қойылған міндеттерді орындау үшін, ол басшылар мен құтқарушыларданда тәндік және психологиялық төзімділікті, келіскен жұмыст және барлық күштерді жұмылдыруды талап етеді.Нысан аумақ шегінде ТЖ пайда болғанда Азаматтық қорғаныс бастығы ( бірінші басшысы) және ТЖ бойынша органдар дереу қауіп пайда болғандығы туралы, ТЖ бойынша жоғары органдарға баяндайды, сипатына, өлшеміне, ықтимал зардабына байланысты тиісті шаралард қабылдайды.Құтқару жұмыстары Азаматтық қорғаныс бастығының шешіміне қарай өндірістің ерекшелігін, ТЖ сипатын және зақым – зардаптың адамға, қоршаған ортаға тигізер ықтималдығын ескеріп ұйымдастырылады.Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:



  • халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;

  • барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;

  • тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;

  • құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;

  • төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;

  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;

  • құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;

  • төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.

Сондай-ақ, төтенше жағдай зардабын жоюға және құтқару жұмыстарды қамсыздандыру мен даярлауға бағытталган материалдық және басқа шараларды ұйымдастыру кіреді.Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен кирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері аңықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады. Ауру қоздырғыштар түрі аңықталысымен зақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау-шектеу және жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіледі. Күрделі зақымдану ошағында құтқару жұмыстарын табыста жүргізу үшін мыналарды істеу қажет:

  • барлаудың барлық түрлерін үздіксіз және бір уақытта жүргізу және оның мәліметтерін жылдам пайдалану;

  • мақсаттары әртүрлі күш пен құралды бір уақытта және дұрыс пайдалану;

  • зақымдау, қирау, өрт аймағын тез жою немесе айналып өту;

  • күш-жігерді маңызды нысандарға жұмылдыру, күш пен құралды бағыттау;

  • тұрақты және нақты өзара іс-қимыл қарқының қолдау;

  • күш пен құралды үздіксіз, мығым және ұтымды басқару.

Зақымдану ошағында медициналық күш пен құралды жылдам еңгізудің, сондай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы заттармен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімің барынша жақындатудың ерекше маңызды бар.Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандары зілзала күштерінің, әртүрлі жұқ- палы аурулардың ықпалына тез ұшырайды. Өнеркәсіп орындары мен көлік- тегі авариялар мен апараттардың зақымдағыш факторлары ауылға жетеді. Оның салдарынан ауа, топырақ, су радиоактивті, қатты әсер ететін улы және зиянды заттармен ластанады.Өрт қауіпі артып, қышқылды жаңбыр жау ықти- малдылығы күшейе түседі, осының бәрін хайуанаттар мен адамдар жылдам сезінеді, олар зиян, ал кейде орны толмас залал шегеді [1].

2 Құтқару және басқа шұғыл қалпына келтіру жұмыстары

Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар статусы жөніндегі Қазақстан Республикасы заңындағы негізгі түсініктемелер:авариялық-құтқару қызметі,авриялық-құтқару құрылымы,төтенше жағдайды алдын-алу кезіндегі шұғыл жұмыстар,құтқарушы,төтенше жағдайды алдын-алу кезіндегі басқарушы,авариялық-құтқару қызметі мен құрылымының негізгі принциптері.“Авариялық құтқару қызметі және құтқарушылар статусы жөніндегі” Қазақстан Республикасының 1997 жылы 27-ші наурызды қабылданған.Бұл заң табиғи техногенді сипатқа ие төтенше жағдайлардың алдын-алу үшін авариялық-құтқару қызметі мен құрылымдардың ұйымдастырылуын реттейді.Заңда құтқарушылардың қызметі,статусы,құқығы менміндеттері,жұмыс тәртібі,демалысы,еңбек төлемі қарастырылған.Авариялық-құтқару қызметі-төтенше жағдайдың алдын-алуға тағайындалған,функциальды бір жүйеден құралған,оның негізін құрайтын авариялық-құтқару құрамына құтқарушы-орындаушылар,авариялық-құтқару және шұғыл жұмыс атқаратындар, құтқарушы осы жұмысты басқарушылардың кіші ,орта және жоғарғы құрамы мен осы жұмысты қосымша техникамен қамтамасыз ету қызметі кіретін басқару органдарының жиынтығы.Авариялық-құтқару құрылымы құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған,арнайы аспаптар мен материалдар, технника,құралдармен жабдықталған құтқарушылар бөлімшесі,ол авариялық-құтқаруь қызметінің құрамына кіретін жеке құрылым болып саналады.Құтқару жұмыстары-адамдарды,материалдық жән мәдени бағалықтарды,қоршаған ортаны,әртүрлі сипаттағы қауіп төндіретін факторлар әсерін алдын-алуға және шеттеуге арналған төтенше жағдай аумағындағы іс-әрекет.Авариялық-құтқару қызметі төтенше жағдайдың алдын-алу кезіндегі шұғыл жұмыстарды,құтқару жұмыстарын,төтенше жағдай кезінде халыққа, зақымданушыға медициналық және басқа көмек түрлерін көрсету,адамдардың денсаулығын,өмірін және жұмысқа қабілетін сақтауға қажетті жағдаймен қамтамасыз ету шараларын жан-жақты жүргізеді.

Құтқарушы-құтқару және шұғыл жұмыс жүргізетін арнайы дайындықпен аттестациядан өткізілген азамат.Құтқарушылар статусы Қазақстан Республикасы заңдылығымен бекітілген құтқарушының міндеті мен құқығының жиынтығы.Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды төтенше жағдай аймағында жүргізу азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай жүйесінің негізгі міндеті болып саналады.Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізудің мақсаты адамдарды құтқару және зақымданғандарға медициналық көмек көрсету,авариядағы зақымдануды жою, экономика нысандарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жағдай туғызу болып табылады.Төтенше жағдай аймағындағы құтқару жұмыстарына зақымданған ошақты барлау,колонналық жол салу және үйінділердің арасынан өткел жасау, нысанға барар жерлердегі және құтқару жұмыстары жүргізілетін нысандардағы өртті өршітпей сөндіру,құлап қалған паналау ғимараттары мен жасырыну орындарын қазып,аршу,олардан зардап шеккендерді көшіру,үйінділердің астынан адамдарды құтқару,оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп,емдеу мекемелеріне жөнелту,халықты төтенше жағдай аймағынан көшіру,адамдарға санитарлық өңдеу жүргізу,аймаққа,техникаға және киімге дегазация,дезактивация,залалсыздандыру жұмысын жүргізу жптады.

Авариялық шұғыл қалпына келтіретін жұмыстарға басып қалу қауіпі бар үйлер мен ғимараттарды нығайту немесе бүтіндей құлату,энергия желісін қалпына келтіру,коммуналдық-энергиялық желілер мен ғимараттардағы аварияларды жою,зақымданған байланыс желілерін қалпына келтірулер жатады.Құтқару және басқа шұғыл жұмыстар күні-түні ,кез келген ауа райында, құтқару толық аяқталғанша үздіксіз жүргізіледі.Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды төтенше жағдай аймағында ұйымдастырылған түрде жүргізу үшін азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың топтары құрылады .Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық құралдар:

-қорғаныс ғимараттарын,жертөлелерді ашуға арналған көліктер(экскаваторлар,крандар,домкраттар);

-тесіктер жасап ауа жіберуге арналған пневматикалық құралдар;

-темірді кесуге арналған құралдар;

-жолсыз жермен көліктің жүруін қамтамасыз ететін құралдар,

-сумен қамтамасыз ететін құрылғылар(бұрғылауқұрылғысы,сүзгіш стансылар);

-адамдарды іздеу құралдары(кинолог,иттер,жылу пеленгаторы).

Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуде техника мен көлікті қолданудан басқа болжау,жағдайды бағалау,төтенше жағдай аймағын бақылау,құтқаруды жүргізу алгоритмін құру,жұмыс аймағының ерекшеліктерін есепке алу жұмыстары жүргізіледі.Кез келген магистральдағы және ғимарат ішіндегі газ тараптарын өшіру,аса маңызды.Трубалардағы саңылаулар брезентпен оралады.Бұл жұмыстың барлығы оқшаулағыш газ сейілткіш кию прқылы жүргізіледі.Электр тораптарын жөндеу,олардағы тоқты толық өшіргеннен соң жүргізіледі.Технологиялық тораптардағы авриялық жұмыстар сорғыштармен су өткізгіш құбырларды жапқаннан кейін жүргізіледі.Құлағалы тұрған ғимараттарды жарылғыш зат,трактор арқылы бұзады [2].

3 Аралас зақымдау ошағында құтқару жұмыст арын жүргізу
Аралас зақымдау ошағында құтқару жұмыстарын жүргізу.Аралас зақым ошағында құтқару жұмыстарын жүргізіп,ұйымдастыру,ядролық және химиялық зақым ошағына қарағанда қиын.Бұл қарсыластың бір мезгілде жаңа қарудың барлық түрлерімен шабуыл жасағандағы жағдайдың қиындығымен түсіндіріледі.Аралас зақым ошағы бейбіт кезеңде де болуы мүмкін.Мысалы,жер сілкінісі кезінде ғимарат қирағанда газ магистральдарының жарылысына әкеледі,бұл бөлме ішінің газданып,өрт шығып,адамдардың улануын туғызады.Химиялық өндірістерде улану өте улы заттар сақталған ыдыстардың бұзылуынань пайда болады.Армениядағы жер сілкінісінде атом электр стансасында апат болу қаупі төнді,бұл қираудан басқа,қоршаған ортаның радиоактивтік ластануға әкелуі мүмкін еді.Сондықтан жер сілкінісінен кейін АЭС-сын жабу туралы шешім қабылданды.Аралас зақым ошағында құтқару жұмыстары дұрыс жүргізілуі үшін барлаудың барлық түрлерін ұйымдастырады.Бактериялық заттардың түрлерін анықтауда,аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғау режимі бойынша шаралар жүргізіледі.Қоздырғыштың түрін анықтағаннан кейін зақымдану ошағы мен жақын жатқан аудандарда эпидемияға қарсы оқшаулау шаралар жүргізіледі.Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай бастығының шешімімен биологиялық зақымдану ошағында карантин,ал айналасындағы аудандарда обсервация жарияланады.Барлаудың негізгі күші улағыш заттар мен әсері өте күрделі улағыш заттардың түрін,концентрациясын,таралу бағытын,жұқпалы аурулар қоздырғышының түрін және қолдану әдісін,зақымданған аудан шекарасы мен учаскелердің барлық түрлерін анықтауға жұмылдырылады.Аралас зақымдау ошағында ең алдымен қауіпті зақымдау факторын анықтайды,оның әсерін төмендетіп,содан кейін басқа зақымдау факторларының әсерін жояды.Барлау мәліметтерін қорытындылай келе,азаматтық қорғаныс бастығы құтқару жұмыстарының жүргізілуін шешеді.Азаматтық қорғаныс бастығы жоғарыда келтірілген құтқару жұмыстарынан басқа ядролық ошақта халықты таратып орналастыру және көшіру пунктерін анықтап,карантин және обсервация аймақтарында олардың меззімін беогілейді,құрылымдарды қорғаныс заттарымен,сонымен қатар бактериялық,радиоактивтік,улағыш заттармен зақымданғандарға көмек көрс етуге арналған дәрілермен қамтамасыз етілуін,дегазация,дезактивация және залалсыздандыруға жататын аймақты анықтауды,эпизоотияға,эпидемияға қарсы және санитарлық-гигиеналық шаралардың жүргізілуін бақылайды.

Аралас зақымдану ошағында жұмыстың дұрыс жүргізілуі,дер кезінде медициналық күштер мен құрылыдарды ошаққа кіргізіп,улағыш және әсері өте күшті улағыш заттармен зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету мерзімін мейлінше қысқарту қажет.Зақымданғандарға алғашқы медициналық көмекті медициналық құрылымдар көрсетеді.Қан тоқтату мен жарақатты танудан басқа радиоқорғағыш дәрілер,антидоттар,антибиотиктерді кең қолдану,сонымен қатар жедел алдын-ала және жартылай санитарлық өңдеу жүргізу қарастырылады.Улағыш заттар мен әсері өте күшті улағыш заттармен зақымданғандарға бірінші кезекте көмек көрсетіледі,себебі бұл заттар ерекше қауіпті жылдам әсер етеді.Зақымданғандарды химиялық,бактериологиялық және радиоактивтік заттармен уланғанына,түріне ауырлығына байланысты топтарға бөледі,себбі медициналық көмек көрсеткенде,көшіргенде зақымданудың таралуын шектеу мүмкіндігі болады. Зақымданғандарды эпидемияға қарсы шараларды қолданып,оқшаулау арқылы емдеу мекемелеріне көшіреді.Зақымдау ошағын қорғауда коменданттық қызметтің ұйымдастырылуына аса көңіл бөледі және оған кіріп,шығуды бақылайды.Аралас зақым ошағында құрылымдарды ауыстыру үшін қатаң тәртіпті қадағалау шаралары жүргізіледі.Ауысқан құрылымдар ауданнан шығарылып,бактериялық,радиоактивтік,химиялық зақымдау түрлерін ескере отырып, арнайы өңдеуден өткізіледі.Қажет болған жағдайда құрылымдар орналасқан кауданға карантин жүйесін енгізеді.Карантин немесе обсервация тәртібін азаматтық қорғаныстың басшысы ғана өзгерте алады.Аймақты, жолды,ғимараттарды және көліктерді залалсыздандыру кезінде,алдымен оларды дегазациялайды және залалсыздандырады,содан кейін,егер радиоактивтік зақымдану деңгейі қалыпты радиация мөлшерінен жоғары болса,дезактивация жүргізіледі [3].



4 Құтқару жұмысындағы медициналық көмекпен қамтамасыз етудің негізгі міндеттері.

Құтқару жұмысындағы медициналық көмекпен қамтамасыз етудің негізгі міндеттері.Медициналық көмекпен қамтамасыз ету жеке құрылымдардың денсаулығы мен жұмысқа қабілетін сақтау үшін,науқастар мен зақымданғандарға дер кезінде медициналық көмек көрсету,оларды көшіру,емдеу және тез арада қатарға қосылуы,сонымен қатар жеке құрылымдар арасында жұқпалы аурулардың өршуінің алдын алу үшін қажет.Медициналық көмекпен қамтамасыз етуге емдеу,алдын-алу,санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және емдеу-көшіру шаралары,сонымен қатар құрылымдардың әрекет етуінің барлық кезеңдерінде жүргізілетін жұмыстар кіреді.Құтқару жұмыстарымен қатар медициналық көмекпен қамтамасыз ету санитарлық жасақтар күшімен құрылған медициналық құрылымдар бекеттерінде жүргізіледі.Ауылдық нысандардағы медициналық көмекпен қамтамасыз ету құрылымдарының қызметін санитарлық бекеттер немесе совхоздардың фельдшерлік учаскелеріне жүктеледі,қажет болған жағдайда олар аудандық аурухананың мамандарымен күшейтіледі.Жалпы басқаруды ауданның азаматтық қорғаныс,төтенше жағдай медицина қызметінің бастығы жүргізеді.Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.Жартылай қираған ғимаратта,үйінді астында,паналау мен паналау ғимараттарында қалған зардап шеккендерге көмек көрсетудің ерекшеліктері.Үйінді астында қалған паналау ғимараттарынан адамдарды құтқаруды жалпы тағайындалған құрылымдар жүргізеді.Жұмыс келесі ретпен атқарылады:паналарды үйінді астынан табу,паналаушылармен байланыс орнату ,үйінді астында қалған панаға ауа жіберу, инжинерлік көлікке арналған панаға апаратын өткізгіш құрылғы қою,коммуналдық шаруашылық тораптарындағы апатты жою,үйінді астында қалған паналау ғимаратын ашу,панадан жинау орныны дейін жол салу,зақымданғандарға медициналық көмек көрсетіп,оларды медициналық пунктерге көшіру,сау адамдарды жинау бекетіне жіберу және ашылғань панаға белгі қою. Үйінді астында қалған паналарды іздестіру жұмысы нысанның жоспары және жергілікті белгілер бойынша жүргізеді.Зақымдау ошағына инжинерлік барлау тобы жіберіледі,олардың міндеті паналар және паналаушылар қандай жағдайда екенін анықтау.Паналау ғимаратындағы адамдармен байланысқа түсу үшін,осындай радиобайланыс қолдануға болады.Егер радиобайланыс мүмкін болмаса паналаушылармен ауа жинағыш тесіктер,люктар,панаға кіретін жылу немесе су құбырларынтақылдату арқылы сөйлеседі.Сүзгіш желдеткіш арқылы ауа жіберу жүйесі бұзылған жағдайда,панаға ауа жіберу үшін ауа жинағыш өзекті тазалайды,мұны жасау мүмкін болмаған жағдайда,қабырғада тесіктерді бұрғылап,жылжымалы желдеткіш немесе компрессор арқылы ауа жібереді.Пананы ашу үшін,міндетті түрде авариялық шығу жолын тазарту керек немесе қабырғаға ойық жасау керек.Мұндай жұмысқа экскаватор,бульдозер және крандар қолданылады.Жертөлелердегі паналардың авариялық шығу жолы болмайды.Сондықтан ол жерде негізгі кіру жолын тазарту керек.Тазарту үшін автокранды қолданады,оның көмегімен кіру жолын жауып қалған ірі заттардан тазартады,содан кейін есікті жұлып алады.Кірер жолды тазалау мүмкін болмаған жағдайда,жабынды үстінен тесік жасайды.Бұл әдіс паналау ғимаратындағы үйінді өте биік болғанда және жабындыны бөліктерден тазалау мүмкін болғанда қолданады [4].

5.Паналау ғимаратынан құтқару жұмыстары

Тесік жасау үшін соққыш және бұрғылау балғалары қолданылады.Қабырғада ойық жасау,жабынды үстіндегі үйінді өте биік болғанда және паналау ғимаратының сыртқы қабырғасына жетуге мүмкіндік болмағанда жасалынады.Бүл үшін паналау ғимаратының жабын қабырғасын ашып тазалау қажет,ол жерден тесік жасау керек,жер асты галереясының қабырғасынан ойық жасау,паналау ғимаратын ашудағы ең қиын жұмыс.Бұл паналау ғимаратының үстін,кіру жолдарын үлкен үйінді басып қалғанда қолданылады,оныжасау үшін көп уақыт қажет.Пананың қабырғасына жету үшін жер асты галериясын қазады.Бұл галерияның өлшемі 0,8 х 2м және өлшемі 1,0 х 1,0м вертикальды шахтадан қаланады,оны үйінді шекарасынан қысқартады.Пана қабырғасына жеткеннен кейін онда галереядан тесік жасайды.Паналау ғимаратын ашылды деген кестемен белгіленеді.Үйінді астындағы зардап шегушілерді құтқару үшін үйіндіні тексеруден,оған қалай жақындап, қандай әдістер қолдану керектігінен бастау керек.Зардап шегушілерді іздеу үшін аймақты,нысанды,тұрғындар кварталын тексеруден бастайды.Бір мезгілде қайталап құлаудың алдын-алу шараларын қолданады, газ және электр тораптарын өшіріп,су берілуін тоқтатады.Үйіндінің жоғарғы бөлігіндегі зардап шегушілерді құтқару үшін,бойлап үйіндіні жоғары жағынан тазалайды.Зардап шегушілергше қосымшаь жарақат түсірмес үшін алдымен ірі,сосын ұсақ бөлшектерден және қоқысты қолмен тазалайды.Ғимарат ішінде үйінді астында қалған адамдарда құтқару үшін үйіндінің бүйір қабырғаларынан тар жол жасау қажет,жол салу кезінде ғимараттардың қираған элементтері арасында пайда болғансаңылауларды қолдану қажет.Жолды бағаналармен бекітедіжартылшай қираған,жанып жатқан ғимараттардан адамдарды құтқару үшін өртке қарсы құрылымдкар бір мезгілде өртті сөндіреді.Бұл жағдайда жалпы және едициналық құрылымдар жұмыс атқарады. Баспалдақ торшалары бұзылған жағдайда зардап шегушілерді сақталған немесе азғана бұзылған,көрші баспалдақ торшаларынан көшіреді.Баспалдақ торшаларынан шығу жолы бұзылса,оны уақытша тақтайдан жасалған баспалдақпен ауыстырады.Адамдарды түсіру үшін бекімелі баспалдақтар,жіптер,жіп баспалдақтар,механикалық баспалдақтары,көліктік телескоптық бағаналар және көтергіштерді қолданады,олармен коммуналдық-техникалық қызмет құрылымдары жабдықталады.Өрт қауіпі немесе қирау төніп тұрнған ғимараттардың жоғар,ы қабатындағы адамдарды түсіру үшін тік ұщақтар қолданылады.Түтіндетілген жағдайда адамдардыь құтқару ерекше қиындық тудырады,өйт-кені қорқыныш жағдайындағыь адамдар күтпеген орындарға тығылады.Құтқарушылар адамдарды тауып қана қоймай, оларды тез арада жанып жатқан түтінді ғимараттан шығару керек [5].

Қорытынды

Қорытындылай келе,құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды техника мен көлікті қолданудан басқа болжау,жағдайды бағалау,төтенше жағдай аймағын бақылау,құтқаруды жүргізу алгоритмін құру,жұмыс аймағының ерекшеліктерін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды төтенше жағдай аймағында жүргізу азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай жүйесінің негізгі міндеті болып саналады.Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізудің мақсаты адамдарды құтқару және зақымданғандарға медицинвалық көмек көрсету,авариядағы зақымдануды жою,эконимака нысандарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жағдай туғызу болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1 «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері», С.Белов, А.Ильницкая-М.:Жоғарғы мектеп, 1999ж.



Қосымша:

2 “Тіршілік қауіпсіздік негіздері” оқу құралы, Е.Н.Нәбиев, Астана,2012ж.

3 «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» Е.Н.Нәбиев, Астана, 2012 ж.

Электронды ресурстар:

4. http://referatkaz.kz/zaqymdangan-oshaqtagy-qytqaru-zhane-qajta-keltiru-zhymystary/

5.http://group-global.org/ru/publication/14550-rol-sluzhby-mediciny-katastrof-v-realizacii-gosudarstvennoy-programmy-salamatty

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет