Реферат тақырыбы: Бруцеллёз Орындаған: Мейіргер-ісі факультетінің 1 курс 1-1-11 тобының студенті Наукенова А. М. 2023жыл



бет1/3
Дата22.02.2024
өлшемі24.25 Kb.
#492891
түріРеферат
  1   2   3
Бруцеллёз


ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖОҒАРЫ МЕЙІРГЕРЛІК КОЛЛЕДЖІ


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Бруцеллёз

Орындаған: Мейіргер-ісі факультетінің 1 курс
1-1-11 тобының студенті Наукенова А.М.

2023жыл
Мазмұны:




  1. Кіріспе

  2. Этиологиясы

  3. Эпидемиологиясы

  4. Патогенезі

  5. Патоморфологиясы

  6. Клиникасы

  7. Балалардағы бруцеллездің клиникалық ерекшеліктері

  8. Диагностикасы

  9. Диф.диагностикасы

  10. Емдеу жолдары

  11. Диспансеризация

  12. Алдын алу


Бруцеллёз (Brucellosіs), медицинада — адам мен малдың жұқпалы ауруы. Аурудың қоздырғышы бруцелл — суыққа төзімді, ыстыққа төзімсіз бактерия. Мұны 1886 ж. ағылшын дәрігері Д.Брюс (1855 — 1931) тапқан. Кейіннен бұл аурудың адамға малдан жұғатыны анықталды. Бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін , клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру.
Этиологиясы.
Brucella тұқымына 6 түр кіреді: Br.melitensis- Қазақстанда жиі кездеседі Br.abertus Br.suis Br.cauris Br.neotomae Шар тәрізді, грам «-», эндотоксин бөліп шығарады, S-форма түзеді, сыртқы ортаға кең төзімді.
Эпидемиологиясы.
Барлық жерде кең таралған. Инфекция көзі: ұсақ мүйізді, ірі қара мал, шошқалар, маралдар және адамдар. Таралу механизмі: фекальды-оральды. Берілу жолдары: қатынас арқылы (зақымдалған тері)

  • алиментарлық

  • ауа-шаң (аэрогенді)

Көбінесе малшылар, шопандар, ауыл тұрғындары ауырады.
Патогенезі.
Бруцеллалар ағзаға тері немесе шырышты қабаттар арқылы енеді, сосын макрофактормен ұсталып, сол жерде көбейеді де, лимфа ағынымен регионарлық лимфа түйіндеріне енеді. Содан соң қан тамырлар арқылы бүкіл ағзаға жайылады. Патогенезінде инфекцияның дамуы бес фазадан өтеді:

  1. лимфогенді фаза

  2. гематогенді фаза

  3. көп ошақты себу жайылу фазасы

  4. экзоошақты себу фазасы

  5. метомффоз фазасы

Әр фазаның көрінуі және олардың дамуы организмнің индивидуальды ерекшелігіне байланысты, кіру жеріне, түріне қоздырғыш дозасына және зақымдану шартына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет