Реферат тақырыбы: Девианттылық және қылмыскерліктің әлеуметтанулық құрылымдары Орындаған: Сәмет Теңге


Девиация және әлеуметтік бақылаудың әлеуметтік мәні, оның негізгі түрлері



бет2/4
Дата28.10.2022
өлшемі38.59 Kb.
#463548
түріРеферат
1   2   3   4
7апта семинар сабак 7

2.1 Девиация және әлеуметтік бақылаудың әлеуметтік мәні, оның негізгі түрлері.
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
1.Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
• жанұяда берекенің болмауы;
• ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
• тәрбие берудегі кемшіліктер;
• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
• психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
• агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
• мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары,- деп көрсетсе, үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады.
Девиацияның пайда болуының алуан түрлі социологиялық теориялары да бар. Мысалы, өзінің аномия теориясында Э.Дюркгейм девиация – бұл көбіне өзіне-өзі қол жұмсау деп, ол нормалардың жоқтығынан болады деп есептейді. Осы теорияны дәлелдеуші американдық әлеуметтанушы Р.Мертон девиация қоғамның мақсаттары мен оған қол жеткізудің мойындалған құралдарының арасында алшақтық пайда болған кезде орын алатындығын тұжырымдады. Шоу мен Маккей негізін салған әлеуметтік азғындау теориясы бойынша девиацияның көптеген түрлері мәдени құндылықтар, нормалар мен әлеуметтік байланыстар әлсіреген кезде, немесе олар қарама-қайшылыққа ұшыраған кезде немесе мұлдем болмаған жерде туындайды. Әлеуметтік ауытқушылықтың типологиясы бұл құбылыстың алуан түрлілігін көрсетеді, оларды бөліп тұратын шекараларды айқындауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік ауытқушылық бірнеше себептер бойынша классификацияланады. Солардың ішінде кең таралғаны бұзылатын норманың (құқық, мораль, қатынас ережесі және т.б.) типі бойынша ауытқудың әр алуан түрге бөлінуі. Соған байланысты жағымсыз ауытқу қылмыс, басқа да құқық бұзушылық (әкімшілік, азаматтық, еңбекке қатысты, қаржылық және т.б.), адамгершілікке жат қылықтар және т.б. болып бөлінеді. Бұл классификацияның практикалық мәні оған қатысты қандай жаза тағайындалатындығымен, сондай-ақ кінәлілерді анықтап, жазалауға байланысты болып келеді. Бұзылатын нормалардың сипаты бойынша ауытқуды ұлттық деңгейдегі және халықаралық деңгейдегі ауытқу деп те бөлуге болады. Мінез-құлықтың көптеген түрлері белгілі бір елдегі өмір сүріп тұрған құқық нормаларының, моральдың, үлгі-өнегенің, әдет-ғұрыптардың бұзылуы болып саналса, оның кейбір түрлері халықаралық құқық пен моральдың (агрессивті соғыстар, нәсілдік қорлаушылық, геноцид, халықаралық терроризм және басқалары) жалпыға бірдей қолданылатын нормалары мен принциптерінің бұзылуымен байланысты.
Әлеуметтік ауытқудың объективті және субъективті жақтарымен байланысты тағы бір классификация бар. Ол екі топқа бөлінеді. а) экстравертивті (сыртқы ортаға бағытталған мінез-құлық, ол мақсатты, алдын-ала жоспарланған немесе аффективті болуы мүмкін, мысалы, отбасындағы дау-жанжал); ә) интравертивті (адамның өз-өзіне бағытталған мінез-құлық – ішімдік ішу, алкоголизм, өзін-өзі өлтіру, нашақорлық және басқасы).
Әлеуметтік бақылау
Мұндай мінез-құлықтың бірінші тобы да, екінші тобы да әлеуметтік бақылаудың әлеуметтік нормаларымен және құралдарымен тартысқа түседі. Қоғамдық жүйе үшін жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік қауымдастықтардың, жіктердің, топтардың және т.б.-ының қызметіне әлеуметтік бақылау жасау өмірлік маңызды болып табылады. Әлеуметтік бақылау деп әлеуметтік жүйенің өзін-өзі реттеуін қамтамасыз ететін адамдардың мінез-құлқын және олардың өзара қарым-қатынастарын нормативті реттеу түсініледі.
Әлеуметтік бақылау - әлеуметтік институттардың элементі. Ол арқылы индивидтердің әлеуметтік нормаларды, қызмет ережелерін және әлеуметтік шектеулерді басшылыққа алып әрекет етуі қамтамасыз етіледі. Адамның тіршілік-қызметін реттеудің мұндай тәсілі қоғамның тұрақтылығын ұдайы қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бақылауды ретке келтіруде қоғам мен индивидтің өзара қарым-қатынасы проблемасы маңызды орын алады. Теориялық тұрғыдан алғанда қоғам мен тұлғаның қарым-қатынасы әлеуметтік бақылау жағдайында барынша қарапайым түрде көрініс береді: яғни, индивидуалдық сапаларды әлеуметтік стандартқа сәйкес жӛнге келтіру. Әлеуметтік бақылау тұлғаның индивидуалдық мінез-құлқына қоғамның, әлеуметтік қауымдастықтың реакциясы арқылы іске асырылады. Соған байланысты қоғам әр түрлі санкцияларды қолданады.
Ал мәнін ашу бұл «норма» түсінігімен байланысты. Әлеуметтік норма – бұл нақты қоғамда тарихи түрде пайда болған дара тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның шектелген іс-әрекеті .Норманың бұзылуы қоғам , әлеуметтік топтар тарапынан нақты негативті реакцияны тудырады, яғни норманың бұзылуы- девиация, яғни әлеуметтік ауытқу болып табылады. Қазіргі жағдайда девиацияның негізгі түрлеріне қылмысты, маскүнемдікті, нашақорлықты, суицдті, жезөкшелікті жатқызуға болады.
Қылмыс – бұл мәселені зерттеуде оның динамикасына әсер ететін өте көп факторларды атауға болады. Мысалы әлеуметтік жағдай айналысатын іс түрі, білім, кедейшілшік бұл өз алдына жеке фактор, декласстау, яғни индивид және әлеуметтік топ арасындағы байланыстардың құлдырауы мен нашарлауы, қылмыстық жағдайда, нарықтық қатынасқа өтудің әсері зор. Бұл бәсекелестік, жұмыссыздық, инфляция сияқты феномендердің пайда болуымен сипатталады.
Маскүнемдік – адамзатқа мас қылатын сусындар бұрыннан белгілі. Ол XYI-ғ пайда болды. Түбегейлі өзгерістер этил спиртін өнеркәсіптік әдіспен алудан соң басталды. Міне, осы алкоголды бұқараның тұтынуына алып келеді және XYIII-ғ маскүнемдік Европа елдерінде :Англия, Германия, Швеция және т.б. кеңінен етек алады. Осы уақытта Россияда арақ тұтыну пайда болды. Бұл XIX-ғ пайда болды, ал XX-ғ-да бұл адамзат өркениетінің ең күрделі мәселесіне айналды, яғни алкоголизм мәселесіне. Шын мәнінде алкоголь біздің өміріміздегі әлеуметтік салттың бір элементі болып кірді.
Мысалы мерекелер, уақыт өткізудің кейбір әдістері және мәселені шешу. Бірақ осыған байланысты біздің қоғамымызда көптеген негативті жағдайларда көбейіп кетті.
Нашақорлық – (бұл грек тілінде narke- ағытылу және mania-құтырушылық, ақылсыздық дегенді білдіреді) Бұл жайлап адам ағзасының физикалық және психологиялық функцияларының терең жүдеуіне алып келетін есерткелік заттардан физикалық және психологиялық тәуелділікте болатын ауру. Нашақорлық – бұл әлеуметтік жаратылыс ретінде есірткіні қолданудың таралып кету дәрежесімен сипатталады немесе соларға ұқсастардың медицинаның рұқсатынсыз қолданумен сипатталады. Негізгі есірткіні қолданушы адамдарды жасы 30-жас шамасында болады. 60 % -нашақорлар 19-жасқа дейін өмірінде бірінші рет қолданады. Міне осылайша нашақорлық ең алдымен жастар мәселесі сонымен қатар нашақорлардың көп бөлігі , әсіресе радикалды есірткіні қолданылатындар жасы жеткенге дейін күтпейді.
Суицид – бұл өз өмірін қиюшылық, яғни өз-өзін өлтірудің жоғарғы батылдығы керітартпа ғадеттің пассивті түрі өмірдегі шешілмейтін мәселелерден кетуден, өмірден кетуден сипатталады. Суицид көбінесе дамыған елдерге тән және бүгінгі күні бұның санының көбеюіне алып келетін тенденциялар пайда болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет