РЕФЕРАТ
Тақырыбы: "Философиялық ой тарихындағы тәрбие идеалының эволюциясы"
Орындаған: Әшөкова Ажар Оразқызы
Өскемен 2023
Мазмұны:
Кіріспе......................................................................................................................3
Тарих философиясының пәні.................................................................................5
Тарихтағы прогресс мәселесі.................................................................................7
К.Ясперс философиясы...........................................................................................9
Қорытынды..............................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................16
Кіріспе
Ұлттық философия – халықтың өзін өзі тұрақтандыратын және оның барлық әрекеттеріне негіздеме беретін, оның асқақ мұраттарын қалыптастыратан рухани ізденіс аймағы. Ұлтымыздың философиясын, дүниетанымын зерделеудегі басты мәселе біздің өскелең ұрпаққа басқа елдермен терезесі тең боларлық рухани қор жинадық па, жинамадық па? деген сұраққа барып тіреледі. Адамзат қол жеткізген ғылыми-техникалық жаңалықтардың нәтижесінде ел мен ел қарым-қатынасы тез өрбіп, күн өткен сайын кеңейіп келе жатыр. Бұрындары ұшы-қиыры жоқтай болып көрінетін үлкен әлем бүгінгі коммуникация құралдарының күрделенуінің арқасында бір ауылдай кішігірім болып қалған сияқты. Осы заман талабы философиялық мұраны да кең тұрғыдан қарастыруды қажет етеді, өйткені бүгінгі халықаралық байланыстар, бүгінгі мәдени сұхбат деңгейі томаға тұйықтыққа жол бермесі хақ. Сондықтан да мәдени қор жасау өз халқымыздың қолда бар мәдени мұрасы мен рухани игіліктерін сақтап, оны жаңғыртумен шектелмесе керек. Рухани қазынамызды байытуда бүкіл әлемдік алдыңғы қатарлы, озық ой үлгілерінің тәржімаланып, жалпы жұрттың қолына жеткізу ісі аса маңызды да жауапкершілікті бастама екендігі сөзсіз. Онсыз біз ұлттық философиямызды өрелі өркениеттілікке бас бұрғанын іс жүзінде емес, тек сөз жүзінде ғана көрсетіп қойған болар едік.
Құндылық – бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы. Ол қашанда әлдекімнің (немесе әлдененің) бағалылығын, яғни объективті болмысты және сонымен бір мезетте оның әлдекім (немесе әлдене) үшін құндылығын, яғни субъективті бағалауды білдіреді. Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие.Дүние құндылыққа толы – материалды (заттар, әшекей бұйымдар, алтын мен асыл тастар, ақша, меншік және т.б.), табиғи (күннің атуы мен батуы, теңіздер мен таулар, гүлдер және т.б.), көркем (әдебиет пен өнер туындылары) және адами (сұлулығы мен ізгі қасиеттері) құндылықтар. Бір нәрсені екіншісінен артық көру жалпы тірі табиғатқа тән. Аң екеш аңның өзі төлін қызғыштай қорғайды. Дегенмен, құндылықтың антропогенді, яғни адамға тән екендігін баса айту қажет, өйткені барлық жаратылыстың ішінде адам ғана табиғи және мәдени туындыларды, идеялар мен амал-әрекеттерді, жалпы басқа адам мен қоғамды, сондай-ақ өзін-өзі бағалауға қабілетті. Құндылықтар адамның әлеуметтік болмысына тартылған, адам құндылықтарға мүдделі әрі мұқтаж болып табылады. Кәсіби философияда құндылықтар туралы ілім аксиология деп аталады және өзінің бастауын жүзеге асқан құндылық – пайдалылықты игілік деп қарастырған ежелгі гректерден алады. Батыстық философияның тарихында бірқатар аксиологиялық теориялар белгілі: натуралистік психологизм (Мейнонг, Перри, Дьюи), трансцендентализм (Виндельбандт, Риккерт), персоналды онтологизм (Шелер, Гартман), мәдени-тарихи релятивизм (Ницше, Дильтей), социологизм (Вебер, Парсонс, Толкотт). Жалпы құндылық термині еуропалық рационалдық философия мен христиандық моральдың іргелі ұғымдарын теріске шығарған XIX ғасырдағы неміс ойшылы Фридрих Ницшенің «балғамен шеге қаққандай» етіп жазған атақты «Билікке деген ерік» атты трактатында «құндылықтарды қайта бағалау» қажеттігін афористік тұрғыда негіздегенінен кейін кең қолданысқа түсті. Сөйтіп батыс еуропалық философияның негізгі тақырыбының біріне айналып, танымның барлық салаларында пайдаланыла бастады.
Мифологиялық көзқарас бойынша тарихтың басы мен аяғы болуы мүмкін емес, ондағы тарихтың жолы дөңгелек секілді өзінің орнына қайта оралып келеді. Сондықтан көне шығыс пен көне грек философиясында адамзат тарихы жалпы табиғат тарихынан бөлінбеген болатын. Тіпті адамның өзі космостың, яғни барлық универсумның бөлшегі ретінде қарастырылған. Тарихтың өзінде ешбір өзгеріс байқалмайтын сияқты. Мысалға Гесиодтың ұсынған концепциясын келтірсек, ондағы тарихи кезеңдер регресті тұрде, яғни кері дамыған деп көрсеткен.
Алғашқы историософиялық козқарастың пайда болуы адам мен табиғатты ажратып қарастырған концепция мен қатар пайда болған. Бұл концепция христиан ілімінің арқасында қалыптасқан. Христиандық философияның ерекшелігі оның адамға, тарихқа деген көзқарасында. Библияның өзін тарихи шығарма ретінде талдауға болады. Оның Көне және Жаңа деп аталатын өсиеттері көне еврейлердің және Иешуа (Иса) пайғамбардың тарихы мен өмірбаяны. Христиандық тарихта оның нақты құрамын байқалады. Ол тарихтың басталуы мен аяқталуы. Әріне, христиандық көзқарас бойынша тарихтың әр бір қимылы құдайдың ісі деп айтылады. Бірақ оған қарамастан адам өз басына бірнеше жағдайларды өткізеді. Оларды күнәға бату, Антихристің келүі немесе ақырзаманның орнатылуы және барлық күнәсінен арылып құдайдың алдына келу. Бұның өзі тарихтың біржақтылығын, прогрессивтік мәнін көрсеиеді.Өйткені тарих ешқашан қайтып оралмайды, ол текқана бір бағытта болады. Кейінгі көптеген батысеуропалық философтардың ілімдерінде (Гегель, Маркс сияқты) тарихқа деген көзқарас барлық христиандарға тән пікір кездестіруге болады. Христиандық тарих философиясының басты өкілі болып саналатын, көпшілікке танымал ойшыл Аврелий Августин (354-430 б.д.). Оның негізгі историософиялық шығармасы «О граде божьем» деп аталы. Августинның ілімінде шындықтың екі түрі үштасады. Олар уақыт пен мәңгілік. Тарих әрі уақытша, мерзімді, әрі құдай арқылы мәңгілікке бағынышты. Уақытшылық пен мәңгілік Иса пайғамбар Христостың бейнесі арқылы белгіленген.
Тарихты зерттеу пән ретінде бөлек қарастырғандардың бірі Джанбатист Вико болатын. Оның шағармаларында ұлттардың тарихтары мен арақатынастары кірген. Грек мифтеріне ұқсатып ол тарихты үш кезең арқылы қарастырған. Грек мифологиясын зерттегендер бірден оның алғашқы титандар тарихын, олимпиялық құдайлар тарихын және қаһармандардың тарихын байқайды. Вико да өзінің концпциясында осы үш сатыларды, яғни көне, классикалық және қазіргі деп тарихты бөліп қарастырған. Викодан бастап тарихтың өзі жеке зерттеу пәні болып бөлінген. Оның негізгі шығармасы «Основания новой науки о господстве наций». Өзінің еңбегінде Вико мифтермен аңыздарға сүйеніп, адамның иррационалдық табиғатын рационалдық жолмен шешуге тырысқан.вико мен басқа ағартушыларды қызықтырған сұрақ – адамдардың «ақылсыз» яғни көне, дөрекі жағдайдан зерделі жағдайға өтүі. Жалпы ағартушылардың ойынша тарихтың өзі екі күштің күресі – рационалдық және иррационалдық. Олар рационалдық, прогрессивтік күштің жеңісіне күмәнміз сенген. Ағартушылардың ілімдерінде қарамақайшылықтарды кездестіруге болады. Оған қарамастан орта ғасыр философияға қарағанда жаңаша көзқарастың пайда болуы бірден көзге түседі.адамзат тарихы адам табиғаты туралы қозғалған мәселемен ұштасады. Вико және кейінгі ағартушылар адамның тарихтағы өмірін ерекше адамдық шындық ретінде қарастыруға жол ашқан. Тарихтағы прогресс теориясының авторы атақта француз ойшылы Кондорсе (1743-1794). Оның еңбектерінің бірі «Эскиз исторической картины прогресса человеческого разума» деп аталған. Кондорсенің пікірінше тарихи процесс төмен сатыдан бастап жоғарғы сатыларға көтеріліді. Бұл прогрессивтік жоғарлаудың белгісі ақыл-ойдың дамуы. Неміс ағартушылардың арасында ерекше орын алатын И.Г. Гердер (1744-1803). Өзінің ілімінде Гердер әләмді тұтас тірі организм ретінде қарастырған. Оның ойынша табиғат, адам және адамзат тарихы сол организмнің бөлшектері. Ал жеке индивдтермен қатар олардың арақатынастарын білдіретін типтер бар. Гередердің басты шығармасы «Идеи к философии истории человечества». Табиғаттың барлық сатысы, барлық бөлшектері бір бірімен байланысты. Адамдар бір жағынан табиғаттың ең жоғарғы сатысында тұрса, екінші жағынан табиғаттан кейінгі әрі жоғары сатының бастамасы. Адмның амбиваленттігі яғни оның табиғатының екіжақтылығы оның қарамақайшылық табиғатын түсіндіруге жол ашады. Туғанынан адам жер бетінде өмір сүретін пенденің бірі. Бірақ оның мәңгілікке де қатысы бар. Гердердің арқасында тарих философиясына «өзгеріс» — изменение атты ұғым еңгізілген. Көне грек және ағартушылық ойшылдардың ілімдерінде өзгеріс туралы айтылмаған, керісінше олар барлық тарихи оқиғаларды бір біріне теңістірген. Гердердің пікірінше тарихтың өзі қайталанбас, мерзімді әрі орынды оқиғаларға толы. Тарихта тек алдынала болуға тиісті жағдайлар мүмкін. Бұл ойды жалғастыра отырып, тұтас тарихи философиялық концепцияны Г.В. Гегель құрастырған. гегельдің ілімінде логика мен тарих «бірігіп» кеткен деп айтуға болады. Ақылға симаған фактілерді тарихқа кіргізіп қарастырудық қажеті жоқ. Тарихтың негізгі субъектісі абсолюттік ақыл, абсолюттің рух болып табылады. Түп мәнінде Гегель ұсынған теорияда христиандық тарих философиясының негізі жатыр. Тарихтың мәні бостандыққа қол жеткізуде. Көне шығыста бостандық бір адамда, көне грек және рим әлемінде бостандық бірінсаранда, ал германдықтар әлемінде бостандық бұһаралықта.
Гегельдің атақты шәкіртінің бірі Маркс тарихи процесті диалектикалық әдіс арқылы шешуге тырысқан. Оның ілімі диалектикалық материализм деп аталған. Тарихты қарастырған кезде ол бес тарихи әрі экономикалық формацияларды ұсынған болатын. Яғни маркстің ойы адамзаттық тарих ол Гегельдің абсолюттік рухы емес, қоғамдағы экономикаға негізделген таптық қарамақайшылықтардың қоғамдағы сана арқылы белгілі болған материяның дамуы. Маркстың зерттеушілері оған экономикалық детерминист деп ат қойған. Маркс пен Энгельс қоғамды үнемі өзгерісте болады деп есептеген.
Философия тарихында тарих философиясына ерекше мән беріп және батыс философияға еліктемеген орыс ойшылдарын атап кету жөн. Ресей патшалығының тарихының өзі көптеген қарамақайшылықтарға толы әрі оның Еуропа мен Шығыстың арасында орналасқандығы өзіндік тарихи философиялық санасезімдерін қалыптастырған. Орыс философиясының негізгі мәселесін Ресейдің тарихи тағдыры болған. Әрине, орыс ойшылдары батыс философиямен ертеден таныс болып, атақты еуропалық ойшылдарымен тығыз байланыста болған. Сонымен қатар олар философияда өз ізін қалдыруға тырысқан. Тарихи философиялық ізденістерге әлеуметтік тұрғыдан ойтүрткі болған Петр І патшаның реформалары болған. Оның реформаларының арқасында ресей дворяндары Еуропада білім алып, ағартушылардың философиялық ойларымен таныс болған. ХІХ ғ. басында алғашқы «Общество любомудров» атты орыс философиялық үйым құрастырылған. Оған тікелей В.Ф. Одоевский қатысқан. өз еңбектерінде Одоевский батыс философиясының біржақтылығын сынаған. Ресей сол біржақтылығынан бас тартып келешекте өз рухани бастамасын жоғалтпай дамыса екен деген ой оның басты үмітіне айналған
Тарихи философиялық бағыт батыстар мен славянофилдердің еңбектерінде жалғасын тапқан. Славянофилдер мен батыстықтар деп ХІХ ғасырдың бірінші жартысында атақты ресей тарихи жайлы болған пікірталастардың арқасында пайда болған бағыттарды айтады. Славянофилдерге А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, ағайынды К.С. және И.С. Аксаковтар, Ю.В. Самарин жатады. Славянофилдердің басты ерекшеліктері олардың рационалдық философияның негіздерін сынауда жатыр. Мысалы, А.С. Хомяков өзінің «Записки о всемирной истории», «О старом иновом» еңбектерінде Гегельдің рационалдық тарих философиясына альтернативтік ойларын келтірген. Оның ойынша тарихтың мәдени, географиялық әрі этникалық орталығы болу мүмкін емес. Тарихи қозғалыстың екі «бастамасы» болған: ирандық және кушиттік. Барлық елдер өз мәдениеттерін ирандық немесе кушиттік бағытта дамытқан. Сондықтан тарихта «таза» ұлттар әрі «таза» діндер болуы мүмкін емес, олардың барлығы бір бірімен араласып кеткен. Хомяковтың ойларында Шеллинг философиясының ықпалы байқалады. Славянофилдер Ресейдің өзіндік ерекше тарихи жолы бар деген ойға келген болса, батыстықтар Ресейдің басты мақсаты Батыс Еуропаны қайтседе қуып жету қажет деп есептеген. Олардың қосылған жері Ресей патшалығын және ресейлік қоғамның кемшіліктерін сынауында болған. Батыстықтар мен славянофилдердің арасында орын алатын П.Я. Чаадаевтың (1794-1856) шығармашылығын ерекше атап кету қажет. П.Я. Чаадаевтың аты шулы еңбегі ”Философические письма” деп аталады. Чаадаев үшін мәдени-тарихи процесстің сакралдық мәні бар. Тарихи процесс шын мәнінде рухани процесс. Сондықтан, ресей тарихын сынаған кезде, П.Я. Чаадаев батысеуропалық елдердің дамығандығын католицизммен ұштастырған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс историософияда славянофилдер мен батыстықтардың жалғасы ретінде Данилевскийдің мәдени-тарихи түрлер туралыілім пайда болған. Оның “Россия и Европа” (1869) деген еңбегі жалпы историософиялық ілімге көптеген әсерін тигізген. Бұл шығарма атақты Шпенглердің ”Закат Европы” атты кітабінде көтерілген мәселелермен сабақтасады. Бұл еңбекте Данилевский европацентризмді, орыс дәстүрін жалғастыра отырып сынаған. Ол тарихи процесті бірғалыпта қарастыруға болмайды. Адамзат тарихының әр түрлі ошақтары болған. Олар ұлы өзеңдердің бойында қалыптасқан: Нил, Тигр және Ефрат, Янцзы, т.б. Данилевский жаратылыстану яғни ботаника мен айналысқандығы оның географиялық детерминистік әдістемесі арқылы байқалады. Данилевскийдің шәкірті К.Н. Леонтьев. Орыс философиясының ең ірі ойшылы Владимир Соловьев. Соловьевтің көзқарасына әсер еткен алғашқы славянофилдер мен Григорий Сковорода ілімдері. Соловьевтың ойынша адамзаттық тарихта үш тарихи әлем бар: мүсылмандық шығыс, батыс өркениет және славяндық әлем. Тарихтың өзі рухани процесске жатады. Славяндық әлемнің тарихтағы орны ерекше. Оның атқаратын міндеті бір-біріне қарамақарсы келетін батыс және мүсылман әлемдерін үштастыру. Жалпы Соловьевтің тарихи-философиялық ойлары оның соңғы кезеңде жазылған “Три разговора” атты еңбегінде айтылған. Ұлы орыс ойшылдарының ізін басып тарихты ерекше ілімге айналдырған Лев Николаевич Гумилевті атапкету жөн көрдік. Гумилевтің негізгі шығармасы “Этногенез и биосфера Земли” деп аталады. Ондағы басты идеяны бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихын жер бетіндегі әрі барлық ғарыштың, табиғаттың тарихынан бөліп қарастырудың нәтижесі аз. Гумилевтің ілімінде Чижевский, Вернадский атты ойшылдардың ғылымда ашып кеткен жаңалықтар мен тарихи, қоғамтану ғылымдарымен байланысты тапқан сияқты. Кезінде Дж. Виконы қызықтырған ұлттар тарихы Гумилевтің ілімінде “этногенез” теориясына айналған. Этногенез — этностардың (ұлттардың) пайда болуы пассионарлық жарылысқа байланысты. Пассионарлық жарылыс күн бетінен жерге түскен радиациялық энергияға тәуелді. Бұл заңдылықты алғашқыда “Земное эхо солнечных бурь” атты еңбегінде А. Чижевский жазып кеткен. Бұл заңдылық бойынша тарихи, әлеуметттік төнкерістер күн бетіндегі процестерге тікелей қатысы бар. Гумилевтің іліміде қызықтыратын оның тарихты ерекше бейнелеу және түсіндіру мәнінде. Философияның жеке бағыты ретінде тарих философиясы ХХ ғасырда толығымен қалыптасты. Оған себеп болған ХХ ғасырдың тарихи өзгерістер мен дағдарыстар деп айтуға болады. ХХ ғасырдың ең маңызды ілімідердің авторлары К. Ясперс (1883-1969) пен А. Тойнби (1889-1975). Ясперс ұсынған тарихи концепцияның негізгі ұғымы “осевой время” деп аталады. Осевое время деп Ясперс тарихтың белгілі кезеңді атаған. Бұл кезең біздің дәуірімізден бұрын жетінші ғасырда басталып Христос дәүірінде аяқталады. Оның белгісі ретінде барлық рухани, діні, ғылыми, философиялық ілімдірдің пайда болуын келтіреді. Мәдениеттің белгілі ошақтары Көне Үнді, Қытай және Грек елдері саналады. Ясперс үшін тарихтың өзі тұлғалардың шығармашылық қабылетінің нәтижесі. Тарихи тұлғалар алға ұмтылып, соңынын көпшілікті ерте жүреді. Тарихи тұлғалардың қатарына Ясперстің ойынша Христосты, Будданы, Конфуцийді, Пифагорды қосуға болады. Сондықтан тарихи процессті Ясперс адамның рухани өмірімен теңістірген. Ұқсас пікірді А. Тойнбидің ілімінде көруге болады. Табиғи өзгерістерге қарағанда тарихи өзгерістердің негізінде рухани процестер жатыр. Жекпе-жекке шақырғандай, әлемнің өзі адамдардың алдына мақсат қояды. Әрбір өркениет сол мақсатты орындауға талпынады. Бұл талпынысқа ілікпеген халықтар тарихтың тасасында қалыпқояды. Жалпы ХХ ғасырдың тарих философиясының қойған негізгі мәселесі тарихтың және тіршіліктің коммуникативтік мәні.
Адам құзырындағы заттар, қоғамдық қатынастар жəне олар қамтыған табиғат құбылыстары құндылықты қатынастар нысандары ретінде танылған және бағалы заттар сипатында іс-əрекетке қосылады. Яғни бұлардың бəрі де жақсылық пен жамандық, шындық пен жалған, əсемдік пен ұсқынсыздық, əділдік пен əділетсіздік жəне т.б. тұрғысынан пайымдалады. Белгілі құбылыстарды бағалауға негіз болған тəсілдер мен өлшемдер субъективті баға түрінде қоғамдық сана мен мəдениетте бекиді де, адам əрекетін бағыттаушы құралдарға айналады. Алайда құндыны қарапайым бағалыдан, қажеттіден, тиімдіден, пайдалыдан ажырата да білу керек. Барлық тірі және шынайы сүйікті нәрселер құрал бола алмайды. Әдетте материалдық игілік пен тұтынушылық нарықты, еңбек өнімі мен тауар айырбасының нәрсесін білдіретін қарапайым құндылықтар экономикалық құндылықтар болып табылады. Айырбасқа көнбейтін, орны толмайтын жоғары құндылықтар да болады, әдетте оларды «баға жетпес» деп жатады. Бұл тұрғыдан алғанда олар қасиеттілік ұғымына жақындайды. Діндар адамдар үшін барынша қастер тұтып, қадірленетін құндылықтар бұл – діни құндылықтар. Құндылықтар әлемі шексіз десе де болады, тіпті жаратылыстың өзі біз үшін танымдық, философиялық және эстетикалық тұрғыдан құнды болып саналады. Діни құндылықтар Құдайға сенуге негізделеді және әрбір дін адамның Жаратушымен рухани-практикалық байланысын анықтап қана қоймай, оның жалпы қоғамдағы және тұтас әлемдегі орнын реттейді. Жоғары діни құндылықтар адамдардың өмірінің мәні мен қамын айқындайды. «Құндылықтық фактор» Құдай идеясының өзінде болады, өйткені құндылықтық басымдылықтардың мазмұны мен мәртебесі Жаратушының өзінен туындайды. Көптеген діни жүйелерде этикалық, яғни моральдық-адамгершілік қасиеттердің эталоны Құдайдың аты мен затынан, сипаттарынан алынады, содан әрбір діни ағым құндылықтық императивтерді, парыздар мен тыйымдарды қалыптастырады. Бір Құдайға табынушылықтың тәухид концепциясы мейлінше жетілген соңғы дін ислам діні болып табылады. Оның негізгі қайнар көздері – қасиетті кітап Құран және пайғамбардың өсиеттері Сүннет. Осы қайнарлардан шыға отырып, мұсылманның тал бесіктен жер бесікке дейінгі бүкіл отбасылық және қоғамдық өмірқамын Шариғат айқындайды. Шариғаттағы ақида иман негіздерімен айналысса, фыкх мұсылмандардың жүріс-тұрыс ережелері мен қалыптарын қамтиды. Əрбір тарихи нақты қоғамдық құрылым өзіне тəн құндылықтар жиынтығымен ажыратылады. Бұл тұрғыдан алғанда Батыстың Шығыстан, қаланың даладан, көшпенді қоғамның отырықшы қоғамнан, сондай-ақ әрбір ұлттың өзіндік менталитетіне сай айырмашылықтары болады. Сол сияқты адамзаттың дәстүрлі кезеңінде бағаланған нәрселер мен қазіргі заман құндылықтарының арасында да айырмашылықтар бар. Қазіргі құндылықтар белгілі бір әлеуметтік-мәдени қауымның немесе халықаралық қауымдастықтың қандай да бір құндылықтарды насихаттауы барысында қалыптасады. Бүгінгі қоғамдағы жақсы, дұрыс немесе қалаулы деп есептелетін құндылықтар жүйесін жалпы адамзаттық деп атау қабылданған, алайда оның кейбірінің батыстық түбірге ие екендігін ескеру қажет. Құндылықтар жүйесінің бұл көрінісі қалыпқа немесе нормаға айналып кеткен. Ол қалыптарды әлеуметтік құндылықтарға жатқызуға болады, бірақ норма мен құндылық түсініктерінің айырмасы бар. Құндылықтар – бұл абстрактылы жалпы ұғымдар болса, ал қалыптар – адамдардың әр алуан ахуалдарда ұстанатын ережелір мен ұстындары. Қазіргі қоғамда қалыптасқан құндылықтардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: денсаулық, отбасы мен туыс жақындар, үй мен материалдық игілік, жұмыспен қамтылу және қанағаттану, қоғамдағы әлеуметтік мәртебе мен жағдай, дін мен рухани құндылықтар, білім алу, шығармашылық, демалыс, еркіндік (таңдау мен сөз еркіндігі т.б.), тұрақтылық және басқалары. Қазіргі заман мен қоғамда адамды ең жоғары құндылық ретінде тану, соған сәйкес адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, балаларды қорғау, білім мен тəрбиедегі демократиялық принциптерді берік ұстану алдыңғы орынға шығып отыр. Сонымен қатар әр алуан ұлттар, діндер мен мәдениеттер өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі үшін өзара түсіністік, сұхбат пен толеранттылық халықаралық ұйымдар тарапынан насихатталуда. Әрине, мұнан басқа да құндылықтар бар. Құндылықтарға қатысты әр адамның әр алуан басымдылықтары болады.
Әлеуметтік-тарихи тәжірибе әрбір жаңа ұрпақ өз халқының өткен тәжірибесін қайта ойлап, ұлттық дамудың мақсаттары мен міндеттерін айқындауымен қатар, оның перспективаларын тұжырымдап, нақты уақытта ұлтқа тән саяси, идеологиялық, экономикалық, мәдени бағдарларды, қазіргі заманғы әлемге сәйкес ұлттық сана-сезімді қалыптастыратынын көрсетеді. Бұл процесс ұлт тарихының аса күрделі, сыну кезеңдерінде қарқынды жүреді. Ұлттық сана-сезім ұлт пен адам ретінде, осы қауымдастықтың мүшесі ретінде сипатталатын маңызды фактор болып табылады. Жеке тұлға өзін ұлттың ажырамас бөлшегі ретінде сезіне отырып, өз халқының тарихын, ұлттық құндылықтарды (жазу, ұлттық тіл, рухани мәдениет пен тағы басқа жетістіктері), ұлттық менталитет, халықтың әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесін бағалап, оның дамуына ықпал етеді. Ұлттық сана-сезімнің дамуы индивидтің өз ырымдарын, дәстүрлерін, яғни этникалық тамырын білуімен байланысқан, сонымен бірге осы үдерісте адамгершілік жалпыадамзаттық құндылықтарды тану маңызды. Яғни, ұлттық сана-сезімді дамытудағы маңызды тарап ондағы этностық, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың арақатынасы болып табылады. Жеке тұлғаның ұлттық сана-сезіміне өзінің ұлттық қатыстылығы туралы субъектіні таныстыру, өзінің этникалығын позитивті қабылдау, ұлттың тарихи өткеніне, оның бүгіні мен болашағына деген көзқарас, ана тілін меңгерудегі белсенділік, халық мәдениетін зерделеудегі белсенділік, ұлттық мүдделер мен құндылық бағдарларын ұғыну және қабылдау, басқа да этникалық қауымдастықтарға қарым-қатынасты қалыптастыру, оның аумақтық тұтастығын сақтауға дайындық, оның байлығын арттыруға ұмтылу кіреді.
Ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы.
Әр ұлттың дүниетанымы, ойлау түрі, темпераменті, ұлттық санасы және т. б. белгілі бір жолмен үйлеседі. Жалпыадамзаттық құндылықтар ұлттық құндылықтарға да тән орнықтылық және тұрақтылықпен сипатталады. Ұлтқа және жеке тұлғаға қатысты менталитет бастапқыда әдеттегі-эмоционалды түрге ие болды деп айтуға болады, тек экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуға негізделген құндылықтардың пайда болуымен ғана ол көп қырлы дүниетанымдық сипатқа ие болады. Ұлттық менталитет адамның рухани және материалдық құндылықтарын тарихи іріктеу нәтижесінде қоршаған әлемге қарым-қатынас жүйесінде көрініс табады.
Жалпыадамзаттық құндылықтардың бір бөлігі ретінде ұлттық құндылықтар - құлық пен құндылықтар түрінде оң тәжірибені сақтаушы ұлттың өзін дамыту шарасы болып, индивид пен этнос өмірінің дербес факторы болып табылады. Қоғамдық қатынастардың нақты жұмыс істеуі оның деңгейіне байланысты. Ұлттық және әмбебап жалпыадамзаттық құндылықтар ұлт субъектісінің қоршаған шындыққа деген шығармашылық қатынасын көрсетеді. Адам өзін-өзі тануға, өзін-өзі жетілдіруге, белгілі бір этнос өкілі ретінде өзін-өзі дамытуға қабілетті жарқын даралық ретінде жасайды. Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, моральдық нормалары, ұлттық құндылықтары бар. Ұлттық құндылықтар – қандай да бір этникалық қауым өкілдерінің өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы. Ұлттық құндылықтардың әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше екені белгілі. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие – ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізі ғасырлар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен моралдық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Қазақы дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық ұлағат ғасырлар бойы шыңдалып қалыптасты. Сол сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің негіздерін бір арнаға түсіріп тәрбие мәселесінде пайдалану бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған ең басты қажеттілік деп білемін. Ұлттық отаншылдықты қалыптастыруда ата-бабаларымыздың ұлағатты ойлары мен тәлімдік тәрбиесінің атқаратын орны ерекше. Осы жерде қазақ халқының ұлы ақыны, ғалым М. Жұмабаевтың мына сөзі ойға оралады: «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті». Бала тәрбиесінің ұлттық сипатта болуына ерекше мән беру керектігін атап өтеді. Ал ұлттық сипат – сол ұлт тарихының таңбасы. Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді талап етеді. Қазақи рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуында ұлттық құндылықтардың маңызы зор. Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу ұлттық идеяның негізгі бағыты болып табылады. Ұлттық идея – қазақ халқы тудырған моральдық нормаларда және ұлттық құндылықтарда бекітілген патриоттық тәжірибені меңгеру, ұлттық этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды тану, тарихты құрметтеу арқылы іске асырылады. Көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Амангелді Айталы «Ұлттың рухани мұралары мен дәстүрлерін, қаһармандық ерлік салтын қастерлеу – ұлттық идеяның басты көзі болады, оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігін нығайтады» - деп келтіреді. “Жас бала – жас бiр шыбық, жас күнде қай түрде иiп тастасаң, есейгенде сол иiлген күйiнде қайтып алмақ” – деген тұжырым жасаған қазақ халқының ұлы ақыны ғалым М. Жұмабаев. Бүгінгі жас ұрпақты бала шақтан, яғни ерте жастан ұлт құндылықтарына сүйене отырып тәрбие жүргізу керек. Тәрбие iсi – мемлекеттiк iс. Өйткенi бүгiнгi дұрыс тәрбие – болашақтағы жақсы елдiктi танытар азаматтардың өсетiнiн танытады. Сол себептен де Елбасы өзінің мақаласында «Ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс» – деп ой қорытады. Бүгінгі күн тұрғысынан қарайтын болсақ, егемен елдің бейбітшілігі мен бірлігін сақтайтын жас ұрпақтың бойына жастайынан ата-бабаларымыз негізін салған ерлік рухты, отаншылдық сезімді сіңіру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып отыр. Ұлттық сезім мен ұлттық намыс, ұлттық рухты көтеру – бүгінгі таңның кезек күттірмес міндеті деп білемін. Яғни елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәрбие саласында жұмыс жасау басты міндетіміз. Ұлтымыздың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деген болатын. Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізгі өзегі, ұлт қалыптасуының басты факторларының бірі. Осы ұлттық идеяны іске асыратын басты фактор мемлекет болып табылады. Сондықтан да осы мемлекеттік іске салғырт қарамай ұлттық идеяның негізгі бағыттарының тетіктерін жасау қажет.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, құндылықтың басты белгісі оның бойында адамға игі ықпал ететін қасиеттердің болуымен сипатталады. Адамгершілік құндылықтармен айналысатын саланы гуманистік аксиология деп атауға болады. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы адамгершілік, тұлғалық немесе кісілік құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері болды. Адам мен адамгершілік мәселелері қазақтың ақын-жырауларын да, би-шешендерін де, абыз-әулиелерін де, қараша халықтан бастап ханға дейінгі ақсүйек игі жақсыларын тегіс толғандырған. Батыстағыдай кәсіби философия болмаса да, қазақты тумысынан философ-халық деп бағалауға болады. Оның философиясындағы негізгі тақырып – адам философиясы, кісілік қалыптың өлшемі, не жақсы не жаман төңірегіндегі этикалық мәселелер. Сондықтан қалт айтпайтын халық «жақсылардың кеудесі алтын сандық», «білімді туған жақсылар аз да болса, көппен тең», «жақсыменен өткізген бір күнім, мың күніме татиды» деп жырлайды. Қазақтың кім екені оның философиясы мен дүниетанымынан, тілі мен дінінен, ділі мен дәстүрінен, мәдениеті мен өнерінен, күнделікті өмірқамы мен әдет-ғұрпынан, мінген аты мен тартқан домбырасынан көрінеді. Бүгінгі біздің қоғамда ата-бабаларымыз берік ұстанған бұл кісілік құндылықтардың көмескілене бастағаны байқалады. Оны күнделікті отбасының тұрмысынан да, қоғам өмірінен де аңғарып жүрміз. Батыстық бұқаралық мәдениеттің тегеуірінді ықпалы интернеттен де, теледидардан да, басқа ақпарат құралдарынан да қарқынды жүргізілуде. Әрине, поэзия мен ән-күй өнерінде қазақы қоңыр үн мен ырғақ, бояу мен нақыш сақталып отыр, оған да шүкір дейсің, әйтпесе дүниеге келген нәрестеге не тыңдатып, не көргізеріңді білмей дал боласың. Дегенмен, жалаң еліктеушілік, «өзгенің асылын малшылау» басым, оған тоғышар¬лық, көзбояушылық, науқаншылдық, ұраншылдық, әсіреқұмарлық, шенқұмарлық, даңғазалық, мақтаншақтық сияқты антиқұндылықтар қосылып отыр. Ол күнделікті тіршіліктен де, ғылым, әдебиет, өнер тәрізді «рухани» мәдениет салаларынан да анық байқалады. Мұндай келеңсіз құбылыстарда құндылық қайдан болсын, рух қайдан болсын. Рух, руханият ұғымдарын нақтылай келе, біз құндылықтар әлеміне келіп тірелеміз. Оны зерттейтін философия саласын аксиология (aksios - құнды, logos - ілім) дейді. Жалпы алғанда, құндылықтар дегенде адам өмірінің бағытын анықтайтын, оған керек, мәнді, оның құрмет тұтатын, керек болса, бас иетіннің бәрін жатқызуға болады. Құндылықтар «әлемінің өмір сүруінің терең себептері адамның өзінде, оның саналы пенделігінде, өмірдің мән-мағнасын іздеуінде жатса керек. Өйткені адам - ерікті пенде, ол өз тағдырын өзі күнделікті өмірге келетін мүмкіндіктерді таңдау арқылы жасайды.
Әдебиеттер
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-570-2
Достарыңызбен бөлісу: |