Линзалар
Линза - екі сфералық беттермен шектелген мөлдір дене.
Жұқа линза қалыңдығы қисықтық радиусымен салыстырғанда өте аз линза.
Бас оптикалық ось ‒ линзаның сфералық беттерінің центрлері арқылы өтетін түзу.
Қосымша оптикалық остер ‒ линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін кезкелген түзу.
Оптикалық центр ‒ бас оптикалық осьпен линзаның қиылысу нүктесі.
Фокус ‒ линзаның бас оптикалық осіне параллель түскен сәулелердің сынғаннан кейін бас остің бойында жиналған нүктесі (жинағыш линза).
Жалған фокус ‒ линзаның бас оптикалық осіне параллель түскен сәулелердің сынғаннан кейінгі сәулелерінің созындыларының қиылысу нүктесі (шашыратқыш линза).
Геометриялық оптика заңдары көп ретте оптикалық жүйелердің жеңілдетілген, бірақ көп жағдайда дәл теориясын жасауға мүмкіндік береді. Геометриялық оптика, негізінен, оптикалық кескіннің пайда болуын түсіндіреді, оптикалық жүйелер аберрацияларын есептеп шығаруға және оларды түзету әдістерін жетілдіруге, оптикалық жүйелер арқылы өтетін сәулелер шоғының энергет. қатысын табуға мүмкіндік береді. Дегенмен, барлық толқындық құбылыстар, сондай-ақ, кескіннің сапасына ықпал ететін және оптикалық приборлардың ажыратқыштық шамасын анықтайтын дифракциялық құбылыстар Геометриялық оптикада қарастырылмайды..
1) «Физика» кітабы Б.М.Дүйсембаева, А.А.Медетбекова 2)https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D0%B3%D0%BD%D0%B5%D1%82% D0%B8%D0%B7%D0%BC
Достарыңызбен бөлісу: |