Реферат Тақырыбы: Жасушалардың молекулалық құрылымы және олардың қызметі бұзылған жағдайда туындайтын аурулар Орындаған: Турсункулова д тобы: в-пқА-01-22



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата23.11.2023
өлшемі130.5 Kb.
#484218
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
алтын молек



Реферат
Тақырыбы: Жасушалардың молекулалық құрылымы
және олардың қызметі бұзылған жағдайда туындайтын
аурулар 
Орындаған: Турсункулова Д
Тобы: В-ПҚА-01-22
Қабылдаған: Алипбаева Г.С
Шымкент 2022


Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
- жасушаның құрылысы
- жасуша органоидтары
- жасушаның молекулалық құрылымы
- жасуша бұзылғанда туындайтын аурулар
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Жасуша — тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым 
бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі 
жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, 
кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы 
жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында 
кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.
«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук 
(1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы 
биологиялық зерттеулердің негізі.
Жасушаның диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге 
(түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер 
Жасушасының диаметрі 10 – 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде – 2×1012 
Жасуша, ал ересек адамның организмінде – 1014 Жасуша болса, организмнің кейбір 
тіндерінде Жасуша саны өмір бойына тұрақты болады. Жасушаның тірі заты – 
протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің 
тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады.
Жасуша – тіршіліктің негізгі бірлік өлшемі. Барлық тірі ағзалардың денесі (вирустан 
басқасы) жасушадан тұратыны сендерге мәлім. Жасушаның құрылысы электронды 
микроскоптың көмегімен терең зерттелді. Электронды микроскоппен жасуша 
құрылымдарының өте ұсақ бөлшектеріне дейін анық көруге болады. Жасушалардың 
құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылымды цитология (грекше «kytos» – жасуша, 
«logos» – ғылым) дейді. Жасушалар құрылысы, қызметі, пішіні, мөлшері жағынан әр 
түрлі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет