Реферат Тақырыбы: Микроэкологияның негіздері. Микробтық паразиттің эволюциясы және қоздырғыштардың пайда болуы



бет1/4
Дата20.10.2022
өлшемі122.47 Kb.
#463048
түріРеферат
  1   2   3   4
Микробиология СРС Рахымжанова Қ.Н. ЖМҚА-208а



Микробиология, вирусология және иммунология
Реферат
Тақырыбы: Микроэкологияның негіздері.Микробтық паразиттің эволюциясы және қоздырғыштардың пайда болуы.

Орындаушы: Рахымжанова Қ.Н.


Тобы: ЖМҚА-08-21
Қабылдаған: Курманбекова Ш.Ж.

Шымкент-2022ж.


Жалпы және медициналық микробтық экологиягың негіздері (Микроэкология) "Экологиялық микробиология" термині ең алғаш рет жалпы және қолданбалы микробиологияның жеке бөліктерін біріктіру үшін 1945 жылы C.Н.Виноградский енгізген. Алайда, микроэкология ғылыми бағыт ретінде анағұрлым ерте - өткен ғасырда бастауын алған. Оның фундаменті C.Н.Виноградскийдің еңбегі болды, онда топырақ бактерияларының арнайы формалары ашылды және топырақта заттар трансформациясының белгілі бір процестерге олардың қатыстығын дәлелдеді. Топырақ микроорганизмдерінің бірлестігі мысалында ол бірінші болып нақты экологиялық зонада тұрақты (аутохтонды) және тұрақты емес (зимогенді және аллохтонды) микрофлораны реттеп жазды. Бұл әдіс су қоймаларындағы микробтың бірлестіктерге, өсімдік және жануарлар ағзаларына әмбебап болып табылады.
20 ғасырдың соңында И.И.Мечников адам және жануарлар ішегі микрофлорасының трофикалық рөлінің бірінші гипотезасын құрған. Лактобактериялары бар простоквашаны бірқалыпты пайдалану арқылы шіру бактерияларының теріс рөлін басу тәжірибелік әдісі онымен ғылыми негізделген және ұсынылған.
Микроорганизмдердің тірі материя негізін құрудағы глобальді рөлі алғаш рет биосфера жайындағы ғылымды құрған атақты орыс натуралисті В.И.Вернадскийдің еңбегінен көрсетіледі. Ол ең бірінші болып жоғары деңгейлі экологиялық интеграция тәрізді биосфера жайындағы идеяны құрастырды. Микроэкология жалпы экология қолданатын терминдерді қолданады, бұл пән организмдердің тіршілік ету ортасымен өзара байланысын оқытады. Осыған байланысты орталық биотикалық және абиотикалық әсерін, сондай-ақ ағзаның қоректену ортасына әсерін ескеруіміз керек.

Микроэкология бойынша негізгі түсініктер
Микроорганизмдер экологиясы - микробтардың бір-бірімен және қоршаған
ортамен қарым-қатынасы жайындағы ғылым. Медициналық микробиологияда
микроорганизмдердің адаммен өзара қарым-қатынас комплексі оның оқып білу объектісін атқарады.
Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) — белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.
Паразит организмнің сыртында тіршілік етсе эктопаразит, ал ішкі органдар мен тін, ұлпаларда тіршілік етсе эндопаразит деп аталады. Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседі. Сондай-ақ, түгелімен паразиттерден ғана тұратын «кластар» мен «отрядтар» бар. Мысалы, қарапайымдардан споровиктер, жалпақ құрттардан трематодалар, моногенеялар, цестодалар, жәндіктердің ішінде бүргелер мен биттер, т.б.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер арасында омела (лат. vіscum) және сұңғыла (лат. orobanche) туыстарын айтуға болады. Жалпы бір организмде паразиттің бірнеше түрі тіршілік етеді, олар әр түрлі органдар мен тіндерде (ұлпаларда) орнығады да, өзгеше қауымдастық — паразитоценоз құрады. Паразиттің даму сатысының бір кезеңі иесі организмінде (мысалы, тек қоректену кезінде) өтетін болса, оны «уақытша паразитизм» деп, ал дамуының көпшілік уақыты иесі организмінде өтетін болса «тұрақты паразитизм» деп атайды.
Паразиттер облигатты (міндетті) және факультативті (міндетті емес) деп бөлінеді. Паразиттерге тән ерекшелік — тіршілік ету жағдайына байланысты оларда бір органдары (мысалы, ас қорыту, сезім жүйесінің, т.б.) жойылса, керісінше екінші бір органдары (мысалы, көбею, бекіну, т.б.) күрделілене түседі. Паразитизм процесі кезінде паразиттердің дамуы бір ғана емес, бірнеше иеде өтуі мүмкін. Мысалы, безгек қоздырғышының иелері — адам мен анофелес туысына жататын маса; эхинококк ауруы қоздырғышының иелері — адам мен ит, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет