Қарағанды медицина университеті
Морфология және физиология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Несеп шығару жүйесі мүшелерінің жастық ерекшеліктерін сипаттау
Орындаған:Тулебай Жансая
Тобы: 1-1001 СФО ОМ
Тексерген: Шапатова Г.
Қарағанды,2022-2023жыл
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Баладағы зәр шығару жүйесінің құрылыс ерекшелігі
2.2 Бала бүйрегінің қызмет ерекшелігі
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе:
Бүйрек аурулары қартайған шақтадағы жеке патология отандық нефрологтардың ойлары бойынша егде жастағы және қарт адамдардың өлімдерінің негізгі 4 себебінің бірі болып табылады. Бүйрек ауруларында жасқа байланысты ерекшеліктері бар. Жануарлармен адамдардағы зерттеулері дәлелденгендей жас келе бүйрек ұлпасының қызыметінің төмендеуі адам қартайғанда 1/3-1/2 нефрондарын жоғалтып дәнекер тіндер өсіп жастық нефросклероз түзіледі. Нефрондардың өлуімен қатар қалған жасушалардың компенсаторлы гипертрофиясы дамиды. Қартайған кезде бүйректің оттегіне қажеттілігі төмендейді, жасушаларда митохондри саны азаяды, жалпы АТФ-тың белсенділігі төмендейді, жалпы ағзадағы энергиялық алмасу қарқындылығы қысқарады. Үдемелі түрде бүйрек қанайналымымен шумақты фильтрациясының физиологиялық деңгейі төмендейді. Бүйректің экскреторлы (азотты, су мен электролит шығарушы) қызметі төмендеп бүйректің гипофункциясы дамиды. Бұған нейрогумаральды реттелудің жастық ерекшелктеріне байланысты зәр шығару жүйесінің жүйке бөлімінің ролінің азаюына, гуморальды белсенділігінің жоғарылауына байланысты. Бүйрек тостағаншалары, табақшалары, несеп ағар жас келе тығыздалады, эластикалығын жойып, көлемі ұлғайып ритмді қызметі бұзылып, рефлюкс жиілеп, қуық қабырғасы қалыңдап тығыздалып зәр шығаруы жиілейді. Қуықтың жас өзгеруіне байланысты жабушы аппараттың қызметі әлсіреп, зәрді ұстай алмауына алып келеді. Бұл зәр шығару рефлексін бақылаушы жоғарғы орталық жүйке жүйесінің қызметінің төмендеуінен болып табылады. Қарттық метаболикалық функционалдық, реттеуші құрылымдардың өзгерулері зәр шығару жүйесінің қартайғанда патологиясының өсуіне стресс кезінде декомпенсациялануы дәрмектердің мөлшерін азайтуға алып келеді.
Негізгі бөлім
1.Нәресте бүйректерінің сыртқы пішіні дөңгелек,беттері бұдырлы болып келеді.Қыртысты бөлігі нашар дамыған. Нәрестенің бүйрегінің массасы 11-12г,1 жаста-36-37 г,5 жаста-55-56 г.
Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жыл ішінде,жыныстық жетілу кезеңінде және 20-30 жас аралығында жоғары болып,өсіп жетіледі.
Нәрестенің бүйрегінің сыртқы беті бөлектеніп тұрады,ол бөліктер 2 жасқа қарай тегістеле бастайды да , 5 жаста жойылып , түгел тегіс болады.Бүйректің қыртыс қабатының қалыңдығы нәрестелерде 2 мм, ал оның ішкі милы қабаты 8 мм болады.
Бүйректің өсуі 5 жасқа дейін өссе,қарқынды түрде дамуы 16-19 жас аралығында байқалады.
Бүйректің топографиялық орналасуы :
Нәрестелерде бүйректің проксимальды ұшы 12 кеуде омыртқа денесінің жоғарғы жиегінің тұсында орналасса,1 жаста бұл көрсеткіш төменірек 12 кеуде омыртқа денесінің жоғарғы жиегінен төмен орналасады.
5-7 жаста бүйректің орналасуы ересек адамдардағыдай болады.
Несепағар
Нәрестелерде несепағар түзу,тік бағытта емес,ирелең түрінде орналасады.Несепағардың шырышты және шырышасты қабаты 1 жасқа дейін қатпарларды құраса , бір жастан кейін бойлай орналасқан қатпарлар жазылып , шырышты қабықшасы біркелкі орналасады. Несепағардың ұзындығы жалпы дене бітіміне байланысты қалыпты нормостеник балаларда орташа ұзындығы 25-28 см.
Екі жақтық бүйректің бір деңгейде орналаспауына байланысты оң жақтық несепағар сол жақтық бөлігіне қарағанда 1-2 см қысқалау , өту жолының диаметрі 0,5 см-дей.
Қуық
Нәрестелерде қуық ересек адамдарға қарағанда жоғары орналасады.Нәрестелерде қуықтығ сыртқы пішіні ұршық тәрізді болып келеді.Бұл кезеңде қуықтың сиымдылығы 50-80 см болып,іш қуысында жоғары орналасқан ,дами келе,қуықтың сыртқы пішіні овал тәрізді келуі байқалады.Қуықтығ дамбас қуысына қарай өтуі 1 жас аралығында өтеді.Қарқынды түрде дамып кіші жамбас қуысына қарай 18-20 аралығында жылжиды. Қуықтың орташа сиымдылығы 5 жаста 180-200 мл болса,12 жаста 250мл. Қуықтың несеп шығатын жерінде сақина тәрізді бұлшық еттері күшті сфинктер гр синктер – қысып ұстайтын. Бұл еттер жиырылып,қуықты аштырмай,несепті ұстап тұрады . Сфинктердің ашылуы еріксіз рефлекторлы түрде болады,нәрестенің қуығының ішіне несеп жиналап,оның қысымы су бағанымен 12-15 см ге дейін көтерілгенде қуықтың қабырғасындағы рецепторлар тітіркенеді , пайда болған қозу испульстері орталыққа тепкіш нервтермен жұлындағы және мидағы орталықтарға барады.Орталық жүйке жүйесінен орталықтан тепкіш нервтері арқылы қозу қуыққа келедіде, қуықтың қабырғасындағы еттері жиырылады, сфинктер еті босайды, содан соң қуық ашылады. Ересек балаларда несептің сыртқа шығуы ерікті рефлекс тәртібімен жүреді,өйткені несеп шығару рефлексінің орталығы ми қыртысында да бар.Нәрестенің қуық еті , әсіресе оның сфинктер еті жетілмеген, сондықтан несеп жиі және еріксіз рефлекторлы түрде шығады.Олардың бүйрек түтікшелерінің эпителий клеткаларының зат өткізгіш қасиеті жоғары болғандықтан несеп құрамында лактоза,аздаған із мөлшерінде белок,мочевина фосфатты және хлорлы қосындылар болатыны байқалған,кейін 1 жасқа жақындағанда лактоза және белок мүлде болмайды,ал қалғандарының мөлшері азаяды.
Бала бүйрегінің қызмет ерекшелігі
Нәрестенің алғашқы 3-4 күнінде несеп өте аз шығады да, ал бір аптадан кейін несеп көбейеді , 6 айда баланың несебінің мөлшері екі есе артады, 9 айда несептің құрамы тұрақтала бастайды , мысалы , несептің құрамындағы хлордың мөлшері ересек адамдардағыдай болады, бірақ мочевина мөлшері аздау,өйткені бұл кезде баланың негізгі тамағы әлі де болса. Сүт болады да , басқа жануар текті тамақтардың мөлшері аз болады.
1 жастағы балалар бүйрегінің гломерулық сүзелу деңгейі өте баяу жүреді, кері сүзілу мен нефрон түтікшелерінде заттардың концентрациясның артуы, яғни қоюлануы жеткіліксіз несептің мөлшері к700 мл ғана болады, 4-5 жаста оның мөлшері 1000 мл ге дейін көбейеді , ал 10 жаста тәулігіне 1500 мл несеп сыртқа шығады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
● Геронтология, гериатрия» Бекмурзаева Э. К., Туртаева А. Е., 2013
● Жұмабаев Ү.Ж . ішкі ағзалар мен эндокрин бездерінің функционалды анатомиясы , алматы білім 2010 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |