ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
« Педагогика» факультеті
«Психология» мамандығы
«Психология» пәні
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ойлау және сөйлеу
Тексерген: Утеуова А.А.
Орындаған: Темірханова Қ.С
Ақтөбе, 2023
Жоспар:
Кіріспе
Ойлау және сөйлеу туралы жалпы ұғым.
Негізгі бөлім
Ойлау мен сөйлеудің түрлері
Сөйлеу функциялары
Сөзді қабылдау және оны ұғыну
Сөйлеудің алғашқы қызметі қарым-қатынас орнату
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту
Ойлау мен сөйлеудің байланысы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Кіріспе
1.1. Ойлау және сөйлеу туралы жалпы ұғым.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Ол үшін адам нақты қабылдаудан дерексіз ойлауға көшу қажет.Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді. Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Адамның ойы ерекше белсенді процесс. Ойдың белсенділігі мына төмендегі жағдайлармен байланысты:
1) Ой адамның айналасындағы дүниемен байланыспайынша өздігінен пайда болмайды, ойдағы негізгі мақсат - сұраққа жауап беру, мәселені шешу;
2) Алға қойған мақсатты шешуге қажетті әдіс жолдар қарастыру.
3) Мәселені шешу үшін ой әрекетінің жоспарын сызу, оның болжамын (гипотезасын) белгілеу;
4) Ойдың дұрыс-бұрыстығын тәжірибеде сынап көру.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын - оның қажеттері. Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. Адам кез келген мәселелерді шешерде, тәжірибеде ашылған заң, ереже, ұғымдарды пайдаланып отырады. Ғылым, техника, өндіріс, ауыл шаруашылығының орасан зор жетістіктері бір ғана адамның ғана емес, көптеген адамдардың, тұтас ұжымдардың, тіпті бірнеше ұрпақтардың ұзақ жылдар бойғы ойлауының нәтижесі. Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен немесе бір нәрселерді түсіндіру, тану керектігінен басталады. Бұл ойлау әрекетінің бірінші кезеңі. Ол адамның түрлі материалдық, рухани қажеттіліктерінен туындауы мүмкін. Тіпті, тамақ ішу қажеттілігі де ойлау процесін тудыра алады. Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:
1)Жаңа нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;
2)Бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға, түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.
Ғылыми-техникалық прогресс "ойлайтын" машинаналарды дүниеге келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те атайды) өз жұмысының нәтижесін бағалай алады, программаланған нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы келеді. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден екінші тілге аударады, сөйленіп тұрған сөзді машина тіліне, яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай машина дойбы да "ойнайды". Ол адамды ұтып кетуі де мүмкін. Бірақ оқып үйрену қабілеті жөнінен машина адамнан аса алмайды. Машинаға қарағанда адамның оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл. Адам өзін машинаға 1 ұтқызбас үшін, өз өнерін жетілдіріп отыруы тиіс. Машинаға тәңірдей табынатын кейбір адамдар: алдағы жерде бәрін машина істейді, ал адамдар қолын қусырып, әзір асқа ие болып қарап отырады дегенді айтады. Бұл - сөз енжар, әрекетсіз адамның сөзі.
Машинаның алдына тиісті міндет қойып, оған программа беретін - адам. Осы міндетті қоя білу үшін адамға мол білім қажет. Машинадан "ақыл" үйренуге болмайды, онда "ақыл" жоқ. Есептегіш машинаның құндылығы – адамның оны дұрыс пайдалана білуіне байланысты. Бұл үшін адамға өз ойлауын үнемі жетілдіріп отыру қажет. Екінші жағынан, машина да адамның ойлау қабілетінің дами түсуіне, оның психикасының шыныға түсуіне жағдай жасайды. Әрқашанда идеяның иесі болумен бірге, машинаға тәуелді болып қалмау жағын да қарастырып отыру - адамның алдында тұрған ең басты міндет.
Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, өз қимыл-қозғалыстарын басқару, реттестіру үшін басқалармен қарым-қатынасқа түседі. Бұл үшін ол белгілі бір ұлттың, тілінің грамматикалық ерекшелігіне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Ескі қазақ жұртының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады.
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу - пікір алысу процесінде жеке адамның білгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сӛйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін.
Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі - оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлілігі дегеніміз - адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлейтін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандық үшін маңызы зор. Сөйлеудің екінші функциясы - жалпылау. Сөз жеке затты ғана білдіріп қоймайды, бір-біріне ұқсас заттар тобын да білдіреді және әрдайым олардың елеулі ерекшеліктерін көрсетіп береді. Сөзді жалпылау функциясы ойлаумен тығыз байланысты. Егер сигнификативтік функция сөзді барлық сана бейнелерімен байланыстыратын болса, ал жалпылау сөйлеудің ойлаумен тығыз байланысын білдіреді. Сөйлеу абстракты-логикалық ойлау үшін неғұрлым адекватты ойдың өмір сүруінің формасы болып табылады.
Сөйлеудің үшінші функциясы - коммуникация функциясы – білімді, қатынасты, сезімді сыртқа шығару. Егер, сөйлеудің алғашкы функциясын ішкі психикалық іс-әрекет деп қарауға болса, коммуникативтік функция – басқа адамдармен қатынас жасауға бағытталып, өзгелерге естірте, дауыстай сөйлеу әрекеті.
Сөйлеудің коммуникативтік қызметін: информациялық, баурағыштық және ырықты білдіру деп үш түрге бөлуге болады. Сөйлеудің информациялық жағы білім беруде көрінеді және белгілеу, қорыу, функцияларымен тығыз байланысты болады. Информациялық жағы ойды тап басып білдіретін, сөз таба білуді қажет етеді. Сөйлеудің баурағыштық жағы сөйлеушінің тыңдаушыға деген қатынасын және сезімін жеткізуге көмектеседі. Мысалы, оңаша сырласқан шақта адамның даусы бір түрлі, ал ресми әңгімеде екінші түрлі болып шығады. Ішкі ойымен орайласа айтылып, жалынды сезімді білдіретін сөздер дәлелді болмаса да адамды сендіреді. Ырықты білдіре сөйлеу тындаушының әрекетін сөйлеушінің ниетіне бағындыруды 4 көздейді. А. С. Макаренко «Мұнда кел» деген сөзді жиырма түрлі сарынмен айтуды үйренгенше өзін шебер педагог есептемегені жайлы жазған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |