Реферат тақырыбы: Өмірдің мәні қазақ философиясының негізгі тақырыптарының бірі ретінде


ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӨМІРДІҢ МӘНІ



бет4/5
Дата30.11.2023
өлшемі58.48 Kb.
#484976
түріРеферат
1   2   3   4   5
философия реф 7

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӨМІРДІҢ МӘНІ

Қазақ халқының философиялық дүниетанымының басты категориясы - өмір. Өмірдің құндылығын және оның мәнін анықтаушы – өмірмен диалектикалық бірлікті құрайтын өлім.



  • Намыс - қазақ халқының түсінігінде ең жоғарғы адами қасиеттердің бірі, тіпті ең бастысы.

  • Парыз - адамды өз болмысын адамгершіліктік құндылықтарға сай қалыптастыруға мәжбүрлейтін этикалық категория.

  • Кісілік - адам болып өмір сүрудің жоғары деңгейі. Қазақтың “кісілік” ұғымы қазіргі “тұлға” (личность) ұғымына сәйкес деп ойлаймыз.

Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т.б. данышпандар даналық дәстүрлерін жасады, олар табиғи түрде қазақ этносының дүниетанымдық ойлау мәдениетінің бастау арналарына айналған.
Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы мен философиясы қалыптасып, дамыды. Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады. Асан Сәбитұлы – жырау, ойшыл, мемлекет қайраткері. Ол қазақ этносын әрі мемлекетін қалыптастырып, нығайтуда «Жерұйық» ілімін дүниеге әкелді. Бұл – халықтың қауымдасып ұлттық мемлекет құру идеясы болатын. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы – ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығының айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған – болашақ туралы болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі сұрақтар.
Хикмет сөз, яғни даналық айту дәстүрі Абай Құнанбаев заманына дейін үзілмеген. Абай адам болмысын тануда тың дүниетанымдық ойлар айтты. Адамзатты алла махаббатпен жаратқан, демек, махаббат адамға дейін болған, алланың тек өзіне ғана тән құдіреті деп білген абай адам мен алланың арасындағы қатынасты сүю деп атайды. Өзін махаббатпен жаратқан Алласын адамның сүюі парыз. Абай сүюдің үш түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның жаратқан кереметі – адамды сүю және хақ жолы деп әділеттілікті сүю. Осы үш сүюді абай имани гүл дейді. Хакім абай «толық адам» немесе кәмелетті адам тұжырымдамасын жасады. Олар: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат. Адамды толық ететін – ақыл, жүрек, қайрат.
Абай сияқты Шәкерім Құдайбердіұлы да қазақ елін қалай мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкерім Абайдың имани гүл ілімін «Үш анық» кітабында ұят туралы ілімге айналдырды. Осы еңбекте Шәкерім сол кездегі еуропа ағымдардан деректер келтіре отырып, этикалық максимализмге негізделген ар-ұятты дәріптеу ілімін жасады. Ойшылдың тарихи-философиялық еңбектерінің («Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі», «Үш анық») дүниетанымы мен негізгі әлеуметтік сарыны ағартушылық, адамгершілік идеяларымен сабақтасып жатыр. 19–20 ғасырларда Қазақ философиясындағы ой-толғаныстар мен көтерілген негізгі мәселелер дәстүрлі қазақ ойшылдығына сүйенгенімен, олардың ойлау кеңістігі кеңейіп, Қазақ философиясын еуропа дәстүрмен ұштастырып отырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет