Vі облыстық интеллектуалдық форумының қорытындысы 2014 жылғы 14 мамыр Павлодар қаласының дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының базасында «МӘШҺҮР–ЖҮсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері»



Дата01.07.2016
өлшемі34 Kb.
#169811
«МӘШҺҮР –ЖҮСІП: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты мектеп оқушылары арасында өткізілген

VІ облыстық интеллектуалдық форумының қорытындысы
2014 жылғы 14 мамыр Павлодар қаласының дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының базасында «МӘШҺҮР–ЖҮСІП: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында VІ облыстық интеллектуалдық форум өткізілді.

Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын мектеп оқушыларына насихаттау мен кеңінен таратуды мақсат еткен форумға облысымыздың түкпір-түкпірінен 46 оқушы қатысты.

Сонымен қатар форумға 6 аудандық және 3 қалалық оқулардың жеңімпаздары да қатысып, өз білімдерін сынады.

Сайыс қатысушыларын С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, аталмыш университеттің «Мәшһүртану» орталығы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының белгілі ғалымдары бағалады.



Форум 3 бағытта жұмыс жасады.

«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағыты бойынша І орынды –Баянаул ауданы, М.Ж.Көпеев атындағы жалпы білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Арқалық Мадина, ІІ орынды - Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия - интернатының 8-сынып оқушысы Нурбекова Жансая, Екібастұз қаласы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің 9-сынып оқушысы Тулеутай Елеғман; ІІІ орынды – Дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебінің 6-сынып оқушысы Тлебалды Лағыл, Екибастұз қаласы, Атығай жалпы білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Үсен Жәнібек, Актоғай ауданы Мүткенов атындағы жалпы білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Ерболат Нұх иеленді.

«Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» бағыты бойынша

І орынды - Баянауыл ауданы Ақши жалпы білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Ахмедина Азия; ІІ орынды – Екібастұз қаласы № 2 жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Тиштат Аяла, Кашыр ауданы Береговой жалпы білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Ақжолов Даниярбек; ІІІ орынды – Екібастұз қаласы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің 9-сынып оқушысы Темірболат Медет, Облыстық әскери мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Жылқышыбай Салтанат, Ақсу қаласы №1 жалпы білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Хурметхан Әйгерім иеленді.

«Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағытында: І орынды – Дарынды кыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Мұхтарқызы Назерке, ІІ орынды – Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия - интернатының 9-сынып оқушысы Еренғайып Әсем, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10-сынып оқушысы Букурубова Аружан; ІІІ орынды – Екібастұз қаласы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің 9-сынып оқушысы Дулат Ақтоты, Ақсу қаласы № 2 жалпы орта мектебінің 10- сынып оқушысы Тусупова Айгерім, Железин № 3 жалпы білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Хуанарқызы Нұржан иеленді.

«Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясымен Сейітов Тілек Жүмкенұлы Баянаул ауданы М.Ж.Көпеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі, Нуркешова Ардак Каржаубаевна дарынды кыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының мұғалімі, Хабибуллинова Гүлден Темірбекқызы Баянауыл ауданы Ақши жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі марапатталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет