Реферат тақырыбы: Орындаған



бет2/5
Дата25.05.2022
өлшемі31.32 Kb.
#458624
түріРеферат
1   2   3   4   5
Реферат тақырыбы Орындаған-dereksiz.org

В2 витаминінің (рибофлавин)

Ашылуы В1 витаминін зерттеумен байланыстты . Бұл екі витамин табиғи өнімдерд көбінесе бірге кездеседі .

В2 витаминінің құрлымы 1993 жылы 10 000 дана жұмыртқаның сары уызына 30 мг таза витамин бөліп алу арқылы анықталады . Ал 1935 жылы Каррер В2 витаминін ситездік жолмен алады .

Химиялық құрлымы мен қасиеттері . В2 витамині молекуласы құрлымының негізіне изоаллоксазин сақинасы , оның екі метил тобы және көміртегінің бес атомы бар рибитол спиртінің қалдығы жатады .Өзінің сары түсіне және молекуласынадағы рибитолға байланысты В2 рибофлавин деп аталады , ал сүттен бөліп алынған витаминнің лактофлавин деген атауы бар .

Рибофлавин – сары түсті қатты зат , суда нашар ериді (25 С кезінде л\100мг шамасында) . Спиртте судағыдан да нашар ериді . Хлороформда , айетонда , бензолда , эфирде іс жүзінде ерімейді . Қышқыл ортада жақсы ериді .

Рибофлавин ыстық температураға төзімді , 120С температурада бірнеше сағат қайнатқан кезде бұзылмайды . Жарықтың әсеріне өте сезімтал , оның әсерінен түгелдей бұзылады .

Биологиялық өызмет . Рибофлавин дегеніміз ФАД және ФМН коферменттерінің активті бөлігі болып табылады . Ол коферментттер апоферменттнрмен өзара әрекеттеседі де , тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш бірнеше ферменттер – флавиндік дегидрогеназалар немесе флавопротеидтер түзеді .

Авитаминоз. В2-авитаминоз ауруы витамин жеткіліксіз бола бастағаннан немесе азық-түлікте және жемшөпте ол мүлде болмағаннан кейн 3-4 ай өткен соң білінеді .

В2-авитаминоз сырқатына тән құбылыс ауруына басталады . Көз жұқпалы емес конъюктивит сырқатына қшырайды . Көздің қасаң пердесі қабынады , көз айнасы тұңжырап жас малдың өсуі тоқтатылады , терісі ауруға ұшырайды , бұлшық еттері бірден әлсіреп , нашарлайды .

В2-авитаминоз кезінде үй құстарының жұмыртқалауы нашарлайды . Авитаминоз ауруы асқынған кезде организм тырысып , параличке ұшырап , сал болады , жүріп-тұруы қиындайды , сөйтіп өлімге душар етеді .

Табиғатта таралуы . Рибофлавинді өсімдіктер мен жануарлар синтездеп жасайды . Бұл витаминге әсіресе бай өнімдерге бауыр , ашытқы , бидай , қара бидай , бұршақ тұқымдас өімдіктер жатады . Ол сүтте , жұмыртқада , бүйректе болады .

В2 витамині өнімдерде және жануарлар тканінде бос күйінде кездеседі , ал негізінде нуклеотид туындылары түрінде және белоктармен байланысқан күйінде болады .

В2 витаминін жануарлардың қажет ету жемшөптің құрамына байланысты . Жем-шөп рационында белок мөлшері көбейген сайын оны пайдалану шамасы да арта түседі . Ол витаминді шошқаға , тауықтарға және итке беру қажет . В2 итаминінің жетіспеуін ірі қара , жылқы , қой мен ешкі оншама сезінбейді , өйткені ол витаминді бұл аталған жануарлардың ас қорыту жолында микроорганизмдер синтездеп жасайды .

Адамға әр тәулікке қажет мөлшері 2,0-2,5 мг .





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет