Реферат тақырыбы: Орындаған



бет1/5
Дата25.05.2022
өлшемі31.32 Kb.
#458624
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Реферат тақырыбы Орындаған-dereksiz.org


Реферат тақырыбы: Орындаған
Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылық министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

________________________________________ кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: _______________________________________
Орындаған:____________________
Тексерген:_____________________


Жоспар:


  1. Кіріспе


  2. Негізгі бөлім


2.1 Суда еритін витаминдер

2.2 В12, РР, В6, В5 , В12 ,Р, U витаминдері

2.3 Пантотен қышқылы , Биотин , Инозит , Пангам қышқылы


  1. Қорытынды


  2. Пайдаланылған әдебиеттер


Биохимиялық химия Алматы: Қайнар , 1992. 384 б

Кіріспе
Витаминдер дегеніміз – азық- түлік өнімдерінде , жем-шөпте шағын мөлшерде кездесетін , ал адам мен жануарлар организмдерінде бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар .
Суда еритін витаминдер өте көп . Оларға: В витаминдер тобы , С, Р витаминдері , инозит жатады . В витаминдер тобына 15-тен астам зат кіреді , олардың бәрінің молекуласында азот бар . В витаминдер тобына жататындар: В1 , В2, В3 , В5 (РР) , В6 , В12 , Вс , В15 витаминдері және басқалары .

В1 витаминдері (тимин , антинериттік витамин , анервин )
1991 жылы К. Функ күріш кебегінен бөліп алған және бери-бери ауруына емдеп жазатын препарат әртүрлі заттардың қоспасы екенін анықтады . Сол қоспанын ішінеде В1 витаминіде бар екен . В1 витамині 1926 жылы (Янсен) кристал түрінде бөлініп алынды , ал оның құрлымы 1993 жылы анықталды ( Р. Вильямс )
Химиялық құрлымы және қасиеттері . Пиримидин және тиазол сақинасы В1 витамині молекуласының негізін құрады . Ол екі сақина метилен тобы (-СН2) арқылы байланысады .
В1 витамині молекуласында күкірттің және амин тобының болуы оны тиамин деп атауға негіз болды .
Тимин – ақ түсті өатты зат , суда және этил спиртінде оңай ериді . Хлороформда ,бензолда , ацетонда ерімейді . Тимин қышқылы ортада тұрақты болады , оның судағы ертіндісінің реакциясын бар .
Биологиялық қызметі . Тимин кофермент тимин-пирофосфаттың құрамына кіреді , тиаминпирофосфат дегеніміз үш ферметтің - пируватдегидрогеназаның α-кетоглутаратдегидрогеназаның және транскетолазаның простетикалық тобы . Бұл ферменттер кетоқышқылдардың декарбоксильденуіне қатысады .

Авитаминоз. В1 –авитаминоз дерті кезінеде миға және қанға кетоқышықылы жиналады , ол нерв тармақтарының ісіндіріп ауыртады , денеі құрыстырып-тырыстырады , параличке , сал ауруына ұшыратады . Бұүдан өзге жүрек системасының зақымдауы байқалады – жүректің соғуы жиілейді және жүрек бұлшық еттері ұлғайып гипертрофияға ұшырайды .

В1-авитаминозы кезінде қарында және ішекте сөл бөліну нашарлайды , асқазан қабырғасында тұз қышқылының түзілуі тоқтатылады . Салдарынан асқа деген тәбет жойылады . Организмдерге осы аталған жайсыз өзгерістер онда ТПФ коферметтің активті тобы тиаминнің жеткіліксіздігінен углеводтар алмасуының тотықпаған өнәмдері жиналуынан болады . Табиғатта таралуы : Тиаминге өсімдіктер тектес өнімдер әсіресе бидай дәндерінің қауызы, ашытқыға бай келеді . Жануар тектес өнімдерден : бауырда , мида , бұлшық еттерде, жүректе , жұмыртқаның сары уызында , сүтте кездеседі .

Тиаминнің жануарлраға қажет мөлшері олардың жынысына , физологиялық күйіне байланысты . В1 витаминін күйіс қайтаратын малдың қатпаршақ қарнында микроорганизмдер синтездейді . Жылқы , шошқа , тауық бүл витаминді өте қатты қажет етеді . Бір тәулікке қажет мөлшері олардың 100 кг массасын 3-4 шамасындай .

Тиманиннің әр тәулікте адамға қажет мөлшері 1,5-3,0 мг.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет