Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжі
Реферат
Тақырыбы: Отоларингологиядағы пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру.
Орындаған: Дауренқызы Д
Тексерген: Каюпов С.К.
Тобы:4-2-9 СД
ЛОР-ағзаларының, яғни жоғарғы тыныс алу жолдары мен құлақтың ауруларының зақымдануларында организмнің негізгі қызметтерінің бұзылысы болады. Сондықтан дәрігер дер кезінде дұрыс жедел көмек көрсете білу керек. Жоғары тыныс алу жолдарына мұрын, мұрын маңы қойнаулары, жұтқыншақ, көмей, трахея жатады.
ЛОР-ағзаларының жедел көмекті қажет ететін аурулары:
1. ЛОР-ағзаларынан қан кету.
2. ЛОР-ағзаларының жарақаты.
3. ЛОР-ағзаларына бөтен денелердің түсуі.
4. Көмейдің стенозы
5. Адам өміріне қауіп төндіретін ЛОР-ағзаларының асқынған қабыну аурулары.
Мұрыннан қан кету
Мұрыннан қан кету жиі кездеседі. Мұрыннан қан кету басқа да аурулар кезінде кездеседі. Кейде себебі белгісіз болады. Мұрын пердесінің алдыңғы-төменгі бөлігінен қан жиі кетеді. Мұны арнайы құралдарсыз анықтауға болады. Бұл қан кету адам өміріне қауіп тудырмайды. Мұрын қуысының басқа бөліктерінен қан кету қауіпті және оны анықтау қиынға соғады.
Қан кетудің 3 дәрежесін ажыратады:
1. Жеңіл дәрежесі аз уақыт тамшылап қан кету;
2. Орташа дәрежесі 200 мл-ге дейін қан кету;
3. Ауыр дәрежесі 200 мл-ден көп қан кету;
Көп мөлшерде қан жоғалтқан кезде терісінің бозаруы, салқын тер, әлсіз пульс, қан қысымының төмендеуі байқалады.
Жедел көмек: Жергілікті қан кетуді тоқтату. Дәрігерге дейінгі кезеңде мұрын қуысына 3% сутегінің асқын тотығына немесе 5% аминокапрон қышқылына малынған мақта тампонын қою. Кейін мұрын пердесіне қарай тампонды және танауды қысу.
Мұрын және шүйде бөлігіне мұздай қою керек.
Қанның коагуляциялық қасиеттерін жоғарылату және тамыр өткізгіштігін төмендету мақсатында гемостатикалық терапия (дицинон, аминокапрон қышқылы және т.б.) қолданылады.
Сиптоматикалық терапия негізгі ауруға сәйкес жүргізіледі.
Егер қан тоқтамаса, онда мұрынның алдыңғы тампонадасын, ал мұрын-жұтқыншақ және мұрынның артқы бөлігінен қан кетсе, артқы тампонадасын жасайды.
Мұрынның артқы тампонадасынан кейін де ұзақ уақыт бойы қан тоқтамаса, онда аурухананың оториноларингологиялық бөлімшесіне жатқызады.
Мұрын сүйектерінің сынуы
Өте жиі кездеседі. Тікелей күштеудің әсерінен пайда болады.Шырышты қабаттардың жыртылуымен бірге жүреді.
Клиникасы: Сыртқы мұрынның деформациясы, ауру сезімі, тыныс алудың бұзылуы,көп мөлшерде бірақ аз уақытта мұрыннан қан кету.
Жедел-көмек: Қан кетуді тоқтату, мұз басу, мұрын тампонадасы.
Жұтқыншақтың жарақаты
Ішкі және сыртқы болып 2-ге бөлінеді. Сыртқы жарақаттары кесілген, шаншылған сипатта болады. Ол мойын, бас сүйегі, бет, кеңірдек, өңеш жарақаттары кезінде болады. Ішкі жарақаттары жұтқыншаққа бөтен дененің түсуі кезінде болады. Клиникасы: жұтынудың қиындауы және ауырсынуы. Сонымен қатар, зақымданған ұйқы артериясынан қан кету, қанның аспирациясы байқалады.
Жедел көмек: жарақаттаған затты алу, қанды тоқтату, ауырсынуды басатын дәрілер егу.
Құлақтың жарақаты
Механикалық, термиялық, химиялық факторлардың әсер етуі нәтижесінде дамиды. Өте жиі сыртқы құлақтың жарақаты кездеседі. Құлақ қалқаны қатты соғылғанда, қатты қысылғанда жарақаттанады. Отогематома болады.
Жедел көмек: егер жарақат жеңіл болса және құлақ қалқаны жыртылып кетсе асептикалық таңғыш салу керек. Аурухананың оториноларингологиялық бөлімшесіне тасымалдау.
Мұрынға бөтен дененің түсуі
Жиі кездеседі. Әсіресе балалар абайсызда майда заттарды мұрынға салып жебереді. (бұршақ, моншақ, жемістің майда сүйектері).
Өндірістік және әскери жарақаттарда да мұрынға бөтен денелер (шынының, металдың майда ұшқындары, оқ, снаряд және минаның майда бөліктері) түсіп кетеді. Рефлекторлы түрде түшкіру, көзден жас ағу, мұрын арқылы дем алудың қиындауы болады.
Жедел жәрдем: Мұрынның шырышты қабатын жансыздандырып,мұрын қуысынан бөтен денені ілмекпен абайлап алу. Егер алынбаса, аурухананың оториноларингологиялық бөлімшесіне жеткізу.
Құлаққа бөтен дененің түсуі
Органикалық және бейорганикалық болып 2-ге бөлінеді. Өте жиі балаларда (құлақтарына майда тастарды, жемістердің майда сүйектерін, моншақ, түйме, бұршақтарды салып жіберу) кездеседі. Ересектерде құлақтарына сіріңке, мақтаны салып жіберу кездеседі. Сонымен қатар, тірі жәндіктерде еніп кетіп, құлақта ауырсыну мен шу тудырады. Бөтен денені анықтау қиынға соқтырмайды.
Егер бөтен дене ортаңғы құлаққа түссе, онда науқастың құлағы ауырып, естуі төмендейді, қан кетуі, бас айналуы, нистагм, бет нервісінің перифериялық парезі болады.
Жедел көмек: Бөтен денені алу. Бөтен дене ортаңғы құлаққа түссе аурухананың оториноларингологиялық бөлімшесіне жатқызу.
Достарыңызбен бөлісу: |