Реферат Тақырыбы: «Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері»



бет1/5
Дата14.04.2023
өлшемі34.65 Kb.
#472267
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Құттыбай Әлия Туризм 22-11 СӨЖ №6


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Алматы Технологиялық Университеті

Реферат
Тақырыбы:
«Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері»

Орындаған: Құттыбай Әлия


Тобы: Туризм 22-11
Тексерген: Досекеева Г. А.
Алматы, 2023ж
Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Уақытша үкіметтің қалыптасуы

  3. Ақпан төңкерілісінің қазақтар үшін маңызы

  4. Қорытынды

  5. Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе
Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ə.Бөкейханов: “Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет” деген үндеу жолдады. Ұлт-азаттық қозғалыс басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінің тарихи маңызы: патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мəлімдеді. Кемшіліктері: ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады.
1917 жылғы наурыз, сәуірде әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Қазақстанда да қос өкімет орнады. Орал, Верный, Ақмола, Əулиеата, Семейде қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері құрылды. Уақытша үкімет реформашыл жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Ол ипериялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады. 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының дін ұстануына, ұлтқа байланысты құқықтарын қандай да болсын шектеудің күшін жойды. Уақытша үкімет “бұратана жұмысшы жасақтарын” Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет