Реферат Тақырыбы: Салауатты өмір салты Орындаған: дсинф-22-1к тобы Темирова Арайлым Тексерген: аға оқытушы



бет1/3
Дата18.11.2022
өлшемі30.7 Kb.
#465170
түріРеферат
  1   2   3
салауатты өмір салты


Қарағанды Бөкетов университеті

Реферат
Тақырыбы: Салауатты өмір салты

Орындаған: ДСинф-22-1к тобы
Темирова Арайлым
Тексерген: аға оқытушы
Плешакова Ю.М.

Қарағанды
2022 жыл
Мазмұны


Кіріспе: «Салауатты өмір салты» жайлы жалпы түсінік
I-тарау. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі.
1.1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіз?
1.2. Дене жаттығуларының түрлі ағзалар мен жүйелердің функцияналдық жағдайына деген әсеріРеклама
1.3. Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері 
II-тарау. Оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру.
2.1. Психалогиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір
Мәліметтер
2.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер 
Қорытынды. 

«Салауатты өмір салты» жайлы жалпы түсінік


 
Қазақстанның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы күрделі кезеңді басынан кешіріп отыр. Кеңестік дәуір тоқырауға душар етті. Қалыптасқан әкімшілік жүйе қоғам мүшелеріне енжарлықты, селқостықты, жауапсыздықты дамытты. Осы империяның көлеңкесіндегі өмірден Қазақстан кеңестік жүйеден түбегейлі және түпкілікті бас тартып, жаңа принциптерге негізделген егеменді мемлекет құру үстінде. Бұл үкімет білім беру мен тәрбиелеуді тәуелсіз мемлекеттің талабына үйлесімді құрып, жастарға сапалық жаңа қасиеттерді сіңіруді қолға алып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға батыл кірісті, Тұлғаның өз болмысын тануға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін дамытып толыққанды өмір сүру үшін рухани күш-жігер беру оқу орындарының басты міндетіне айналды. Осы орайдан оқушылардың бойына жаңа сана, жаңа көзқарас қалыптастыруда имандылық пен адамгершілік жағынан құлдыраған нашақорлық, жезөкшілік, маскүнмдік сияқты індеттерден сақтанарлықтай таным түсінік қалыптастыру басты проблема болып саналады.
Әрине, тәрбие ісіндегі келелі мәселе тек айтумен ғана шешілмейді, оның дұрыс жүзеге асуы оқушының арман – мұратына үйлесімді салауатты өмір салтының идеяларының терең ұқтырып бойына сіңіруі. Ал мұның басты құралы нақты іс-әрекет арқылы көзқарас қалыптастыру. Осы орайда орта мектептерде әдеп әліппесіне, отбасылық тәрбиеге байланысты сабақтар өту белгіленіп және сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бағдарламалары қайта құрастырылды. Уақыт талабы бұл құжаттарды әлі де жетілдіре түсінуді және білім беруді дамытудың жаңа тұжырымдамасына үйлесімді құруды керек етіп отыр.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі құралдардың бірі – түрлі іс-әрекет барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасы, пікірлесуі және мұғалімнің, ата-ананың және ересек адамдардың үлгі өнегесі деп білген жөн. Сонымен қатар оқушыға дене тәрбиесін бергенде олардың жас ерекшеліктері, денсаулығы, спортпен қаншалықты шұғылданғандығы, дене шынықтыру жаттығуына қатысуы т.б. ескерілуі керек. Бұларға қоса дәрігерлік мекемелердің ұйғарымы және адамгершілік талаптарға байланысты табиғи нышандар, дербес ерекшеліктерге мүмкіндік беріліп отыр.
 
I-тарау. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі.
 
1.1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіз?
 
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз- организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В.П.Казначевтің жеке бас денсаулығы анықтамасы бұдан да толығырақ: «денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психалогилялық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы».
Денсаулық- физикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.
Физикалық саулық дегеніміз- адам организімінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғарғы дәрежелі жағдайда болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет