М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті
Жаратылыстану-география факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Шаңғы тебуге дайындық кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Дайындаған: БГ-11 топ студенті Ғабдуллаева Г.Қ
Тексерген: Оқытушы-магистр Қашқынбай Қ.Т
Орал, 2024
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1 Шаңғы спортының тарихы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
1.1 Шаңғымен жүрудің негізгі стильдері . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . 5
1.2 Шаңғы тебуге дайындық кезіндегі қауіпсіздік техникасы . . ...6
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
КІРІСПЕ
Шаңғы спорты дене тәрбиесі жүйесіндегі қысқы спорт түрлері негізгілерінің бірі. Бұл спорт түрлерінің қатарына шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы және тау шаңғысы, биатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындардың, қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламаларында бар. Шаңғы спортынан жаттығулар мен жарыстар ашық аспан астында, таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы. Ол адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдық, батылдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қасиеттерді өкпенің сыйымдылығын жан-жақты дамытады. Ш. Спортымен айналысу кезінде адамның барлық дене мүшелері жұмыс істейді. Сондықтан ол жан-жақты жетілуге, дамуға, шынығуға негіз салады.
Шаңғы спортынан алғашқы ресми жарыс 1767 жылы Норвегияда өтті. Соған қарамастан шаңғы спорты XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қашан Ш. Спорты клубтары құрылып біткенше қалыптасу кезеңінен өтті деуге болады. 1924 жылы құрамына 24 мемлекеттердің өкілдері енген халықаралық шаңғы бірлестігі құрылды. Осы жылы ол алғаш рет ұйымдастырылған қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді (әрине барлық түрлері бірден емес) жене ерлер арасында Ә.ч-ты өтті. Әйелдер арасында Ә. Ч-ты 1924 жылдан бастап өткізіле бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |