Жалпы қауіпсіздік ережелері



Дата30.03.2022
өлшемі19.74 Kb.
#456529
Жалпы қауіпсіздік ережелері


Жалпы қауіпсіздік ережелері

  • Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

  • Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

  • Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

  • Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды .

  • Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

  • Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

  • Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

- электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );
-ҚТ сақтамаудан (қолдарды,буындарды жарақаттау,соғып алу);
-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.
Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс .
Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері
Жеңіл атлетика сабағында бастыкөңіл аударатын мәселе – жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім де, оқушылар да барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет.
Жеңіл атлетика сабақтарында мынандай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек:
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқкиім кию керек.
Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып , кілт тоқтауға болмайды.
Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешек, т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
Жүгіру секіру, лақтыру алаңдарын (секторларын) көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
Тырма мен күректі сабақ өтілетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі, т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) төмен қаратып қою керек.
Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды қопсытып алу керек.
Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
Оқушыларға алаңды сағат тіліне қарама-қарсы айналып, бір бағытта жүгіруге рұқсат етіледі; ұзындыққа секіргенде, алдыңғы секіруші секіретін шұңқырдан кеткеннен кейін ғана келесі бала секіре алады; екпін алып биіктікке секіргенде, сол және оң жақтан екпін алып жүгіру кезегін сақтау қажет; допты және гранатты лақтырар уақытта, жаттығушыларды екі топқа бөліп, қарама-қарсы тұрғызуға тіпті де болмайды, доптар мен гранаттарды жинау пәрмен арқылы ғана жүзеге асырылады.
Кроссовка немесе кеды – жеңіл атлетика үшін ең ыңғайлы аяқкиімдер.
Гимнастика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

  • денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайды;

  • гимнастикалық құрал-жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек;

  • жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды;

  • секіріп түсетін орынға гимнастикалық төсеніш (маты) төсеу қажет;

  • спорт жабдықтарынан (ат бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек;

  • бірінің артынан бірі жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау барысында арақашықтық қатаң сақталсын;

  • гимнастикалық құрал-жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттігін ұмытуға болмайды. Құрал-жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтардың бекітілуі мұқият тексерілсін;

арқын бойымен жоғарыдан төмен түскенде, екі қолмен ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек;
гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды;
гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет